ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 78-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
1) 3-баптың 3) тармағындағы «214-бапта» деген сөздер «214 және 301-1-баптарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
2) мынадай мазмұндағы 301-1-баппен толықтырылсын:
«301-1-бап. Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы
1. Шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелу, өндіру -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер:
1) оларды қылмыстық топ жасаса;
2) олар аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса;
3) бірнеше рет жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
3) 317-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«317-бап. Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы
1. Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы, тиісінше орындамауы, егер бұл іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келсе, -
бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге алып келген іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Медицина қызметкерінің, сол сияқты халыққа тұрмыстық немесе өзге де қызмет көрсету ұйымы қызметкерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды тиісінше орындамауы, егер бұл іс-әрекет басқа адамға АИТВ жұқтыруға алып келсе, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 32-баптың үшінші бөлігі «251 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «317 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
2) 187-баптың 4-1-бөлігінің бірінші абзацындағы «250-баптарында» деген сөздер «250, 301-1 (үшінші бөлігінде)-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
3) 191-бапта:
үшінші бөліктегі «248 (бірінші бөлігінде)-баптарында» деген сөздер «248 (бірінші бөлігінде), 301-1 (екінші бөлігінде)-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
он алтыншы бөлік «296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «301-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын.
3-тармақ 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:
1) 133-бапта бүкіл мәтін бойынша «, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды» деген сөздер алып тасталсын;
2) 197-бапта бүкіл мәтін бойынша «, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың» деген сөздер алып тасталсын;
3) 199-бапта бүкіл мәтін бойынша «, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды» деген сөздер алып тасталсын;
4) 423-1-бапта бүкіл мәтін бойынша «, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды» деген сөздер алып тасталсын.
4-тармақ 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
144-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру бөлігіндегі жеке тұлғалардың жолданымдары бойынша жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
5. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
5-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 1-тармағында:
82) тармақшадағы «жеке тұлға біліктілігінің» деген сөздер «жеке тұлғаның біліктілік деңгейінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
83) тармақшадағы «біліктілігін» деген сөз «біліктілік деңгейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
261) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 294-1) және 294-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«294-1) электрондық тұтыну жүйелері (вейптер) - никотинді жеткізудің электрондық жүйелері және никотин болып табылмайтын өнімдерді жеткізудің электрондық жүйелері - құрамында никотин бар немесе жоқ сұйықтықты, басқа да химиялық заттарды, пайдаланушы жұтатын аэрозоль түзілетін хош иістендіргіштерді (картридждерде, резервуарларда және басқа да контейнерлерде) электрондық технологиялардың (аккумулятордың) көмегімен қыздыратын құрылғылар (оның ішінде электрондық сигареттер);
294-2) электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге) арналған хош иістендіргіш - электрондық тұтыну жүйелері (вейптер) өнімдерінің дәмі мен иісінің, оның ішінде бөлінетін аэрозоль (түтін, бу) иісінің тартымдылығын арттыру мақсатында аксессуарлар немесе басқа да әртүрлі тәсілдер мен материалдар арқылы берілетін табиғи немесе жасанды жолмен алынған кез келген ингредиент немесе заттар комбинациясы;»;
2) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) медицина қызметкерлерінің толтыруы үшін міндетті құжаттаманың тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
5-тармақтың 2) тармақшаның төртінші абзацы 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
41) тармақша «растау» деген сөзден кейін «, біліктілік деңгейін беру және растау» деген сөздермен толықтырылсын;
104-1) тармақшадағы «104-1) стратегиялық» деген сөздер «104-2) стратегиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшаның алтыншы - сегізінші абзацтары 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 104-3) және 104-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«104-3) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шартын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
104-4) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;»;
3) 13-баптың 20) тармақшасындағы «уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың 4) тармақшасы 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
4) 30-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен келіспеуі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені туралы жеке тұлғаның жолданымы бойынша медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға негіз болып табылады.»;
5-тармақтың 5) тармақшасы 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
5) 35-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «медициналық оқыс оқиғалар» деген сөздерден кейін «немесе медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 6) тармақшасы 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
6) 63-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеке тұлғалардың денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, тиісті мамандық бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі және медициналық қызметке арналған лицензиясы, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты болған кезде жеке медициналық практикамен айналысуға құқығы бар.»;
7) 77-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) медицина қызметкері мен денсаулық сақтау субъектісін еркін таңдауға;»;
5-тармақтың 7) тармақшасының төртінші абзацы 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
12) тармақша «зиянды» деген сөзден кейін «, оның ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 8) тармақшасы 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
8) 110-бапта:
бүкіл мәтін бойынша «, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды», «, тұтынудың электрондық жүйелерін», «, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың», «, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтарды», «тұтынудың электрондық жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар», «, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтардың», «, тұтынудың электрондық жүйелерін және сұйықтықтарды», «тұтынудың электрондық жүйелеріндегі және оларға арналған сұйықтықтардағы», «, сондай-ақ тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақ «темекі бұйымдарын» деген сөздерден кейін «, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды» деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақта:
бірінші бөлікте:
«Темекіге» деген сөз «Шегілмейтін темекі бұйымдарына, темекіге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«темекі бұйымдарына» деген сөздерден кейін «, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекі қыздыруға арналған жүйелерге, электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарға» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 115-бапта:
5-тармақтың 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ 10) тармақшасының бесінші абзацындағы «(шұғыл хабарлауды) қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «(шұғыл хабарлауды);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруды қамтамасыз етуге міндетті.»;
5-тармақтың 9) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтарын 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Денсаулық сақтау субъектілері медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес медициналық көмек көрсетеді.
Медицина қызметкерлері профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және оңалтудың ең тиімді әдістерін таңдау кезінде ұсынымдық сипаттағы клиникалық хаттамаларды басшылыққа алады.»;
5-тармақтың 10) тармақшасы 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
10) 128-баптың 2-тармағындағы «клиникалық хаттамаларға,» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың 11) тармақшасы 2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
11) 196-баптың 2-тармағындағы «клиникалық хаттамалар негізінде» деген сөздер алып тасталсын;
12) 270-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5) және 3-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) медицина қызметкерлерінің балаларына тұрғылықты жеріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда жергілікті атқарушы органдардың басым тәртіппен орын беруіне;
3-2) пациент пен басқа да адамдар тарапынан медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға;
3-3) кәсібіне пациент пен басқа да адамдар тарапынан құрмет көрсетілуіне;
3-4) ғылыми, зерттеу қызметін жүзеге асыруға, медициналық практикаға жаңа әдістемелер мен технологиялар ендіруге қатысуға;
3-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық қызметті жүзеге асыруға;
3-6) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық мамандық бойынша әскери қызметті өткеруге немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін жол жүруге байланысты көліктік шығыстарды өтетуге құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Медицина қызметкерлерінің осы бапта көзделген құқықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс.»;
5-тармақтың 12) тармақшасының он төртінші абзацы 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
2 және 5-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақтың 13) тармақшасы 2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
13) мынадай мазмұндағы 270-1, 270-2, 270-3 және 270-4-баптармен толықтырылсын:
«270-1-бап. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру
1. Медицина қызметкерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектісі мен бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар арасында жасалатын медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
2. Медицина қызметкерлері осы Кодекстің 64-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген медициналық қызмет түрін жүзеге асырғанға дейін денсаулық сақтау субъектілері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты жыл сайын жасалады, сақтандыру мерзімі ішінде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда өз қолданысын тоқтатпайды.
Денсаулық сақтау субъектісі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын жасаспай медициналық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
3. Денсаулық сақтау субъектілерінің және (немесе) медицина қызметкерінің медициналық қызметті жүзеге асыруға байланысты өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасасуы оларды медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.
Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының денсаулық сақтау субъектісімен медицина қызметкерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын жасасудан бас тартуына жол берілмейді.
4. Медицина қызметкерлерінің медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге байланысты мүліктік мүдделері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру объектісі болып табылады.
5. Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
Медициналық оқыс оқиға сақтандыру жағдайы болып табылмайды.
6. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы кезінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.
7. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі мен өзге де шарттары медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
270-2. Тәуелсіз сараптама комиссиясы. Тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысы
1. Денсаулық сақтау субъектісі пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінен пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені туралы жолданымы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тәуелсіз сараптама комиссиясын құрады.
Тәуелсіз сараптама комиссиясы медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау және растау мақсатында құрылады.
Тәуелсіз сараптама комиссиясы сарапшылар ретінде тартылатын бейінді мамандардан, кәсіптік медициналық қауымдастықтардың және бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымының өкілдерінен тұрады.
Тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысына медицина қызметкерлерінің кәсіптік одақтарының өкілдері және медиатор тартылуы мүмкін.
Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы жолданымдарды қарау үшін сарапшылар ретінде тартылатын бейінді мамандар тізілімін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қалыптастырады.
Сарапшы ретінде тартылатын бейінді маман уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Мынадай:
1) сарапшы ретінде тартылғанға дейін бір жыл ішінде көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
2) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
3) сарапшы ретінде тартылғанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе сарапшы ретінде тартылғанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде босатылған адам сарапшы ретінде тартылатын бейінді маман бола алмайды.
Пациент не оның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе заңды өкілі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені туралы жолданымды тәуелсіз сараптама комиссиясы қараған кезде қатысуға құқылы.
Оқиға орын алған денсаулық сақтау субъектісінің өкілдері тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамына кіргізілмейді.
Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамына бейінді мамандарды тарту мүмкін болмаған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы денсаулық сақтау субъектісінің жолданымы бойынша тиісті бейінді маманмен қамтамасыз етеді.
Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің тәртібін және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
Тәуелсіз сараптама комиссиясы бес жұмыс күні ішінде медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) растайтын қорытынды шығарады.
Тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысы бейінді мамандардың медициналық көрсетілетін қызметтің (көмектің) тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы дәлелденген ғылыми және клиникалық деректер негізінде тұжырымдардың негізділігі мен дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беретін ережелерге негізделген сарапшылық пікірінен қалыптастырылады.
Тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысы сақтандыру жағдайының басталғанын растайды және медицина қызметкерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шеңберінде ғана қолданылады.
Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені туралы жолданымды қарау мерзімі тәуелсіз сараптама комиссиясының уәжді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, ол жөнінде пациентке не оның жұбайына (зайыбына), жақын туысына немесе заңды өкіліне мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
2. Денсаулық сақтау субъектісі тәуелсіз сараптама комиссиясының медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы туралы қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны пациентке не оның жұбайына (зайыбына), жақын туысына немесе заңды өкіліне және сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымына жібереді.
Пациент не оның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе заңды өкілі тәуелсіз сараптама комиссиясының медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы қорытындысымен келіспеген жағдайда медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға жүгінуге құқылы.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.
Пациент не оның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе заңды өкілі тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда оған сот тәртібімен не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
3. Пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туысының немесе заңды өкілінің медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені туралы жолданымдары келіп түскен кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары не медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган пациентті не оның жұбайын (зайыбын), жақын туысын немесе заңды өкілін бірмезгілде хабардар ете отырып, осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды қабылдау үшін жолданымдарды үш жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау субъектісіне жібереді.
270-3-бап. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау
1. Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілеріне ағымдағы талдауды жүргізеді, оның нәтижелері медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізіліміне енгізіледі.
Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау медициналық ұйымның ішкі аудиті арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, уәкілетті орган жүзеге асырады.