12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
94-бап. Ақпарат, қызметтiк iс қағаздарын жүргiзу және байланыс
1. Тасымалдаушы жолаушыларға, жөнелтушiлерге (жүк жөнелтушiлерге), алушыларға (жүк алушыларға) тасымалдау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге мiндеттi.
Теміржол станцияларында, вокзалдарда, поездарда және жолаушыларға, жөнелтушiлер (жүк жөнелтушiлер) мен алушыларға (жүк алушыларға) қызмет көрсетiлетiн басқа да орындарда ақпарат мемлекеттік тiлде және орыс тілінде берiледi, сондай-ақ жергiлiктi халықтың мүддесiн ескере отырып, басқа тiлдерде де берiлуi мүмкiн.
2. Жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж тасымалдау құнын өзгерту туралы мәлiметтер оларды енгізуден кем дегенде он күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Теміржол көлігінде қызметтік іс жүргізу мен байланыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Поездар қозғалысын жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган бекіткен терминдер пайдаланылады.
4. Теміржол көлiгіндегі тасымалдау құжаттары және халықаралық хабарлар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларымен белгiленген тiлдерде жүзеге асырылады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 94-1-баппен толықтырылды
94-1-бап. Есепке алу және есептілік
Локомотивтiк тартқыштың, вагондардың, контейнерлердің операторлары және тасымалдаушылар жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы уәкілетті орган белгілеген есепке алу және есептілікті ұсыну тәртібін сақтауға міндетті.
95-бап. Теміржол көлiгіндегі есепке алу-есеп беру уақыты
1. Теміржол көлiгiнде уәкiлеттi орган белгiлейтiн бірыңғай есепке алу-есеп беру уақыты қолданылады.
2. Халықаралық қатынаста есепке алу-есеп беру уақыты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi.
96-бап. Осы Заңды қолдану тәртібі
Осы Заң оны қолданысқа енгiзгеннен кейiн туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Осы Заңды қолданысқа енгiзгенге дейiн туындаған құқықтық қатынастар бойынша Заң өзi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн туындайтын құқықтар мен мiндеттемелерге қолданылады.
97-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізуге байланысты заңдарды қолдану
Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қабылданған теміржол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
Қазақстан Республикасының