ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 230-1) және 230-2) тармақшалармен толықтырылды
230-1) олар терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау және оны «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;
230-2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, олар терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияларды тоқтата тұру қажеттігі туралы шешімдер берген құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарды банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының уақытша тоқтатылғаны туралы хабардар ету;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 231) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
231) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті шешімі алынған сәттен бастап үш сағат ішінде оны қаржы мониторингі субъектісіне жеткізу;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 232) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
232) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көрсетілген кірістерді тәркілеу саласында шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастық жасау;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 233) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
233) шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша жүзеге асырылатын қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы ақпараттар, мәліметтер мен құжаттар беру;
234) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тарту үшін негіздерді көрсете отырып, шет мемлекеттің сұрау салған құзыретті органына бас тарту туралы хабарлау;
235) капиталдың сыртқы нарығындағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
235-1) уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 235-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
235-2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;
тапсырыс беруші ұсынған Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын әзірлеу және бекіту;
конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындау және бекіту;
конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы хабарландыруды орналастыру;
тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберу;
конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын айқындау;
235-3) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 235-4) - 235-8) тармақшалармен толықтырылды («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізілді)
235-4) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
235-5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық шарттарының жобаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шегінде әзірлеуге қатысу;
235-6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
235-7) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қағадалауды жүзеге асыру;
235-8) ведомствоның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
235-9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы шешім қабылдау;
236) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2014.10.04. № 339 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 912 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де тұлғалардан, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
3) сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдар, бағдарламалық және ақпараттық жасақтамалар әзірлеу, мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, ақпараттық жүйелер құру үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасы мен өзге де мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тарту;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
8) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;
9) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) күдікті операция белгілері анықталған жағдайда, үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату туралы шешім шығару;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты мәліметтер мен ақпарат алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл тәртібін құқық қорғау органдарымен және арнаулы мемлекеттік органдармен бірлесіп айқындау;
12) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мәлімдемелері мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
14) заңнамада айқындалған жағдайларда Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жеке және заңды тұлғалардан, еншілес компаниялардан қажетті құжаттарды, белгіленген нысандар бойынша есептіліктерді ұсынуды талап ету;
15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша олардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
16) тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен беру;
17) халықаралық шарттар негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда шет мемлекеттің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
17-1) құзыреті шегінде темекі бұйымдарын өндірушілерге темекі бұйымдарын өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді беру туралы сұрату жіберу;
17-2) тексерулерге мемлекеттік органдардың мамандарын тарту;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 17-3) - 17-11) тармақшалармен толықтырылды
17-3) оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не оңалтуды басқарушыны тіркеуден алып тастау туралы хабарламаны кредиторлар жиналысына жіберу;
17-4) - 17-11) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізілді
17-4) өндірісте бар материалдар мен қылмыстық істер бойынша құжаттарға, статистикалық деректер материалдарына және өзге мәліметтерге қол жеткізу, сондай-ақ олардың берілуін ұйым басшыларынан және басқа лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан талап ету, олардың көшірмелерін түсіру, түсіндірулер алу;
17-5) өндірісте бар қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды мәжбүрлеп келтіру;
17-6) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе алуды жүзеге асыру;
17-7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
17-8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа шараларды қолдану;
17-9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер, салықтық және басқа тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;
17-10) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар мен өзге құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен шарттарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқаулықтар, ұсынымдар беру;
17-11) мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құру және пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алдын ала тергеу және анықтау барысында зерттеулер ұйымдастыру.
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қаржы министрі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Қаржы министрiн Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.
20. Қаржы министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өкілеттігі:
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтарына қол қояды;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жұмыс регламентін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне кеден органдарының лауазымды адамдарына жоғары басшылық құрамының арнайы атақтарын беру туралы ұсыным енгізеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржы министрі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Қаржы министрі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мүлкі
24. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
27. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.27.08. № 867 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.04.04. № 167 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 248 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның
ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы.
2. ҚР Үкіметінің 2013.27.08. № 867 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Ақпараттық есептеу орталығы» акционерлік қоғамы.
4. «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі.
5. «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы.
6. ҚР Үкіметінің 2017.05.05. № 248 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы.
8. «Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және
оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық
комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ақкөл аудандық қазынашылық басқармасы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Аршалы аудандық қазынашылық басқармасы.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Астрахан аудандық қазынашылық басқармасы.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Атбасар аудандық қазынашылық басқармасы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Бұланды аудандық қазынашылық басқармасы.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Зеренді аудандық қазынашылық басқармасы.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Еңбекшілдер аудандық қазынашылық басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ерейментау аудандық қазынашылық басқармасы.
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Егіндікөл аудандық қазынашылық басқармасы.
11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Есіл аудандық қазынашылық басқармасы.
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Жақсы аудандық қазынашылық басқармасы.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Жарқайың аудандық қазынашылық басқармасы.
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қорғалжын аудандық қазынашылық басқармасы.
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Сандықтау аудандық қазынашылық басқармасы.
16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Степногорск қалалық қазынашылық басқармасы.
17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Шортанды аудандық қазынашылық басқармасы.
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Бурабай аудандық қазынашылық басқармасы.
19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Целиноград аудандық қазынашылық басқармасы.
20. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті.
21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Алға аудандық қазынашылық басқармасы.
22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Әйтеке би аудандық қазынашылық басқармасы.
23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Байғанин аудандық қазынашылық басқармасы.
24. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ырғыз аудандық қазынашылық басқармасы.
25. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарғалы аудандық қазынашылық басқармасы.
26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мұғалжар аудандық қазынашылық басқармасы.
27. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мәртөк аудандық қазынашылық басқармасы.
28. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Темір аудандық қазынашылық басқармасы.
29. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ойыл аудандық қазынашылық басқармасы.
30. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Хромтау аудандық қазынашылық басқармасы.
31. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қобда аудандық қазынашылық басқармасы.
32. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Шалқар аудандық қазынашылық басқармасы.
33. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменті.
34. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Алакөл аудандық қазынашылық басқармасы.
35. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ақсу аудандық қазынашылық басқармасы.
36. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Балқаш аудандық қазынашылық басқармасы.
37. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Еңбекшіқазақ аудандық қазынашылық басқармасы.
38. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Жамбыл аудандық қазынашылық басқармасы.
39. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Іле аудандық қазынашылық басқармасы.
40. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарасай аудандық қазынашылық басқармасы.
41. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қапшағай қалалық қазынашылық басқармасы.
42. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қаратал аудандық қазынашылық басқармасы.
43. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Кербұлақ аудандық қазынашылық басқармасы.
44. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Көксу аудандық қазынашылық басқармасы.
45. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Панфилов аудандық қазынашылық басқармасы.
46. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Райымбек аудандық қазынашылық басқармасы.
47. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Сарқант аудандық қазынашылық басқармасы.
48. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Талғар аудандық қазынашылық басқармасы.