50) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтардың, оның ішінде белгіленген мерзімде бюджетке төленбеген сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны өндіріп алу;
51) өз құзыреті шегінде Кеден одағы кедендік шекарасының қорғалуын және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
52) тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру;
53) тауарлардың шыққан елі туралы алдын ала шешім қабылдау;
54) тауарлардың Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс сыныпталуын тексеру;
55) Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтардан босату ұсынылатын құжаттарды қарау;
56) өз құзыреті шегінде кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыру;
57) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде радиациялық бақылау жүргізу;
57-1) Кеден одағының кеден шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде көліктік және санитариялық-карантиндік бақылау жүргізу;
57-2) зертханалық сараптаманы қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу;
58) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша тергеуді жүзеге асыру;
59) өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және оны анықтау жөніндегі жұмыс жүргізу;
60) жедел-іздестіру қызметін Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
61) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
62) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметінің қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын және олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы іс-қимылдардан қорғау;
63) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыру;
64) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;
65) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
66) тәуекелдерді бағалау және оларды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
67) мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер бойынша және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша консультациялар беру;
68) келіп түсетін кеден ісі саласындағы сұрау салулар мен ұсыныстардан туындайтын жауаптарды уақтылы қарау және беру немесе өзге де іс-қимылдарды қамтамасыз ету;
69) оларға қатысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарынан сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын қазақстандық тауарларды қайта экспорттауға рұқсат беру;
70) Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 70-1) - 70-28) тармақшалармен толықтырылды
70-1) - 70-7) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізілді
70-1) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тексеру;
70-2) экономикалық және қаржылық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру;
70-3) өз құзыретінің мәселелері бойынша жалпы республикалық, өңірлік жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асыру және жүргізу, қолда бар күш пен құралдарды пайдалану жөнінде оңтайлы шешімдер тұжырымдау, мемлекеттік кірістер аумақтық органдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету, оң жұмыс тәжірибесін жинақтау мен тарату;
70-4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, анықтау және алдын ала тергеу, мемлекеттік кірістер органдарының жедел-іздестіру, әкімшілік, тергеу қызметі мен анықтау практикасына талдау жасау, республикадағы жедел жағдайға болжам жасау, мемлекеттік кірістер органдарының араласуын талап ететін мәселелер бойынша жедел әрекет ету шараларын қабылдау;
70-5) мемлекеттік кірістер органдарының қарамағына жатқызылған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша адамдарды, соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесіне орай қойылған талап-арыздар бойынша жауапкерлердің жүрген жері белгісіз болған кезде оларды іздестіруді жүзеге асыру;
70-6) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар қызметінде шетелдік мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасасу және өз құзыреті шегінде қатысу;
70-7) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
70-8) - 70-28) ҚР Үкіметінің 2015.20.03. № 152 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
71) өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіруді және түсініктеме беруді жүзеге асыру;
72) мынадай:
салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
салық нысандарын қабылдау;
камералды бақылау;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен бесінші абзацы жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
салықтық тексеру;
ірі салық төлеушілердің мониторингі;
салықтық тексерістер;
бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;
акцизделетін тауарларды бақылау;
трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
мемлекеттің меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау;
73) тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;
74) есепке алуды жүргізу тәртібін бұзған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;
75) жоспардан тыс тексерулерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асыру;
76) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;
77) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін, бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімнен шығару) жолымен жүргізу;
78) салықтық әкімшілендіру бизнес-процестерін жаңғыртуды және қайта инжинирингтеуді жүзеге асыру;
79) салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
80) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі мәселелерді қарау;
81) мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзартудан бас тарту немесе мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;
82) халықаралық шарттардың ережелерін Салық кодексінде және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен қолдану;
83) салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
84) трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасуға мәміле қатысушысының өтінішін қарау;
85) соттарға талап қою арызын Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы заңнамасына сәйкес ұсыну;
86) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреттер шегінде салықтық және салыққа жатпайтын түсімдердін есепке жатқызылуын және/немесе қайтарылуын жүзеге асыру;
87) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтерді көрсету;
88) салық төлеушілердің (салық агентінің, оператордың) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде салық тексерістерінің актілері бойынша хабарламаға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау;
89) салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
90) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруда этил спиртін, алкоголь өнімдерін және темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің және биоотынның жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
91) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
92) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру, темекі бұйымдарын өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау;
93) алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
94) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алкоголь өнімін белгілі бір түрге жатқызу;
95) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімін бақылауды, есепке алу мен талдауды жүргізу;
96) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру;
97) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру;
97-1) автоотын құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлеу;
97-2) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келісу;
97-3) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпаратты салыстыру үшін ұсыну;
97-4) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу;
97-5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқор жүргізуді жүзеге асыру;
97-6) мұнай өнімдерінің айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;
97-7) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
97-8) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою жөнінде хабарлама нысанын әзірлеу;
98) этил спирті, алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары өндірісін және олардың айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің және биоотынның жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
98-1) өз құзыреті шегінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру;
98-2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу;
98-3) - 98-12) ҚР Үкіметінің 2015.20.03. № 152 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
99) мыналардың:
бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстардың;
республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ақпараттық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері бойынша, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалануға;
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына, бюджеттік кредиттер беруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыруға, сондай-ақ олардың пайдаланылуына;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына;
тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамасын сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асыру;
99-1) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында және Камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру;
99-2) Мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткер тұлғаларды сертификаттау қағидаларына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлыққа кандидаттардың білімін растау бойынша қызметті ұйымдастыру;
99-3) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру қызметін ұйымдастыру;
100) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайын аудит жүргізу;
101) - 105) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
106) аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті орындауға жіберілген нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру;
106-1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс аудитті жүзеге асыру;
107) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
107-1) заңнамада белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;
107-2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдау;
108) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
109) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;
110) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік аудит объектілеріне мәліметтер мен қажетті материалдар ұсыну туралы талаптарды жіберу;
111) - 113) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
114) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру;
115) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды келісілген мерзімде жүзеге асыру;
116) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында:
ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек ұсынуды қамтамасыз ету;
жүргізілген мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есепті ақпаратына талдау жүргізу;
ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекелі бар объектілер бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жіберу;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізу;
117) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 118) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
118) мынадай:
анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) оларды есепке алу бойынша көрсету және нұсқамаларды орындау арқылы қалпына келтіру мақсатында;
міндеттемелер тиісінше түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жіберу;
119) құзыреті шегінде аудиторлық қызмет пен аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
120) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын олардың жасасу міндеттілігіне және осы талапты бұзған аудиторлық ұйымдарға шаралар қолдануға қатысты бөлігінде «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын аудиторлық ұйымдардың орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
121) құзыреті шегінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
122) аудиторлық қызметті лицензиялау;
123) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу;
124) аккредиттеу ережелерін сақтамау фактілері жағдайында бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарына ескерту жасау;
125) аудиторлардың тізілімін, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдар тізілімін, аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
126) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын, кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктен айыру жөнінде шешім қабылдау;
127) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының, бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның берілуі, одан айырылуы, оның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз ету;
128) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
129) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларының құрамында қатысу;
130) ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
130-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
130-2) мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын басқару бойынша қызметінің тиімділігін бағалау;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 131) тармақша жаңа редакцияда (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
131) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдарды тіркеу және оларды тіркеуден шығару;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 132) тармақша жаңа редакцияда (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
132) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау;
133) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
134) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 135) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
135) интернет-ресурста кредиторлар талаптарының тізілімін орналастыру;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 136) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
136) табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ өздері үшін осыған ұқсас тәртіп «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттің бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар мүліктік массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 137) тармақша жаңа редакцияда (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
137) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау мен банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттықты басқарушының банкроттық рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарау;
138) - 142) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 143) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143) борышкерді банкрот деп тану туралы және банкроттық рәсімін жүзеге асыру мүмкін болатын мүліктің (активтердің) жоқ екендігі туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екендігі туралы уақытша басқарушының қорытындысын ескере отырып, банкроттық рәсімін қозғамай, жоқ борышкерді банкрот деп тануды және оны таратуды келісу;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 144) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
144) сот шешімі бойынша:
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда кредиторлардың алғашқы жиналысын;
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 118-бабында белгіленген тәртіппен банкроттық рәсімін қозғамай, банкротты таратуды жүргізу;
145) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
146) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)