39) ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 962 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
40) - 47) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
48) қылмыс жасағаны немесе күдіктілігі бойынша ұсталғандар мен тұтқындалғандарды, белгілі тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің атқарылуын ұйымдастырады;
49) - 52) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
53) жаппай тәртіпсіздіктердің, оның ішінде түзеу мекемелерінде жолын кесу бойынша шаралар қабылдайды;
54) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етеді;
55) iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде режимдiк талаптардың сақталуын ұйымдастырады;
56) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
57) сотталғандарға қатысты сот үкімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды;
58) соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың орналасуын ұйымдастырады;
59) - 65) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
66) кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты жеке профилактика жағдайын бақылайды;
67) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, сондай-ақ уақтылы орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды жеткізуді ұйымдастырады;
67-1) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
67-2) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
67-3) көші-қон процестерін мониторингілеу, талдау мен болжамдауды жүзеге асырады;
67-4) көші-қон процестерін реттеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;
67-5) көші-қон процестерін мониторингілеу нәтижелерін халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
67-6) өз құзыретi шегiнде босқын деп танылған адамға шыққан елiнде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға жәрдем көрсетеді;
67-7) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді;
67-8) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
68) азаматтар мен лауазымды адамдар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін белгіленген Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету, болу және ол арқылы транзиттік өту ережелерін олардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
68-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
68-2) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларын әзірлейді;
68-3) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
68-4) шекаралық аймақта тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймақ тұрғынының куәлігін беру қағидаларын әзірлейді;
69) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судья талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, тергеушінің, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;
70) сотталғандарға түзету ықпалын, оның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастырады;
71) сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырады;
72) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;
73) күдіктілер мен айыпталушыларды қарап-ұстауды жүзеге асырады;
74) сотталғандардың жалпы білім алуы мен кәсіби оқуын ұйымдастырады;
75) қоғамдық және діни бірлестіктерді қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне тартады;
76) сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, рақымшылық және кешірім жасау актілерін орындауды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және сотталғандарды түзеудің нәтижелерін бекіту жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен оларды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөніндегі өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
76-1) пробация қызметінің жұмысын үйлестіреді;
76-2) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
77) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
78) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жасақталуын жоспарлайды және ұйымдастырады;
79) төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың салдарын жою үшін, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес, қақтығыс аудандарын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террористік актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын тарту туралы шешімдерді орындайды;
80) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы кадрларын іріктеу, бөлу, оларды республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шартты негізде басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарында оқыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
81) медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өңірлік қолбасшылықтарды құрылымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және әскери-оқу орындарының орналасқан жерлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалауды жүзеге асырады;
81-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді;
82) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады;
83) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
84) қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
84-1) ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
84-2) ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
84-3) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
84-4) - 84-17) ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
84-18) арнайы және әскери тасымалдауларды ұйымдастырады;
84-19) дербес немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне, онда уақытша болуына, тұруына және жүріп-тұруына бақылауды жүзеге асырады;
84-20) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп шекаралық режим қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
84-21) Мемлекеттік шекараны бұзған адамдарды және өзге де құқық бұзушыларды іздестіруде, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың мән-жайларын анықтауда және тексеруде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жәрдем көрсетеді;
84-22) шекаралық кеңістіктегі құқық тәртібінің жай-күйі, тұрғылықты жерінен белгісіз мән-жайларда кетіп қалған адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қатысты құқыққа қарсы пиғылдары бар қылмыстық топтар мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етеді;
84-23) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, оның ішінде босқындардың жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе шекаралық кеңістікте орналасқан объектілерге баруын уақытша шектейді немесе баруына тыйым салады;
84-24) шекаралық аймақта және шекаралық белдеуде қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді;
84-25) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді;
84-26) дербес немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының халқына құқықтық тәрбие беруге қатысады, шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асырады;
84-27) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
84-28) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
84-29) көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;
84-30) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласында шаралар жүйесін әзірлейді;
84-31) ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 962 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
84-32) өз құзыретi шегiнде босқын деп танылған адамға шыққан елiнде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға жәрдем көрсетеді;
84-33) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді;
84-34) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
84-35) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
84-36) жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын әзірлейді;
84-37) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді;
84-38) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының мемлекеттiк кадастрын әзiрлейдi;
84-39) ҚР Үкіметінің 2021.14.08. № 559 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
84-40) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын әзiрлейдi;
84-41) азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын әзiрлейдi;
84-42) азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi;
84-43) азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды әзірлейді;
84-44) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
84-45) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;
84-46) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
84-47) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
85) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 962 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
18. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
19. Ішкі істер министрін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
20. Ішкі істер министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1032 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.25.02. № 83 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 21-тармақ өзгертілді
21. Ішкі істер министрінің өкілеттіктері:
1) ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ішкі істер органдарының штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
4) өз орынбасарларының, сондай-ақ комитет төрағаларының және Министрліктің өзге де құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктер шеңберін айқындайды, жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
5) Министрліктің атынан ішкі істер органдары орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, өз құзыреті шегінде - өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;
5-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған полиция қызметкерлерінің қатарынан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаментінің бастығын лауазымға тағайындайды;
6) ішкі істер органдары қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін тағайындайды, тәртіптік жазаға тартады және қызметтен босатады;
7) азаматтарды Министрліктің кадрына қабылдайды, оларға алғашқы және кезекті полиция (әділет) полковнигіне дейінгі арнаулы атақтарды қоса алғанда, сондай-ақ полковникке дейінгі әскери атақтарды қоса алғанда Министрліктің әскери қызметшілеріне береді;
8) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары басшы құрамға арнаулы атақтар және жоғары әскери атақтар беру туралы ұсыныстар енгізеді;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге, әскери қызметшілерге және жұмыскерлерге тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады, өзәнің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелері;
10) өз құзыреті шегінде заңнамаға сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін, Министрліктің ведомстволарын, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұймдарын құрады және таратады, құрады, қайта құрады;
11) Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіреді;
12) лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын, конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, қызметке кірер алдындағы конкурс пен тағылымдама өткізудің шарттары мен тәртібін бекітеді;
13) республикалық бюджеттен бөлінген қаржы шегінде ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ұстауға арналған қаржы қаражатын бөледі;
13-1) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ол болмаған кезде ішкі істер министрінің өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Ішкі істер министрі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 962 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Министрліктің мүлкі
23. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлігі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 962 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
26. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.31.08. № 498 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.03.11. № 661 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.13.05. № 258 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.17.07. № 431 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.12.01. № 7 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.23.04. № 219 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.01.08. № 566 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.25.02. № 83 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.06. № 372 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Мемлекеттік кәсіпорындар
1. «Алатау» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Акционерлік қоғамдар
1. «Қазақстан» санаторийі» акционерлік қоғамы.
2. ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Арман» санаторийі» акционерлік қоғамы.
4. ҚР Үкіметінің 2016.03.11. № 661 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының медиа орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігi
2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
2. Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің «Еңбек-Өскемен» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Түзеу мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек-Өскемен» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. ҚР Үкіметінің 2017.17.07. № 431 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Төтенше жағдайлар комитеті. ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.11.03. № 127 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 173 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.24.12. № 1054 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.08.11. № 676 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.21.07. № 443 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.16.10. № 637 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.18.01. № 5 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.01.08. № 566 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.25.02. № 83 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.21.05. № 339 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.14.10. № 740 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.15.12. № 893 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы
мемлекеттік мекемелер аумақтық органдардың және оның ведомстволарының
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментi.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаментi.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаментi.
7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментi.
8. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының полиция департаментi.
9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысының полиция департаментi.
10. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаментi.
11. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаментi.
12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаментi.
13. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаментi.
14. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының полиция департаментi.
15. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментi.
16. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркiстан облысының полиция департаментi.
17. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының полиция департаментi.
18. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көлiктегi полиция департаментi.
19. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментi «Алматы» ауданының полиция басқармасы.
20. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментi «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасы.
21. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментi «Есiл» ауданының полиция басқармасы.
22. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментi «Сарыарқа» ауданының полиция басқармасы.
23. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Көкшетау қаласының полиция басқармасы.
24. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Степногор қаласының полиция басқармасы.
25. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Ақкөл ауданының полиция бөлiмi.
26. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Аршалы ауданының полиция бөлiмi.
27. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Астрахан ауданының полиция бөлiмi.
28. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Атбасар ауданының полиция бөлiмi.
29. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Бұланды ауданының полиция бөлiмi.
30. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Егiндiкөл ауданының полиция бөлiмi.
31. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Біржан сал ауданының полиция бөлiмi.
32. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Ерейментау ауданының полиция бөлiмi.
33. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Есiл ауданының полиция бөлiмi.