Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-тармақтармен толықтырылсын:
«13-1. Уәкілетті орган:
1) еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған;
2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының, банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың қызметі қайта ұйымдастырылу (бірігу, қосылу нысанында) немесе таратылу жолымен тоқтатылған;
3) банкте және (немесе) банк холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
4) банкте және (немесе) банк холдингінде ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілері болмаған;
5) осы Заңның 17-1-бабы 18-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес банк холдингінің мәртебесіне ие болуға уәкілетті орган берген келісімнің күші жойылған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган банктің, банк холдингінің осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы растайтын құжаттармен қоса берілген өтінішін алған күннен кейінгі не уәкілетті орган берілген рұқсаттың күшін жоюға негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатының күші жойылды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті органның банк холдингі мәртебесіне ие болуға берілген келісімінің күші жойылған күннен бастап уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсатының күші жойылды деп есептеледі.
13-2. Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат осы баптың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша кері қайтарып алынған жағдайда, банк және (немесе) банк холдингі осындай рұқсат кері қайтарып алынған күннен бастап алты ай ішінде көрсетілген ұйымдардың өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) осы банкпен немесе банк холдингімен ерекше қатынастары жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруды жүргізуге және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
5) 13-бапта:
1-тармақта:
«мен оған рұқсат беруден бас тарту негіздері» деген сөздер алып тасталып, «белгіленеді» деген сөз «айқындалады» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алмаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.»;
6) 13-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 7) және 13) тармақшалары алып тасталсын;
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алмаған жағдайларда, жойылды деп есептеледі.»;
7) 16-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары банк мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия алуға өтініш берілгенге дейін осы Заңның 42-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын сақтау ескеріле отырып, микроқаржы ұйымының жарғылық капиталы есебінен қалыптастырылады.»;
8) 16-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-3-бап. Банктің шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында белгіленген шарт сақталған кезде шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды жүзеге асыруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының резидент-банкі шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген борыштық бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған кезде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттан бөлек, мынадай қосымша шарттарды сақтауға міндетті:
1) борыштық бағалы қағаздарды шығару шартында уәкілетті орган осы Заңда көзделген тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолданған жағдайда, борыштық бағалы қағаздардың мәжбүрлеп қайта құрылымдалуы мүмкін екендігі туралы ереже қамтылады;
2) борыштық бағалы қағаздарды шығару шартында төлемге қабілетсіз банкке осы Заңда көзделген оны реттеу жөнінде шаралар қолданылған жағдайда, борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өздерінің алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы болмайтыны туралы ереже қамтылады.
3. Қазақстан Республикасының төлемге қабілетсіз резидент-банкінің міндеттемелері осы Заңда көзделген тәртіппен мәжбүрлеп қайта құрылымдалған жағдайда, осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының резидент-банкіне және (немесе) шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырған кезінде ұйымға қолданылмайды.
4. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырған Қазақстан Республикасының резидент-банкі уәкілетті органды «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 2-тармағына сәйкес осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы хабардар етеді.»;
9) 17-1-бапта:
9-тармақтың бірінші бөлігінің он үшінші және он бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«бұрын уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы абзацтың мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;»;
«ірі қатысушы-заңды тұлғалар және қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк холдингтері бойынша уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы;»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін беру туралы өтінішті уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруге өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.»;
10) 19-баптың 3-тармағында:
7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты, жарғы) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері қоса берілуге тиіс.»;
10) тармақша алып тасталсын;
11) 20-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктің басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы органының мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де басшылары, бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары банктің басшы қызметкерлері деп танылады.»;
екінші бөліктегі «бас бухгалтерін қоспағанда, банктің» деген сөздер алып тасталсын;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалы құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де басшылары, бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, басқа қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында басшы қызметкердің лауазымын атқаруға құқылы емес.»;
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;
және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;
және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы бапта белгіленген талаптарға сай келмейтін;»;
4) тармақшаның бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бұрын уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы не банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органының мүшесі, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, ірі қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының ірі қатысушы (банк холдингі) - заңды тұлғасының басшысы болып табылған адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (олар тағайындала (сайлана) алмайды).
Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдары санатына жатқызу не банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады.»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қадағалап ден қою шарасын қолдану арқылы осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы және (немесе) өзге филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды). Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы немесе қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындалған (сайланған) күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам да банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды);»;
6) тармақшадағы «қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды» деген сөздер «қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты және (немесе) банктің директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор лауазымына өзін келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл бойы сондай болған адам болып табылатын адам банктің директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала (сайлана) алмайды).»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сай келу үшін:
1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органның басшысы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл;
2) банктің басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
3) банктің атқарушы органының мүшелері, банктің атқарушы органы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы басшысының орынбасары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
4) басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде бір жыл;
5) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
6) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтерінің орынбасары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
7) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Банктің тек қана қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік ететін атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ақпараттық технологияларды дамытуға байланысты жұмыс, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамындағы және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы жұмыс кірмейді.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының мүшесі осы банктің тәуелсіз директоры лауазымын қатарынан он жылдан аса атқаруға құқылы емес.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы басшы қызметкерінің;
2) қызметі қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты, қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу және мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысының және оның орынбасарының, дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе басшысы орынбасарының;
4) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік ететін өзге басшысының лауазымы түсініледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Банктің басшы қызметкері лауазымына кандидат тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы емес.
Банктің басқару органының мүшесі өзі сайланған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы.
Банк холдингі мәртебесін алған тұлғаның басшы қызметкерлері заңды тұлға банк холдингі мәртебесін алған кезде тұлға банк холдингі белгілеріне ие болған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және келісуге арналған құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, банк осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Банктің атқарушы органының басшысы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы), банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) бас бухгалтері басқа банктерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатындарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдарында атқарушы органның мүшесі (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы басшысының орынбасары), бас бухгалтер лауазымын атқаруға құқылы емес.
Егер банктер бір-біріне қатысты бас және еншілес ұйым болып табылса, көрсетілген шектеу қолданылмайды.
Банктің атқарушы органы басшысының міндеттерін атқару банктің атқарушы органының мүшесіне күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге жүктелетін жағдайларды қоспағанда, осы баптың талаптарына сай келмейтін және уәкілетті органмен келісілмеген адамдардың банктің басшы қызметкерінің міндеттерін атқаруына (уақытша болмаған кезде алмастыруына) тыйым салынады.
Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін уәкілетті орган осы басшы қызметкерлерге немесе басшы қызметкер лауазымына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде тоқтата тұрады. Осы мерзім уәжді пайымдау жобасы банкке немесе банктің басшы қызметкеріне немесе банктің басшы қызметкері лауазымына кандидатқа жіберілген кезден бастап уәкілетті орган уәжді пайымдауды қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.