Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 37 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 60-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 498 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6033 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында» 2010 жылғы 7 шілдедегі № 10 болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы осы бұйрықты әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына жүктелсін.
5. Бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2013 жылғы 29 қаңтардағы
№ 37 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын
талаптар
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптар (бұдан әрі - талаптар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 60-бабына сәйкес әзірленді, әскерге шақыру учаскелеріне тіркеген кезде, әскери қызметке шақырған кезде, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсетін азаматтардың, әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылығы санатын айқындауды көздейді.
2. Әскери қызметке жарамдылық санаттары:
1) А - әскери қызметке жарамды;
2) Б- әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бойынша, сондай-ақ әскери (арнаулы) оқу орындарына, Кадет корпусына, «Жас ұлан» республикалық мектебіне, республикалық әскери мектеп-интернаттарына (лицейлерге) түсуге);
3) В - әскери қызметке шектеулі жарамды (келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер құрамының адамдарына қатысты);
4) Г - әскери қызметке уақытша жарамсыз;
5) Д - әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
6) ЖЗ - жекелеген әскери-есептік мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке, қызметке жарамсыз, әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге жарамсыз;
7) ДЕРБ - жекелеген әскери-есептік мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке, қызметке жарамдылық дербес айқындалады;
8) Е - әскери есептен алумен әскери қызметке жарамсыз.
3. Талаптарда әскери қызметке жарамдылық санаттары мынадай бағандар бойынша айқындалған:
І баған - азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу және мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде, кандидаттар Кадет корпусына, «Жас ұлан» республикалық мектебіне, республикалық әскери мектеп-интернаттарына (лицейлерге) түсу кезінде;
ІІ баған - мерзімді әскери қызмет өткеретін және әскери (арнаулы) оқу орындарында оқитын әскери қызметшілер - әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқанға дейін, азаматтар - келісімшарт бойынша әскери қызметке, әскери (арнаулы) оқу орындарына түскен кезде;
ІІІ баған - келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер құрамының адамдары, келісімшарт жасасқаннан кейін әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары;
ІV баған - келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, Аэроұтқыр әскерлерінде, Әскери-теңіз күштерінде, арнайы мақсаттағы бөлімдерде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер құрамының адамдары.
4. Қойылатын талаптарда мынадай қысқартулар қолданылған:
1) АГ - артериялық гипертензия;
2) AV-блокада - атриовентрикулярлық блокада;
3) ҰКЖ - ұқсас клиникалық жай-күйлер;
4) ӘТК - Әскери-теңіз күштері;
5) ВЭМ - велоэргометрия;
6) АИТВ - адамның иммундық тапшылығы вирусы;
7) ТЖ - тыныс алу жеткіліксіздігі;
8) дптр - диоптрия;
9) ЖБМЖ - жабық бассүйек-ми жарақаты;
10) ИСК - иондаушы сәулелену көздері;
11) ДСИ - дене салмағының индексі;
12) ш. см - шаршы сантиметр;
13) кг/м² - шаршы метрге килограмм;
14) кг - килограмм;
15) кПа - килоПаскаль;
16) ЗОҚ - зымыран отындарының құрамдас бөлігі;
17) КТ - компьютерлік томография;
18) МРТ - магнитті-резонансты томография;
19) м - метр;
20) мкмоль/л - литрге микромоль;
21) мг - миллиграмм;
22) мл - миллилитр;
23) с.б.мм.- сынап бағанасымен миллиметр;
24) 1ЖТА - 1 секундта жедел тыныс алу ауқымы;
25) НМЗ - нысана мүшелерін зақымдау;
26) ПНЖ - перифериялық нерв жүйесі;
27) ТҮЖ - тыныс шығарудың үдемелі жылдамдығы;
28) РЗ - радиоактивті заттар;
29) РИ - реовазографиялық индекс;
30) РаО2 - артериялық қандағы оттегінің парциалдық қысымы;
31) РаСО2 - көмірқышқыл газының парциалдық қысымы;
32) СВД - соматоформды вегетативті дисфункция;
33) ЖЖ - жүрек функциясының жеткіліксіздігі;
34) см - сантиметр;
35) ЖИТС - жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы;
36) УДЗ - ультрадыбыстық зерттеу;
37) ФС - функционалдық сынып;
38) ӨЖТА - өкпенің жеделдетілген тыныс алу ауқымы;
39) СВЖ - созылмалы веналық жеткіліксіздік;
40) СТЖ - созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі;
41) ЖСИА - жүректің созылмалы ишемиялық ауруы;
42) БСЖ -бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі;
43) ЖСЖ -жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі;
44) ОНЖ - орталық нерв жүйесі;
45) ОДКК - орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссия;
46) СС - сыбырлап сөйлеу;
47) WРW - Вольф - Паркинсон - Уайт синдромы;
48) ЭМӨ - электр-магниттік өріс;
49) ЭКГ - электр-кардиография;
50) ЭхоКГ - эхокардиография.
5. Санаттар бойынша азаматтардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне талаптар осы талаптарға 1-қосымшаға сәйкес қойылады.
6. Азаматтардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне талаптар аурулар кестесі бойынша осы талаптардың 2-қосымшасына сәйкес, науқастанулардың, мертігулердің (жараланулардың, жарақаттанулардың, контузия алудың) атаулары және түсіндірмелері бар тармақтар, тармақшалар түрінде және әскери қызметке жарамдылық санаттарының бағандарымен айқындалған.
7. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде азаматтардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне талаптар осы талаптарға 3-қосымшаға сәйкес қойылады.
8. РЗ-мен, ИСК-мен, лазерлік сәулелену, ЗОҚ, ЭМӨ көздерімен қызмет (жұмыс істеу) үшін іріктеу және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру (жұмыс істеу) кезінде азаматтардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне талаптар осы талаптарға 4-қосымшаға сәйкес қойылады.
9. Азаматтарды оқу (қызмет ету) үшін, курсанттарды, мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді жекелеген әскери-есептік мамандықтар бойынша іріктеу кезінде азаматтардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне талаптар осы талаптарға 5-қосымшаға сәйкес қойылады.
10. Әскери (арнаулы) оқу орындарына кандидаттарды іріктеу кезінде азаматтардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне талаптар осы талаптарға 6-қосымшаға сәйкес қойылады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында
қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының
сәйкес келуіне қойылатын талаптарға
1-қосымша
Санаттар бойынша азаматтардың денсаулық жағдайының
сәйкес келуіне талаптар
Р/с № | Куәландырылуға жататын азаматтар | Медициналық комиссиялар түрлері | Талаптар бағандары |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу | Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар (бөлімдер) жанындағы уақытша-тұрақты әрекет ететін дәрігерлік комиссиялар | І |
2. | Әскери қызметке әскерге шақыру: | | |
1) мерзімді әскери қызметке әскерге шақыру кезінде | қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар (бөлімдер) жанындағы уақытша-тұрақты әрекет ететін дәрігерлік комиссиялар | І |
2) орта техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын, соның ішінде шетел мемлекеттерінің әскери (арнайы) оқу орындарына және оқу орындарының әскери факультеттеріне іріктеу кезінде | алғашқы медициналық куәландыру - қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар (бөлімдер) жанындағы уақытша- тұрақты әрекет ететін дәрігерлік комиссиялар; түпкілікті - штаттық емес уақытша-тұрақты әрекет ететін ӘДК | ІІ |
3) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру, әскери жиындарға шақыру кезінде | қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар (бөлімдер) жанындағы уақытша-тұрақты әрекет ететін дәрігерлік комиссиялар | ІІІ, ІV |
3. | Келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру: | | |
| 1) запастағы әскери міндеттілер қатарынан | алғашқы медициналық куәландыру - медициналық ұйымдардың дәрігер- мамандары; түпкілікті - штаттық емес тұрақты-уақытша әрекет ететін ӘДК (гарнизондық ӘДК немесе қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар (бөлімдер) жанындағы тұрақты әрекет ететін медициналық комиссиялар) | ІІ |
2) запастағы офицерлер | алғашқы медициналық куәландыру - медициналық ұйымдардың дәрігер-мамандары; түпкілікті - штаттық емес тұрақты-уақытша әрекет ететін ӘДК (гарнизондық ӘДК немесе қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар (бөлімдер) жанындағы тұрақты әрекет ететін медициналық комиссиялар) | ІІ |
3) әйел адамдар | алғашқы медициналық куәландыру - медициналық ұйымдардың дәрігер-мамандары; түпкілікті - гарнизондық ӘДК немесе қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар (бөлімдер) жанындағы уақытша-тұрақты әрекет ететін дәрігерлік комиссиялар | |
4) мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер қатарынан | штаттық емес тұрақты әрекет ететін гарнизондық, госпитальдық ӘДК | ІІ, ІV |
5) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер құрамы қатарынан | штаттық емес тұрақты әрекет ететін гарнизондық, госпитальдық ӘДК | ІІІ, ІV |
4. | Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер: | | |
1) мерзімді әскери қызмет | штаттық емес тұрақты әрекет ететін гарнизондық, госпитальдық ӘДК | |
2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер құрамы қатарынан | штаттық емес тұрақты әрекет ететін гарнизондық, госпитальдық ӘДК | ІІІ, ІV |
5. | Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер | штаттық емес тұрақты әрекет ететін гарнизондық, госпитальдық ӘДК | ІІІ, ІV |
6. | Әскери жиындарда болатын әскери міндеттілер: | | |
1) қатардағы жауынгерлер, сержанттар құрамы | гарнизондық, госпитальдық ӘДК, тұрақты-уақытша әрекет ететін ӘДК | ІІ |
2) офицерлер құрамы | гарнизондық, госпитальдық ӘДК, тұрақты-уақытша әрекет ететін ӘДК | ІІІ, ІV |
7. | Әскери қызмет өткеретін (қайта тағайындалған) әскери қызметшілер: | | |
1) Аэроұтқыр әскерлерінде, Әскери-теңіз күштерінде және арнайы мақсаттағы бөлімдерде | гарнизондық, госпитальдық ӘДК, уақытша әрекет ететін ӘДК | ІІ, ІІІ, ІV |
2) РЗ-мен, ИСК-мен, ЗОҚ-мен, ЭМӨ көздерімен | гарнизондық, госпитальдық ӘДК, уақытша әрекет ететін ӘДК | ІІ, ІІІ, ІV |
8. | Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында (факультеттерінде) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитындар | Оқу басталар алдында - медициналық комиссия (мамандандырылған); түпкілікті - гарнизондық ӘДК немесе тұрақты әрекет ететін облыстық медициналық комиссиялар | ІІ |
9. | Орта техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын, соның ішінде шетел мемлекеттерінің әскери (арнайы) оқу орындарына, оқу орындарының әскери факультеттеріне, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына түсетіндер: | | |
1) мерзімді әскери қызмет немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер (офицерлерден басқа), сондай-ақ кадет корпусын, республикалық әскери мектеп-интернаттарын (лицейлерді) бітірушілер; | алдын ала медициналық куәландыру - штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК, гарнизондық ӘДК немесе тұрақты, уақытша әрекет ететін медициналық комиссиялар. Түпкілікті медициналық куәландыру - штаттық емес тұрақты және уақытша әрекет ететін ӘДК | ІІ |
2) күндізгі және сырттай оқу нысанына, ординатураға, адъюнктураға, докторантураға, соның ішінде кадрларды даярлау бойынша және қайта даярлау бойынша түсетін офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, тыңдаушылар | алдын ала медициналық куәландыру - гарнизондық ӘДК немесе тұрақты, уақытша әрекет ететін медициналық комиссиялар; түпкілікті - уақытша әрекет ететін ӘДК | ІІІ, ІV |
10. | Кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар (офицер әскери атақтары жоқ), сондай-ақ республикалық әскери мектеп-интернаттарының (лицейлердің) тәрбиеленушілері | | |
1) әскери қызметке келісімшарт жасасқанға дейін әскери (арнайы) оқу және оқу орындары; | штаттық емес тұрақты әрекет ететін гарнизондық немесе госпитальдық ӘДК | ІІ |
2) келісімшарт жасасқаннан кейін әскери (арнайы) оқу және оқу орындары; | штаттық емес тұрақты әрекет ететін гарнизондық немесе госпитальдық ӘДК | ІІІ |
3) республикалық әскери мектеп-интернаттарының (лицейлердің) тәрбиеленушілері | штаттық емес тұрақты әрекет ететін гарнизондық немесе госпитальдық ӘДК | І |
11. | Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери (арнайы) оқу орындарында оқитын шетел мемлекеттерінің әскери қызметшілері | Штаттық емес тұрақты әрекет ететін гарнизондық немесе госпитальдық ӘДК | ІІ, ІІІ |
12. | РЗ-мен, ИСК-мен, ЗОҚ-мен, ЭМӨ көздерімен жұмыс істеу үшін іріктелетін және жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің азаматтық персоналы | Гарнизондық, госпитальдық штаттық емес тұрақты және уақытша әрекет ететін ӘДК | ІІІ, ІV |
13. | Кадет корпусында, республикалық әскери мектеп-интернаттарында (лицейлерде) оқу үшін, соның ішінде әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау үшін іріктелетін кандидаттар | Алдын ала медициналық тексеру - медициналық ұйымдардың дәрігер-мамандары; түпкілікті медициналық куәландыру - штаттық емес тұрақты-уақытша әрекет ететін ӘДК | І |
техникалық мамандықтар бойынша даярлау үшін іріктелетін кандидаттар | штаттық емес тұрақты-уақытша әрекет ететін ӘДК | |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында
қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының
сәйкес келуіне қойылатын талаптарға
2-қосымша
Аурулар кестесі бойынша азаматтардың денсаулық жағдайының
сәйкес келуіне талаптар
1. Инфекциялық және паразитарлық аурулар
Аурулар кестесінің тармағы | Аурулардың атауы, функцияның бұзылу дәрежесі | Әскери қызметке жарамдылық санаты |
І баған | ІІ баған | ІІІ баған | ІV баған |
1 | Бөртпелер қоса шығатын ішек инфекциялары, бактериялы зооноздар, басқа да бактериялы аурулар, вирусты аурулар, буынаяқтылармен берілетін вирусты және басқа да аурулар (орталық нерв жүйесінің инфекцияларынан басқа), вирустардан және хламидиялардан туындайтын басқа да аурулар, риккетсиоздар, басқа да инфекциялық және паразитарлық аурулар: | | | | |
1) емделмейтін немесе қиын емделетін | Д | Д | В ДЕРБ | ЖЗ |
2) жіті немесе созылмалы инфекциялық аурулар асқынғаннан кейінгі функционалдық тұрғыдан уақытша бұзылу | Г | Г | Г | Г |
1 тармақтың 1) тармақшасы емделмейтін немесе қиын емделетін науқастанулардың созылмалы қайталанатын түрлерін көздейді.
Жіті науқастанулар кезінде әскери қызметшілердің әскери қызметке жарамдылығы санаты мүшелер мен жүйелер функцияларының бұзылу дәрежесіне байланысты емделу аяқталғаннан кейін айқындалады.
Кемінде 12 ай бұрын бруцеллездің немесе токсоплазмоздың жіті түріне шалдыққан талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар, 1 тармақтың 2) тармақшасы бойынша ремиссия тұрақтылығын бағалау үшін әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Бруцеллез немесе токсоплазмоз қайталанған кезде қорытынды 1 тармақ 1) тармақшасы бойынша шығарылады. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері бруцеллездің немесе токсоплазмоздың жіті түрінен кейін әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінде дегенеративті-дистрофиялық және склеротикалық сипаттағы сүйек-буын, нерв, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің көптеген зақымданулары қоса болатын бруцеллез немесе токсоплазмоз қайталанған кезде куәландыру 1 тармақ 1) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Мал шаруашылығында жұмыс істейтін және жеке шаруашылықтарында малы бар азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде әскерге шақыру алдында бруцеллезге тексеріледі. Алғашқы латентті бруцеллез (клиникалық белгілері болмаған кезде Райттың оң реакциясы) белгіленген кезде әскерге шақырылушыларға әскерге шақыруды 6 айға кейінге қалдыру беріледі.
Бруцеллездің, токсоплазмоздың немесе басқа да науқастанулардың клиникалық белгілерінсіз оң серологиялық немесе аллергологиялық реакциялардың болуы әскери қызметке уақытша жарамсыздығы немесе әскери қызметке шектеулі жарамдылығы туралы қорытынды шығару үшін негіздеме болмайды, 1 тармақ 1) тармақшаны қолдану үшін негіздеме болып табылмайды.
Созылмалы дизентериямен ауыратын, сондай-ақ іш сүзегінің, паратифтің және сальмонеллездің бактерияларын тасымалдаушы әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер стационарлық емделуге жатады. Үш ай және одан астам уақыт ішінде тұрақты бактерия тасымалдаған жағдайда 1 тармақтың 1) тармақшасы бойынша куәландырылады және әскери қызметке жарамсыз деп танылады, ал талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар емделу үшін 1 тармақ 2) тармақшасы бойынша 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады, зертханалық зерттеумен расталған бактерия тасымалдау 6 айдан астам сақталған кезде 1 тармақтың 1) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Сүзек-паратиф науқастануларының, дизентерияның және сальмонеллездің қоздырғыштарын созылмалы бөлумен келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметке жарамдылығы санаты дербес айқындалады. Жіті науқастанулар кезінде әскери қызметшілердің әскери қызметке жарамдылығы санаты мүшелер мен жүйелер функцияларының жай-күйіне байланысты емделу аяқталғаннан кейін айқындалады.
Белсенділіктің орташа және жоғары дәрежесімен созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр функцияларының бұзылуы болған кезде келісімшарт бойынша әскери қызметшілер дербес куәландырылады. Белсенділіктің ең төмен дәрежесі және бауыр функциялары бұзылмаған кезде әскери қызметке жарамды деп танылады.
Зерттеудің зертханалық-құралдық әдістерімен расталған ішкі мүшелердің эхинококкозы, альвеококкозы, актиномикозы, септикопиемиялық метастаздардың болуымен сепсистің жіті, жіті емес және созылмалы түрлері кезінде алғашқы ошақты оқшауландыруға қарамастан, талаптардың І - ІІ бағандары бойынша куәландырылатындардың әскери қызметке жарамдылығы санаты 1) тармақтың 1 тармақшасы бойынша айқындалады.
Трихоцефалез, токсоплазмоз, геморрагиялық безгектер және басқа да науқастанулар болған кезде әскери қызметшілердің әскери қызметке жарамдылығы санаты мүшелер мен жүйелер функцияларының жай-күйіне байланысты емдеу аяқталғаннан кейін айқындалады.
Созылмалы бруцеллездің асқынуларымен немесе қайталануларымен бруцеллездің жіті түріне шалдыққан келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметке жарамдылығы санаты дербес айқындалады.
Ауыр дәрежелі, ұзаққа созылған ағымдағы В, С, Д вирусты гепатитімен, бауырдан тыс белгілерімен (аутоиммунды тиреоидит, Шегрен синдромы, лимфоцитарлы сиаладенит), микст-гепатиттермен ауырған мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Жеңіл және орта дәрежелі вирусты гепатитпен ауырған мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер ЗОҚ-мен жұмыс істеуге жарамсыз деп танылады, ал келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер 6 айдан кейін қайта медициналық куәландырумен ЗОҚ-мен жұмыс істеуге уақытша жарамсыз деп танылады.
Асқынбаған жеңіл немесе орташа ауырлықтағы вирусты гепатитке, іш сүзегіне, паратифке шалдыққан Аэроұтқыр әскерлерінде қызмет өткеретін әскери қызметшілер 6 айдан кейін қайта куәландырумен парашютпен секірулерге уақытша жарамсыз деп танылады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін бауыр және асқазан-ішек жолы функцияларының бұзылуы болмаған кезде көрсетілген адамдар парашютпен секірулерге жіберіледі.
Вирусты гепатиттің ауыр түріне, іш сүзегінің, паратифтің ауыр түріне және ұзаққа созылған ағымдағы гепатитке шалдыққан Аэроұтқыр әскерлерінде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер Аэроұтқыр әскерлеріндегі қызметке жарамсыз деп танылады.
А вирусты гепатитіне (асқынбаған жеңіл немесе орташа ауырлықтағы), іш сүзегіне немесе паратифке шалдыққан сүңгуірлер 3-6 айдан кейін қайта куәландырумен сүңгуір жұмыстарына жарамсыз деп танылады. Бауырдың, асқазан-ішек жолының функционалдық бұзылуынсыз қайта куәландыру кезінде 60 метрге дейін тереңдіктегі сүңгуір жұмыстарына жарамды деп танылады. Бұл ретте тереңге сүңгуірлер емделу аяқталғаннан кейін кемінде бір жылдан кейін 60 метрден асатын тереңдіктегі сүңгуір жұмыстарына жарамды деп танылады.
Кез келген ауырлықтағы вирусты гепатитке, іш сүзегінің және паратифтің ауыр түріне шалдыққан әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер қатарынан сүңгуірлер сүңгуір жұмыстарына жарамсыз деп танылады.
В, С вирусты гепатитіне немесе А вирусты гепатитінің ауыр түріне, іш сүзегінің және паратифтің ауыр түріне шалдыққан келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер қатарынан сүңгуірлер 12 айға мамандығы бойынша жұмыстан босатылады, ал 12 айдан кейін бауыр және асқазан-ішек жолының патологиясы болмаған кезде олар 60 метрге дейінгі тереңдіктегі сүңгуір жұмыстарына жіберіледі. Егер науқастанудан кейін кемінде 12 ай өтсе және бауыр функцияларының қалыпты көрсеткіштерінен ауытқулар болса, сүңгуір мамандықтары бойынша куәландыру жүргізілмейді.
Бауыр, асқазан-ішек жолы функцияларының қалыпты көрсеткіштері кезінде қайта куәландырудан кейін 60 метрге дейін тереңдіктегі сүңгуір жұмыстарына жарамды деп танылады.
Кез келген ауырлықтағы В немесе С вирусты гепатитіне, іш сүзегіне және паратифке шалдыққан талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар сүңгуір мамандығына үйретуге жарамсыз деп танылады.
В вирусты гепатитінің үстірт антигенін және С гепатитінің вирусына антиденелерді анықтау жасырын өтетін созылмалы вирусты гепатитті болдырмау мақсатында егжей-тегжейлі тексеру үшін негіздеме болып табылады.
В вирусты гепатитінің үстірт антигені және С гепатитінің вирусына антиденелер болған кезде бауыр функциясының бұзылуымен созылмалы вирусты гепатит стационарлық жағдайларда расталғаннан кейін мерзімді қызмет әскери қызметшілері, келісімшарт жасасқанға дейін әскери (арнаулы) оқу орындарының кадеттері, курсанттары талаптардың ІІ бағанының
1 тармақтың 1) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Жеңіл дәрежелі вирусты гепатитпен, іш сүзегімен, паратифпен ауырған әскери (арнаулы) оқу орындарына түсетін азаматтар, әскери (арнаулы) оқу орындарының әскери қызметшілері, тәрбиеленушілері, курсанттары мен тыңдаушылары, оларда бауыр және асқазан-ішек жолдары функцияларының бұзылуы болмаған кезде, стационарлық емделу аяқталғаннан кейін кемінде 6 айдан кейін әскери (арнаулы) оқу орындарына түсуге жарамды деп танылады.
Сүзектің, паратифтің, геморрагиялық безгектердің, риккетсиоздардың, зоонозды инфекциялардың ауыр түрлеріне шалдыққан, сондай-ақ науқастанудың ауыр дәрежесіне қарамастан, науқастанудың асқынуы дамыған кезде (ішек перфорациясы, ішек қан кетуі, парапневмониялық плевритпен пневмония), емделгеннен кейін тұрақты әлсіреу сақталған кезде, мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне талаптардың ІІ бағаны бойынша бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады, ал келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер талаптардың ІІІ бағанының 1 тармақ 1) тармақшасы бойынша куәландырылады.