Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қыркүйектегі № 935 Қаулысы
(2015.20.08. берілген өзгерістермен)
Құрылыстың аяқталуына байланысты және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желiсiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамынан мынадай автомобиль жолдары учаскелерi коммуналдық меншiкке берiлсiн:
1) жалпы ұзақтығы 7 км Түркiстан қаласының шекарасы шегіндегі ұзақтығы 4 км «М-32 РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы» және ұзақтығы 3 км «P-31 Кентау - Түркiстан Арыстанбаб - Шәуiлдiр - Төрткөл» құрамынан;
2) Қызылорда гидроторабы арқылы ұзақтығы 7 км «M-32 РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы» құрамынан;
3) ұзақтығы 12 км «Р-5 Көктоғай а. кiреберiс»;
4) ұзақтығы 19 км «Р-41 Орал қаласының айналма жолы».
2. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамына мыналар енгізiлсiн:
ұзақтығы 4 км Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенi арқылы өтетiн және ұзақтығы 16 км Орал қаласының маңындағы Жайық өзенi арқылы өтетiн «М-32 РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы» кiреберiстерiмен көпiр өткелдер;
Көкшетау қаласының шекарасы шегiндегі ұзақтығы 9 километр «A-1 Астана - Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы» және ұзақтығы 7 километр «A-13 Көкшетау - Кішкенекөл - Бидайық - РФ шекарасы (Омбы қаласына)»автомобиль жолдары учаскелерi.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп жоғарыда көрсетілген автомобиль жолдары учаскелерiн қабылдау-тапсыру жөніндегі қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
4. ҚР Үкіметінің 2015.20.08. № 655 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |