4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық қарап-тексеруді техникалық қарап-тексерудің стационарлық желілері ғана жүзеге асырады.
Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қызмет өңірінің шегінде міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді қамтамасыз еткен техникалық қарап-тексеру операторы қызмет өңірінің шегінен тыс жерде міндетті техникалық қарап-тексеруді жүзеге асыруға құқылы.»;
8) 90-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
9) 91-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша қызмет өңiрi шегiнде мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу үшін шығу графигін жасауға;».
115. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жүргізуші куәліктерін беруді, көлік құралдарын сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды жүзеге асыруға;»;
26) тармақшаның он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жарылғыш материалдарды сақтауға;»;
2) 10-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
3) 11-бапта:
24) тармақшаның жетінші абзацы алып тасталсын;
25) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру талаптарын және оларды сақтауға рұқсаттар беру үшін қажетті құжаттардың тізбесін;».
116. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «рұқсаттарға қолданылмайды.» деген сөздер «рұқсаттарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды орындауға жатқызылатын және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғаларға беретін рұқсаттарға қолданылмайды.»;
2) 10-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, өткізілуі, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту;»;
3) 11-бапта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын әзірлеу және бекіту;
4) хабарламалар нысандарын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және бекіту;»;
5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
4) 12-баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
5) 18-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.»;
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес берілген өтініштер бойынша рұқсаттар беруді немесе оларды беруден уәжді бас тартуды рұқсат беру органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін, оларды беру үшін белгіленген мерзімдерде жүзеге асыруға тиіс.»;
6) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Реттеушілік әсерді талдау
1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін қолданудың тиімділігіне қарай, реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша рұқсаттардың немесе хабарламалардың жекелеген түрлері бір түрден екінші түрге ауыстырылуы не олардың күші жойылуы мүмкін.
Жүзеге асырылуы үшін осы Заңға сәйкес рұқсаттың болуы немесе хабарлама жіберу талап етілетін қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күші жойылуға жатады.
2. Осы баптың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.»;
7) 20-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) рұқсаттарды конкурс арқылы беруді қоспағанда, осы Заңның 48-бабының ережелерiн ескере отырып, рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу үшiн немесе хабарлама жiберу үшiн өтiнiштiң электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Заңның 48-бабының ережелерін ескере отырып, берілетін рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға құқығы бар.»;
8) 21-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «алуға міндетті.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның сауалы бойынша «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға қатысты лицензиялау мен рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.»;
9) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не оларды беруден уәжді бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
3. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты мен экспорты саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар осы Заңның 37-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімдерде береді.»;
10) 33-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Атауы өзгерген қызмет түріне лицензиясы бар лицензиат лицензияны алдын ала қайта ресімдеген жағдайда, лицензияға қосымша алуға құқылы.»;
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін - «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензия қайта ресімделген жағдайда, лицензияны иеліктен шығаруға келісуі туралы лицензиаттың хаты беріледі;»;
11) 45-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
12) 1-қосымшадағы 50-жол алып тасталсын;
13) 2-қосымшада:
19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
119. | Қазақстан Республи-касының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымал-даушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту | Қазақстан Республи-касының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымал-даушылардың тұрақты рейстерінің кестесі | Иеліктен шығарылмайтын |
»;
21, 24, 25, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 44, 45, 50 және 85-жолдар алып тасталсын;
1-сынып - «қызметке берілетін рұқсаттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 87-1, 87-2, 87-3, 87-4 және 87-5-жолдармен толықтырылсын:
«
87-1. | Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру | Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер | Иеліктен шығарылмайтын |
87-2. | Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршруттарға куәліктер беру | Халықаралық авиамаршрутқа куәлік | Иеліктен шығарылмайтын |
87-3. | Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат ету | Пайдаланушы сертификатының арнайы ережесінің «В» бөлігіндегі белгі | Иеліктен шығарылмайтын |
87-4. | Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу | Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымды аккредиттеу туралы куәлік | Қолданылу мерзімі - 3 жыл |
87-5. | Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу | Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша аккредиттеу аттестаты | |
»;
103-жол алып тасталсын;
105-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
105. | Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру | Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат | |
»;
110, 111, 112, 113, 117, 118 және 119-жолдар алып тасталсын;
120-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
120. | Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру | Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды | |
»;
125,135 және 136-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 140-1-жолмен толықтырылсын:
«
140-1. | Ғимараттарды, үйлерді, құрылыстарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салу (кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, реставрациялау және күрделі жөндеу) туралы шешім қабылдау | Ғимараттарды, үйлерді, құрылыстарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салу (кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, реставрациялау және күрделі жөндеу) туралы шешім | |
»;
145-жол алып тасталсын;
2-сынып - «объектілерге берілетін рұқсаттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 147-1-жолмен толықтырылсын:
«
147-1 | Техникалық нығайтылу талаптарына сәйкестігін келісу | Техникалық нығайтылу талаптарына сәйкестігін келісу хаты | |
»;
190-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
190. | Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауар түрлерінің импорты мен экспортына рұқсат беру | Жекелеген тауар түрлерінің импорты мен экспортына рұқсат беру | |
»;
199, 213 және 221-жолдар алып тасталсын;
228 және 229-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
228. | Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендерде, курорттық аймақтарда құрылыс салу бас жоспарларының және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру | Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендерде, курорттық аймақтарда құрылыс салу бас жоспарларының және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды | |
229. | Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімін және оларды сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру | Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оларды сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды | |
»;
235 және 323-жолдар алып тасталсын;
4-сынып - «ресурстары шектеулі немесе квоталарды пайдаланатын қызметке берілетін рұқсаттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы
334-1-жолмен толықтырылсын:
«
334-1 | Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу | Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу | |
»;
341, 346 және 348-жолдар алып тасталсын;
5-сынып - «жеке тұлғаларға кәсіби қызметке берілетін рұқсаттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 369-1-жолмен толықтырылсын;
«
369-1. | Атом энергиясын пайдалану саласындағы пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттау | Атом энергиясын пайдалану саласындағы пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттау туралы куәлік | Қолданылу мерзімі - 3 жыл |
»;
370-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
370. | Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша қорытынды беру | Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша қорытынды | |
»;
371-жол алып тасталсын;
14) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 30, 31, 32 және 33-тармақтармен толықтырылсын:
«30. Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама
31. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қызметінің басталғаны туралы хабарлама
32. Турагенттік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
33. Гид (гид-аудармашы), экскурсовод, туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама».
117-тармақ 2014 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
117. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 36-тармағының 1) тармақшасындағы «55-2)» және «55-3)» деген цифрлар тиісінше «54-1)» және «54-2)» деген цифрлармен ауыстырылсын.
118. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат):
1) 6-баптың 2), 3), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
2) 7-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Басқарушы комитет айқындайтын тәртіппен инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне Қор енгізген заңды тұлғалар инновациялық кластердің қатысушылары болып табылады.
Қор инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне ғылыми ұйымдарды, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорларды, білім беру ұйымдарын, технологиялық парктерді, салалық конструкторлық бюроларды, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, ұлттық даму институттарын, ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғаларды енгізуге құқылы;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қор осы тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігінде аталмаған өзге де тұлғаларды Басқарушы комитет бекіткен қатысушылар жобаларына сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізілген сараптаманың оң қорытындысы негізінде инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізеді.»;
3) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қордың функцияларына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқару органының функциялары;
2) қатысушылардың жобаларын қаржыландыру;
3) кәсіпкерлерді, кәсіпкерлер қауымдастықтарын (одақтарын) шоғырландыру;
4) инновациялық кластер қатысушыларының шетелдік әріптестермен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
5) қатысушылардың жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.»;
4) 10-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық жұмыстарды және (немесе) қатысушылардың жобаларын жыл сайын қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жіберген ақша;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қор мемлекеттік тапсырма алуға құқылы.
Қатысушылардың жобаларын қаржыландыру жөніндегі функцияларды қоспағанда, мемлекеттік тапсырма Қорға өз функцияларын орындауға беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қор қатысушылардың жобаларын жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша өз мүлкі есебінен қаржыландыру үшін айқындайды.»;
3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының2) тармақшасына сәйкес Қор жер қойнауын пайдаланушыдан алған ақша тек қатысушылардың жобаларын қаржыландыруға ғана пайдаланылады.
Қор өз функцияларын жүзеге асыру үшін осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар жіберген ақша сомасының үштен аспайтын пайызын пайдаланады.
Бұл ретте Қор:
1) ақшаны жіберу үшін банк шотын ашады;
2) Қорға жер қойнауын пайдаланушылар жіберген ақшаның есебін әрбір жер қойнауын пайдаланушы бойынша жеке-жеке, сондай-ақ қатысушылардың жобаларын қаржыландыруға ақшаны пайдалану есебін жүргізуге міндетті.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ақша жіберген жер қойнауын пайдаланушының қатысушының жобасын іске асыру нәтижесінде алынған күзет құжатын, осындай жобаның нақты құнын оның қаржыландыру үлесіне барабар сатып алуға басқа тұлғалардың алдында басым құқығы болады.»;
«5. Қор осы баптың 1-тармағының1), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес қалыптастырылған мүлікті «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының және инновациялық кластердің қызметін қамтамасыз ету, жұмыс істеуі және оны дамыту, сондай-ақ қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін пайдаланады.».
119-тармақ 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
119. 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 43) тармақшасының үшінші - сегізінші абзацтарын, 44) тармақшасының қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтарын, 60), 65), 68) тармақшаларын, 107) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтарын, 112) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтарын, 124), 183) тармақшаларын;».
2-бап.
1. Реттеуші мемлекеттік органдар 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына бекіткен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының жоспарлы тексерулері жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілерге қатысты 2015 жылғы 30 маусымға дейін жүргізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мемлекеттік органдар осы Заңның 1-бабы 97-тармағы 5) тармақшасының он сегізінші, отыз бірінші, отыз тоғызыншы және қырық алтыншы абзацтарында көрсетілген тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын әзірлеуге және бекітуге міндетті.
Тексерілетін субъектілерге қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының жоспардан тыс тексерулері осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары орындалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
3. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге тиіс.
3-бап.
1. Осы Заң:
1) 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 117-тармағын;
2) 2015 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 9-тармағының 15) және 16) тармақшаларын, 47-тармағының 6) тармақшасын, 71-тармағы 11) тармақшасының төртінші абзацын, 100-тармағының 2) тармақшасын және 119-тармағын;
3) 2015 жылғы 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 29-тармағының 1), 2), 4), 5) және 6) тармақшаларын;
4) 2015 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 9-тармағының 12) тармақшасын және 94-тармағының 1) тармақшасын;
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) 2015 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 38-тармағының 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларын;
6) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 21) тармақшасының жетпіс үшінші абзацын;
7) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 9-тармағы 33) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 64-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші, сегізінші және он жетінші абзацтарын, 38-тармағы 1) тармақшасының жиырма тоғызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз бесінші және отыз жетінші абзацтарын, 7) тармақшасының үшінші абзацын, 8) тармақшасының үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 17), 24), 26) және 27) тармақшаларын және 92-тармағының 20) тармақшасын;
8) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 64-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткенге дейін осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 21) тармақшасының жетпіс жетінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3. Аккредиттелген сараптама ұйымының штатындағы сарапшылар бұрын жасалған шарттар бойынша жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жеке-дара не өздерінің аттестаттарында белгіленген мамандану шегінде сарапшылар тобының құрамында қатысуды жалғастыруға құқылы.».
3. Осы Заңның 1-бабы 64-тармағының 2) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 2), 4) - 8) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) - 8) тармақшаларында, 13-бабының 3 - 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 21) тармақшасының елу алтыншы, елу жетінші және елу сегізінші абзацтарының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«1) мыналарға:
бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуымен қаржыландырылатын жаңа объектілерді салу немесе бұрыннан барларын өзгерту;
мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз қаржыландырылатын ықтимал қауіпті жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу немесе бұрыннан барларын өзгерту үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға);»;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«1) мыналарға:
қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу;