5. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қызметін, оның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес қалыптастырылған мүлікті пайдаланады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар тізбесіне өздері қосқан заңды тұлғалар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылады.
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға қойылатын талаптар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларымен белгіленеді.
7. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінде қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісе отырып кіру визасын алады.
8. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың жұмыскерлері немесе «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және олардың отбасыларының мүшелері (жұбайы (зайыбы) және олардың жасы он сегізге толмаған балалары) қолданылу мерзімі бес жылға дейінгі кіру визасын алады.
9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген адамдардың визаларының қолданылу мерзімін «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің өтінішхаты бойынша ұзарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шықпай жүзеге асырылуы мүмкін.
10. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі мен оған қатысушыларда әрбір тартылған жұмыскер бойынша олардың біліктілігін растайтын құжаттар болуы және олар құжаттарды сақтауға міндетті, ал тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ол құжаттарды «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне немесе оған қатысушыларға ұсынуға міндетті.
11. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі өзі және оған қатысушылар тартқан шетелдік жұмыс күшінің есебін жүргізеді. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылады. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын мәліметтердің құрамын, мерзімділігі мен олардың ұсынылу тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісе отырып, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын қаржыландыруды жүзеге асырады және инвестициялық қорлар құрады немесе инвестициялық қорларға үлестік қатысады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды
13-2-бап. Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті
Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті:
1) ұлттық жасанды интеллект платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2) ұлттық жасанды интеллект платформасын қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
3) ұлттық жасанды интеллект платформасының негізінде жасанды интеллект саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
4) ашық көздерден алынатын деректерді, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мен иеленушілері ұсынған деректерді жинау, сақтау, өңдеу және тарату;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) - 5) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкімет» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) мемлекеттік орган меншік иесі (иеленуші) және (немесе) тапсырыс беруші болып табылатын ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізеді;
8) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді;
11) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домендік аттарға қызмет көрсететін домендік аттар серверлерінің істен шығуға төзімділігін мониторингтеуді жүзеге асырады;
13) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13-1) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының міндеттерін және функцияларын іске асырады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асырады;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін белгілейді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
21) «электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
22) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларына сәйкес, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодтардың өзгермеуіне талдау жүргізеді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік техникалық қызмет өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлейді;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады;
4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жобаларға ғылыми-техникалық сараптама жүргізеді;
5) ақпараттық қауіпсіздік саласында даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асырады.
15-бап. Бірыңғай байланыс орталығы
Бірыңғай байланыс орталығы:
1) мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) оператор көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;
3) «электрондық үкімет» мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;
4) ақпараттық-коммуникациялық, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алушыда туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер беру үшін операторға, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға сұрау салу жібереді;
5) операторға, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша ақпаратты жүйелі негізде жіберіп отырады.
3-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
16-бап. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесінің құқықтары мен міндеттері
1. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі:
1) ақпараттандыру объектілерін жалға, сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға беруге және оларға өзгеше түрде билік етуге;
2) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, қорғау және оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын өз құзыреті шегінде белгілеуге;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қорғау және оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын өз құзыреті шегінде белгілеуге;
4) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшірмесін түсіру және тарату кезінде оларға иелік ету шарттарын айқындауға;
5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін иелену және пайдалану шарттарын айқындауға құқылы.
2. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі:
1) ақпараттандыру объектілерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін мемлекеттік, орыс тілдерінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде жасауға және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығаруға;
2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті таратуға, ұсынуға, шектеуге немесе оған тыйым салуға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыруға;
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Ақпараттық жүйенің меншік иесі ақпараттық жүйені тұтастай мүліктік кешен ретінде иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарына ие болады.
4. Ақпараттық жүйенің меншік иесі, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі өзгеше белгілемесе, осы ақпараттық жүйеде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстардың орнын ауыстыруға және оларды таратуға тыйым салуға немесе шектеуге құқылы.
5. Егер ақпараттық жүйенің меншік иесі осы ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі, сондай-ақ осы ақпараттық жүйе үшін пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншік иесі болып табылмаған жағдайда, ақпараттық жүйені пайдалану және электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізу тәртібі меншік иелері арасындағы келісімде айқындалады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің меншік иесі өзіне тиесілі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Квазимемлекеттік сектор субъектілері деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыруға қажетті иесіздендірілген мәліметтерді операторға береді.
17-бап. Ақпараттандыру объектілері иеленушісінің құқықтары мен міндеттері
1. Ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі:
1) ақпараттандыру объектілерін меншік иесі айқындаған шарттарда иеленуге және пайдалануға;
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес үшінші тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу және оларды пайдалану шарттарын айқындауға;
3) ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу шарттарын айқындауға құқылы.
2. Ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі:
1) ақпараттандыру объектілерінің меншік иесінің және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) ақпараттандыру объектілерін қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
3) электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес таратуға, ұсынуға, шектеуге немесе оған тыйым салуға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыруға;
4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушісі сондай-ақ:
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құруға және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін үшінші тұлғалардан сатып алуға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері болып табылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері үшін ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын журналдау жүйелерін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесінің техникалық құралдарына дербес немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес үшінші тұлғалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу арқылы қосуды қамтамасыз етуге;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері қосылған ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде өз бетінше анықталған ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабарлауға;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беруді жүзеге асыруға міндетті.
Электрондық ақпараттық ресурстың иеленушісін қоспағанда, электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасында сақталатын электрондық ақпараттық ресурстың көшірмелеріне қол жеткізуге тыйым салынады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Дербес деректері бар ақпараттандыру объектісінің иеленушісі Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген шараларды жүзеге асыруға міндетті.
3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің иеленушісі өзіне тиесілі объектілерде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын деректерді өңдейтін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушісі жылына кемінде бір рет ақпараттық қауіпсіздік аудитін жүргізеді. Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық қауіпсіздігінің аудиті Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
18-бап. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
1. Пайдаланушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасы, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі айқындаған шарттарда электрондық ақпараттық ресурстарды, оның ішінде ашық деректерді алуға, пайдалануға, таратуға, тапсыруға, үшінші тұлғаларға беруге, ақпараттық жүйені пайдалануға;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, электрондық ақпараттық ресурстарда, ақпараттық жүйеде қамтылатын өзінің дербес деректерімен танысуға құқылы.
2. Пайдаланушы:
1) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесінің немесе иеленушісінің және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің қорғалуын қамтамасыз етуге;
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Зияткерлік робот меншік иесінің және иеленушісінің құқықтары мен міндеттері
Зияткерлік роботтың меншік иесі мен иеленушісі арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі.
Зияткерлік роботтың меншік иелері мен иеленушілері дербес деректер субъектісіне осы Заңның 36-бабының 6-тармағына сәйкес автоматтандырылған өңдеу туралы хабар беруге міндетті.
18-2-бап. 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің түрлері
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер автоматтандырылу дәрежесі бойынша:
1) толық автоматтандырылған;
2) ішінара автоматтандырылған болып табылады.
Қызмет көрсету процесінде қағаз құжат айналымын және қызмет көрсету субъектісінің қатысуын болғызбайтын қызмет толықтай автоматтандырылған болып табылады.
Қызмет көрсету процесінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектілігін қамтитын электрондық көрсетілетін қызмет ішінара автоматтандырылған қызмет болып табылады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсетілу тәсілі бойынша:
1) ақпараттық;
2) интерактивтік;
3) транзакциялық;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) композиттік;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) проактивті болып табылады.
Пайдаланушыға электрондық ақпараттық ресурстар беру жөніндегі көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін ақпараттық қызмет болып табылады.
Пайдаланушыға оның сұрау салуы немесе тараптардың өзара ақпарат алмасуды талап ететін келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін интерактивті қызмет болып табылады. Интерактивті қызметті көрсету үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру талап етілуі мүмкін.
Пайдаланушыға өзара ақпарат алмасуды талап ететін және төлемдерді электрондық нысанда жүзеге асырумен байланысты электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнінде көрсетілетін қызмет транзакциялық көрсетілетін қызмет болып табылады. Транзакциялық қызметті көрсету үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру талап етілуі мүмкін.
Берілуі үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушы субъектінің сұрау салуы жеткілікті және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру міндетті болатын өзара байланысты көрсетілетін қызметтер кешені электрондық нысанда көрсетілетін композиттік қызмет болып табылады.