2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру жатады.
3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының құзыретіне Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін - республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру жатады.
4. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша шешімді тиісті ономастика комиссияларының оң қорытындылары болған кезде ғана қабылдайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 25-2-баппен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара) 25-2-бап өзгертілді
25-2-бап. Облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының құзыретi
Облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) орталық мемлекеттік органдардың жəне олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жəне қаладағы аудан əкімі аппараттарының, ауыл, кент, ауылдық округ əкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады;
5) облыстық ономастика комиссиясының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ономастика комиссияларының қызметiн қамтамасыз етедi;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 25-3-баппен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара) 25-3-бап өзгертілді
25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
3) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
25-4-бап. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 25-5-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi)
25-5-бап. Ономастика жұмысының критерийлері
Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ономастика жұмысының критерийлері:
1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру;
2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) әдеби тіл және орфография нормаларына сәйкестік;
3) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана беру;
4) жеке адамның есімімен аталған, ол берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгерту;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға ерен үлес қосқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың жеке есімдерін қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң беру болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 25-6-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
25-6-бап. Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу тəртібі
1. Тексерулер нысанындағы мемлекеттік бақылауды тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті орган жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың жергілікті атқарушы органы жүргізеді.
Осы Заңның 25-бабының 3) тармақшасында жəне 25-2-бабының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдар тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан əрі - тексерілетін субъектілер) болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты тексеру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.
Тексерулер мерзімді жəне жоспардан тыс болып бөлінеді.
Тексерулер тексерілетін субъектіге бару арқылы жүргізіледі.
2. Тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті орган бекіткен өлшемшарт, сондай-ақ мынадай ақпарат көздері:
1) алдыңғы тексерулердің нəтижелері;
2) есептілік пен мəліметтер мониторингінің нəтижелері;
3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдау нəтижелері тексерілетін субъектіні мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізуге негіз болып табылады.
Мерзімді тексерулер тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті органның бірінші басшысы жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың əкімі бекіткен мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына сəйкес жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспары мерзімді тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан кешіктірілмей бекітіледі жəне мерзімді тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейінгі жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейінгі мерзімде интернет-ресурстарда орналастырылады.
Мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспары мыналарды қамтиды:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін субъектінің атауы;
4) тексерілетін субъектінің (объектінің) тұрған жері;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
6) жоспарға қол қоюға уəкілетті адамның қолтаңбасы.
Бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе бақылау субъектілері арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінген жағдайларда, сондай-ақ табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар жəне соларға байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда төтенше жағдай режимі енгізілген жағдайда мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталған кезде мерзімді тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.
3. Жоспардан тыс тексеру:
1) жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын бұзу туралы расталған жолданымдар болған кезде;
2) тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуына бақылау жүргізу мақсатында;
3) прокурордың тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Анонимді жолданымдар болған жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді. Жоспардан тыс тексеруге тексерілетін субъектілерге қатысты анықталған жəне жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мəн-жайлар жатады.
4. Тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті органның жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сəйкес тексерілетін субъектінің (объектінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) құжаттарды (мəліметтерді) тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың жəне өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
5. Тексерілетін субъектілер не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:
1) мынадай:
тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген, осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін мерзімдерден асып кеткен не олар өтіп кеткен;
осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда, тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті органның жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың жергілікті атқарушы органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамын тексеруге жібер меуге;
2) тексеру нəтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Тексерілетін субъектілер не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:
1) тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті органның жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамының тексерілетін субъектінің (объектінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті органның жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамына құжаттарды (мəліметтерді) тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы, тексеру аяқталған күні тексеру нəтижелері туралы актіні алғаны туралы белгі қоюға міндетті.
7. Тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде тексеру жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уəкілетті адамдардың тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
5) тексерілетін субъектінің атауы, оның тұрған жері;
6) тексеру нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) тексерілетін субъект басшысының не оның уəкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
12) актіге қол қоюға уəкілетті адамның қолтаңбасы.
Тексеру жүргізу кезінде тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті орган жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тексерілетін субъектіге тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабарлауға міндетті.
Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіні табыс ету күні тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
8. Тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті органның жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тексеруге келген лауазымды адамдары тексерілетін субъектіге:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куəлікті (сəйкестендіру картасын);
3) қажет болған жағдайда құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру нысанасын, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемін ескере отырып белгіленеді жəне он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі тек бір рет он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Ұзарту тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы басшылығының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін субъектіні хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі жəне ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлама мерзімін ұзартудан бір жұмыс күні бұрын тексерілетін субъектіге табыс етілгені туралы хабарламамен бірге табыс етіледі.
10. Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексеру нəтижелері бойынша тексеру нəтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нəтижелері туралы актінің электрондық нысандағы бірінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі, екінші данасы танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау жəне басқа да əрекеттер жасау үшін тексерілетін субъектіге (басшыға не оның уəкілетті адамына) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті органда немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында қалады.
11. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) соның негізінде тексеру жүргізілген тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болса, мерзімді ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
6) тексерілетін субъектінің атауы, оның тұрған жері;
7) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
8) тексерудің түрі мен нысанасы;
9) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар жəне олардың сипаты туралы мəліметтер;
10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы ұсынымдар;
11) актімен танысу немесе танысудан бас тарту туралы, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
12) тексеруді жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
Тексеру нəтижелері туралы актіге олар болған кезде тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттар жəне олардың көшірмелері қоса беріледі.
12. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін субъект оларды тексеру нəтижелері туралы актіні алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі қойылады.
Тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тексерілетін субъектінің тексеру нəтижелері туралы ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын қарауға жəне он бес жұмыс күні ішінде уəжді жауап беруге тиіс.
Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам жəне тексерілетін субъектінің басшысы не оның уəкілетті өкілі қол қояды.
Тексерілетін субъект бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
13. Тексерілетін субъектіге тексеру нəтижелері туралы актіні тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей табыс етілген күн тексеру жүргізу мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
14. Тексеру нəтижелері туралы актіні орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады.
15. Тексеру нəтижелері туралы актіні орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) тексерілетін субъектіде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің бар-жоғы;
2) мемлекеттік органдардан міндетті қорытындылар, келісулер жəне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да құжаттар алу мерзімдері көрсетіледі.
16. Тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін субъект тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты беруге міндетті.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ұсынылған ақпаратқа тексерілетін субъект бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді (егер тексеру нəтижелері туралы актіде материалды беру туралы көрсетілсе). Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.
17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін субъект тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.
18. Егер тексеру жүргізу нəтижесінде тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталса, əкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде тілдерді дамыту саласындағы уəкілетті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
26-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-тарау. Тiлдi шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану
2014.30.01. № 168-V ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. Тiл - халықаралық қызметте
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттік тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен екіжақты халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде және тараптардың келісуі бойынша өзге де тілдерде жасалады.
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен екіжақты халықаралық шарттары және Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттары келіссөздерге қатысушы тараптардың келісуі бойынша айқындалған тілдерде жасалады.
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкiлдерiмен өткiзiлетiн ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге аударылып, мемлекеттік тiлде жүргiзіледi.
Қазақстан Республикасының