12-тармақта:
бірінші абзацтағы «тексеру» деген сөз «тергеп-тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, ұзақ уақытты талап ететін сараптамалар (зерттеулер) жүргізілген;»;
5) тармақшадағы «басшының бұйрығымен тоқтатылуы» деген сөздер «уәкілетті басшының бұйрығымен тоқтатыла тұруы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы «тоқтату үшін негіздер болмаса, басшының» деген сөздер «тоқтата тұру үшін негіздер болмаса, уәкілетті басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Қызметтік тергеп-тексеру аяқталған соң оның нәтижелері туралы тұжырымдары мен ұсыныстары бар қорытынды жасалады, ол қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді тағайындаған уәкілетті басшыға бекітуге ұсынылады.
Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытынды бекітілгеннен кейін уәкілетті лауазымды адам оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілген қызметкерді - қорытындымен, сондай-ақ қызметкердің талап етуі бойынша қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен қолын қойғыза отырып таныстыруға міндетті.
Қызметкер қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытындымен танысудан бас тартқан кезде тиісті акт жасалады. Оның бас тартуы қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері не тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың шығарылуын тоқтата тұрмайды.»;
26) 68-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Жаза қолдану тәртібі»;
1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті басшы қызметтік тергеп-тексеру материалдары мен тәртіптік комиссияның ұсыныстары негізінде жаза қолдану немесе қолданбау туралы тиісті шешім қабылдайды.»;
«4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей және оның жасалған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей қолданылады.
Уәкілетті басшыға теріс қылықтың жасалғаны туралы белгілі болған күн теріс қылық анықталған күн болып есептеледі.
Қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде теріс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде жаза қылмыстық іс тоқтатылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жаза теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
Жаза қолдану мерзімінің өтуі мынадай:
1) қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіз болған;
2) қызметкер еңбек демалысында немесе іссапарда болған;
3) қызметкер даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған;
4) қызметкер өзінің теріс қылық жасағаны туралы актілерге сот тәртібімен шағым жасаған жағдайларда тоқтатыла тұрады.»;
27) 69-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қолданылған жаза туралы аға офицерлерге жариялау кезінде - тек олардың басшылары, сондай-ақ аға және жоғары офицерлер, жоғары офицерлерге жариялау кезінде олардың басшылары және жоғары офицерлер қатыса алады.»;
28) 70-баптың 4-тармағындағы «босатылған күні алынбаған жаза оған соңғы жаза қолданылған сәттен бастап алты ай өткен соң» деген сөздер «шығарылған күні алынбаған жаза ол қызметтен шығарылған күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 71-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) ол еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезеңде;
4-2) ол еңбек демалысында немесе іссапарда болған кезеңде;
4-3) ол даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған жағдайда;»;
30) 73-баптың 4 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметкерлердің жекелеген санаттары қызмет өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен азық-түлік үлесінің нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
Қызметкерлердің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Азық-түлік үлесінің белгіленген нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде қызметкерлердің жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен ақшалай өтемақы төленеді.»;
«7. Осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметкерлердің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде жеке мүлкін тасымалдау шығындарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен автомобиль жолының әрбір жиыр ма километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтетуге құқығы бар.»;
31) 76-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнаулы мемлекеттік органдарда қатардағы және сержанттық құрам лауазымдарында қызмет өткеріп жүрген, Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шыққан күні күнтізбелік есептеу бойынша кемінде сегіз жыл қызмет еткен қызметкерлердің аталған ұйымда ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарды оқу құнының елу пайызы мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен өтетуге құқығы бар. Аталған жеңілдік осы оқу орнын бітіргендігі туралы дипломды ұсынған кезде бір рет қолданылады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
32) 77-баптың 2-тармағындағы «нормалар бойынша азық-түлікпен» деген сөздер «азық-түлік үлесінің нормалары бойынша тамақпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 79-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде мемлекет есебінен медициналық қамтамасыз етілу және санаторийлік-курорттық емделу құқығы арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен:
1) денсаулық жағдайына (қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған ауруына, мертігуіне, мүгедектігіне) байланысты шығарылған;
2) денсаулық жағдайына (қызмет өткеру кезеңінде алған ауруына, мертігуіне, мүгедектігіне) байланысты шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар;
3) қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар;
4) штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлерде сақталады.»;
34) 81-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәйітті тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты барлық шығыстар қызметкерлер қызмет өткерген арнаулы мемлекеттік органдардың қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің ережесі қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін, денсаулық жағдайына байланысты немесе штаттардың қысқартылуына байланысты қызметтен шығарылған, қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес жыл немесе одан да көп болатын адамдарға, сондай-ақ қызметінің жалпы ұзақтығына қарамастан, терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларға қолданылады.»;
35) 84-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Жеке және заңды тұлғалардың арнаулы мемлекеттік органдар алдындағы тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерін тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен орындауын қамтамасыз ету мақсатында ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру жүзеге асырылады.»;
36) 85-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
18. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 23-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери қызметшісінің шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі мінез-құлық стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.»;
2) 56-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «қабылдайды» деген сөз «бекітеді» деген сөзбен ауыстырылсын;
6), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 29-1), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 36-1), 37), 37-1), 37-2), 38), 39), 40), 41), 42) және 42-1) тармақшалар алып тасталсын;
3) 65-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;
4) 66-бапта:
18-тармақтың 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдарға қатысты дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімін жүзеге асыруға;»;
17) және 17-1) тармақшалар алып тасталсын;
5) 67-баптың 1-тармағының 9), 15), 16), 17), 18) және 32) тармақшалары алып тасталсын.
19. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура, қылмыстық қудалау органдарының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін және олардың көрсетілетін қызметтеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлеуді айқындайды.».
20. «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметтегі,» деген сөздер «мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайта кіретін, сондай-ақ судья,» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жекешелендіру туралы шешімдер қабылдайды;»;
2) 20-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлік «айқындалған тәртіппен» деген сөздерден кейін «конкурстық негізде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау рәсімін өткізген уақытта конкурстық комиссия отырысына аудио, бейнетіркеумен конверттерді (баға ұсыныстарын) ашу және комиссия мүшелерінің отырыс хаттамасына қол қоюы кезінде қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының конкурсқа қатысатын өкілдері қатысуға құқылы.».
22-тармақ 2023 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
22. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 4) тармақшасының төртінші абзацындағы «2024 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздер «2026 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздермен ауыстырылсын.
23-тармақ 2024 ж. 24 ақаннан бастап қолданысқа енгізілді
23. «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» 2022 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 22-тармағын;
2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 18-тармағы 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағы 1) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 2) және 3) тармақшаларын, 23-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 23 желтоқсан
№ 51-VІІІ ҚРЗ