14. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) барлау іс-шарасы - барлау міндеттерін шешу үшін сыртқы барлау субъектілері жүзеге асыратын жария және жария емес іс-қимылдар;»;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы - ел басшылығын барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ белгіленген құзырет шегінде сыртқы барлау субъектілерінің барлау мүмкіндіктерін күшейтуге ықпал ететін іс-шараларға қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жиынтығы;»;
2) 2-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «органы жатады.» деген сөздер «органы;» деген сөзбен ауыстырылып, екінші бөлігі алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметінің мақсаттары
Сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметінің мақсаттары ел басшылығы мен мемлекеттік органдарды барлау ақпаратымен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сыртқы қауіптерден қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ілгерілету үшін жағдай жасау болып табылады.»;
4) 9-бапта:
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшадағы «қабылдау» деген сөз «бекіту» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-1) тармақшадағы «қарсы барлау қызметін» деген сөздер «барлау іс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша алып тасталсын;
13) тармақшадағы «, сондай-ақ оларда жөндеу, құрылыс және өзге де жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуді келісу» деген сөздер алып тасталсын;
17) тармақшадағы «, арнаулы оқу құралдарын шығару» деген сөздер алып тасталсын;
19) тармақша алып тасталсын;
20-1) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;
21), 22), 25) және 27) тармақшалар алып тасталсын;
5) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі сыртқы барлау органының қызметкерлері туралы мәліметтерді шифрлау қажет болған жағдайда олардың иелері болып табылатын мемлекеттік органдар тиісті электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу жөніндегі қажетті шараларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қабылдайды.»;
6) 21-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті прокурорлардың тізбесі сыртқы барлау субъектісінің бірінші басшысымен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен белгіленеді.».
15. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 94-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек мемлекетке ғана тиесілі болатын мемлекеттік мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мемлекеттік мүлік иеліктен шығару объектісі бола алмайды.»;
2) 96-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекешелендіруге жатпайтын, тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мемлекеттік мүлік, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мүлік жекешелендіру объектісі бола алмайды.»;
3) 98-бапта:
1-тармақ «үлестерін сату» деген сөздерден кейін «осы Заңда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекетке тиесілі және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына жататын акционерлік қоғамдардың акцияларын сату «алтын акцияны» мемлекеттің басқаруы сақтала отырып жүзеге асырылады.
3-2. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлестерін сату жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы дауыс санының төрттен бір бөлігінен астам мөлшеріндегі жарғылық капиталға мемлекеттің қатысу үлесі сақтала отырып жүзеге асырылады.»;
4) 114-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мемлекеттік мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мемлекеттік мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге мүліктік салым ретінде пайдаланыла алмайды.»;
5) 161-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «және үшінші» деген сөздер «, үшінші және төртінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде мүлікті бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның шешімі негізінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен беруіне құқығы бар.».
16. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттері
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін нақты және ықтимал қауіптерден қорғау болып табылады.
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының мызғымастығын, оның ішінде тәуелсіздігін, біртұтастығы мен президенттік басқару нысанын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының тұтастығын, қолсұғылмаушылығын және ел аумағының бөлінбестігін, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;
2) елдегі саяси тұрақтылықты, мемлекет экономикасының орнықтылығын қолдау;
3) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді уақтылы анықтау (айқындау), жою немесе оқшаулау, сондай-ақ оларды талдау, болжау және болғызбау;
4) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің саяси, құқықтық, экономикалық, техникалық, әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық, тактикалық, жедел және өзге де шаралары жүйесін әзірлеу және іске асыру;
5) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру, оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны жетілдіру.»;
2) 3-баптың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде алдын алу - профилактика шараларының басымдығы;
3) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау;
4) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштерінің жедел өзара хабардар етілуі және іс-қимылдарының үйлесімділігі;
5) ұлттық қауіпсіздіктің барлық түрінің біртұтастығы, өзара байланысы және теңгерімділігі, ахуалдың өрбуіне қарай олардың басымдығының жедел өзгеруі;»;
3) 5-баптың 2-тармағындағы «және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен нақтылануы» деген сөздер алып тасталсын;
4) 8-баптың 7) тармақшасындағы «және өңірлік» деген сөздер «(жаһандық, өңірлік)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретінде байланыс желісін иеленетін және (немесе) оны басқару немесе пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының, сондай-ақ үлестерінің, пайларының 10 пайыздан астамын жеке және заңды тұлғалардың сатып алуын немесе меншікке өзгеше алуын келісу тәртібін айқындайды;»;
6) 19-баптың 3-тармағындағы «шетелдік азаматтар» деген сөздер «шетелдіктер» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетіне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлік дайындығына нұқсан келтіретін;
2) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына қатысты «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 3-1 және 3-2-тармақтарының талаптарын бұзуға алып келетін шешімдер қабылдауға және іс-қимылдар жасауға тыйым салынады.».
17. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) уәкілетті басшы - осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату, шығару, оларға арнаулы атақ беру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтар шығару құқығы берілген лауазымды адам;»;
2) 6-бапта:
екінші бөлікте:
«және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері» деген сөздер алып тасталсын;
«12,» деген цифрлардан кейін «14,» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер осы Заңның 7, 15, 16, 17, 18, 19, 24, 34 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес қызмет өткереді.»;
үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-бапта:
12-тармақта:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте үлгермеушілігі үшін, өз бастамасы бойынша, Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына және келісімшарт жасасудан бас тартуына байланысты оқудан шығарып жіберілген, теріс себептермен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты шығарып жіберілген, теріс себептермен шығарылған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алған қызметкерлер өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қызметкерлерді әскери, арнаулы оқу орындарында немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
13-тармақтың бірінші бөлігі «қаражатын» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 11-баптағы «орта білімнен кейінгі білімі» деген сөздер «орта, орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 15-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қабылданған шешімдерді және (немесе) нұсқауларды қызметкерлердің назарына жеткізу арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік органдардың ішкі қызмет жарғысында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
6) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) уәкілетті басшымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттің білім беру ұйымдарына (курсанттар мен тыңдаушылардан басқа) түсуіне;»;
7) 19-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «мүшесі болуға,» деген сөздерден кейін «саяси» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Арнаулы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлерге арнаулы тексеру жүргізуге құқылы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арнаулы мемлекеттік органдарға арнаулы тексеру жүргізуге жәрдемдеседі.»;
8) 27-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «Кіші сержант» арнаулы атағы «кіші сержант» және одан жоғары арнаулы атағы көзделген лауазымға тағайындалатын қызметкерге беріледі. Сержанттар құрамының кейінгі арнаулы атақтары қажетті дайындық деңгейі бар және тиісті лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, бірақ кемінде он екі айдан кейін беріледі.»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатардағы құрам лауазымына келісімшарт бойынша қызметке тұрған кезде;»;
9-тармақта:
бірінші бөліктегі «қызметкер лауазымына тағайындау кезінде» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «оларды қызметкер лауазымына тағайындау кезінде» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктегі «болу мерзімі» деген сөздер «сіңірген еңбегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы «болудың» деген сөз «еңбек сіңірудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақ алып тасталсын;
9) 30-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер өздерін оқуға жіберген бөлімшелерге бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға қайтып келеді.»;
15-тармақтың 1) тармақшасында:
үшінші абзац «отбасылық-мүліктік» деген сөздердің алдынан «осы тармақшаның төртінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«жұбайы (зайыбы) өзге елді мекенде қызмет өткеріп жатқан қызметкердің баянаты бойынша;»;
10) 31-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) арнаулы мемлекеттік орган бөлімшелерінің арасында ауыстырылған;»;
5) тармақша «органға» деген сөзден кейін «және керісінше» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «орналасу орнын өзгерткен жағдайларда жүргізіледі.» деген сөздер «орналасу орнын өзгерткен;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер әскери, арнаулы оқу орнынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген жағдайларда жүргізіледі.»;
11) 32-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «2 айдан» деген сөздер «екі айдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкерге бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді және оны атқарып отырған лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатуды осы лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам жүзеге асырады.
Бұл ретте қызметкерге жоғары офицерлік құрам алмастыруға тиісті бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
12) 34-баптың 1-тармағындағы «жаңа лауазымға тағайындалған,» деген сөздер алып тасталсын;
13) 36-бапта:
3, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге арнаулы атақтар беру, оларды мемлекеттік наградалармен наградтау осы Заңда көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерді лауазымға тағайындау немесе қызметтен шығару ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы, ұйымдарындағы және халықаралық ұйымдардағы лауазымдардан босатылғаннан (қызметтен шығарылғаннан) және қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органға қайтып оралған соң, осы Заңда көзделген тәртіппен жүргізіледі.»;
«5. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету олар іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ ұйымдарының жұмыскерлері үшін айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Іссапарға жіберілген қызметкерлерге лауазымдық айлықақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, сыйлықақылар, материалдық көмек төлеу олар іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, сондай-ақ ұйымдарын ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі. Өзге де төлемдер, сондай-ақ арнаулы киім нысанымен қамтамасыз ету қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
6. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге, егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, халықаралық ұйымдар жұмыскерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген жалақы оларды ұстауға көзделген қаражат есебінен, сондай-ақ арнаулы атақ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлықақы қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебінен төленеді.»;
7-тармақта:
екінші бөліктің екінші сөйлемі алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Біржолғы сипаттағы төлемдер бойынша қызметкер іссапарға жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады.»;
14) 36-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге лауазымдық айлықақылар, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, сыйлықақылар, материалдық көмек, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғынжайды ұстауға және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған ақшалай өтемақы, бір елді мекеннен арақашықтығы бір жүз километрден асатын екінші бір елді мекенге көшуге байланысты болатын қызмет бабымен ауысу кезінде қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтерме жәрдемақы төлеу, қызмет бабымен ауысу кезінде жеке мүлкін тасымалдау шығындарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сондай-ақ емделуге жұмсалған қаражатты өтеу олар іссапарға жіберілген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Іссапарға жіберілген қызметкерлерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету олар іссапарға жіберілген арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері үшін айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
15) 44-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы «үзілістер кезінде» деген сөздерден кейін «, егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Оқуы бойынша берешегі бар курсанттар, тыңдаушылар оны осы баптың 1-тармағында белгіленген каникулдық демалыстарды өткізу мерзімдері шегінде күнтізбелік он күн ішінде жабады.»;
16) 49-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасында немесе белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайларды қоспағанда, жиырма бес жылдан көп еңбек сіңірген жылдары болған кезде өз бастамасы бойынша;»;
5) тармақша «әскери» деген сөздің алдынан «әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкерді жеке құрам тізімдерінен шығару арнаулы мемлекеттік органдарда белгіленген мерзімдерде істер мен лауазымды тапсырғаннан кейін жүргізіледі.»;
18) 52-бапта:
1-тармақтағы «(Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен басқа)» деген сөздер «(Қазақстан Республика сының Мемлекеттік күзет қызметін, сондай-ақ офицерлік құрамның шығарып жіберілген тыңдаушыларын қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілген магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орнынан шығарып жіберілуіне байланысты;»;
19) 56-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Тең дәрежелі лауазымдарға тағайындау кезінде, егер бұл лауазымдық міндеттердің өзгеруіне алып келмесе, бұл мерзім есепке алынбайды.»;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кемінде күнтізбелік жиырма жыл үздіксіз еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлер аттестациялық тестілеуге жатпайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Арнаулы мемлекеттік органдар осы Заңда белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қызметкерлерді аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді. Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалады.»;
20) 56-1-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «жоспарлы аттестаттауды өткізудің белгіленген мерзімінің кемінде үштен бірі» деген сөздер «осы Заңның 56-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген талаптар ескерілместен, соңғы аттестаттаудан кейін кемінде бір жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу кезінде қызметкерлер мынадай:
1) қызметкерді төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы;
2) келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметкерді қызметтен шығару туралы мәселелерді шешу үшін аттестациялық тестілеуге жатпайды.»;
21) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«61-бап. Сыныптық біліктілік
Әрбір қызметкердің кәсіби шеберлігін дамытуды ынталандыру мақсатында сыныптық біліктілік беру, оны көтеру, растау, сақтау, төмендету және алу рәсімі арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жүргізіледі.»;
22) 62-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Басшылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң басшылыққа ала отырып, сеніп тапсырылған бөлімшелерде қызметтік тәртіпті күнделікті сақтауға міндетті.»;
23) 63-бапта:
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақта көзделген көтермелеулерді қолдану тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бір мезгілде қолданылуы мүмкін грамотамен және ақшалай сыйлықақымен марапаттау түріндегі көтермелеуін қоспағанда, қызметкерге дәл сол бір ерекшелігі үшін бір ғана көтермелеу жариялануы мүмкін.»;
24) 64-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жазбаша ескертуді лауазымды адам тиісті басшының тапсырмасымен жасайды.»;
9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) теріс себептермен қызметтен шығару.»;
25) 65-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметтік тергеп-тексеру уәкілетті басшының бұйрығымен тағайындалады және оны уәкілетті лауазымды адам он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Бұйрық болмаған кезде қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге жол берілмейді.
Айрықша жағдайларда қызметтік тергеп-тексеру мерзімі қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді тағайындаған уәкілетті басшының бұйрығымен он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Қызметтік тергеп-тексеру мерзімінің есептелуі оның тағайындалған күнінен басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады.»;
5-тармақтың үшінші бөлігіндегі «тәуліктен» деген сөз «жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Теріс қылық жасаған қызметкердің лауазымына атқаратын лауазымы бойынша тең немесе жоғары болатын уәкілетті лауазымды адамды тағайындау мүмкін болмаған жағдайда теріс қылық жасаған қызметкердің атағына тең немесе одан жоғары болатын, басшы құрамнан адамды тағайындауға рұқсат етіледі.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қажет болған жағдайларда уәкілетті басшы уәкілетті лауазымды адамды және мамандарды қызметтік тергеп-тексеру жүргізу уақытына олардың лауазымдық міндеттерін атқарудан босатуы мүмкін, ол туралы бұйрықта көрсетіледі.»;