Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн азаматтың шақыру бойынша дәлелді себептерсіз сотқа келмеуi -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
656-бап. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiн жасау үшiн ақпарат бермеу
Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiн жасау үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға қажеттi ақпарат бермеу, сол сияқты бұрыс ақпарат беру -
ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
657-бап. Алқабидiң сот талқылауында iстi қарауға байланысты міндеттерді орындамауы, сондай-ақ шектеулердi сақтамауы
1. Алқабидiң сот талқылауында iстi қарауға байланысты, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ шектеулердi сақтамауы -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттетуге әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
658-бап. Куәнiң айғақтар беруден бас тартуы немесе жалтаруы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) куә ретiнде сауал қоюға жататын адамның айғақтар беруден дәлелді себептерсіз бас тартуы немесе келмеуі -
екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
659-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе көрінеу дұрыс емес аударма
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараған кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу барысында органға (лауазымды адамға) куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы, сондай-ақ сондай жағдайларда аудармашы жасаған көрiнеу дұрыс емес аударма -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу кезiнде әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған дәл сол іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Егер куә, жәбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында осыған уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) iс бойынша шешiм шығарғанға дейiн өздерi берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы немесе дұрыс емес аударма туралы ерiктi түрде мәлiмдесе, олар әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 660-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
660-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды адам жасаған, құқық бұзушылық құрамы бар болған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуді қозғау жөніндегі шараларды мерзiмiнiң өтуі ішінде қасақана қолданбауы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау, егер бұл әрекет адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе елеулі залал келтiруге әкеп соқпаса, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
661-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы қаулыны немесе тапсырманы не маманды шақыру туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе жалтаруы
Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органының қаулысы немесе тапсырмасы жiберiлген лауазымды адамның сараптама жүргiзуден не бақылау жүргiзуге, құжаттар ресiмдеу ісін жүргiзуге, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн маманды шақыру туралы талаптан не оларды орындаудан дәлелді себептерсіз бас тартуы немесе жалтаруы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
662-бап. Айыпталушының (күдіктінің) келетiндiгi туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу
Айыпталушының (күдіктінің) анықтауды жүргiзетiн адамға, тергеушiге немесе сотқа келуi туралы жазбаша кепiлгерлiк берген адамдардың оны айыпталушының (күдіктінің) тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соққан бұзуы немесе орындамауы -
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
663-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының (күдіктінің) келуiн қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi бұзу
Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамағына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының (күдіктінің) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi жазбаша берген мiндеттемені айыпталушының (күдіктінің) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соққан бұзушылығы -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
664-бап. Соттың жекеше ұйғарымы, қаулысы, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынуы бойынша шаралар қолданбау
Лауазымды адамның соттың жекеше ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынуын қараусыз қалдыруы не оларда көрсетiлген заң бұзушылықтарды жоюға шара қолданбау, сол сияқты жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынуға уақтылы жауап қайтармау -
сегiз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
665-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу
1. Прокурордың, тергеушiнің, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшін, сот орындаушысына, сот приставына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеу, сол сияқты айғақтар беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру -
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокурордың, тергеушiнің, анықтаушының заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен қойған талаптарын орындамау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
666-бап. Прокурорды хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу
Мемлекеттiк органның заңнамалық актiлерге сәйкес мұндай хабардар етуді талап ететiн әрекеттерді жүргiзуі туралы прокурорды хабардар етпеуі немесе уақтылы хабардар етпеуі -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
667-бап. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне кедергi келтіру
Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне мемлекеттiк органның, ұйымның ғимаратына, үй-жайына немесе аумағына қызметтiк куәлiгiн көрсетуі бойынша кедергiсiз кiргiзуден, сондай-ақ қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi ұсынудан, тексерулер, ревизиялар мен сараптамалар жүргiзілуінен, мамандарды бөлуден бас тартудан көрiнген кедергi келтіру, сол сияқты талаптарды орындамау -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
668-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi келтіру
Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокат кеңсесiнiң заңды қызметiн жүзеге асыруға, жазбаша сұрау салу бойынша қажеттi құжаттарды, материалдарды немесе өздерінің кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн қажет болатын мәлiметтердi заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрiнген лауазымды адамның кедергi келтіруі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
669-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау
Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
670-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның iшiнде борышкердiң жұмыс орны мен оның кірістері, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалудың жүргiзілгені және өндiрiп алынған соманың өндiрiп алушыға жіберілгені туралы, борышкердiң өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомалары мен мүлкiне өндiрiп алудың қолданылғаны туралы мәліметтерді ол тағайындаған мерзімде ұсыну туралы қаулыларын және заңды талаптарын орындамау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сот орындаушысына көрінеу анық емес, оның iшiнде борышкердiң кірістері мен мүлiктiк жағдайы туралы мәлiметтер ұсыну -
жеке тұлғаларға - жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
671-бап. Атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерiнiң ауысқаны туралы сот орындаушысына хабарламау
Атқарушылық құжат бойынша ұстап қалуды жүргiзетiн тұлғаның сот орындаушысына және алимент алатын адамға төлем төлейтiн адамның жұмыстан босатылғаны туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жерi туралы, егер бұл оған белгiлi болса, дәлелсiз себептермен бiр ай мерзiмде хабарламауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
672-бап. Атқарушылық құжатты жоғалту
Ұйымның лауазымды адамының өзiне орындау үшiн берiлген атқарушылық парақты немесе басқа да атқарушылық құжатты жоғалтуы -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бап бойынша өндiрiп алушылар әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
673-бап. Сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға кедергi келтiру
Сот орындаушысының, сот приставының мүлiкке өндiрiп алуды қолдану (тiзiмдеу, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткiзу) әрекеттерiн жасауына жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың кедергi келтiруi немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тарту -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
674-бап. Мемлекеттiк наградаларды заңсыз тағып жүру
1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның орденiн, медалін, құрметтi атаққа берілетін төсбелгiсiн, ерекшелік белгiсiн немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi -
Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның орденi, медалі, құрметтi атаққа берілетін төсбелгiсі, ерекшелік белгiсi немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталары тәркiлене отырып, үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау -
белгiлер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
675-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану)
1. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) -
айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бес, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға осы қызметтi жүзеге асыруға байланысты жасаған дәл сол әрекет -
айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
34-тарау. Әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
677-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, -
алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
679-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы -
осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 680-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы
Мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
681-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау
Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар
35-тарау. Негізгі ережелер
682-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар)
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:
1) мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың судьялары;
2) кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
3) осы Кодексте уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Ескертпе. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
683-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң аражiгiн ажырату
1. Судьялар осы Кодекспен өздерiнiң жүргізуіне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 684-бабында көрсетiлген iстердi қоспағанда, iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк жазалар қолданады.
3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде әкімшілік қамаққа алу, шетелдiктерді не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты адамға берiлетін арнайы құқықтан айыру (оның iшiнде көлiк құралын басқару құқығы), белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға лицензиялардан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу, қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi судья қарайды.
4. Осы Кодекстiң 24-бабына сәйкес, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiліп жатқан адамның жазбаша арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi, егер бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қарауға дейін берілсе, судья қарайды.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның немесе жәбірленушінің заңды өкілінің жазбаша арызы бойынша не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арызы бойынша іс мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттарда, мұндай болмаған кезде - жалпы юрисдикциядағы соттарда қаралуы мүмкін.
36-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң ведомстволығы, лауазымды адамдардың iстердi қарау және әкiмшiлiк жазаларды қолдану жөнiндегi құзыретi
684-бап. Соттар
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
684-бапқа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңы (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 73, 74, 75 (бірінші, екiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртiншi бөлiгiнде), 81 (екiншi бөлiгiнде), 82 (екiншi бөлiгiнде), 82-1, 85, 86 (төртiншi бөлiгiнде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екiншi бөлiгiнде), 145, 149, 150, 151 (екiншi бөлiгiнде), 153, 154, 158, 159, 160 (екiншi бөлiгiнде), 169 (екiншi, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 171, 173, 174 (екiншi бөлiгiнде), 175, 175-1, 176, 182, 183, 184, 185, 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде), 200, 211 (бірiншi бөлiгiнде), 214, 216, 219, 233 (үшiншi бөлiгiнде), 235, 236, 237, 239-1, 245, 246, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілгенде), 247 (алтыншы, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшіншi, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерiнде), 283, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 296 (екiншi бөлiгiнде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екiншi бөлiгiнде), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгiнде), 317 (төртінші бөлiгiнде), 319, 320 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірiншi бөлiгiнде), 382 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екiншi бөлiгiнде), 389, 392 (үшiншi бөлiгiнде), 395 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397 (төртiншi бөлiгiнде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екiншi бөлiгiнде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлiгiнде), 405 (бірiншi бөлiгiнде), 407 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 409 (жетінші бөлігінде), 410-1, 413, 414, 415 (екiншi бөлiгiнде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екiншi бөлiгiнде), 422, 423 (екiншi бөлiгiнде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екiншi бөлiгiнде), 426 (екінші және үшінші бөліктерінде), 427, 433 (екiншi бөлiгiнде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 446, 449 (екiншi және үшінші бөліктерінде), 450, 451, 452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде), 453, 454 (екiншi бөлiгiнде), 455 (төртiншi бөлiгiнде), 456, 456-1, 461, 462, 463, 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 467, 469 (екiншi бөлiгiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екiншi бөлiгiнде), 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екiншi бөлiгiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 498, 506, 507, 508, 509, 512 (екiншi бөлiгiнде), 513 (екiншi бөлiгiнде), 514 (екiншi бөлiгiнде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (бірінші бөлiгiнде), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екiншi бөлiгiнде), 549, 550, 551 (екiншi бөлiгiнде), 552 (екiншi бөлiгiнде), 563 (екiншi бөлiгiнде), 564 (бесiншi бөлiгiнде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 583 (екiншi бөлiгiнде), 590 (төртiншi бөлiгiнде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екiншi бөлiгiнде), 605 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 606 (екiншi бөлiгiнде), 607 (екiншi бөлiгiнде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртiншi бөлiгiнде), 618, 621 (үшiншi бөлiгiнде), 636 (екiншi бөлiгiнде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екiншi бөлiгiнде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.