19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) төменгі лауазым - лауазымдар тізіліміне сәйкес мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген лауазымдардың төменгі санатындағы төмен тұрған лауазым болып табылатын, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің мемлекеттік лауазымы;»;
2) 5-баптың 2-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды;»;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік органдарға, халықаралық және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберу тәртібін әзірлейді;»;
7-3) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) мемлекеттік қызметшілерді, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және өзге де азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қолдап отыру және әкімшілендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оператордан сатып алады;»;
3) 6-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі.
Орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімімен орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері үшін персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі.»;
4) 10-баптың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) мемлекеттік органның жолдамасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуды аяқтауға, оның ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тиісті бағдарламасы бойынша дәреже алуға, өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге міндетті. Осы міндеттемелерді орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды өтеуіне алып келеді.
Мемлекеттік қызметшілердің осы тармақшада көзделген міндеттемелері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жағдайларда, бюджет қаражаты өтелместен, мерзімінен бұрын тоқтатылады;»;
5) 13-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы «қатысуға;» деген сөз «қатысуға құқылы емес.» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
27-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың редакциясында қолданылды
«Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын және оның орынбасарларын, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның төрағасын және оның орынбасарларын қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуға және (немесе) өткізуге құқылы;»;
2-тармақтағы «кіргеннен кейін бір ай ішінде» деген сөздер «кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін» деген сөздерден кейін «, осы баптың 6-тармағында аталған тұлғаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы «бір ай мерзімде» деген сөздер «күнтізбелік отыз күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ «жұбайы (зайыбы)» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жекжаттары (жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары)» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 15-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 3-1-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін мемлекеттік лауазымға алдыңғы лауазымнан шаққаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешікпей орналасқан жағдайда, мемлекеттік қызметке қайтадан кірді деп есептелмейді.
Бұл жағдайда мемлекеттік қызметшіге міндетті арнайы тексеруден өту, сынақ мерзімін белгілеу және кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларацияны тапсыру туралы талаптар қолданылмайды.»;
«3-1. Белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті комиссияның шешімімен мына адамдар «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналаса алады:
1) уәкілетті комиссия айқындайтын халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
2) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған адамдар;
3) квазимемлекеттік сектор субъектісінде басшы немесе басшының орынбасары лауазымын атқаратын адамдар.»;
7) 16-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген жұмысқа қабылдау туралы актісі шыққанға дейін азамат персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы анықтаманы ұсынуға міндетті.»;
8) 17-баптың 4-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам (орган) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының негізінде бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілеттіктеріне осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының қызмет бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру жататын болса, онда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары тиісті орталық атқарушы органмен келісуге жатады.»;
9) 20-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген азаматтар үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өту туралы шарттар мемлекеттік органның жұмысқа қабылдау туралы актісінде көзделеді.
Қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не теріс себептер бойынша бұрын мемлекеттік лауазымнан шығарылған және мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кіретін азаматтарға сынақ мерзімі міндетті түрде белгіленеді.
Мемлекеттік саяси қызметке, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кірген мемлекеттік қызметшілер, сайлау қорытындылары бойынша тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері үшін сынақ мерзімі белгіленбейді.
Құқық қорғау органдарына қызметке кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш рет кірген, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметін тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кірген азаматтар үшін сынақ мерзімі үш айды құрайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Сынақ мерзімінен өтіп жатқан мемлекеттік қызметшіні функционалдық міндеттерін өзгертпей басқа лауазымға тағайындаған кезде оның сынақ мерзімі жалғасады.
Өзге функционалдық міндеттері бар лауазымға тағайындалған жағдайда жаңа сынақ мерзімі белгіленеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сынақ мерзімі кезеңінде, оның ішінде оны ұзартқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген азаматтарға тәлімгерлер бекітіледі.
Бұл ереже орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық атқарушы органдар басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кіретін азаматтарға қолданылмайды.»;
10) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы
Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен ант қабылдайды.»;
11) 24-1-бап алып тасталсын;
12) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын өзгерту
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген жағдайда, бұл лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіге ол белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда өзгертілген мемлекеттік лауазым ұсынылады.
2. «А» корпусының екі және одан көп мемлекеттік әкімшілік лауазымын «А» корпусының бір лауазымына өзгерту кезінде «А» корпусының өзгертілген мемлекеттік лауазымы ұсынылмаған мемлекеттік қызметшіге ол белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған мемлекеттік лауазым ұсынылады.
Келесі төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметшінің келісімімен оған мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген өзге мемлекеттік лауазым ұсынылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан жағдайда, ол қызметтен шығарылуға жатады. Бұл ретте, кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік орган төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді.»;
13) 26-баптың екінші бөлігіндегі «Осы Заңда» деген сөздер «Осы Заңның 15-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 27-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бос немесе уақытша бос лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеуді мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімімен құрылатын мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.
Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі не орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімімен орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі.
Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурстық комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конкурс мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;
3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
4) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
5) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.
Конкурс Қазақстан Республикасының мәдениет, дене шынықтыру және спорт, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы заңдарға сәйкес әңгімелесу кезеңінің алдында конкурсқа қатысушыларды келісудің қосымша кезеңін қамтиды.
Конкурс өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қосымша жариялауға жол беріледі.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді басылымдарда қосымша жариялауға жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Егер орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілеттіктеріне осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының қызмет бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру жататын болса, онда осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу үшін құрылатын конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысуға құқылы.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу үшін конкурстық комиссия құратын мемлекеттік орган тиісті орталық атқарушы органға конкурстық комиссияның құрамына кандидатура ұсыну туралы сұрау салуды жіберуге міндетті.»;
«7. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің немесе кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуға жол беріледі.
Аталған адамдарды мемлекеттік орган ішінде кейіннен ауыстыруға жол берілмейді.
Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өткен жағдайда ішкі конкурсқа қатысуға жіберіледі.
8. Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.
Бұл жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және бұрынғы жұмыс орны бойынша кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларация тапсырған жағдайда, оны тапсыру туралы талаптар қолданылмайды.
Бұл ретте, осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа осы мемлекеттік органнан шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.
9. Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен осы баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдар уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.
10. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.»;
15) 29-бапта:
1-тармақтағы «оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер «аумақтық бөлімшелердің, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері өткізетін осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстарға орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ осы орталық мемлекеттік органның өзге де аумақтық бөлімшелерінің, оның ведомствосының және осы ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
1-2. Орталық мемлекеттік органның ведомствосы өткізетін осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстарға осы орталық мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
1-3. Орталық мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өткізетін осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстарға осы орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің, ведомствоның және осы ведомствоның басқа да аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
1-4. Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.»;
2-1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
27-тармақтың 16) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
16) 30-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы тармақтың үшінші бөлігінде аталған мемлекеттік қызметшіні қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшіге оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын сәйкестендіру картасы беріледі.
Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік саяси қызметшіге, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Палатасы аппаратының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын қызметтік куәлік беріледі.
Қызметтік куәлікті беру тәртібін, оның сипаттамасын мемлекеттік орган бекітеді.
Қажет болған кезде осы тармақтың үшінші бөлігінде аталған мемлекеттік қызметшіге сәйкестендіру картасы берілуі мүмкін.»;
17) 33-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі хатшысының - Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;
6-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған немесе мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметші атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығарылады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
18) 34-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «әкімшілік» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мемлекеттік орган қызметінің бейіні бойынша өзге де білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.»;
19) 37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде ауысу тәртібімен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берілмейді.»;
20) 38-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Орталық мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, облыстық атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық атқарушы органдар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдері орынбасарларының міндеттерін үш айдан аспайтын кезеңге уақытша жүктеуге жол беріледі.
Бұл ретте, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері мен кеңесшілеріне басшылық мемлекеттік лауазым міндеттері жүктелмейді.»;
21) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне, халықаралық және өзге де ұйымдарға олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша іссапарға жіберілуі мүмкін.»;
22) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау
1. Мемлекеттік қызметті өткеру кезінде кәсіби әлеуеттің неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылады.
Мемлекеттік саяси қызметшілерді және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін ротациялау деп оларды тиісінше бос немесе уақытша бос мемлекеттік саяси лауазымдарға және «А» корпусының мемлекеттік лауазымдарына не мемлекеттік саяси қызметшілер мен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар түсініледі.
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін ротациялау деп «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар түсініледі.
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ротация жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін, ротациялауға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Басқа жерге ротациялау кезінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін өңіраралық ротациялауды үйлестіруді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда өзгеше көзделмесе, мүгедек, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедек балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана болып табылатын немесе асырауында қарт ата-анасы бар мемлекеттік қызметшілерді басқа жерге көшумен байланысты ротациялауға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімімен ғана жол беріледі.
Аталған мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.»;