он екінші бөлікте:
бірінші абзац «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
он бесінші бөліктің бірінші абзацы «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
он жетінші бөліктің бірінші абзацы «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктермен толықтырылсын:
«18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі нормативтік-құқықтық актісін бұзуы -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың он сегізінші бөлігінің мақсаты үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы айқындаған зиян мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес айқындалған зиян мөлшерінен төмен болса және айырмасы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын заңға сәйкес белгіленетін елу айлық есептік көрсеткіштен аз болса, әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
19. Сақтандыру ұйымының мемлекет қатысатын сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарттарды жасасу және осы ұйымда тіркелу міндеттілігі туралы талаптарды бұзуы -
бір жүз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8-тармақтың 6) тармақшасының жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
20. 2017 жылғы 1 шілдеге дейін сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның сақтандыру бойынша дерекқорды жүргізу мен қалыптастыру және оны мемлекет қатысатын кредиттік бюроға беру жөніндегі талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды құрайтын ақпаратты олардың берілу мерзімдері өткенге дейін ішінара немесе толық жоғалту және (немесе) жою -
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
8-тармақтың 7) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
7) 229-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«229-бап. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты талаптарды бұзуы»;
бірінші бөліктің екінші абзацы «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 8) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
8) 231-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«231-бап. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк және сақтандыру холдингтерiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерлерiн келiсудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерiн бұзу»;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац:
«Қаржы ұйымының,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының,» деген сөздермен толықтырылсын;
«мерзiмдерiн қаржы ұйымының,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы «заңды тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 252-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Қолма-қол шетел валютасын иелену және (немесе) сату бағамдарын белгілеу туралы өкім шығарудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген тәртібін өкім шығарылған жердің жергілікті уақытымен күндізгі сағат 18.00-ден келесі күнгі сағат 8.00-ге дейінгі кезеңде және (немесе) «Қазақстандық қор биржасы» акционерлік қоғамының жұмыс емес күндері осындай өкім шығару арқылы бұзу -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
10) 256-баптың ескертпесіндегі «, акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну» деген сөздер алып тасталсын;
11) 259-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасу
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасауы -
жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне - үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы нарығы субъектiлерiнің өзге де қаржы құралдары бағаларымен (бағамдарымен), оның ішінде нарықтық валюта айырбастау бағамымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасуы -
жеке және заңды тұлғаларға айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер сомасының он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
12) 724-баптың 1-тармағы:
«және он жетінші» деген сөздер «, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«252 (бірінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «252 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2,186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылғандарды қоспағанда), кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, шлюздер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.».
10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж, № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 2-баптың бірінші бөлігіндегі «, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуін мемлекеттік реттеуді» деген сөздер алып тасталсын;
2) 7-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасы «қаржы ұйымдарын,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 8-бапта:
10-тармақтың 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
5) тармақша «олардың филиалдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша «жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары» деген сөздермен толықтырылсын;
12-1) тармақшадағы «заңды тұлғалар» деген сөздер «өзге де тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;»;
10-тармақтың 19) тармақшасының жетінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
19) тармақша «қаржы ұйымдарын,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
22) тармақша алып тасталсын;
24) тармақшада:
10-тармақтың 19) тармақшасының оныншы абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
«қаржы компанияларының,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент брокерлерінің филиалдарын» деген сөздермен толықтырылсын;
«, инвестициялық қорлардың, Қазақстанның Даму Банкінің» деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақтың 19) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
34) тармақша «, қаржы ұйымдары» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары» деген сөздермен толықтырылсын;
35) тармақша «өзге де ұйымдар» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
«37-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығының жекелеген органдарының қызметін қаржыландырады, оның ішінде олардың акцияларын және (немесе) олардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін иелену арқылы қаржыландырады;»;
4) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және провизиялары (резервтерi)»;
бірінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Алтын-валюта резервтерiн және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен кірісті есепке алуға арналған.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі залалдарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі бойынша өзге де талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастырылады.»;
5) 15-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарға ресми бағамын белгілеу қағидаларын;
3) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын;
5) Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларын;
6) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын;
7) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын;
8) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларын;
9) қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алып қою қағидаларын;
10) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын;
11) тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсу бойынша банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;
12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды;
13) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын;
14) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;
15) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
16) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;
17) банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;
18) Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларын;
19) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;
20) төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;
21) Қазақстан Республикасының аумағында банк шотын ашпай қолма-қол ақшасыз төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;
22) төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассолық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты;
23) клиент және оған қызмет көрсететін банк арасында қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру қағидаларын;
24) Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын;
25) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтерімен операциялар жүргізуі қағидаларын;
26) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң вексельдерді есепке алуы қағидаларын;
27) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын;
28) төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды;
29) Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;
30) банк шотын тікелей дебетке алу арқылы төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын;
31) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын;
32) Қазақстан Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын;
33) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын;
34) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын;
35) вексельдер эмитенттерінің қаржылық жай-күйін талдау және бірінші сыныпты эмитенттердің вексельдерін қайта есепке алуға қабылдау лимиттерін белгілеу жөніндегі нұсқаулықты;
36) Қазақстан Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидаларын;
37) Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізуі қағидаларын;
38) Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын;
39) Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын;
40) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтер ұсынуы қағидаларын;
41) Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде электрондық құжаттар алмасу қағидаларын;
42) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;
43) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;
44) Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;
45) Қазақстан Ұлттық Банкінде заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;
46) электрондық терминалдар мен қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын;
47) экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын;
48) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктерге, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға банк қарыздарын беру және өтеу қағидаларын;
49) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;
50) банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;
51) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары лимитінің мөлшерін;
52) клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірменің мазмұнына қойылатын талаптарды;
53) қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын;
54) екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті ұсыну нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты;
55) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді;
56) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді;
57) айырбастау пункттерi арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерiн белгiлеу қағидаларын;
58) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын;
59) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
60) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуы қағидаларын;
61) Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын;
62) банктердің металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы қағидаларын;
63) барлық қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары, микроқаржы ұйымдары, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының типтік жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;