ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 10, 23-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
540-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мыналарды:
жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн - 125 пайыз;
көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi үшiн - 125 пайыз;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн - 280 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенi үшiн - 5 700 пайыз;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенi үшiн - 11 400 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 13 700 пайыз;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенi үшiн - 19 400 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 22 800 пайыз;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенi үшiн - 28 500 пайыз;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 707, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн - 5 700 пайыз;
мотокөлiкке мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн - 140 пайыз;
автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн - 140 пайыз;
көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн - 35 пайыз.
Ескертулер.
1. Мемлекеттік органның қарамағындағы автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайды.
2. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгіcінің телнұсқасын бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері автомобильге - 280 пайызды, мотокөлікке және автомобиль тіркемесіне 140 пайызды құрайды;».
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 46-баптың төртінші бөлігі «құқығынан айыруды,» деген сөздерден кейін «көлік құралын масаң күйде басқару не» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 596-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «шығу» деген сөз «, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 601-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 613-бапта:
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
он екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «және жолаушылардың (жолаушының)», «олардың» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы «және жолаушыларға (жолаушыға)» деген сөздер алып тасталсын;
он үшінші бөліктің екінші абзацындағы «және жолаушыларға (жолаушыға)» деген сөздер алып тасталсын;
5) 720-баптың екінші бөлігіндегі «612 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «612 (бірінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
1) 19-3-бапта:
1-тармақтағы «құжаттамалардың осы Заңның» деген сөздер «құжаттаманың, осы Заңның, Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «техникалық регламенттермен» деген сөздер «техникалық регламенттерде және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-4-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жол қозғалысы қауiпсiздiгi мен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүрісі қауiпсiздiгiн және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жаяу жүргiншiлер тротуарлары мен велосипед жолдарының, қону алаңдарының, аялдама пункттерiнiң, сондай-ақ бөлушi белдеулердiң, жер төсемiнiң жиектерi мен қырларының топырақ жамылғылары жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге» деген сөздер «жаяу жүргiншiлер мен велосипед жолдары тротуарларының, отырғызу алаңдарының, аялдама пункттерiнiң жабыны, сондай-ақ бөлу жолақтарының, жол жиектерiнің және жер төсемі еңістерінің беті Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін жағдайда болуға» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 22-II, 148-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұған қоса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылау және профилактикалық іс-шаралардың орындалуын тексеруге құқылы.».
5. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
2) тармақшаның бірінші абзацындағы «арнайы жобаланған және салынған (немесе реконструкцияланған)» деген сөздер «жобаға сәйкес арнайы салынған немесе реконструкцияланған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға қолданылмайды;»;
6) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
10) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11) тармақшадағы «көлiк құралдарының» деген сөздер «осы Заңда белгіленген тәртіппен көлiк құралдары мен жаяу жүргіншілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшадағы «оның астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері» деген сөздер «оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) тармақшада:
бірінші сөйлемдегі «көлік құралын басқару құқығына сенімхат,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші сөйлем «шарт негізінде» деген сөздерден кейін «немесе мәмілені жазбаша нысанда ресімдеместен, олардың ерік білдіруі негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
39) тармақша «көлік құралы» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
41) тармақша «қозғалтқышымен» деген сөзден кейін «не электрлі қозғалтқышпен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 5-баптың 3) тармақшасындағы «көлік құралдары иелерінің және» деген сөздер «көлік құралдары иелерінің - үшінші тұлғалар алдындағы, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 24) тармақшасы алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың құзыреті
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.»;
5) 19-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) медициналық ұйымдар тәуекелi. Бұған:
жол-көлiк оқиғасы салдарынан зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетпеу;
көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері немесе шектеулері бар адамдарды жол жүрісіне қатысуға жіберу тәуекелi жатады;»;
6) 23-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «жол жүрісі қауіпсіздігінің бас мемлекеттік инспекторлары» деген сөздер алып тасталсын;
10) тармақшада:
«және (немесе) жолаушы (жолаушылар)» деген сөздер алып тасталсын;
«оларға» деген сөз «оған» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) автомобиль жолдарына, жол құрылыстарына, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарына және теміржол өтпелеріне зерттеп-қарау жүргізу нәтижелері бойынша акт;»;
8) 36-бапта:
1-тармақтағы «автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк» деген сөздер «осы Заңда, автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген жол жүрісі қауiпсiздiгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «жобаны орындаушыға» және «жұмыстарды орындаушыға» деген сөздер тиісінше «тапсырыс беруші мен жобаны орындаушыға» және «тапсырыс беруші мен жұмыстарды орындаушыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «белгiленген» деген сөз «осы Заңның белгіленген талаптарына,» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 37-баптың 3-тармағында:
1) тармақшада:
«жол жүрісін ұйымдастырудың» деген сөздер «жол жүрісін реттеудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «өткізуді» деген сөз «өткізудің схемалары мен маршруттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 39-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы «уәкілетті органның рұқсатынсыз» деген сөздер «схемалар мен маршруттарды уәкілетті органмен келіспей» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 42-1-баптың 2-тармағындағы «қағидаларына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған» деген сөздер «қағидаларына және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекітетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 51-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
13) 52-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Көлік құралын тоқтату негіздері мен тәртібі»;
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «техникалық тіркеу құралы» деген сөздер «сертификатталған арнайы техникалық құрал және аспап» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен және ескертумен толықтырылсын:
«3. Көлік құралын осы баптың 1-тармағына сәйкес тоқтатқан жағдайда, ішкі істер органдарының қызметкері мынадай әрекеттерді дәйектілікпен жасауға:
1) көлік құралына кідірмей жақын келуге;
2) өзін таныстыруға және жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігін танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін көрсетуге;
3) көлік құралын тоқтату себебін түсіндіруге;
4) егер көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрісі қағидаларын бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құралдармен және аспаптармен тіркелсе, жүргізушіге тиісті материалдарды танысу үшін көрсетуге міндетті.
4. Көлік құралын тоқтатуға негіздер болған кезде және ішкі істер органдарының қызметкері осы баптың 3-тармағында белгіленген барлық әрекетті орындағаннан кейін жүргізуші ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындауға міндетті.
Ескерту. Осы бапта арнайы іс-шаралар деп құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар жүргізетін жедел-профилактикалық, жедел-іздестіру, күзет іс-шаралары және терроризмге қарсы операциялар түсініледі.»;
14) 54-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «жай жазбаша нысанда» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жүргізушінің құжаттарын тексеруге құқығы бар лауазымды адамнан көлік құралын тоқтату себебіне түсіндірме алуға, бұл ретте фото- және бейнетүсірілім жүргізуге;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мотоциклді басқарған кезде түймеленген мотошлем киюге және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыларды тасымалдамауға;»;
4-тармақта:
7) тармақшадағы «реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерінен масаң күйдегі, сырқат немесе шаршаулы күйдегі» деген сөздер «масаң күйдегі, реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерінде болған, сырқат немесе шаршаңқы күйдегі» деген сөздермен ауыстырылып, «көрсетілмеген адамдарға» деген сөздерден кейін «не көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе басқару құқығынан айырылған адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
36) тармақшаның бесінші абзацындағы «санынан артық» деген сөздер «орындардың санынан артық тасымалдауға» деген сөздермен ауыстырылып, алтыншы абзацы алып тасталсын;
15) 55-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
16) 56-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жаяу жүргінші:
1) тротуарлармен және жол жиектерімен, жаяу жүргінші жолдарымен және жүруге жайластырылған және ыңғайластырылған басқа да жерлермен жүріп-тұруға;
2) жолдың жүретін бөлігін жаяу жүргінші өткелдерімен, оның ішінде жерасты және жерүсті өткелдерімен, көрінетін жерде олар болмаған кезде - тротуарлардың немесе жол жиектерінің бойымен жол қиылыстарында, көрінетін аймақта өткел немесе жол қиылысы болмаған кезде жолдың жүретін бөлігінің шетіне тік бұрышпен кесіп өтуге;
3) жаяу жүргінші өткелінен тыс жерде жолдың жүретін бөлігін кесіп өткен кезде көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтірмеуге және жақындап қалған көлік құралдарының жоқ екендігіне көз жеткізбестен, маңайды шолуды шектейтін тоқтап тұрған көлік құралының тасасынан шықпауға;
4) реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдерінде жолдан өту өзі үшін қауіпсіз болатынына сенімді болғаннан кейін ғана жолдың жүретін бөлігіне шығуға;
5) маршрутты көлік құралы мен таксиді - аялдама пункттерінде, ал олар болмаған кезде - тротуарда немесе жол жиегінде күтуге міндетті.»;
17) 57-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «сүйретуге тыйым салынады.» деген сөздер «сүйретуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жаяу жүргінші өткелімен жүруге тыйым салынады.»;
18) 66-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«цифрлық» деген сөз «цифрлық және (немесе) әріптік» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 73-бапта:
14-тармақтағы «Кәсiпкерлiк» деген сөз «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда, кәсiпкерлiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;
20) 74-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Tm» санатындағы көлік құралдарын - жиырма бір жасқа толған адамдарға;»;
бесінші абзацтағы «, «Tm» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он тоғыз» деген сөздер «он сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 75-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырғаннан және» деген сөздер алып тасталсын;
22) 80-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «беруге;» деген сөз «беруге құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын;
23) 83-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заңның 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы шілденің 3-і.
№ 83-VI