31) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары -еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын, жұмыскердің табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент төлемінің мөлшерi;
33) 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35) пруденциялық норматив - ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгiленетiн экономикалық талаптар;
36) сақтандыру ұйымы - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
37) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
37-1) уәкілетті оператор - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнаулы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар), сол шоттарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетін кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асырады;
38) уәкiлеттi орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар;
40) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41) үлестес тұлғалар - шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бiр-бiрiнiң (тұлғалардың бiрiнің) қабылдайтын шешiмдерiне ықпал етуге, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң құрамында ұлттық басқарушы холдингтiң болуы тұлғаларды бiр-бiрiне қатысты үлестес деп айқындау үшiн негiз болып табылмайды.
2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының сақтандыру ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері, осы Заңның 60-бабының 8-тармағын қоспағанда, Қазақстан Респуликасының аумағында уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасау және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тармақ 2018 ж. 1 шілдеден бастап 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi:
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, әскери қызметшiлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiн, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын адамдарды қоспағанда, осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 54 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде:
1) осы Заңның 13-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі;
2-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2018 ж. 1 шілдеден бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды
2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері;
3) жұмыс iстемейтiн ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (бағып-күтуді ол нақты жүзеге асырған кезде) жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыт;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күткен уақыт;
5) әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер;
6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;
7) әскери қызметшiлер (мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;
8) «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алу кезеңдері;
9) бөгденің көмегіне мұқтаж І топтағы мүгедекке, ІІ топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтім жасаған уақыт;
10) осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке жатқызылады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бюджет қаражаты есебінен беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуына қарамастан беріледі.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін және мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы жоқ адамдарды қоспағанда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.
3. Ең төмен зейнетақы мөлшері «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерлерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген мөлшерде жүзеге асырылады.
5. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын және (немесе) жүзеге асыратын органдарда осы құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi. Бұл жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап осы баптың 1 және 4-тармақтарының шарттары сақтала отырып жүзеге асырылады.
5-бап. Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен адамдардың осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 32-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жасқа толуы кезінде, инфляция деңгейiн ескере отырып, сондай-ақ 31-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
Мемлекет осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында және 32-бабының 1-1-тармағында аталған, сондай-ақ осы Заңның 35-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын алып қойған күннен не зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударылған күннен бастап осы Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған, инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.Мемлекет осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған кезден бастап осы Заңның 11-бабы 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Зейнетақы активтерінің сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:
1) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
1) міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің шарттары мен тәртібін белгілеу;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) инвестициялық портфельді басқарушыларға осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген, инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу жөнінде қойылатын талаптарды белгілеу;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерін қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы;
3) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты тиісті талаптарды белгілеу арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттеу;
4) тиісті нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды белгілеу арқылы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;
5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлеріне және басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін кастодиан-банкте сақтау жөніндегі талаптарды белгілеу;
8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары мен ақшаны ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен үлестес емес кастодиан-банктерде ғана сақтауына қойылатын талаптарды белгiлеу;
9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты мен зейнетақы активтерiн бөлек есепке алуды жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
10) зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде әртараптандыруға және тәуекелдердi азайтуға қойылатын талаптарды белгiлеу;
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiн белгілеу;
12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жыл сайын жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
13) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдар алдындағы тұрақты есептілігі;
14) салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат берiп отыру;
15) салымшыға (алушыға) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан өзiнiң зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру мүмкiндiгiн беру;
16) салымшының (алушының) таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын толық көлемде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;
17) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледi.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi зейнетақымен қамсыздандыру саласында:
1) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді;
2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
4) судья терiс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшiн қосымша белгiленген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекiтедi;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекітеді;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын бекiтедi;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда; 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекітеді;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
6-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 6-3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-3) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қабылдайды;
8) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.