5-1) Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру холдингіне - сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерін есептеу, сондай-ақ сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру мақсаттары үшін;
6) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заң актілеріне сәйкес өзге де тұлғаларға беріледі.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді аудиторлық ұйымға «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 13-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес ұсынуы мүмкін.
6. Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтер сақтанушы, сақтандырылған адам, пайда алушы қайтыс болған соң:
1) мұрагерлерге;
2) соттарға және нотариустарға - соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың мөрi басылған жазбаша сауалы негiзiнде олардың өндiрiсіндегі мұрагерлiк iстер бойынша берiледi. Нотариустың жазбаша сауалына сақтанушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс;
3) шетелдiк консулдық мекемелерге - олардың өндiрiсіндегі мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
7. Сақтандыру қызметiн жүзеге асырудың жалпы шарттары, ұсынылатын сақтандыру қызметтерiнiң тiзбесi, сақтандыру тарифтерi, сақтандыру мерзiмдерi, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының өзге де негiзгi талаптары ашық ақпарат болып табылады және сақтандыру құпиясы мен коммерциялық құпияның нысанасы бола алмайды.
8. Сақтандырушы сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi жария еткен жағдайда сақтанушы (сақтандырылған адам, пайда алушы) келтiрiлген шығынды өтеудi, ал тиiстi жағдайларда - моральдық нұқсанның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 831-бап өзгерді
831-бап. Сақтанушының мiндеттерi
1. Сақтанушы:
1) сақтандыру шарты белгiлеген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;
2) сақтандыру тәуекелiнiң жай-күйі туралы сақтандырушыны хабардар етуге;
3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарлауға;
4) сақтандыру жағдайынан туатын залалдарды азайту үшiн шаралар қолдануға (осы Кодекстiң 829-бабының 1-тармағы);
5) сақтандыру жағдайының басталғандығы үшiн жауапты адамнан талап ету құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi (осы Кодекстiң 840-бабы).
2. Сақтандыру шартында сақтанушының басқа да мiндеттерi көзделуі мүмкін.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 832-бап өзгерді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 832-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
832-бап. Сақтанушы шарт жасасу кезінде ұсынатын мәліметтер
1. Сақтанушы шарт жасасу кезінде сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан (сақтандыру тәуекелінен) келтірілуі ықтимал залалдардың мөлшерін айқындау үшін елеулі мәні бар, сақтанушының өзіне белгілі мән-жайларды, егер бұл мән-жайлар сақтандырушыға белгілі болмаса және белгілі болуға тиісті болмаса, хабарлауға міндетті.
Сақтандырушы әзірлеген сақтандыру қағидаларында немесе шарт жасасу кезеңінде сақтанушыға жіберілген сақтандырушының жазбаша сұрау салуында айқын жазылған мән-жайлар елеулі деп танылады.
Міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген мән-жайлар елеулі деп танылады.
2. Сақтандырушының елеулі мән-жайларға қатысты жазбаша сұрау салуында көрсетілген сұрақтарға сақтанушының жауаптары болмаған кезде сақтандыру шарты жасалмайды.
Егер сақтандыру шарты сақтандырушының қандай да бір сұрақтарына сақтанушының жауаптары болмаған кезде жасалған болса, сақтандырушы сақтанушының тиісті мән-жайларды хабарламағанын негізге ала отырып, кейіннен шартты бұзуды немесе оны жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.
3. Егер шарт жасалғаннан кейін сақтанушының сақтандырушыға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлағаны анықталатын болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды және осы Кодекстің 844-бабы 1-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген салдарларды қолдануды талап етуге құқылы.
Егер сақтанушы айтпай қалған мән-жайлар қажет болмай қалса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.
01.07.03 ж. № 445-II ҚР Заңымен 833-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау
1. Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы сақтандырылатын мүлiктi қарап тексеруге және бағалауға, ал қажет болған кезде оның шынайы құнын анықтау мақсатында сараптама тағайындауға құқылы. Сақтандырылатын мүлiкке және келтiрілген зиянға сақтандырушы жүзеге асыратын бағалау сақтандырудың құрамдас бөлiгi болып табылады және қосымша лицензиялауды талап етпейдi.
2. Жеке сақтандыру шартын жасау кезiнде сақтандырушы оның нақты денсаулық жағдайына баға беру үшiн сақтандырылатын адамға тексеру жүргiзуге құқылы.
3. Сақтандырушының сақтандыру тәуекелiне осы баптың негiзiнде берген бағасы өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы үшiн мiндеттi емес.
4. Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн сақтанушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша сақтандырушы айқындайды. Қажет болған жағдайда келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) жүргiзедi. Келтiрiлген зиянды бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тараптар өзгеше дәлелдеуге құқылы.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленуі мүмкін.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 834-бап өзгерді
834-бап. Шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаю салдары
1. Мүлiктiк сақтандыру шартының қолданылуы кезеңiнде сақтанушы (сақтандырылған адам) шарт жасау кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзiне белгiлі болған елеулi өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелiн арттыруға елеулі ықпал жасайтындай болса, сақтандырушыға дереу хабарлауға мiндеттi.
Қалай болғанда да сақтандыру шартында айтылған өзгерістер елеулi деп танылады.
2. Сақтандыру тәуекелiн арттыруға әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабардар етілген сақтандырушы, шарттың талаптарын өзгертудi немесе тәуекелдiң артуымен мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеудi талап етуге құқылы.
Егер сақтанушы немесе сақтандырылған адам сақтандыру шартының талаптарын өзгертуге және сақтандырудың қосымша сыйлықақысын төлеуге қарсылық білдірсе, сақтандырушы осы Кодекстің 24-тарауында көзделген ережелерге сәйкес шартты бұзуды талап етуге құқылы.
3. Сақтанушы немесе сақтандырылған адам осы баптың тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайда сақтандырушы шартты бұзуды және шартты бұзудан болған залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
4. Егер сақтандыру тәуекелiн арттыруға әкеп соғатын мән-жайлар жоққа шығып қалған болса, сақтандырушының шартты бұзуды талап етуге құқығы жоқ.
5. Жеке сақтандыру кезiнде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiн өзгертудiң салдары, егер олар шартта тiкелей көзделген болса, басталуы мүмкiн.
ҚР 18.12.00 № 128-II; 01.07.03 ж. № 445-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 835-бап өзгертілді
835-бап. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыны хабардар ету
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне мәлiм болған соң оның басталғандығы жөнiнде сақтандырушыға немесе оның өкiлiне дереу хабарлауға мiндеттi. Егер шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде хабардар ету мерзiмi және (немесе) тәсiлi көзделсе, ол келісілген мерзiмде және шартта немесе Қазақстан Республикасының заң актiсiнде көрсетiлген тәсiлмен жасалуға тиiс.
Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, мұндай мiндет сақтандырылған адамға жүктеледi.
Егер жеке сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру жағдайы болып табылса, сақтандыру жағдайы туралы сақтандырушыға хабарлау мiндетi сақтанушыға, ал егер оның өзi бiр мезгiлде сақтандырылған адам болса - пайда алушыға жүктеледi. Бұл ретте сақтандырушыға хабарлаудың шартта белгiленген мерзiмi отыз күннен кем болмауы тиiс.
2. Пайда алушының барлық жағдайларда, мұны сақтанушының немесе сақтандырылған адамның жасаған-жасамағанына қарамастан, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға құқығы бар.
3. Егер сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушының дер кезiнде бiлгендiгi дәлелденбесе не бұл жөніндегі мәлiметтердiң сақтандырушыда болмауы оның сақтандыру төлемi мiндеттерiне ықпал етпейтiн болса, сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабар бермеу оған сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту құқығын бередi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер ол сақтанушының еркіне байланысты емес немесе сақтандыру шартымен дәлелдіге жатқызылмаған себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
836-бап. Сақтанушыны ауыстыру
1. Мүлiктi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi мұрагерлiк тәртібімен осы мүлiктi қабылдаған адамға ауысады. Меншiк құқықтары (немесе өзге де заттық құқықтары) ауысуының басқа жағдайларында сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi, егер шартта немесе заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, сақтандырушының келiсуiмен жаңа меншiк иесiне (немесе өзге де заттық құқықтардың иесiне) ауысады.
2. Жеке сақтандыру шартын сақтандырылған адамның пайдасына жасаған сақтанушы қайтыс болған жағдайда, осы шартта айқындалған құқықтар мен мiндеттер оның келiсімiмен сақтандырылған адамға ауысады. Сақтандыру шарты бойынша міндеттерді сақтандырылған адамның орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оның құқықтары мен міндеттері заң актілеріне сәйкес оның құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі мiндеттердi жүзеге асырушы тұлғаларға ауысуы мүмкiн.
3. Заңды тұлға болып табылатын сақтанушыны қайта ұйымдастырған кезде, сақтандыру шарты қолданылу кезеңіндегі оның осы шарт бойынша құқықтары мен мiндеттерi сақтандырушының келiсуiмен, осы Кодексте айқындалған тәртiппен тиiстi құқықтық мирасқорға ауысады.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 837-бап өзгерді
837-бап. Сақтандырылған адамды ауыстыру
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Зиян келтіргені үшін жауаптылық шарты бойынша сақтанушыдан өзге тұлғаның жауапкершілігі сақтандырылған жағдайда, сақтанушы, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандырушыны бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып, сақтандыру жағдайы басталғанға дейін кез келген уақытта осы тұлғаны басқамен ауыстыруға құқылы.
2. Жеке сақтандыру, сондай-ақ мүлiктiк сақтандыру шартында аталған сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам тек өзінің (топтастырылған жеке сақтандыруды қоспағанда,)және сақтандырушының келісімі бойынша ғана басқа тұлғамен ауыстырылуы мүмкiн.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Егер үшінші тұлғаны сақтандыру Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарынан туындайтын болса, сақтандырылушыны ауыстыру Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және соларға негізделген шартпен жүзеге асырылады.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 838-бап өзгерді
838-бап. Пайда алушыны ауыстыру
1. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға денiн сақтандырылған адам болып табылмайтын, сақтандыру шартында аталған пайда алушыны, бұл жөнiнде сақтандырушыны жазбаша хабардар етіп, басқа адаммен ауыстыруға құқылы.
2. Пайда алушыны оның сақтанушымен жасаған келісімiнен туындайтын белгiлi бiр мiндеттердi сақтандыру шарты бойынша орындағаннан немесе сақтандырушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөніндегі талап қойғаннан кейін басқа адаммен ауыстыруға болмайды.
3. Сақтандырылған адам болып табылатын пайда алушыны ауыстыру осы Кодекстің 837-бабында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес839-бап өзгерді
839-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының, қажетті қорғану және аса қажетті жағдайда жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, сақтандыру жағдайын тудыруға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана жасалған іс-әрекетінің;
2) сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
Егер сақтандыру жағдайы жауаптылықта сақтандыру объектiсi болып табылатын тұлғаның кiнәсiнен болса, онда сақтандырушы азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылмайды.
Сақтандырушы сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер өлiм өзiн-өзi өлтiрудiң салдарынан болса және осы уақытқа дейiн сақтандыру шарты кемiнде екi жыл қолданылып келсе, жеке сақтандыру шарты бойынша төленуге тиiс сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылмайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өз еркiмен сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмегендiктен, егер сақтандыру жағдайы:
1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк зақымданудың әсерi;
2) әскери қимылдардың;
3) азамат соғысының, алуан түрлі халық толқуларының, жаппай тәртiп бұзушылықтардың немесе ереуiлдердiң салдарынан басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
3. Мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмегендiктен, сақтандырушы алып қою, тәркілеу, реквизициялау, тұтқындау немесе мемлекеттік органдардың өкімімен сақтандырылған мүліктерді жою салдарынан болған залалдар үшін сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
4. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн мыналар да:
1) сақтанушының сақтандырушыға, сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлауы;
2) сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбауы (осы Кодекстiң 829-бабы);
3) сақтанушының залалдар келтiруге кiнәлi тұлғадан мүлiктiк сақтандыру бойынша залалдарға тиiстi өтем алуы;
4) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайын тексеруде және одан келген залалдардың мөлшерiн белгiлеуде сақтандырушыға кедергi жасауы;
5) сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабарламау (осы Кодекстiң 835-бабы);
6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталғандығы үшін жауапты адамға талап қою құқықтарынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға талап ету құқығын өткізу үшiн қажеттi құжаттарды беруден бас тартуы (осы Кодекстiң 840-бабы). Егер сақтандыру өтемi ендiгi төленiп қойған болса, сақтандырушы оның толық немесе iшiнара қайтарылуын талап етуге құқылы;
7) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайлар негiз болуы мүмкiн.
5. Сақтандырушыны сақтанушының алдындағы сақтандыру жауаптылығынан оның осы бапта көзделген заңсыз iс-қимылдарының себептерi бойынша босату, сақтандырушыны сонымен бiр мезгiлде сақтандырылған адамға немесе пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан да босатады.
6. Сақтандыру шартының талаптары бойынша, егер бұл заң актілеріне қайшы келмейтiн болса, сақтандыру төлемінен бас тартудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.
7. Сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және ол бас тартудың дәлелдi негiздерiмен жазбаша нысанда сақтанушыға хабарланады.
8. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргізуден бас тартуына сақтанушы сотқа шағымдануы мүмкін.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 840-бап өзгерді
840-бап. Сақтанушының залалдарды өтеу құқықтарының сақтандырушыға ауысуы (суброгация)
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Егер мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға сол төленген соманың шегiнде, сақтандыру нәтижесiнде өтелген залалдар үшiн жауапты адамға қоятын сақтанушының (сақтандырылған адамның) талап қою құқығы ауысады. Алайда қасақана залал келтiрген адамға талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын жоққа шығаратын шарт талабы маңызсыз болады.
2. Сақтандырушыға ауысқан талап қою құқығы сақтанушы (сақтандырылған адам) мен залалдар үшiн жауапты адамның арасындағы қатынасты реттейтiн ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
3. Сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандыру төлемiн алған кезде сақтандырушыға барлық құжаттар мен айғақтарды беруге және оған талап қою құқықтарын жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi.
4. Егер сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандырушы төлеген шығындар үшiн жауап беретiн адамға талап қою құқықтарынан бас тартса немесе сақтанушының (сақтандырылған адамның) кiнәсiнен бұл құқықты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн толық немесе тиiсiнше оның бiр бөлiгiн жүзеге асырудан босатылады және артық төлеген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 841-бап өзгертілді; 2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 841-бап өзгертілді
841-бап. Сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Осы Кодексте көзделген мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiнен басқа, сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
1) сақтандыру объектiсi өмiр сүруiн тоқтатқан;
2) сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам қайтыс болғанда, ол ауыстырылмаған (осы Кодекстiң 815-бабының 8-тармағы);
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сақтанушы мүлiктiк сақтандыру объектiсiн өз иелiгiнен шығарған, егер сақтандырушы сақтанушыны ауыстыруға қарсылық білдірсе, ал шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмеген осы Кодекстiң 836-бабының 1-тармағы);
4) өзiнiң кәсiпкерлiк тәуекелiн немесе осы қызметке байланысты азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандырған сақтанушы белгiленген тәртiппен кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан;
5) сақтандыру жағдайының басталу мүмкiндiгi жойылған және сақтандыру жағдайынан басқа жағдайлар бойынша сақтандыру тәуекелiнiң болуы тоқтатылған;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы (қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы) шешімі заңды күшіне енген, уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;
7) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен ресімдеген сақтандыру полисіне енгізілген талаптар мен мәліметтер өзгертілген;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Аталған жағдайларда шартты тоқтату үшiн негiз ретiнде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап шарт тоқтатылған болып есептеледi, бұл туралы мүдделi тарап дереу екiншiсiн хабардар етуге тиiс.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1-1- тармақпен толықтырылды
1-1. Егер жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтанушы шарт жасасқан күннен бастап он төртінен отызына дейінгі кезеңде оны біржақты тәртіппен бұзса, онда сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының сомасынан алынған жиырма проценттен аспайтын, сақтандырушы көтерген шығыстар шегеріле отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтанушыға қайтаруға міндетті.
2. Сақтанушы сақтандыру шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы.
ҚР 18.12.00 ж. № 128-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 842-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 842-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
842-бап. Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары
1. Жинақтаушы емес сақтандыру шарты осы Кодекстiң 841-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының осы сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлiгiне құқығы бap. Сақтандырушыны тарату кезiнде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жинақтаушы сақтандыру шарты осы Кодекстің 841-бабының 1-тармағының 6) тармақшасында және осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сатып алу сомасы шартта белгіленген мөлшерде ғана және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес қайтарылуға тиіс.
2. Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде (осы Кодекстiң 841-бабының 2-тармағы), егер бұл осы Кодекстiң 841-бабының 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтарылуға жатпайды.
3. Сақтандыру шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы шарт талаптарының сақтандырушының кiнәсiне байланысты орындалмауынан болған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын оған толық қайтаруға мiндеттi.
843-бап. Сақтандыру шартының жарамсыздығы
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мәмілелер жарамсыздығының осы Кодексте көзделген жалпы негіздерінен басқа, сақтандыру шарты, егер:
1) соттың заңды күшіне енген тиісті шешімі негізінде тәркілеуге жататын мүлік не қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық құқық бұзушылық нысанасы болып табылатын мүлік сақтандыру объектісі болып табылса;
2) сақтандыру жағдайы ретінде осы Кодекстің 817-бабының 3-тармағында көзделген белгілерден айырылған оқиға көзделсе;
3) шарт талаптары сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыру мүмкіндігін болғызбаса;
4) сақтанушы шарт жасасу кезінде құқыққа сыйымсыз, оның ішінде сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін шарт жасасу арқылы пайда табуды көрінеу мақсат еткен болса;
5) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру мүддесі болмаса;
6) тараптар арасында шарттың осы Кодекстің 826-бабының 1-тармағында көзделген елеулі талаптары туралы келісім болмаса, жарамсыз деп танылады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру шарты мына жағдайларда: