Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы өзіне қатысты іс қаралатын азамат, егер оның сот отырысына қатысуы оның өмірі немесе денсаулығы үшін не айналасындағылардың өмірі немесе денсаулығы үшін қауіп төндірмесе, сот отырысына шақырылуға тиіс. Адам өз ұстанымын өзі не өкілдері арқылы баяндауға құқылы.
Егер адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс бойынша сот отырысына азаматтың өзінің қатысуы оның өмірі немесе денсаулығы үшін не айналасындағылардың өмірі немесе денсаулығы үшін қауіп төндірсе, іс оның тұратын жері бойынша сотта қаралады. Іс стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымда немесе психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдар үшін әлеуметтік қызмет көрсететін стационарлық мекемеде азаматтың өзінің қатысуымен қаралуы мүмкін.
2. Көрсетілген санаттағы істерді қарау кезінде арыз беруші сот шығындарын төлеуден босатылады. Сот арыз берген адамның азаматтың әрекет қабілетін көрінеу негізсіз шектеу немесе одан айыру мақсаттарында теріс пиғылды әрекет жасағанын анықтап, одан істі қарауға байланысты барлық сот шығындарын өндіріп алады.
327-бап. Арыз бойынша соттың шешімі
1. Егер азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тануға, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өзінің жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше билік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы негіздердің болмау фактісін анықтаса, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
2. Азаматтың әрекетке қабілетін шектеу туралы, сондай-ақ он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз еңбекақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше иелік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршы тағайындауы үшін негіз болып табылады.
3. Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қорғаншы тағайындауы үшін негіз болып табылады.
4. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз азаматқа қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғаны туралы он күн мерзімде сотқа хабарлауға міндетті.
5. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азамат осы Кодексте көзделген тәртіппен сот шешіміне шағым жасауға құқылы.
328-бап. Азаматты әрекетке қабілетті деп тану
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-бабының екінші тармағында, 27-бабының екінші тармағында көзделген жағдайларда сот азаматтың өзінің, оның отбасы мүшесінің, жақын туысының, қамқоршының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, психиатриялық диспансердің арызы бойынша азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше билік ету құқығын шектеудің күшін жою немесе одан айырудың күшін жою туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде оған белгіленген қамқоршылық күшін жояды.
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 26-бабының үшінші тармағында көзделген жағдайларда сот қорғаншының, психиатриялық емдеу мекемесінің, отбасы мүшесінің, жақын туысының, прокурордың, психиатриялық (психоневрологиялық) мекеменің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша сот-психиатриялық сараптаманың тиісті қорытындысы негізінде сауыққан немесе денсаулығы едәуір жақсарған адамды әрекетке қабілетті деп тану туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қорғаншылық күшін жояды.
36-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЫ ТОЛЫҒЫМЕН ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІ (ЭМАНСИПАЦИЯ) ДЕП ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
329-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арыз беру
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-1-бабында көзделген жағдайда он алты жасқа толған, кәмелетке толмаған бала өзін толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызбен өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіне алады.
2. Кәмелетке толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот ата-аналарының (ата-анасының біреуінің), баланы асырап алушылардың немесе қамқоршысының кәмелетке толмағанды әрекетке толығымен қабілетті деп жариялауға келісімі болмаған кезде қабылдайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 330-бап жаңа редакцияда
330-бап. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды қарау
Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот арыз берушінің, ата-анасының (ата-анасының біреуінің), бала асырап алушылардың (бала асырап алушының), қамқоршының, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.
Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде, қозғалған іс бойынша процесте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған адамның мүдделерін білдіруі және қорғауы үшін ресми өкіл - адвокатты тағайындау туралы мәселені шешеді.
Ресми өкіл - адвокат заңды өкілдің өкілеттіктеріне ие болады.
331-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды мәні бойынша қарап, арыз берушіні қанағаттандыратын немесе қанағаттандырудан бас тартатын шешім қабылдайды.
2. Арыз қанағаттандырылған кезде он алты жасқа толған, кәмелетке толмаған бала эмансипация туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап толығымен әрекетке қабілетті (эмансипацияланған) деп жарияланады.
37-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА НЕМЕСЕ ЕРЕКШЕ РЕЖИМДЕ ҰСТАЙТЫН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНА ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
332-бап. Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру
1. Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына орналастыру туралы арызды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган не ішкі істер органы, ал ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына ішкі істер органы баланың тұрғылықты жері (орналасқан жері) бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа береді.
2. Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы арызда мән-жайлар жазылуға және арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу үшін заңда көзделген негіздердің бар-жоғы туралы және кәмелетке толмағанның оны көрсетілген білім беру ұйымында ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін ауруының жоқ екендігі туралы куәландыратын құжаттар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қаулысы ұсынылуға тиіс.
333-бап. Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы арызды қарау
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сотқа кәмелетке толмаған адам, оның заңды өкілдері, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өкілдері, сондай-ақ соттың қалауы бойынша өзге де адамдар шақырылады.
Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде, қозғалған іс бойынша процесте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған адамның мүдделерін білдіруі және қорғауы үшін ресми өкіл - адвокатты тағайындайды.
Ресми өкіл - адвокат заңды өкілдің өкілеттіктеріне ие болады.
2. Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы арызды қарауға прокурордың қатысуы міндетті болып табылады.
3. Арыз беруші кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.
334-бап. Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру үшін негіз болып табылады.
3. Кәмелетке толмаған адамның арнаулы білім беру ұйымында немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болу мерзімі шешім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
38-тарау. АЗАМАТТЫ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРҒА МӘЖБҮРЛЕП ЖАТҚЫЗУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
335-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру
1. Азаматты оның келісімінсіз психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымның өкілі психиатриялық ұйым орналасқан жердегі сотқа береді.
2. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиісті арызға адамды психиатриялық стационарға жатқызудың және оны емдеудің негізділігі туралы шешім қабылдаған психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының уәжді қорытындысы қоса беріледі.
336-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру мерзімі
2017.10.02. № 45-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап жетпіс екі сағаттан кешіктірілмей сотқа беріледі.
Сот шешімі шығарылғанға дейін азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарларға жол бермеу мақсатында ғана рұқсат етіледі.
Психиатриялық ұйымның әкімшілігі соттың шешімінсіз мәжбүрлеп жатқызудың әрбір жағдайы бойынша азаматты психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді.
2. Істі қозғай отырып, судья бір мезгілде азаматтың психиатриялық стационарда болу уақытын арызды сотта қарау үшін қажетті мерзімге ұзартады.
337-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды қарау
1. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды судья іс қозғалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Сот отырысы соттың немесе адам жатқызылған психиатриялық ұйымның үй-жайында өткізіледі. Егер психиатриялық ұйымның өкілінен алынған мәліметтер бойынша ол адамның психикалық жай-күйі оған психиатриялық ұйымның үй-жайында өткізілетін сот отырысына жеке өзінің қатысуына мүмкіндік берсе, азаматтың өзін ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы іс бойынша сот отырысына жеке өзінің қатысуына құқығы бар.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде, қозғалған іс бойынша процесте азаматтың мүдделерін білдіруі және қорғауы үшін ресми өкіл - адвокатты тағайындайды.
Ресми өкіл - адвокат заңды өкілдің өкілеттіктеріне ие болады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Іс азамат емдеуге жатқызылған және істің қозғалуына бастамашы болған медициналық ұйым өкілінің және өзіне қатысты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы мәселе шешіліп жатқан азамат өкілдерінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің және басқа да мүдделі адамдардың қатысуымен қаралады.
338-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім азаматты емдеу үшін ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және заңда белгіленген мерзімге психиатриялық стационарда одан әрі ұстау үшін негіз болып табылады.
339-бап. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз беру және оны қарау
1. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін алты айдан астам ұзарту туралы арызды стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйым психиатриялық ұйым орналасқан жердегі сотқа береді.
2. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шығарылған психиатр-дәрігерлер комиссиясының ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы қорытындысы қоса беріледі.
3. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз осы Кодекстің 337-бабында көзделген тәртіппен қаралады.
340-бап. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда осы арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру туралы сот шешімі мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзарту үшін негіз болып табылады.
3. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау туралы сот шешімі психиатриялық ұйымнан шығару үшін негіз болып табылады.
39-тарау. АЛКОГОЛИЗММЕН, НАШАҚОРЛЫҚПЕН НЕМЕСЕ УЫТҚҰМАРЛЫҚПЕН АУЫРАТЫН АЗАМАТТЫ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМҒА МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУГЕ ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
341-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арыз беру
1. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымға оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызды науқастың туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ішкі істер органдарының, прокуратураның, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасымен науқастың тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының өкілі береді.
Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, тұрақты тұрғылықты жері жоқ науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы мәселе шешілген жағдайда арызды осы арыз берілген кездегі науқастың орналасқан жері бойынша ішкі істер органдары береді.
2. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиісті арызға адамды алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп тану және оған мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану қажеттігі туралы уәжді медициналық қорытынды қоса беріледі.
342-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арызды қарау
1. Судья азаматты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арызды арыз іс жүргізуге қабылданған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
2. Іс мәжбүрлеп емделуге жіберілетін науқастың, істің қозғалуына бастамашы болған денсаулық сақтау және ішкі істер органдары өкілінің, науқастың туыстарының, еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен қаралады.
Өзіне қатысты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы іс қозғалған науқас сот отырысына келуден жалтарған жағдайда, сот оны ішкі істер органдары арқылы мәжбүрлеп әкеледі.
343-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім азаматты заңда белгіленген мерзімге наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеу үшін жіберуге негіз болып табылады.
344-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз беру және оны қарау
1. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімі заңда көзделген жағдайларда, наркологиялық ұйым орналасқан жер бойынша осы ұйымның әкімшілігінің арызымен ұзартылуы мүмкін.
2. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзарту туралы арызға мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзартудың қажеттігі туралы медициналық қорытынды қоса беріледі.
345-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда осы арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру туралы сот шешімі алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзарту үшін негіз болып табылады.
3. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау туралы сот шешімі оны наркологиялық ұйымнан шығару үшін негіз болып табылады.
40-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН ЖӘНЕ ЕМДЕЛУДЕН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕН АЗАМАТТЫ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
346-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз беру
1. Туберкулезбен ауыратын азаматты оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеу туралы арызды денсаулық сақтау органдарының (ұйымдарының) өкілі осы науқасты медициналық (диспансерлік) қадағалауды жүзеге асыратын туберкулезге қарсы мекеменің орналасқан жері бойынша немесе науқастың тұрғылықты жері бойынша сотқа береді.
2. Туберкулезбен ауыратын азаматты оның келісімінсіз емдеу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиісті арызға денсаулық сақтау ұйымының науқасты туберкулезбен ауырады деп тану туралы қорытындысы, сондай-ақ науқастың дәрігер тағайындаған емнен бас тартуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
3. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінен босатылатын, туберкулезбен ауыратын азаматқа қатысты арызды түзеу мекемесінің әкімшілігі жазалау мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей түзеу мекемесінің орналасқан жері бойынша сотқа береді.
347-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арызды қарау
1. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арызды судья арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
2. Іс мәжбүрлеп емделуге жіберілетін азаматтың қатысуымен сот отырысы залында не осы науқасқа медициналық (диспансерлік) бақылауды жүзеге асыратын туберкулезге қарсы мекеменің орналасқан жері бойынша қаралады.
Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымның, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің және прокурордың деректері бойынша адам аурудың таралу қатеріне байланысты айналасындағылар үшін қауіп төндіретін жағдайда, іс адамның қатысуынсыз не бар болған кезде бейнеконференцбайланыс құралдары пайдаланыла отырып қаралуы мүмкін.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Іс азаматтың, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыну енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қаралады.
348-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім туберкулезбен ауыратын азаматты туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға заңда белгіленген мерзімге мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін негіз болып табылады.
3. Туберкулезбен ауыратын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылатын, жазаны өтеу кезеңінде толық емделу курсынан өтпеген азаматты мәжбүрлеп емдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген тәртіппен босатылған жері бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда жүзеге асырылады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Туберкулезбен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.
5. Туберкулезбен ауыратын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылатын азаматты жіберу туралы сот шешімін орындауды осы мекемеге хабарлау негізінде ішкі істер органдары жүзеге асырады.
41-тарау. ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ЖӘНЕ БАНК КОНГЛОМЕРАТЫНА БАС ҰЙЫМ РЕТІНДЕ КIРЕТIН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ҰЙЫМДАРДЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
349-бап. Қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарау
Қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктерімен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот қарайды.
Осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда банк конгломератына бас ұйым ретінде кiретiн және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.
350-бап. Қайта құрылымдау туралы арыз беру
1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қаржы ұйымы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа береді.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау үшін заңда көзделген негіз көрсетілуге тиісті қайта құрылымдау туралы арызға:
1) қаржы ұйымы директорлар кеңесінің қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен қаржы ұйымын қайта құрылымдау мәселелері бойынша жазбаша келісімі;
3) мынадай ақпарат:
қайта құрылымдауды жүргізу тәртібі мен мерзімі;
қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелердің тізбесі;
қайта құрылымдау шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар;
активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынатын болжамды қаржылық нәтижелер;
қызметте қолданылатын шектеулер қамтылған қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарының жобасы қоса беріледі.
351-бап. Арызды қарау
Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды оны соттың іс жүргізуіне қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
352-бап. Арыз бойынша сот шешімі
1. Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қарап, қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім шығарады, онда:
1) қаржы ұйымының атауы;
2) қайта құрылымдау мерзімі және қайта құрылымдауды жүргізуге, кредиторлар жиналысын шақыруға және өткізуге жауапты қаржы ұйымының лауазымды адамдары белгілене отырып, қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап:
1) мыналар:
қайта құрылымдау болжанып отырған мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің бұрын қабылдаған шешiмдерiнің;
міндеттемелері қайта құрылымдалады деп болжанып отырған, қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі күшіне енгенге дейін және қаржы ұйымын қайта құрылымдау кезеңінде мәлімделген қаржы ұйымы кредиторлары талаптарының орындалуы тоқтатыла тұрады;
2) қаржы ұйымының мүлкін өндіріп алуға қолдануға жол берілмейді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді