Егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса, талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады;
3) осы Кодекстің 432-бабында көрсетілген қосылған құн салығының расталған асып кету сомасын осы Кодекстің 104-бабына сәйкес қайтару және (немесе) есепке жатқызу жүргізілген жағдайда, қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелеріне шағым жасау қорытындысы бойынша расталған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
6. Осы баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талаппен қоса қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсырған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.
7. Талап қоюдың ескіру мерзімі:
1) салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға;
2) салық төлеуші осы баптың 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезең үшін залалдарды ауыстыру бөлігінде өзгерістермен және толықтырулармен қоса қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда, бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) оның есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік үш жылға;
3) мынадай:
салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын бөлігінде шағым жасаған;
бейрезиденттің халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтініші қаралған;
халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге бейрезидент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасаған;
осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілген салық органының шешіміне бейрезиденттің шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге бейрезидент шағым жасаған жағдайларда шағымды (арызды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін;
4) уәкілетті орган осы Кодекстің 221-бабына сәйкес өзара келісу рәсімін жүргізген жағдайда - уәкілетті органның және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органының өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша қабылдаған шешімі орындалғанға дейін;
5) осындай хабарламада көрсетілген мәселе бойынша ескіру мерзімі өткенге дейін жіберілген және табыс етілген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанға дейін;
6) деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша ұсынымдар табыс етілген күннен бастап деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін;
7) егер инвестор халықаралық төрелікте талқылауға бастама жасаған болса, онда салық органы инвестор шағым жасаған кезеңнен бастап және осы төрелік талқылау бойынша түпкілікті шешім шығарылған кезге дейінгі кезең үшін инвестор талқылауға бастама жасаған салық төлеушінің салықтарын және бюджетке төленетін төлемдерін есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы - осындай төрелік талқылау аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде ұзартылады.
8. Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзімі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық дайындап, берген және оны салық органы қараған;
2) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салықтық тексеру жүргізу уақытында сұрау салулар жолданған және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алынған кезеңге тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қоюдың ескіру мерзімі оның тоқтатыла тұрғаны ескеріле отырып, жеті жылдан аспауға тиіс;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген салықтық тексеру жағдайында салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
9. Жеке кәсiпкерлік субъектiсiмен іс жүзінде тауарлар тиеп-жөнелтілмей, жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей жасалған, шот-фактураны жазып беру әрекеті (әрекеттері) бойынша салықтарды және бюджетке төленетiн төлемдердi есепке жазуды немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауды салық органы заңды күшіне енген сот шешімі, үкiмi, қаулысы негізінде салықтық мiндеттеме және (немесе) талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі шегiнде жүргiзедi.
10. Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы, осы Кодекстің 108-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, ағымдағы жыл және алдыңғы күнтізбелік бес жыл ішінде төленген сомалар шегінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады.».
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1-бап. Салық кодексінің 82-бабы 2-тармағының бірінші және екінші бөліктерінің ережелеріне қарамастан, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне көшу үшін қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметтің мынадай түрлерінің тек қана біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруға байланысты қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілерде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беру жөнінде міндеттеме туындамайды деп белгіленсін:
№ р/с | ОҚЖС | Қызмет түрлері |
1. | 55.10.1* | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан қонақүйлерді қоспағанда, мейрамханалары бар қонақүйлердің қызметтер көрсетуі |
2. | 55.10.3* | Ресми іс-шараларға арналған мейрамханалары бар қонақүй қызметтерін көрсету |
3. | 56.10.1 | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан объектілердің қызметін қоспағанда, мейрамханалардың кызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
4. | 56.10.2 | Мейрамханалардың қызметі және жол бойындағы белдеулерде орналасқан объектілердің тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер көрсетуі |
5. | 56.21.0 | Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу және тамақтандырумен қамтамасыз ету бойынша өзге қызмет |
6. | 56.29.1 | Елді мекендерден тыс жерде тамақтануды ұйымдастырудың өзге түрлері |
7. | 56.29.2 | Жолаушылар пойыздарында тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері |
8. | 56.29.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, тамақтануды қамтамасыз ету жөніндегі өзге қызмет |
*қонақүйлердің қызметтер (қонақүй қызметтерін) көрсетуін қоспағанда.
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2-бап. Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінің ережелеріне қарамастан, Салық кодексінің 679-бабының 8-1-тармағы екінші бөлігінің ережелерін қолданатын салық төлеушілер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті осы Заңның 57-16-бабында көрсетілген қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күні ұсынады деп белгіленсін.
8-бап. Салық кодексінің 104-бабы 1 және 2-тармақтарының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы бойынша осы Кодекстің 431, 432 және 434-баптарына сәйкес қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару ұсынылған салықтық өтініш негізінде осы Кодекстің 102-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізу және (немесе) салық төлеушінің банктік шотына аудару арқылы жүргізіледі.
2. Осы Кодекстiң 429, 431, 432 және 434-баптарына сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кету сомасы салық органы қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруға төлем құжатын жасаған күнге қосылған құн салығы бойынша жеке шоттағы қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасынан аспауға тиiс.».
9-бап. Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағы 7) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«7) салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама - салықтық берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрілмей;».
10-бап. Салық кодексінің 115-бабы 1-тармағы екінші бөлігі 2) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«Бұл тәсіл осы Кодекстің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.».
11-бап. Салық кодексінің 116-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің және 5-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы нормалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану басталғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне), осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі.»;
«5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.».
12-бап. Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«3) салықтық берешек өтелмеген жағдайда - осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң;».
13-бап. Салық кодексінің 119-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салықтық берешек өтелмеген жағдайда, салық органы салықтық берешек есебіне салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.».
14-бап. Мыналар:
1) Салық кодексінің 120-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының және 2) тармақшасы екінші бөлігі үшінші абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы нормалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1) салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама алынған күннен бастап он бес жұмыс күнi өткен соң салықтық берешек өтелмеген жағдайда;»;
«салық төлеуші (салық агенті) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінен алып тасталған күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң жүргізеді.»;
2) Салық кодексінің 120-бабы 5-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«2) электрондық тәсілмен жіберілгенде - салық органының шешімі веб-қосымшаға жеткізілген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады;».
15-бап. Салық кодексінің 121-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым жасалған жағдайлардан басқа кезде, салық органдары салық төлеушінің - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.».
16-бап. Салық кодексінің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң салықтық берешек сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайларда, салық органы салықтық берешек сомасын салық төлеушінің - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.».
17-бап. Салық кодексінің 123-бабы 1-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Салық төлеушінің - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның банктік шоттары болмаған жағдайларда, салық органы түзілген салықтық берешек шегінде салық төлеушінің (салық агентінің) алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі - дебиторлар) банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолданады.».
18-бап. Салық кодексінің 124-бабы 1-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1. Осы Кодекстің 121-бабының 1-тармағында аталған салық төлеушінің банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда, салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шығарады.
Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелері қоса беріле отырып, уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.».
19-бап. Салық кодексінің 17-тарауының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тарау мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«17-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі
136-бап. Жалпы ережелер
1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделеді және тәуекелді анықтау және оның алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салықтық бақылаудың нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіруі мүмкін және (немесе) келтіре алатын салықтық міндеттемені орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы тәуекел болып табылады.
3. Салық органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мақсаттары:
1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді ұлғайту.
4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:
1) салықтық тексерулер жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу;
2) қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау;
3) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтың тәуекел дәрежесін айқындау;
4) осы Кодекстiң 434-бабының ережелерi ескерiле отырып, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiне құқықты айқындау мақсатында пайдаланылады.
5. Тәуекелдерді басқару жүйесі ақпараттық жүйелерді қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
137-бап. Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары
Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салықтық есептіліктің деректеріне, уәкілетті мемлекеттік органдардан алған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.
Мұндай талдаудың нәтижелерін салық органдары осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.
Уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін өлшемшарттарды қоспағанда, осы Кодекстің 136-бабы 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары құпия (қызметтік) ақпарат болып табылады.
Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.».
20-бап. Салық кодексінің 142-бабы 1-тармағы 17) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«17) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;».
21-бап. Салық кодексінің 146-бабы 7-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 431-бабында көзделген мерзімдер сақтала отырып белгіленеді.».
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. Салық кодексінің 166-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«166-бап. Жалпы ережелер
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:
1) жеке тұлғалардың;
2) адвокаттар мен медиаторлардың;
3) қызметін:
патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;
ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде;
арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);
4) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;
6) екінші деңгейдегі банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
3. Салық төлеушілер қолданатын бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке алу:
1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;
2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;
3) бақылау-касса машинасын есептен шығаруды қамтиды.
4. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары бақылау-касса машиналарымен жарақтандыруға жатады.
5. Ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану міндеті бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, уәкілетті орган белгілеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.
Осы тармақтың ережелерi қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылмайды.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға жатады.
6. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:
1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;
2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;
3) бақылау-касса машинасына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
7. Бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:
1) салық төлеушінің атауы;
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;
4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
5) чектің реттік нөмірі;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақыт;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы және (немесе) сатып алу сомасы;
8) фискалдық белгі;
9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері.
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пункттерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі қосымша сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
8. Бақылау-касса машинасының чегі қосымша бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасын көрсететін деректерді қамтуы мүмкін.
9. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«166-бап. Жалпы ережелер
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.