3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай қолданылған кезеңде бастапқы құжаттардың көшірмелері (сканерленген көшірмелер) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған айдан кейінгі жеті ай ішінде бастапқы құжаттар түпнұсқаларын ресімдеу шартымен есепке алу құжаттамасы ретінде танылады деп белгіленсін.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 57-8-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-8-бап. Жер қойнауын пайдаланушылар Салық кодексінің 766-бабының 1-тармағында көзделген және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап осы бап қолданысқа енгізілгенге дейінгі кезеңде жасалған көмірсутектерді бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша осы бап қолданысқа енгізілгеннен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешіктірмей жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындаудың баламалы тәртібін қолдану туралы хабарлама жіберуге құқылы деп белгіленсін.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 57-9-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-9-бап. Осы норма қолданысқа енгізілген күнгі жағдай бойынша жеке сот орындаушыларының жеке шоттарында есепте тұрған немесе 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген (есепке жазылған) аукциондардан алым бойынша бересі сомасы, сондай-ақ осындай бересінің сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды, бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығарылуға жатады. Жеке сот орындаушылары төлеген аукциондардан алым сомаларын қайта есептеу және қайтару жүргізілмейді.
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 57-10-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-10-бап. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған кешенді салықтық тексерулер қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселесі қосылмай аяқталады деп белгіленсін.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 57-11-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-11-бап. Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі бар төлеушілер тіркейтін, шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылға дейінгі N3 санатындағы көлік құралдарына (ершікті тартқыштар) қатысты 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін Салық кодексінің 553-бабының 4-тармағында белгіленген, механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемелері қолданылмайды деп белгіленсін.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 57-12-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-12-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімдерінің экспортын растау мақсаттары үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін қолдануға болады деп белгіленсін.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 57-13-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-13-бап. 2018 жылғы 1 қаңтар - 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында лотерея операторы лотерея билеттерін, квитанцияларды немесе өзге де құжаттарды өткізген кездегі айналым мөлшері өткізілген лотерея билеттерінің, квитанциялар мен өзге де құжаттардың құны мен лотереяға қатысушыларға төленген ұтыстар, сондай-ақ салықтық емес төлем түрінде бюджетке есепке жатқызуға жататын талап етілмеген ұтыстар арасындағы оң айырма мөлшерінде айқындалады деп белгіленсін.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 57-14-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-14-бап. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер Салық кодексінде көзделген белгіленген мерзімдерде аяқталады деп белгіленсін.
2023.06.02. № 196-VІІ ҚР Заңымен 57-15-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
57-15-бап. 550-бапта:
1) 1-тармақтың қолданысы 2023 жылғы 1 сәуірден 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Салық органдары, жергілікті атқарушы органдар және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар:
1) тіркеу іс-әрекеттерін;
2) цифрлық майнерлерге берілетін рұқсат беру құжаттарын қоспағанда, рұқсат беру құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру жөніндегі әрекеттерді жасаған кезде алатын бюджетке төленетін біржолғы төлемдер алымдар болып табылады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін рұқсат беру құжаттары деп қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган беретін келісімдер және салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда беретін, «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын, рұқсаттарға жатпайтын құжат түсініледі.»;
2) 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелеріне қарамастан, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында берілетін цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялар бергені үшін алым лицензия алған жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін осы Кодекстің 554-бабының 4-тармағында көзделген мөлшерде төленеді.
Алым мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және лицензиялық алым төленген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінде айқындалады.»;
2023.06.02. № 196-VІІ ҚР Заңымен 57-16-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
57-16-бап. Салық кодексінің 552-бабы 1-тармағының қолданысы 2023 жылғы 1 сәуірден 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Алымдар сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және алымдарды төлеушінің орналасқан жері бойынша, осы Кодекстің 550-бабының 3-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті құжаттар уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға берілгенге дейін немесе рұқсат беру құжаттарын алғанға дейін төленеді.».
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 57-15-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-15-бап. Салық кодексінің 679-бабы 8-тармағының 3) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3) қалған жағдайларда - егер осы баптың 8-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-і күні.».
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 57-16-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-16-бап. Салық кодексінің 679-бабы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңге мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.
Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілер қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күннен бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.».
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 57-17-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 57-17-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
57-17-бап. Салық кодексінің 696-3-бабы 5-тармағы үшінші абзацының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.»;
2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін:
«Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 31 наурызынан кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
58-бап. Салық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 10, 23-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 49, 53, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):
бұған 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын 317 - 324-баптар;
2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын 20-баптың 1-тармағы 22) тармақшасының төртінші абзацы, 571-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы, 573-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы, 627-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацы, 9-тармағы 2) тармақшасы бірінші бөлігінің жиырмасыншы абзацы, 638-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы;
2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін бейрезидентке ашылған және салық органында тіркелген шартты банк салымы туралы шарт бойынша - 46-баптың 8-тармағы, 193-баптың 5-тармағының 9) тармақшасы, 216, 217, 218, 219-баптар, 610-баптың 4-тармағы, 627-баптың 5-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының он үшінші және он жетінші абзацтары, 9-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының он сегізінші, жиырма үшінші абзацтары, 629-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы, 635-1-бап кірмейді;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 25 желтоқсан
№ 121-VI ҚРЗ