760-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза кірісіне салықты есептеу сомасы
Осы тараудың мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза кірісіне салықтың есеп айырысу сомасы салықтық кезең үшін осы Кодекстің 313-бабының 3-тармағында белгіленген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза кірісіне салықтық мөлшерлеме мен осы Кодекстің 652-бабында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша есептелген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза кірісіне салық салу объектісінің көбейтіндісі ретінде айқындалады.
761-бап. Есептеу тәртібі
1. Салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің 762-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына жинақтап қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектісінің әрбір бөлігіне қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін жер қойнауын пайдаланушы:
1) салық салу объектісін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектіні айқындайды;
2) осы Кодекстің 762-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлудің шекті сомаларын мынадай тәртіппен:
1, 2, 3, 4, 5 және 6-деңгейлер үшін - осы Кодекстің 762-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген әрбір деңгей үшін пайыз бен үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының көбейтіндісі ретінде;
7-деңгей үшін:
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан көп болған жағдайда - үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сома арасындағы айырма ретінде;
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан аз немесе оған тең болған жағдайда - нөл ретінде айқындайды;
3) осы Кодекстің 762-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін салықтық кезеңде іс жүзінде алынған таза кірісті мынадай тәртіппен бөледі:
1-деңгей үшін:
егер салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы бірінші деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасынан асса, онда таза кірістің бірінші деңгей үшін бөлінген бөлігі бірінші деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасына тең болады;
егер салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы бірінші деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасынан аз болса, онда таза кірістің бірінші деңгей үшін бөлінген бөлігі салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасына тең болады. Бұл ретте келесі деңгейлер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлу жүргізілмейді;
2, 3, 4, 5, 6 және 7-деңгейлер үшін:
егер салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза кірістің бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасынан асса немесе соған тең болса, онда осы деңгей үшін таза кірістің бөлінген бөлігі осы тиісті деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасына тең болады;
егер салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза кірістің бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасынан аз болса, онда осы деңгей үшін таза кірістің бөлінген бөлігі осындай айырмаға тең болады.
Бұл ретте келесі деңгейлер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлу жүргізілмейді.
Таза кіріс бөліктерінің деңгейлері бойынша бөлінген жалпы сома салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірістің жалпы сомасына тең болуға тиіс;
4) үстеме пайда салығының тиісті мөлшерлемесін осы Кодекстің 762-бабында сәйкес таза кірістің деңгейлер бойынша бөлінген әрбір бөлігіне қолданады;
5) осы Кодекстің 762-бабында көзделген барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына жинақтап қоса отырып, салықтық кезең үшін үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.
762-бап. Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері, үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасын есептеуге арналған пайыздардың деңгейлері мен мөлшері
Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығын мынадай тәртіппен айқындалатын мөлшерлемелердің өзгермелі шәкілі бойынша төлейді:
| Деңгей № | Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін деңгейлер бойынша таза кірісті бөлу шәкілі, шегерімдер сомасының пайызы | Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасын есептеуге арналған пайыз | Мөлшерлеме (%-бен) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | 25 пайыздан аз немесе оған тең | 25 | Белгіленбейді |
| 2. | 25 пайыздан 30 пайызды қоса алғанға дейін | 5 | 10 |
| 3. | 30 пайыздан 40 пайызды қоса алғанға дейін | 10 | 20 |
| 4. | 40 пайыздан 50 пайызды қоса алғанға дейін | 10 | 30 |
| 5. | 50 пайыздан 60 пайызды қоса алғанға дейін | 10 | 40 |
| 6. | 60 пайыздан 70 пайызды қоса алғанға дейін | 10 | 50 |
| 7. | 70 пайыздан жоғары | Осы Кодекстің 761-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес | 60 |
763-бап. Салықтық кезең
1. Үстеме пайда салығы үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтізбелік жыл ішінде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін бірінші салықтық кезең болып табылады.
3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жыл басталғаннан бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін соңғы салықтық кезең болып табылады.
4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін салықтық кезең болып табылады.
764-бап. Салықты төлеу мерзімі
Үстеме пайда салығы салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей төленеді.
765-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы бойынша декларацияны тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
87-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА БАЛАМАЛЫ САЛЫҚ
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 766-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
766-бап. Жалпы ережелер
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес:
1) толығымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) көмірсутектерді өндіруге және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты;
2) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындары жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген, көмірсутектер кенжатындары төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша көмірсутектерді өндіруге және (немесе) барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушы - заңды тұлғалар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының, үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты қолдануға құқылы.
Аталған құқық жер қойнауын пайдалануға арналған осы келісімшарттар жасалған күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарттың қолданылуы аяқталған күнге дейінгі кезеңде қолданылады және өзгертілуге жатпайды.
Салық төлеуші осы құқықты қолдану туралы хабарламаны жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тұрған жеріндегі салық органына жібереді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдер мен салықтар жөніндегі салықтық міндеттемесін орындаудың баламалы тәртібін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қалған барлық қолданылу кезеңіне жүргізіледі және өзгертуге жатпайды, бұл туралы салық төлеуші тұрған жеріндегі салық органына 2018 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей хабарлама жібереді.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген хабарламалар белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және үстеме пайда салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау осы Кодекстің 84, 85 және 86-тарауларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушы - заңды тұлғалар тиісті келісімшарт тіркелген күннен бастап оған орай тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының, үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты қолданады. Аталған жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламаны жібермейді.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес жаңа редакцияда жазылған көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт та күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт деп танылады. Мұндай жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері бұрын жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру тіркелген күннен бастап қолданылады.
767-бап. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу тәртібі
1. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша келісімшарттық қызметтің салықтық кезеңі үшін айқындалады.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың салық салу объектісі жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін жылдық жиынтық кіріс пен осы Кодекстің 287-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың мақсаттары үшін шегерімдер арасындағы айырмасы ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы үшін жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін шегерімдердің салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың мақсаттары үшін есептелген жылдық жиынтық кірістің сомасынан асып кетуі кейінгі қоса алғандағы он жылға жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың мақсаттары үшін есептелген осы кейінгі салықтық кезеңдердің салық салынатын кірісінің есебінен өтеу үшін ауыстырылады.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін жылдық жиынтық кіріс жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсатында жылдық жиынтық кіріске қосуға жатпайтын теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуін қоспағанда, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін осы Кодексте айқындалған тәртіпке сәйкес және осы Кодекстің 241-бабында көзделген жылдық жиынтық кірісті түзету есепке алынбай айқындалады.
Стратегиялық әріптес жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның міндеттемесін барлау кезеңінде коммерциялық табуға дейін есептен шығарған кезде туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі осы тармақтың мақсатында кіріс ретінде қарастырылмайды.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін шегерімдер корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін мыналар:
сыйақылар, оның ішінде осы Кодекстің 246-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын немесе күрделі шығындар ретінде есепке алынуға жататын сыйақылар шегерімге жатпайтыны;
теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан, оның ішінде осы Кодекстің 258-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылатын шығыстар құрамында асып кетуі шегерімге жатпайтыны;
есептелген (есепке жазылған) корпоративтік табыс салығының сомасы шегерімге жатпайтыны ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалған тәртіпке сәйкес айқындалады.
5. Егер нақ сол шығыстар (шығындар) осы баптың 4-тармағында белгіленген шығыстардың (шығындардың) бірнеше түрінде көзделген жағдайда, онда жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу кезінде аталған шығыстар (шығындар) тек бір рет шегеріледі.
6. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық жер қойнауын пайдалануға осындай салықтың салық салу объектісі мен осы Кодекстің 768-бабында белгіленген мөлшерлеменің көбейтіндісі ретінде есептеледі.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 768-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
768-бап. Салық мөлшерлемесі
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдалануға баламалы салық осы Кодекстің 741-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген мұнайдың әлемдік бағасы негізге алына отырып мына мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
| Р/с № | Әлемдік баға | Мөлшерлеме %-бен |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бір баррель үшін 50 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 0 |
| 2. | Бір баррель үшін 60 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 6 |
| 3. | Бір баррель үшін 70 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 12 |
| 4. | Бір баррель үшін 80 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 18 |
| 5. | Бір баррель үшін 90 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 24 |
| 6. | Бір баррель үшін 100 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 30 |
| 7. | Бір баррель үшін 110 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 32 |
| 8. | Бір баррель үшін 120 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 34 |
| 9. | Бір баррель үшін 130 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 36 |
| 10. | Бір баррель үшін 140 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 38 |
| 11. | Бір баррель үшін 150 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 40 |
| 12. | Бір баррель үшін 150 АҚШ долларынан жоғары | 42 |
Осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салық осы Кодекстің 741-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген мұнайдың әлемдік бағасы негізге алына отырып, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
| Р/с № | Әлемдік баға | Мөлшерлеме %-бен |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бір баррель үшін 50 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 0 |
| 2. | Бір баррель үшін 60 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 2 |
| 3. | Бір баррель үшін 70 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 4 |
| 4. | Бір баррель үшін 80 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 6 |
| 5. | Бір баррель үшін 90 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 8 |
| 6. | Бір баррель үшін 100 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 10 |
| 7. | Бір баррель үшін 110 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 10,7 |
| 8. | Бір баррель үшін 120 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 11,3 |
| 9. | Бір баррель үшін 130 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 12,0 |
| 10. | Бір баррель үшін 140 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 12,7 |
| 11. | Бір баррель үшін 150 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 13,3 |
| 12. | Бір баррель үшін 150 АҚШ долларынан жоғары | 14,0 |
769-бап. Салықтық кезең
1. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық үшін салықтық кезең күнтізбелік жыл болып табылады.
2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт
күнтізбелік жыл ішінде жасалған болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу үшін бірінші салықтық кезең болып табылады.
3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жылдың басынан бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу үшін соңғы салықтық кезең болып табылады.
4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу үшін салықтық кезең болып табылады.
770-бап. Салықты төлеу мерзімі
Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей төленуге жатады.
771-бап. Салық декларациясы
Салық төлеуші жер қойнауын пайдалануға баламалы салық бойынша декларацияны тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
88-тарау. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ САЛЫҒЫ, КӨМІРСУТЕКТЕР БОЙЫНША ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ, РОЯЛТИ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНІМДІ БӨЛУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҮЛЕСІ БОЙЫНША САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ЗАТТАЙ НЫСАНДА ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ
772-бап. Роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі бойынша салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібі
1. Роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлуге байланысты үлесін төлеу бойынша салықтық міндеттемені ақшалай нысанда орындау мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
1) осы Кодекстің 722-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта роялтиді және (немесе) Қазақстан Республикасының өнімді бөлуге байланысты үлесін төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының беруі көзделген;
2) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған кезде уақытша, толық немесе ішінара заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
2. Салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау үшін:
1) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 722-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не осындай келісімде және (немесе) келісімшартта көзделген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға береді;
2) мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, пайдалы қазбаларды дербес немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға арқылы өткізеді.
Жер қойнауын пайдаланушы міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне алынған пайдалы қазбаларды өткізуді мынадай:
заңдылық;
ашықтық;
айқындық;
адалдық;
әділдік;
барынша көп пайда алу;
ілеспе шығыстарды барынша азайту қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырады;
3) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелген мөлшерде ағымдағы төлемдерді айқындайды және бюджетке аударады;
4) жер қойнауын пайдаланушы, мемлекет атынан алушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау бойынша декларацияны (ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын) тұрған жеріндегі салық органдарына осы Кодексте айқындалған тәртіппен және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тапсырады.
3. Салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушының салықтық міндеттемені заттай нысанда орындауы үшін салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды іс жүзінде өткізуден алынған ақшаны төлеу бөлігінде мемлекет атынан алушы үшін салықтық кезең күнтізбелік жыл болып табылады.
4. Салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау туралы декларацияны тұрған жеріндегі салық органына салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тапсырады.
6. Мемлекет атынан алушы тұрған жеріндегі салық органына:
1) салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей ұсынады.
Осы Кодекстің 210-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынуға, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін оны қайтарып алуға жол берілмейді;
2) күнтізбелік жыл үшін салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау туралы декларацияны есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
Мемлекет атынан алушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындауға байланысты қызметке қатысты корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсырмайды.
7. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ағымдағы төлемдерді қоспағанда, салықтық кезең ішінде мемлекет атынан алушы тоқсан сайын салықтарды заттай нысанда төлеу есебіне ағымдағы төлемдерді айқындайды және оларды салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей бюджетке аударады.
Алдыңғы салықтық кезеңдер үшін алынған, бірінші тоқсанда өткізілген пайдалы қазбалар бойынша ағымдағы төлемдер алдыңғы күнтізбелік жылдың төртінші тоқсаны үшін заттай нысандағы ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабында көрсетілуге жатады және осы баптың 8-тармағында белгіленген мерзімде бюджетке аударылады.
Ағымдағы төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес
өтелуге жататын, осындай өткізу бойынша шығыстар азайтыла
отырып, тиісті салықтық кезеңде пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақша мөлшерінде бюджетке аударылады.
8. Салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау туралы
декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақшаны төлеуді мемлекет атынан алушы жүзеге асырады. Мұндай төлеу өнімді бөлу туралы тиісті келісімде (келісімшартта) және (немесе) осы Кодекстің 722-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген валютада жүзеге асырылады.