2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдану мақсатында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
1-аумақтық аймақ - 5 000 га;
2-аумақтық аймақ - 3 500 га;
3-аумақтық аймақ - 1 500 га;
4-аумақтық аймақ - 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының көлемінен аспауға тиіс.
Осы тармақтың мақсаты үшін жер учаскелерін мынадай аймақтарға бөлу қолданылады:
1-аумақтық аймақ: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының топырақ - климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлеріндегі жайылымдар;
2-аумақтық аймақ: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының, Астана қаласының, сондай-ақ 1-аумақтық аймақтың жерлерін қоспағанда, Ақтөбе облысының жерлері;
3-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерлерін қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғанда, Атырау, Маңғыстау облыстарының жерлері;
4-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерлерін қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғанда, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының жерлері.
Шаруа немесе фермер қожалығында әртүрлі аумақтық аймақтарда орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болған жағдайда, осы тармақтың мақсаттары үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтар үшін белгіленген жер учаскесінің ең жоғары шекті алаңынан аспауға тиіс.
Бұл ретте әрбір аумақтық аймақта орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы осындай аумақтық аймақтар үшін белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерінен аспауға тиіс.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін өткізу және қайта өңдеу, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
4. Арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең күнтізбелік жыл болып табылады.
703-баптың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 50-бабының редакциясында қолданылды
703-бап. Салық салу объектісі
1. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, салықтық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімін, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерін өткізуден алған кіріс салық салу объектісі болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріс Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде (осы баптың 6-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулерді ескере отырып) алынған (алуға жататын) кірістерден тұрады.
3. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріс:
1) міндеттемелерді есептен шығарудан түскен кірісті;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметті пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмектен басқа) түріндегі кірісті де қамтиды.
Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістердің мөлшері шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолдану кезінде осы Кодекстің 226 - 240-баптарына және осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес айқындалады.
4. Осы Кодекстің 702-бабының 3-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістерді алу кезінде салық төлеушілер тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және осы Кодексте белгіленген оларды қолдану шарттарына сәйкес келген кезде мынадай салық салу режимдерінің бірінде олар бойынша:
1) осы Кодексте белгіленген, салық салудың осындай режимдерін қолдану шарттарына сәйкес келген кезде - шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде салықтық есептілікті ұсынуды жүргізеді.
Бұл ретте осындай режимдер үшін шекті кіріс мөлшері бойынша шектеулерді қолдану мақсаттары үшін кіріс мөлшеріне шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер қосылмайды;
2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды жүргізеді.
5. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің кірісі ретінде салық салу мақсатында:
1) өтеусіз берілген мүлікті беруші салық төлеуші үшін - осындай берілген мүліктің құны;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтаждығы үшін сатып алынатын активтерді өткізу қаралмайды.
6. Осы тараудың мақсаттары үшін бұрын танылған кіріс сомасы шегінде есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін азайту түзету деп танылады.
Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістер:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміле шарттары өзгертілген;
3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағалар, өтемақылар өзгертілген;
4) баға шегерістері, сату шегерістері;
5) шарт талаптары негізге алына отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;
6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талаптарды есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.
Осы тармақшада көзделген кірісті түзету:
дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оның тарату балансын бекіту күніне кредитор салық төлеуші талап қоймаған;
заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.
Осы тармақшаның екінші бөлігінің үшінші абзацында көзделген түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған кірістің сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) - 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Кірістерді түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі.
Осы бапта көзделген жағдайлар басталған кезеңде кіріс болмаған немесе сол кезеңде мөлшерін төмендету жағына түзетуді жүзеге асыру үшін оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда, түзету бұрын кірістің түзетуге жатады деп танылған салықтық кезеңде жүргізіледі.
7. Егер нақ сол кірістер кірістердің бірнеше баптарында көрсетілуі мүмкін жағдайда көрсетілген кірістер кіріске бір рет қосылады.
Салық салу мақсаттары үшін кірісті тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады.
704-баптың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 50-бабының редакциясында қолданылды
704-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі
Бірыңғай жер салығын есептеуді есепті салықтық кезең үшін салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы салық төлеуші дербес жүргізеді.
705-бап. Арнаулы салық режимін қолдану ерекшелiктерi
1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн:
1) шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен кірістерден, оның ішінде осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі кірістерден алынатын жеке табыс салығын;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны;
3) осы Кодекстің 490-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша - көлiк құралдары салығын;
4) осы Кодекстің 517-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша - мүлiк салығын;
5) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша - әлеуметтік салықты;
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша - қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны төлеушiлер болып табылмайды.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу осындай салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсыну, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеу (аудару) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен не осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
706-бап. Жекелеген салық және бюджетке төленетін төлемдер түрлерін төлеу мерзімдері
1. Бірыңғай жер салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу мынадай тәртіппен:
1) салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін есептелген сомаларды төлеу - ағымдағы салықтық кезеңнің 10 қарашасынан кешiктiрілмейтін мерзімде;
2) салықтық кезеңнің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейін есептелген сомаларды төлеу - есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 10 сәуірінен кешiктiрілмейтін мерзімде жүргiзiледi.
2. Бірыңғай жер салығын бюджетке төлеу жер учаскесі тұрған жер бойынша жүргізіледі.
707-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын тапсыру мерзімдері
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, әлеуметтік аударымдардың және (немесе) бірыңғай төлемнің есептелген сомалары көрсетіледі.
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесі тұрған жердегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-бөлімнің тақырыбы өзгертілді; 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 21-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бөлім. ҚЫЗМЕТІН АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯЛАРЫНА, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА, ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАСҚАН ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 79-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
79-ТАРАУ. ҚЫЗМЕТІН АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР АУМАҚТАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА, АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯЛАРЫНА САЛЫҚ САЛУ
708-бап. Жалпы ережелер
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің қолданылу мақсаттары үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын;
2) тұрған жеріндегі арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында немесе арнайы экономикалық аймақтың аумағы құзыретіне жататын салық органының аумақтық бөлімшесінде салық төлеуші ретінде тіркелген;
3) арнайы экономикалық аймақта қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылым және объектілер болған кезде, өкілдіктерді қоспағанда, заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағы шегінен тыс жерлерден филиалдарға және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлімшелерге ие болуға құқылы емес;
4) арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде басым қызмет түрлерінің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға қолданылмайды.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің қолданылу мақсаттары үшін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым деп бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына қатысушы болып табылатын;
2) тұрған жерінде салық төлеуші ретінде тіркелген;
3) өкілдіктерді қоспағанда, филиалдары мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері жоқ;
4) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрін жүзеге асыратын заңды тұлға да танылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін, көрсетілген арнайы экономикалық аймақ аумағының шегінен тыс жерде жүзеге асырылуы мүмкін басым қызмет түрлерінің жеке тізбесін айқындайды.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодексті қолдану мақсаттары үшін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым немесе дара кәсіпкер деп бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында немесе шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ құзыретіне жататын салық органының аумақтық бөлімшесінде тұрған жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелген;
3) өкілдіктерді қоспағанда, филиалдары мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері жоқ;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетін, қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыратын тұлға танылады.
Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетін басым қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға және дара кәсіпкерлерге:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2) осы Кодекстің 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;
3) арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасасқан аяқталмаған келісімшарттар бойынша - инвестициялық салықтық преференцияларды қолданатын ұйымдар;
5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;
6) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.
Бұл ретте шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймаққа қатысты өтініш берушілерге шетелдік жеке және заңды тұлғалар да жатпайды.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйыммен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялар туралы келісім жасалған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы Кодекстің ережелерін қолдану мақсатында инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға деп танылады және осы Кодекстің 80-1-тарауының ережелерін қолданады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға қосылған құн салығын салу, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша салынатын айналым бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі осы Кодекстің осы бөлімінде және 389 және 391-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасасқан күннен кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, егер мұндай өзгерістер мен толықтырулар корпоративтік табыс салығын, жеке табыс салығын, жер салығын, мүлік салығын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде қолданылатын азайту мөлшерлерін алып тастауды және (немесе) өзгертуді көздейтін болса, мұндай ұйым немесе дара кәсіпкер осындай шарт жасасу күніне қолданыста болатын осы тараудың ережелерін қолданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жасалған арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде, бірақ осындай бірінші өзгеріс және (немесе) толықтыру қолданысқа енгізілген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты арнайы экономикалық аймақты басқару органы біржақты тәртіппен бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылмайды.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 709-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
709-бап. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар мен дара кәсіпкерлерге және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына салық салу
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым немесе дара кәсіпкер арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері (салық салу объектілері) бойынша жер салығының, мүлік салығының және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының бюджетке төленуге жататын сомасын айқындау кезінде есептелген салық және (немесе) төлемақы сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тараудың мақсатында осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген азайту салықтар мен төлемақы бойынша преференциялар болып табылады.
Салықтар мен төлемақы бойынша преференциялар:
арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалатын айдың 1-күнінен бастап - жер салығы бойынша;
салық салу объектісі пайда болған күннен бастап, бірақ арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалған күннен кейін - мүлік салығы бойынша;
арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалған айдың бірінші күнінен бастап - уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ арнайы экономикалық аймақтың қолданылу мерзімінен аспайтын жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша қолданылады.
2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан салық салу объектілері (салық салу объектісі) пайдаланылған жағдайда, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде де, қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыру кезінде де осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің ережелері қолданылатын салық немесе төлемақы сомасы қызметтің басым түрлерінен түсетін кірістердің жылдық жиынтық кіріске үлес салмағына пропорционалды түрде айқындалады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шартты бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес салықтар мен төлемақы бойынша преференциялар шартты бұзуға себеп болып табылатын бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең басталған күннен бастап жойылады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде шартты бұзуға себеп болып табылған бұзушылық күнін көрсете отырып, олармен жасалған шарт бұзылған арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары туралы мәліметтерді осындай қатысушылардың тұрған жеріндегі салық органдарына ұсынады.
Бұл ретте салық төлеуші шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей шартты бұзуға себеп болып табылған бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынған кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.