5. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың мөлшері осы Кодекстің 337-бабына сәйкес технологиялық белгіленген жерлерде орнатылған есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің, тиісті сыртқы сауда шарттары бойынша тауарларды іс жүзінде жеткізу туралы актілердің, тапсыру-қабылдау актілерінің, тауарлардың сапа сертификаттарының және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айқындалатын есепті кезеңде құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың өндірілген, жеткізілген және пайдаланылған көлемдерін белгілі жерлерге бөлуді растайтын басқа да ұқсас құжаттардың негізінде айқындалады.
6. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде осы тауарларды жөнелту мемлекетінің аумағында орналасқан есептеу аспаптарының не шектес мемлекеттің аумағында не осы Кодекстің 337-бабының 1-тармағына сәйкес өзге жерлерде орналасқан есептеу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады.
Құбыржол көлігімен өткізілетін, кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде осы тауарларды жөнелту мемлекетінің аумағында орналасқан есептеу аспаптарының не шектес мемлекеттің аумағында не осы Кодекстің 337-бабының 1-тармағына сәйкес өзге жерлерде орналасқан есептеу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады.
7. Құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газды кедендік декларациялау кезінде оның саны мен сапасын растау үшін солардың негізінде осындай өткізу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шарттарының талаптарымен айқындалған оны контрагенттерге тапсыру орындарында орналасқан есептеу аспаптары көрсеткіштерінің негізінде жасалған табиғи газды іс жүзінде жеткізу туралы актілер пайдаланылады.
336-бап. Электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды әкелу, әкету және кедендік декларациялау ерекшеліктері
1. Электр беру желілері бойынша (бұдан әрі осы тарауда - электр энергиясы) өткізілетін тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және осы аумақтан әкетуге кеден органына кедендік декларацияны бергенге дейін жол беріледі.
Декларациялау кейін электр энергиясын ішкі тұтыну үшін шығарудың және экспорттың кедендік рәсімдерімен орналастыруға арналған кедендік декларацияны ұсынумен, тиісінше оны іс жүзінде жеткізудің әрбір күнтізбелік айынан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей жүзеге асырылады.
2. Кедендік декларацияны берген кезде кеден органына электр энергиясын көрсету талап етілмейді.
3. Кедендік декларациялауға электр энергиясының әкелінген және әкетілген іс жүзіндегі мөлшері жатады. Электр энергиясының мөлшері технологиялық келісілген және электр энергиясының өтуін белгілейтін жерлерде орнатылған коммерциялық есеп құралдары көрсеткіштерінің, тиісті сыртқы сауда шарттары бойынша тауарларды іс жүзінде жеткізу туралы актілердің, тапсыру-қабылдау актісінің және электр энергиясының сальдо-перетогы ретінде (кернеудің барлық кластарының барлық жұмыс істеп тұрған мемлекетаралық электр беру желілері бойынша қарсы бағыттардағы электр энергиясы перетогының алгебралық сомасы), егер кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен электр энергиясының мөлшерін айқындаудың өзге тәртібі белгіленбесе, әрбір күнтізбелік ай ішінде электр энергиясының іс жүзінде етуін растайтын басқа да құжаттардың негізінде айқындалады.
Сальдо-перетоктың есептелген мәні кеден одағына мүше мемлекеттердегі қолданыстағы техникалық регламенттерге және ұлттық стандарттарға сәйкес электр энергиясын өткізу кезінде орын алатын желілердегі электр энергиясының жоғалу көлеміне түзетіледі.
4. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 337-бабының 1-тармағына сәйкес осы электр энергиясын жөнелтетін мемлекеттің аумағында орналасқан есеп құралдарының не шектес мемлекеттің аумағында орналасқан есеп құралдарының көрсеткіштері пайдаланылады.
Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 337-бабының 1-тармағына сәйкес осы электр энергиясының межелі мемлекетінің аумағында орналасқан есеп құралдарының не шектес мемлекеттің аумағында орналасқан есеп құралдарының көрсеткіштері пайдаланылады.
5. Электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері осы Кодекстің 194-бабына сәйкес айқындалады.
337-бап. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарын орнату жерлері
1. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары кеден одағының кедендік аумағында орнатылады.
Кедендік шекара арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарын орнату жерлері олардың жұмысын және кеден органдары лауазымды тұлғаларының қолжетімдік тәртібін айқындайтын кеден одағына мүше мемлекетпен шектес мемлекеттің халықаралық шарттарының болуы шартымен осы аумақтан тысқары жерлерде болуы мүмкін.
Құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газды есептеу аспаптары кеден одағының кедендік аумағында және (немесе) оның шегінен тыс өлшеуді жүргізу табиғи газды тасымалдау технологиясымен негізделген және (немесе) солардың негізінде осындай өткізу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шарттарының талаптарымен айқындалған орындарда болуы мүмкін.
2. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарын орнату жерлері кедендік шекарадан еткен кезде кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес бекітіледі.
3. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша кеден одағының кедендік аумағында орналасқан өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарының көрсеткіштеріндегі ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізудің және өзгертудің алдын алу мақсатымен кеден органдары мұндай құралдарға сәйкестендіру құралдарын салады.
Егер есептеу аспаптары кеден одағының кедендік шекарасынан тыс жерлерде болса, кеден одағына мүше мемлекеттің халықаралық шартының негізінде кеден органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сәйкестендіру құралдарын салады.
338-бап. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды сәйкестендіру
Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылмайды, бұл кеден органдарына құжаттардағы мәліметтерді, есептегіштердегі және басқа да өлшеу құралдарындағы мәліметтерді пайдалана отырып, кедендік мақсатта тауарлардың мөлшерін, сапасын және басқа да сипаттамаларын анықтауға кедергі болмайды.
339-бап. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлардың транзитін кедендік декларациялау
1. Кеден одағының кедендік аумағы бойынша және (немесе) есеп құралдарын орнату жерлерінде орналасқан пункттердің арасындағы кеден одағына қатысушы болып табылмайтын мемлекет аумағы бойынша құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзиті тек кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарға ғана және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына ғана сәйкес қолданылады.
2. Энергия жүйелерінің паралельді жағдайында кеден одағының кедендік аумағы арқылы электр беру желілері бойынша өткізілетін электр энергиясы кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылуға жатпайды. Бұл ретте электр энергиясы іс жүзінде өткізілген әрбір күнтізбелік айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей кеден органына есеп айырысу кезеңінде өткізудің көлемі, электр энергиясының шартты құны туралы және өзге де кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша өтініш ұсыну қажет.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердегі қолданыстағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сәйкес тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктері салдарынан кеден одағының кедендік аумағы бойынша құбыржол көлігімен өткізілетін транзиттік тауарлардың сипаттамалық ерекшеліктерін өзгертуге жол беріледі.
48-тарау. Тауарларды, жолаушыларды және багажды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу
340-бап. Осы тарауды қолдану саласы
1. Осы тарау жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, шетел мемлекеттерінде тіркелген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын (бостарын қосқанда) мұндай аумақта немесе одан тысқары жерлерде халықаралық тасымалдауды аяқтау немесе бастау үшін кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелуді және кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын (бостарын қосқанда) халықаралық тасымалдауды аяқтау немесе бастау үшін мұндай аумақтан уақытша әкетудің тәртібін реттейді.
2. Осы тараудағы ережелер кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін және мұндай аумаққа қайта әкелінетін:
1) балық аулау, теңіз түбі мен оның жер қойнауларының минералдық және басқа да жансыз ресурстарын барлау мен өңдеу, лоцмандық және мұз жарып жол ашу, іздестіру, құтқару және тіркеуге алу операциялары, теңізге батқан мүлікті көтеру, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстар, санитарлық, карантиндік және басқа да бақылау, теңіздің аумағын қорғау мен сақтау, теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу, оқу, спорт және мәдени мақсаттарында, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзуге байланысты өзге де мақсаттарда пайдаланылатын су кемелеріне;
2) азаматтық және мемлекеттік әуе кемелері, экспериментті авиацияда пайдаланылатын (экспериментті ұшуларды жүзеге асыратын), тауарлар мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау үшін пайдаланылмайтын әуе кемелеріне;
3) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жөндеу-қалпына келтіру және өзге де жұмыстар үшін пайдаланылатын теміржол қозғалмалы құрамға қатысты да қолданылады.
341-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу тәртібі
1. Кедендік шекарадан өтетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары осы Кодекспен көзделген кедендік операцияларды жүргізу үшін тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында тоқтауға және тұруға жатады.
2. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарының тұру ұзақтығы кедендік операцияларды жүргізу үшін қажетті уақыт негізінде:
1) кедендік операцияларды бастау немесе аяқтау кеден органдарына қатысты емес себептер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін болған;
2) осы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарында тасымалданатын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында тікелей жүзеге асырылатын;
3) осы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарында тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзитті қамтамасыз ету шарасы ретінде кедендік алып жүру қолданылатын;
4) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша сақтау тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарының аумағында орналасқан уақытша сақтау орындарында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әуе, теміржол және автомобильдік көлік үшін үш сағаттан, ал әуе көлігі үшін - сегіз сағаттан аспауы тиіс.
3. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарындағы олардың тұру жерлерінен жөнелту тиісінше осы Кодекстің 23 және 24-тарауларында көзделген, тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына келуі немесе тауарлардың мұндай аумақтан кетуі кезінде жасалатын кедендік операциялар аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
4. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кедендік рәсімдермен орналастырылмастан, осы Кодекстің 350-бабына сәйкес кедендік декларациялауға жатады.
5. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан және техникалық реттелместен, кедендік шекара арқылы өткізіледі.
342-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкелу
1. Халықаралық тасымалдаудың техникалық құралдарын кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеместен уақытша әкелуге бір мезгілде мына шарттардың сақталуымен:
1) егер халықаралық тасымалдаудың көлік құралы шетел мемлекетінде шетел азаматына тіркелсе;
2) кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы, қарапайым жазбаша нысандағы сенімхатпен немесе осындай қызметтерді көрсетуге арналған шартпен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге тиісінше уәкілеттік берілген шетелдік тұлға халықаралық тасымалдаудың көлік құралын жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды кеден одағының кедендік аумағында не одан тысқары жерлерде халықаралық тасымалдауды аяқтау не бастау үшін пайдаланған жағдайларды қоспағанда, егер шетелдік тұлға халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кеден одағының кедендік аумағына әкелсе және пайдаланса, жол беріледі.
2. Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарында шетелдік тауарлардың мәртебесі болады.
3. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкелу кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодекстің 343-бабымен көзделген мерзімдерде оларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетумен немесе кедендік рәсімдермен орналастырумен аяқталады.
4. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағынан әкету кез келген кеден органы арқылы жүзеге асырылады.
343-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімдері
1. Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары оларға байланысты мұндай тауарлар кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тасымалдау операциялары аяқталғаннан кейін осы аумақтан, егер халықаралық шарттармен өзге белгіленбесе, осы Кодекстің 219-бабының ережелерін ескеріп есептелген мерзімдерде әкетілуі тиіс.
2. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімдерде әкету мүмкін болмаған кезде мүдделі тұлғаның дәлелді сұрау салуы бойынша кеден органы халықаралық тасымалдаудың көлік құралын уақытша әкелудің мерзімін халықаралық тасымалдаудың көлік құралын әкету мүмкін болмаған себептерді жою үшін қажетті уақытқа ұзартады.
344-бап. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарымен жасалатын операциялар
1. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарымен олардың кеден одағының кедендік аумағына жүруі не көрсетілген аумақта болуы кезінде талап етілген оларға техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу бойынша кәдімгі операцияларды жасауға жол беріледі.
2. Кеден одағының кедендік аумағында:
уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағында басталатын және аяқталатын (бұдан әрі осы тарауда пайдалану мақсаты үшін) жүктерді, багажды және (немесе) жолаушыларды тасымалдау үшін пайдалануға;
оларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, сақтау үшін беруді не халықаралық тасымалдаудың техникалық құралын дереу әкету арқылы тасымалдау операциясын аяқтау мақсатында беруді қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өзге тұлғаларға, соның ішінде жалға (субжалға) беруге жол берілмейді.
Кеден одағының кедендік аумағы бойынша ішкі тасымалдау үшін жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктерді және (немесе) багажды теміржол қозғалмалы құрамды пайдалану ерекшеліктері кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен айқындалады.
3. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын пайдалану не оларды осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда өзге тұлғаларға беруге осы көлік құралдарының кедендік рәсімдермен орналастырылуы шартымен жол беріледі.
Көрсетілген әрекеттер уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастырмастан аяқталған жағдайда, көлік құралына арналған кедендік декларацияның тіркелген күніне есептелген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша артықшылықтар мен жеңілдіктерді ескерместен, мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын әкелу кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемдегі кедендік баждар, салықтар төленуге жатады. Бұл ретте көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса, -кеден органы көлік құралына арналған кедендік декларацияны тіркеген күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
345-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкету
1. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын уақытша әкетуге осы халықаралық тасымалдаудың көлік құралы кеден одағының тауары болып табылуы және осы тармақтың екінші бөлігінде және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасына тіркелуі шартымен жол беріледі.
Әуе кемесінің кеден одағының тауары болып табылуы және кеден одағына мүше мемлекет тұлғасының халықаралық тасымалдау мақсаты үшін пайдалануы шартымен әуе кемелерін халықаралық тасымалдың көлік құралы ретінде уақытша әкетуге жол беріледі.
2. Кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілетін, кеден одағының тауарлары болып табылатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары осы аумақтан іс жүзінде әкетілген кезде кеден одағы тауарларының мәртебесін сақтайды, ал осы баптың 4-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары шетелдік тауарлардың мәртебесін сақтайды.
3. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кеден одағының кедендік аумағынан әкету кедендік баждарды төлеместен уақытша әкетіледі.
4. Бұрын уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған не осы Кодекстің 200-бабына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар болып табылатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкетуге жол беріледі.
5. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын уақытша әкетуге кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерде қандай тұлға және оны қандай мақсатта пайдаланатынына қарамастан жол беріледі.
346-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкетудің мерзімдері
Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкетудің мерзімдері шектелмейді.
347-бап. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарымен жасалатын операциялар
1. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарымен:
1) егер оларға деген қажеттілік халықаралық тасымалдаудың көлік құралын халықаралық тасымалдауда пайдалану кезінде туындамаса, оны сақтауды, пайдалануды және оны әкетілген күні болған жай-күйінде ұстауды қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық қызмет көрсету және (немесе) ағымдағы жөндеу операцияларын;
2) өтеусіз (кепілді) жөндеу бойынша операцияларды;
3) кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерде орын алған оның авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан бүлінунен кейін халықаралық тасымалдаудың көлік құралын қалпына келтіру үшін жүзеге асырылатын күрделі жөндеуді қосқанда, жөндеу бойынша операцияларды жасауға жол беріледі.
2. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты жөндеу бойынша операцияларға және (немесе) осы.баптың 1-тармағында көрсетілмеген басқа да операцияларға осы көлік құралдарын кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылуы шартымен жол беріледі.
Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырмастан көрсетілген операциялар жасалған жағдайда, мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкелген кезде осы Кодекстің 262-бабына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленуге жатады.
348-бап. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкелу
1. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкету оларды кеден одағының кедендік аумағына әкелумен не кеден одағының тауарлары болып табылатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын экспорттың не кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеудің кедендік рәсімдерімен орналастырумен, ал осы Кодекстің 345-бабының 4-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
Шетелдік тұлғаға уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралына меншік құқығын берген жағдайда, мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралын әкеткен тұлға әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралының меншік құқығын берген күннен бастап 30 күн ішінде кеден одағының тауарлары болып табылатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралын экспорттың кедендік рәсімімен, ал осы Кодекстің 345-бабының 4-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастыруға міндетті.
Мұндай тауарларды кедендік декларациялауға оларды кеден органына іс жүзінде көрсетпестен жол беріледі.
2. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкету олардың кеден одағының кедендік аумағына әкелінуімен аяқталған кезде мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеместен әкелінеді.
3. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағына әкелу кез келген кеден органы арқылы жүзеге асырылады.
349-бап. Жабдықтарды және қосалқы бөлшектерді уақытша әкелу және уақытша әкету
1. Жүктерді тиеуге, түсіруге, өңдеуге және қорғауға немесе осы халықаралық тасымалдаудың көлік құралымен ететін жолаушыларға және (немесе) багажға қызмет көрсетуге арналған, халықаралық тасымалдаудың көлік құралымен уақытша әкелінетін арнайы жабдықтар оның халықаралық тасымалдаудың көлік құралынан бөлек немесе бөлек емес түрде пайдаланылуы мүмкін екеніне қарамастан, кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеместен және тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қолданбастан әкелінеді.
2. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге немесе пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер және жабдықтар кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеместен және тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қолданбастан әкелінеді.
3. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралына салынған, бөлшектер мен жабдықтарды ауыстыру мақсатында әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралын жөндеу немесе қызмет көрсету кезінде пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер олардың кеден одағының кедендік аумағына әкетілуі кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеместен және тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қолданбастан кеден одағының кедендік аумағынан әкетіледі.
Кеден одағының кедендік аумағына қосалқы бөлшектерді және жабдықтарды әкелуге кері импорттың кедендік рәсіміне қолданылатындай кедендік баждарды, салықтарды төлеместен жол беріледі.
4. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен ауыстыру мақсатында халықаралық тасымалдаудың көлік құралынан оны пайдалану процесінде түсірілген қосалқы бөлшектерді және жабдықтарды кеден одағының кедендік аумағына әкелудің немесе мұндай аумақтан әкетудің өзге де ерекшеліктері айқындалуы мүмкін.
350-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, қосалқы бөлшектерді және жабдықтарды кедендік декларациялау
1. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау тасымалдаушының кеден органына көлік құралына арналған кедендік декларацияны ұсынуы арқылы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелу және мұндай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын мұндай аумақтан әкету кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкету және мұндай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын мұндай аумаққа әкелу кезінде жүзеге асырылады.
2. Егер онда халықаралық тасымалдаудың көлік құралы, оның бағыты, жүгі, керек-жарақтары туралы, экипажы туралы және жолаушылары туралы мәліметтер, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкелу (әкету) мақсаты және (немесе) халықаралық тасымалдаудың көлік құралын жөндеу немесе пайдалану үшін өткізілетін қосалқы бөлшектердің, жабдықтардың атауы туралы мәліметтер болса, көлік түріне қарай осы Кодекстің 159-бабында көрсетілген, қатысушылары кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылатын көлік саласындағы халықаралық шарттармен көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттары көлік құралына арналған кедендік декларация ретінде қолданылады.