1) осы рәсімнің қолданылу уақытында әкелу кедендік баждарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі аяқталған кезде;
2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда тоқтатылады.
4. Шетелдік тауарларға қатысты салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанға дейін төленуге жатады.
5. Әкелу кедендік баждарды төлеу мерзімі:
1) шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжат берілген тұлға болып табылмайтын және (немесе) қайта өңдеу бойынша операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тікелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берген кезде - тауарлардың берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
2) авария немесе еңсерілмес күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымал) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, шетелдік тауарлар тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін жоғалған кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
3) осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталмаған кезде - тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткен күн болып саналады.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген әкелу кедендік баждар шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген әкелу кедендік баждардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
275-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің аяқталуы кезінде қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері
1. Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының салаларын дамыту және кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында инвестициялық тауарларды импорттық ауыстыруды ынталандыру мақсатында Кеден одағының комиссиясы кедендік баждарды қолдану мақсаты үшін қайта өңдеу өнімдеріне қатысты мұндай тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалған кедендік құнның және (немесе) олардың табиғи көріністегі (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасының қолданылуы мүмкін болғанда, тауарлардың және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерінің жекелеген түрлерін айқындауға құқылы.
2. Қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кедендік баждардың ставкалары ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың шығу елі бойынша қолданылады. Қайта өңдеу процесінде әр түрлі елдерде шығарылған шетелдік тауарлар пайдаланылған жағдайда, кедендік баждардың ставкаларын қолдану мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) егер қайта өңдеу нәтижесінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кез келген бірінші терт белгі деңгейінде өзгеріс болса, қайта өңдеу өнімдеріне сауда-саяси қатынастарында неғұрлым қолайлылық танытатын ұлттың режимі берілетін елдерден әкелінетін тауарларға сияқты кедендік баждардың ставкалары қолданылады;
2) өзге жағдайларда, кедендік құны артық осы шетелдік тауарлардың шығарылу бойынша кедендік баждардың ставкалары қолданылады.
276-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері
1. Қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін әкелу кедендік баждарының ставкалары кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалады.
2. Қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленген әкелу кедендік баждардың сомасынан кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны ұсынған күнінен бастап осы сомаға қатысты оларды төлеу мерзімін ұзарту берілгендей, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіпте есептелген проценттер төленеді.
37-тарау. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімі
277-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің мазмұны
Уақытша әкелу (жіберу) - шетелдік тауарлар әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе ішінара босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан, кейін кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырыла отырып кеден одағының кеден аумағында белгіленген мерзім ішінде пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.
278-бап. Тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
1. Тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастыруға осы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды уақытша әкелудің кедендік рәсімін аяқтау мақсатында кейін оларды кедендік ресімдеу кезінде сәйкестендіру мүмкіндігінің болуы шартымен жол беріледі.
Тауарларды сәйкестендіру кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес әкелінген тауарларды ауыстыруға жол берілген жағдайларда талап етілмейді.
2. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен:
1) оларды жекелеген данада жарнама және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме экспонаттары не өндіріс үлгілері ретінде уақытша әкелген жағдайларды қоспағанда, алкоголь, темекі және темекі өнімдерін қоса алғанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;
2) қалдықтарды, оның ішінде өндірістің қалдықтарын;
3) кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
3. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен бұрын өзге кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлар осы Кодекспен көзделген талаптар мен шарттардың сақталуы шартымен орналастырылуы мүмкін.
279-бап. Уақытша әкелінген тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулер
1. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар (бұдан әрі - уақытша әкелінген тауарлар) табиғи тозу немесе тасымалдаудың (тасымал) және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз жай-күйінде қалуға тиіс.
Оларды кері экспорттау кезінде кеден органының тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз етуі шартымен уақытша әкелінген тауарлармен жөндеу операцияларын (күрделі жөндеу мен жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты жай-күйде ұстау үшін қажетті басқа операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.
Уақытша әкелінген тауарлармен сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексерулер жүргізуге, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізуге не оларды сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексерулер жүргізу, тәжірибелер немесе экспериметтер жүргізу барысында пайдалануға жол беріледі.
Олардың кері экспорты кезінде кеден органының тауарларды сәйкестендіруін қамтамасыз ету шартымен жөндеу операцияларын (күрделі жөндеуді және жаңғыртуды қоспағанда),техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты жай-күйінде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.
2. Уақытша әкелінген тауарлар декларанттың іс жүзіндегі иелігінде және пайдаланылуында болуы тиіс.
3. Декларанттың уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаның иелігіне және пайдалануына:
1) оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу (күрделі жөндеуді және(немесе) жаңғыртуды қоспағанда), сақтау, тасымалдау мақсатында, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен және (немесе) халықаралық шарттарымен айқындалған жағдайлардағы өзге де мақсатта - кеден органының рұқсатынсыз;
2) өзге де жағдайларда - кеден органының рұқсатымен беруіне жол беріледі.
4. Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иеленуіне және пайдалануына беруге кеден органының рұқсатын алу мақсатында осы тауарлардың декларанты оларды кедендік рәсіммен орналастыруды жүргізген кеден органына онда уақытша әкелінген тауарларды басқа тұлғаға беру себептерін және осы тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша өтініш береді.
Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иеленуіне және пайдалануына беру уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімінің декларантын осы тараумен белгіленген талаптар мен шарттарды сақтаудан босатпайды және уақытша әкелудің мерзімін ұзартпайды.
5. Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды осы Кодекстің 48-тарауымен белгіленген тәртіпте халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде пайдалануға жол беріледі.
280-бап. Тауарларды уақытша әкелу мерзімдері
1. Тауарларды уақытша әкелу мерзімін кеден органы мұндай әкелудің мақсаты мен жағдайларына сүйене отырып, декларанттың өтініші негізінде белгілейді және осы баппен көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды уақытша әкелудің кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
Декларанттың жазбаша өтініші бойынша тауарларды уақытша әкелу мерзімін кеден органы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген мерзім не осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
2. Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу мақсаттарына байланысты Кеден одағының комиссиясы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен ұзақтығы неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімді белгілеуі мүмкін.
3. Тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен бірнеше рет орналастырған кезде, соның ішінде осы кедендік рәсімнің декларанттары болып әр тұлғалар түскенде, уақытша әкелу мерзімі осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзімнен не осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.
281-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау және тоқтата тұру
1. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкелудің мерзімі өткенге дейін осы Кодекспен көзделген тәртіппен және шарттарда уақытша әкелінген тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
Осы Кодекспен көзделген тәртіппен және шарттарда уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкелудің мерзімі өткенге дейін уақытша әкелінген тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда өзге кедендік рәсіммен орналастырумен аяқталуы мүмкін.
2. Уақытша әкелудің мерзімі өткенге дейін уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкелінген тауарларды кеден қоймасы рәсіміне не Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған өзге кедендік рәсімге орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін. Уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімін тоқтата тұру және жаңғырту тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
3. Уақытша әкелінген тауарлар кері экспорттың кедендік рәсімімен не өзге кедендік рәсіммен бір немесе бірнеше партиялармен орналастырылуы мүмкін.
282-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде және ішінара шартты түрде босату
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып уақытша әкелінген тауарлардың тізбесі, сондай-ақ оның шекті мерзімін қоса алғанда, мұндай босатудың шарттары кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
2. Егер Кеден одағы комиссиясының шешімімен өзге белгіленбесе, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып уақытша әкелінген тауарлар кеден органы осы тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырған кеден одағына мүше мемлекет аумағының шегінде пайдаланылады.
3. Олар бойынша кедендік баждарды, салықтарды толық шартты түрде төлеуден босату берілмеген тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленген кедендік баждарды, салықтарды толық шартты түрде босатудың шарттарын сақтамаған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату қолданылады.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде мұндай тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні тауарлардың кеден одағының кедендік аумағында болуының әрбір толық және толық емес күнтізбелік айы үшін тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғанда төленуге жататындай кедендік баждардың, салықтардың сомасынан үш процент төленеді.
4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде кедендік баждардың, салықтардың сомасы тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастыру кезінде осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімінің белгіленген кезеңі бойына немесе декларанттың таңдауы бойынша мерзімді, бірақ үш айда кемінде бір рет төленеді. Кедендік баждардың, салықтардың сомасын төлеу мерзімділігін кеден органының келісімімен декларант айқындайды.
5. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босата отырып, уақытша әкелу кезінде өндіріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың жалпы сомасы, егер тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ескерместен, мұндай тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күні ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғанда төленуге жататындай кедендік баждардың, салықтардың сомасынан аспауға тиіс.
6. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімін аяқтау кезінде осы Кодекстің 1-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомасы қайтаруға (есепке алуға) жатпайды.
283-бап. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Декларантта уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
2. Декларантта уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) осы рәсімнің қолданылу кезінде әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 281-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімін аяқтау кезінде;
2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде әкелу кедендік баждар мынадай мерзімде:
1) уақытша әкелудің белгіленген мерзімі ішінде төленуге не мұндай төлемнің мерзімділігі жағдайында төленуге жататын әкелу кедендік баждарын, салықтар сомасының бірінші бөлігін төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың барлық сомасын төлеу кезінде тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанға дейін;
2) мұндай төлемнің мерзімділігі жағдайында оның ішінде әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеу жүргізілетін кезең басталғанға дейін;
3) мұндай тауарларды пайдалану және (немесе) иелену бойынша шектеулермен ұштасатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалана отырып, уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты:
мұндай жеңілдіктерді пайдаланудан бас тартқан жағдайда - оған сәйкес тауарлар уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияға жеңілдіктерден бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізілгенге дейін;
мұндай жеңілдіктерді пайдаланумен байланысты белгіленген мұндай тауарларды пайдалану және (немесе) иелену бойынша шектеулерді бұзу арқылы тауарлармен әрекеттер жасаған жағдайда - көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - оған сәйкес тауарлар уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні;
4) тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған кездегі шарттарды бұзған жағдайда - оған сәйкес тауарлар уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні төленуге жатады.
4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде немесе ішінара шартты түрде босата отырып, уақытша әкелудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеу мерзімі:
1) уақытша әкелінген тауарларды кеден органының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға табыс еткен кезде - табыс етілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарларды уақытша әкетудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні;
2) авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымал) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды уақытша әкелу мерзімі кезеңінде уақытша әкелінген тауарларды жоғалтқан кезде -тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарларды уақытша әкетудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні;
3) осы Кодекстің 281-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау кезінде - тауарларды уақытша әкелу мерзімі өткен күні болып саналады.
5. Әкелу кедендік баждар, салықтар осы баптың 4-тармағымен белгіленген жағдайларда мұндай тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік артықшылықтарды және жеңілдіктерді ескерместен, оған сәйкес тауарлар уақытша әкелудің (жіберудің) кеден рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні есептелген әкелу кедендік баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
284-бап. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері
1. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес белгіленетін әкелу кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, валюталар бағамы уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне айқындалады.
2. Оларға қатысты ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінің декларанты уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімінде кедендік баждарды, салықтарды төлеген тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімінен кейін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде, кедендік баждарды, салықтарды ішінара шартты түрде босату кезінде әкелу кедендік баждар, салықтар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың және уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес төленген кедендік баждардың, салықтардың есептелген сомасының айырмашылық көлемінде төленеді.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырғанға дейін осы тауарлар кеден қоймасының, уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен (рәсімдерімен) орналастырылса немесе уақытша сақтауға орналастырылса да осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылады.
3. Оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе шартты түрде ішінара босату қолданылған тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне орналастыру кезінде мұндай босату қолданылған кезең үшін егер осы сомаларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе шартты түрде ішінара босату қолданылған күннен бастап кейінге қалдыру (мерзімін ұзарту) ұсынылған жағдайда төленуі тиіс кедендік баждар, салықтар сомаларынан кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген процент төленуге тиіс.
Уақытша әкелінген тауарлардың жекелеген санаттары үшін Кеден одағының комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген процентті төлемейтін жағдайларды айқындауға құқылы.
38-тарау Уақытша әкетудің кедендік рәсімі
285-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімінің мазмұны
Уақытша әкету - кеден одағының тауарлары әкету кедендік баждарды төлеуден толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан, кейін кері импорттың кеден рәсімімен орналастырыла отырып кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және белгіленген мерзім ішінде пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.
Уақытша әкетудің кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады.
286-бап. Тауарларды уақытша әкетудің кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
1. Тауарларды уақытша әкетудің кедендік рәсімімен орналастыруға кейін уақытша әкетудің кедендік рәсімін аяқтау кезінде осы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігінің шартымен жол беріледі.
Тауарларды сәйкестендіру кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес әкетілген тауарларды ауыстыруға жол берілген жағдайларда талап етілмейді.
2. Уақытша әкетудің кедендік рәсімімен:
1) оларды жарнама және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме экспонаттары не өнеркәсіптік үлгілер ретінде санаулы даналарда әкеткен жағдайларды қоспағанда, алкоголь, темекі және темекі бұйымдарын, шикізатты және жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қосқанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;
2) қалдықтарды, соның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарды;
3) кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
287-бап. Уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және билік ету бойынша шектеулер
1. Уақытша әкетілген тауарлар тасымалдаудың (тасымал), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйде қалуға тиіс.
2. Олардың кері импорты кезінде кеден органының тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз етуі шартымен жөндеу операцияларын (күрделі жөндеуді және жаңғыртуды қоспағанда) жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты жай-күйде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қосқанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.
288-бап. Тауарларды уақытша әкету мерзімдері
1. Кеден органы тауарларды уақытша әкету мерзімін осы баптың 2- тармағымен көзделген жағдайды қоспағанда, мұндай әкетудің мақсаты мен жағдайын негізге ала отырып, декларанттың өтініші негізінде белгілейді.
Кеден органы декларанттың жазбаша өтініші бойынша тауарларды уақытша әкетудің мерзімін осы баптың 2 және 3-тармақтарын ескере отырып, ұзарту мүмкін.
2. Оларды кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетудің мақсаттарына қарай тауарлардың жекелеген санаттары үшін, сондай-ақ оларды уақытша әкету кезінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кері әкелу міндетті болып табылатын тауарлардың жекелеген түрлері үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен мұндай тауарларды уақытша әкетудің шекті мерзімдері белгіленуі мүмкін.
3. Оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен оларды осы мемлекеттің аумағына қайтару міндеттілігі белгіленбеген, уақытша әкетілген тауарларға меншік құқығын шетелдік тұлғаға берген жағдайда, бұл тауарларды уақытша әкету мерзімі ұзартуға жатпайды, ал бұл тауарлар осы Кодекстің 243-бабының 1-тармағының екінші бөлігін ескере отырып, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылуға жатады.