3) атыс қаруын немесе суық қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, уыты күштi химиялық және улы заттарды заңсыз ұстап жүрген адамдарды қарусыздандыру үшiн;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелерiне не Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзет шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
5) құқық бұзушыларды, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшілеріне немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне қарсылық көрсеткен немесе өздерiне жүктелген қызмет мiндеттерiн жүзеге асыруына қасақана кедергi келтiрген адамдарды ұстау үшiн;
6) кепiлге алынған адамдарды босату, күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне және объектілерге қауiп төндiретiн жаппай тәртiпсiздiктердi, топтық әрекеттердi тыйып тастау үшiн;
7) егер күзетiлетiн адамдарға төнген анық қатерге басқа тәсiлдермен жол бермеу мүмкiн болмаса, жүргiзушiсi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерінің және (немесе) әскери қызметшісінің талабын орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн.
күзетiлетiн адам тұрған жаққа қарай, сондай-ақ жүктiлiгi білінiп тұрған әйелдерге, мүгедектiгi айқын көрiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты, олар күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топталып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа кезде, арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң жарағындағы арнаулы құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Қаруды қолдану және жауынгерлiк техниканы пайдалану
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің , әскери қызметшілерінің қару мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай жағдайларда қолдануға құқығы бар:
1) күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi күзететiн үйлерге, ғимараттарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн;
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiне, әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ осы орган күзет шараларын қамтамасыз ету үшiн тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
4) азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi босату үшiн;
5) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiнде не тiкелей қылмыс жасағаннан кейiн үстiнен түскен, қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерiнiң қаруды, бұдан басқа, мынадай жағдайларда да қолдануға құқығы бар:
1) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндірсе және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінiң, әскери қызметшісінің талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;
2) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
3) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін.
Күзетiлетiн адамдар тұрған жаққа қарай, сондай-ақ әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адамдар алған, әуе кемесiн қолға түсiрген жағдайлардан басқа кезде, сондай-ақ қару қолдану басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайда қару қолдануға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерi, әскери қызметшілері қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
Адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, дене күші, арнайы құралдар, қару мен жауынгерлiк техника қолданылған әрбір жағдай туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурор хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң жарағындағы қару, жауынгерлiк техника және оқ-дәрi түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
5 тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң кадрлары
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 14-бап өзгерді; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің кадрлар құрамы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiндегi қызмет пен жұмысқа өзiнiң моральдық және iскерлiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің штаттық санының лимитін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің санын осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы белгілейді.
ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен; 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызметте тұрған адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі кадрларында немесе қолданыстағы резервте тұрады.
Қызметкерлерді қолданыстағы резервке алу және олардың қызмет өткеру тәртібін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы белгілейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін күзетілетін адамдардың, объектілер мен көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда олардың келісімімен белгіленген тәртіппен штаттағы лауазымдарды атқара тұру үшін Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте қалдырыла отырып, іссапарға жіберілуі мүмкін.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімдері мен бөлімшелерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері болып табылады.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері қызметін осы Заңда және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 15 - 19, 22, 24, 29 - 37, 40, 50 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес өткереді.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтар;
2) ерікті негізде келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері;
3) запастан шақырылған әскери қызметшілер қатарынан жасақталады.
Азаматтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке шақыруды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы белгілеген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне қойылатын білім, жұмыс тәжірибесі мен дене дайындығы деңгейі жөніндегі талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi iрiктеп алуға басымдық берiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы бекіткен нормалар бойынша мүліктің заттай және басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыскерлері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жұмыскерлерінің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 17-бап өзгерді; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілері қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде билік өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне оның жеке басы мен өкiлеттiктерін растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік әрекеттеріне тура және тiкелей бастықтарынан басқа ешкiмнiң де араласуына құқығы жоқ. Қазақстан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің заңды талаптарын азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің заңды талаптарын орындамау, олардың қызметтік мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерін, әскери қызметшілерін қорлау, оларға қатысты қарсылық көрсету, қатер төндіру немесе күш көрсету, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкіне қол сұғу, олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауына кедергі жасайтын басқа да әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкері, әскери қызметшісі заңды басшылыққа алуға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілеріне партияларда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің қызметкерлері, әскери қызметшілері, заңнамаға сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, өзге ақылы лауазымдарды атқаруға, кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес.
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгерді; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік мiндеттерi мен құқықтары
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілері:
1) алдарына қойылған мiндеттердi бiлiктiлiкпен және дәлме-дәл шешуге;
2) кәсiптiк және құқықтық бiлiмнiң, дене күші дайындығының, арнайы және жауынгерлік даярлықтың қажеттi деңгейiн сақтап тұруға мiндеттi.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілері өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде қолданыстағы заңнамада көзделген шектерде және тәртiппен:
1) күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда азаматтар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiптiң сақталуын талап етуге;
2) құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) қажет болған кезде азаматтар мен лауазымды адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
4) құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда азаматтарды ұстауға, iшкi iстер органдарына, өзге де құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметтік үй-жайларына әкелуге;
5) ұйымдарға, ал шұғыл жағдайларда азаматтарға да тиесілі байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға;
6) қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе оларды жасады деп күдік келтірілген адамдарды қудалау және ұстау үшiн, жедел медициналық жәрдем қажет адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ оқиға болған жерге бару үшiн қызмет мақсатында ұйымдардың көлiк құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiне тиесілі көлiк құралдарынан басқа) пайдалануға;
7) егер кешеуiлдеу күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге нақты қатер төндiруі мүмкін болса, күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге қатер төндiретiн қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезiнде, сондай-ақ осындай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілгендерді қудалау кезінде азаматтарға тиесілі тұрғын үй-жайлар мен өзге де үй-жайларға, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнен басқа) аумақтары мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
8) 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң көшелер мен жолдардағы қозғалысын уақытша шектеуге немесе бұған тыйым салуға, азаматтарды жерлердiң жекелеген учаскелері мен объектiлерге жiбермеуге, олардың жерлердiң нақты учаскелерінде немесе объектiлерде қалуын немесе бұл учаскелер мен объектiлерден кетуiн міндеттеуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінiң, әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерін, әскери қызметшілерін олардың қызметтік мiндеттерiне қатысы жоқ функцияларды орындау үшін тартуға тыйым салынады.
19.06.97 ж. № 134-I; 10.10.01 ж. № 247-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалу кепiлдiктерi
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерi қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде оны әкiмшiлiк ұстауға, сондай-ақ жеке қарап-тексеруге, оның өзiмен алып жүрген заттарын, пайдаланатын қызметтік көлiк құралдарын қарап-тексеруге жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің, әскери қызметшісінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің, әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеліп, кейiннен залал келтірген адамнан толық көлемде өндiрiлiп алынады. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6 тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21-бап. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiн қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
7 тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 23-бап өзгерді
23-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысына бақылау жасау
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң жұмысын Қазақстан Республикасының Президентi бақылайды, ол тексерушi органдарды тағайындайды, олардың мақсатын, мiндеттерi мен өкiлеттiгiн айқындайды, бақылау нысандары мен оларды жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi мен оның жұмысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Президентiне табыс етiледi.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгерді (бұр.ред.қара)
24-бап. Прокурорлық қадағалау
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң жұмысында Қазақстан Республикасы заңдарының қолданылуын қадағалауды бас прокурор мен ол арнайы уәкiлдiк берген прокурорлар жүзеге асырады.
25-бап. ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен алып тасталды
Қазақстан Республикасының