71-бап. Ескіру мерзімдері
Осы Кодекстiң 62-бабында көзделген ескіру мерзiмдері кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде жартысына қысқартылады.
72-бап. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға тартылды деп есептелетiн мерзiм
Әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау аяқталған күннен бастап алты ай iшiнде осы жазаға тартылды деп есептеледi.
ЕРЕКШЕ БӨЛIК
10-тарау. Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер
1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
ескерту жасауға не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаты үшін отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлi-зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсiнiледi.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 73-1-баппен толықтырылды
73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
1. Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 73-2-баппен толықтырылды
73-2-бап. Ұрып-соғу
1. Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
74-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға кедергi келтiру
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын адамның алуына кедергi келтiретiн заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
75-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Лауазымды адамның тiл бiлмеуін уәж етіп жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы -
ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу, тiлдік белгілері бойынша кемсiту -
лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 76-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
76-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығын шектеу
1. Жеке тұлғалардың еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (шекаралық аймақтарды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды және Қазақстан Республикасының Үкiметi шек қоюы мүмкiн жекелеген жерлердi қоспағанда) құқығын шектейтiн лауазымды адамдардың әрекетi (әрекетсiздiгi), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
77-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң, қайырымдылық ұйымдарының заңды қызметiне кедергi келтіру
Қоғамдық бiрлестiктердiң, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдарының заңды қызметiне лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып кедергi келтіруі, сол сияқты осы бiрлестiктердiң заңды қызметiне лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға әкеп соққан араласу -
екi жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
78-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту
2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Белгiленген тәртiппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын тiкелей қозғайтын құжаттарды, материалдарды беруден құқыққа сыйымсыз бас тарту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрiнеу жалған ақпарат беру, -
лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Лауазымды адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді жасауы, егер бұл іс-әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
79-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы әрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, меншiк иесi, оператор немесе үшiншi тұлға өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Меншiк иесiнiң, оператордың немесе үшiншi тұлғаның дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4. Егер осы іс-әрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, дербес деректерді жоғалтуға, заңсыз жинауға және (немесе) өңдеуге әкеп соққан іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жеті жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
80-бап. Медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету
1. 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Медицина қызметкерiнiң медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау, кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқса, -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Осы баптың үшіншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға - сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
81-бап. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
82-бап. Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы
1. Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 82-1-баппен толықтырылды
82-1-бап. Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасын бұзу
1. Осы Кодекстің 83, 84, 87, 89 және 91-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ең төмен әлеуметтік стандарттарды орындамаудан және (немесе) қамтамасыз етпеуден көрінген, Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасын бұзу -
лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
83-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын:
1) мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу;
2) мүгедектердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға - сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды
3. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпеу -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
84-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасын:
1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудегi қажеттiлiкке бағалау жүргiзудiң және оны айқындаудың, арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету туралы шешiм шығарудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу;
2) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету туралы шешiмдi орындамау түрiнде жасалған бұзушылық -
лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
85-бап. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргiзу барысында белгiлi болған мәлiметтердi жария етуi
1. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргiзу барысында белгiлi болған мәлiметтердi осы ақпаратты берген тараптың рұқсатынсыз жария етуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 86-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
86-бап. Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу
1. Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі -
лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға - алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 87-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
87-бап. Еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу
1. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінан төлемді кешіктірген кезеңі үшін өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі -
лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектi-
лерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъек-
тiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
лауазымды адамдарға - алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу, сондай-ақ түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын бұзу -
лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
лауазымды адамдарға - алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 88-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
88-бап. Демалыс бермеу
Жұмыс берушінің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуі -
лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
89-бап. Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру
1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асыруы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
90-бап. Еңбек саласында кемсітушілікке жол беру
1. Еңбек саласында қызметкердің бірдей еңбегі үшін бірдей ақы алу құқығын бұзудан көрінген кемсітушілікке жұмыс берушінің жол беруі -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне -сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Халықты жұмыспен қамту орталығының, жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптар қамтылатын, жұмысқа қабылдау үшін бос орындар туралы ақпаратты орналастыруы -