Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 201 қаулысы
(2014.19.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне берсін;
2) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 ақпандағы
№ 201 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-6-жолмен толықтырылсын:
«20-6. «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 289-жол алынып тасталсын.
2. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 18-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-1-жолмен толықтырылсын:
«44-1. «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» акционерлік қоғамы».