2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, залалды өтеуге міндетті сақтанушы барлық тәуекелді сақтандыру салдарынан келтірген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
10. Заемдарды сақтандыру сақтанушының, (заемшының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл мүлкін өткізгеннен кейін қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрін білдіреді.
12. Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
13. Басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 12)-15) тармақшаларында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтірілу кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
14. Сот шығыстарын сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
15. Осы баптың 11-13-тармақтарында аталған тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының өзінің ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы мүмкін.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды
16. Қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтер көрсетуі нәтижесіндегі шығындарды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды
17. Титулдық сақтандыру мүлікке меншік құқығын тоқтатқан жағдайда, сақтанушының мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8 -бап өзгертілді
8-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру
1. Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымының қызметi «өмiрдi сақтандыру» саласы бойынша лицензия немесе «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия негiзiнде сақтандырудың лицензияда көрсетiлген тиiстi сыныптары шегiнде жүзеге асырылады.
2. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметтi:
1) «өмiрдi сақтандыру» саласындағы қызметпен бiрiктiруге;
2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруға болмайды.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет:
1) осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарын қоспағанда, «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды және туристі міндетті сақтандыруды қоспағанда, міндетті сақтандыру түрлерімен біріктіріле алмайды.
4. Сақтандыру ұйымы, өзiнде сақтандырудың тиiстi сыныптары көрсетiлген және осы Заңда белгiленетiн сақтандыру сыныптарын бiрiктiру жөніндегі шектеулер ескерiлген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екi және одан көп сыныптарының белгiлерi мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрiн әзiрлеуге құқылы.
5. алып тасталды
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап жаңа редакцияда
9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет
1. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялауға жатады.
2. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асырады.
3. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензия болған кезде ғана сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы.
4. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбын қоспағанда, «жалпы сақтандыру» саласы бойынша оның лицензиясында көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.
5. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы осы Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген сыныптарды біріктіруді ескере отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша оның лицензиясында көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.
6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалатын қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.
Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің айрықша түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салаларында сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
7. Цедент сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға берген кезде цедентте қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға (акцептке) тәуекелдерді қабылдағаны туралы, қайта сақтандыру талаптарының барлығы көрсетілген жазбаша нысандағы растамасының болуы міндетті.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға беруге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сот шешімімен қанағаттандырылған (қайта сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқан немесе оны толық көлемде жүзеге асырмаған жағдайда) қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы талабын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орындамау фактісінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органға қабылданған тәуекелдер, сыйлықақылар көлемі және жасалған қайта сақтандыру шартының елеулі талаптары туралы мәліметтерді ұсынбау, сол сияқты анық емес не толық емес мәліметтерді ұсыну фактісінің болуы негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
9. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру процесіне қатысқан жағдайда, уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру брокері уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - қайта сақтандыру ұйымдарына осы тәуекелдерді қайта сақтандыруға Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің орналастыру талаптары туралы есепті Ұлттық Банкке ұсынады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-тармақ 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
11. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокері филиалының және Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы Қазақстан Республикасының бейрезиденті - қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға бере алады. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің еншілес ұйымы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - осы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан қайта сақтандыру шарттары туралы есепті Ұлттық Банкке ұсынады.
12. Сақтандыру ұйымын құру, оның қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату бөлігіндегі осы Заңның нормалары қайта сақтандыруды қызметтің айрықша түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарын құру, олардың қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату талаптарына қолданылады.
3-тарау. Сақтандыру рыногы
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Сақтандыру нарығының қатысушылары
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы;
2) сақтандыру брокерi;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы;
3) сақтандыру агентi;
4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
5) актуарий;
6) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) тәуелсіз актуарий;
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) бағалаушы;
8) андеррайтер;
9) аджастер;
10) сюрвейер;
11) сақтандыру омбудсманы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтану шыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды
11-2) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым;
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі;
13) актуарийлер бірлестігі;
14) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктері
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктеріне:
1) сақтандыру нарығында қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
2) ішкі құжаттарды әзірлеу;
3) сақтандыру нарығына қатысушыларға оқытуды өткізу;
4) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;
5) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
6) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу;
7) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері уәкілетті орган беретін, өз мүшелерінің кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі ақпаратты өз мүшелерінің назарына жеткізуге міндетті.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің ішкі құжаттары
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері мынадай ішкі құжаттарды:
1) сақтандыру нарығындағы қызмет стандарттарын;
2) кәсіби әдеп кодексін;
3) дауларды шешу тәртібін;
4) жарғыда көзделген өзге де құжаттарды қабылдайды.
Ішкі құжаттарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің жоғары басқару органы бекітеді және олардың мүшелерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-3-баппен толықтырылды
10-3-бап. Актуарийлер бірлестігі
1. Актуарийлер бірлестігі коммерциялық емес ұйым нысанында құрылады, оның қызметі осы Заңмен, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, актуарийлер бірлестігінің құрылтай құжаттарымен реттеледі.
2. Актуарийлер бірлестігіне мүшелікке қабылдау және мүшелікті тоқтату шарттары мен тәртібі актуарийлер бірлестігінің жарғысында белгіленеді.
Актуарийлер бірлестігі өз мүшелерінің тізбесін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
3. Актуарийлер бірлестігі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер, оның ішінде актуарлық бағалауды және мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтеріне сараптама жүргізу;
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдары шеңберінде жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша талдау жүргізу және өмір сүру көрсеткіштерін жаңартып отыру;
3) актуарийлерді оқытудың міндетті ең төмен бағдарламасы бойынша оқытуды және емтихандарды өткізу;
4) ішкі құжаттарды әзірлеу;
5) өз қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
6) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;
7) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасының және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
4. Актуарийлер бірлестігінің жұмыскерлері мен мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
5. Ықпал ету шараларын, оларды қолдану тәртібі мен негіздерін, актуарийлер бірлестігі мүшелерінің кәсіби әдеп кодексі мен кәсіби практика стандарттарын, мүшелікке қойылатын біліктілік талаптары мен өзге де талаптарды бұзуы туралы істерді қарау тәртібін әзірлеу және бекіту актуарийлер бірлестігі басқармасының жоғары органының құзыретіне жатады.
ҚР 11.06.03 ж. № 436-11 Заңымен (бұр. ред. қара); ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi
1. Сақтандыру қызметi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметiнен басқа қызметтiң мынадай түрлерiн:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы Заңда белгіленген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызметтi;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде, инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерге қатысты инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;
2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын (сақтандыру ұйымы үшін);
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;
4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келiп түскен (сақтандыру ұйымы үшiн) мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;
6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетудi;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктiлiгiн арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;
8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;
9) осы Заңның 52-бабының 1-тармағында аталған қызметтi;
10) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) сақтандыру ұйымдары арасындағы не сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсiпкерлiк қызмет ретiнде осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмiлелердi жүзеге асыруы мен операцияларды жүргiзуiне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне жатпайтын кәсіпкерлік қызмет ретінде мәмілелерді жүзеге асыруына және операцияларды жүргізуіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру қызметінен басқа, сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.
«Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру қызметінен басқа, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз сақтанушыларына тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді
3-1. Сақтандыру ұйымы өзінде ірі қатысушы - жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі болмаған кезде, түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде айқындалатын міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы, оның түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйым құруға құқылы. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның құрылу тәртібі мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде көзделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік беруге жататын сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алады.
ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 11-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-1-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 11-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру қағидалары және ішкі қағидалары болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.
1-1. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)