2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидалары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
2) ішкі аудит қызметінің және тұрақты жұмыс істейтін басқа да органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын ашып көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесін;
4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлері ұйымның атынан және ұйымның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін;
6) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың), жәбірленушілердің (пайда алушылардың) және олардың өкілдерінің жазбаша және ауызша өтініштерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары мәселелері бойынша келіп түсетін өтініштер мен құжаттарды тіркеу тәртібін;
7) сақтандыру жағдайларының мәселелері жөніндегі өтініштер мен құжаттар бойынша оларды қарау және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға), жәбірленушілерге (пайда алушыларға) және олардың өкілдеріне жауап беру тәртібі мен мерзімдерін;
8) сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін көрсете отырып, сақтандыру төлемі туралы шешімді қабылдау немесе одан бас тартудың дәлелді негіздемесін ұсыну рәсімін;
9) сақтандыру тәуекелдерін (оның ішінде сақтандыруға қабылданатын мүлікті) және сақтандыру жағдайы бойынша залалдың мөлшерін бағалау тәртібін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) андеррайтердің, аджастердің және сюрвейердің өкілеттіктерін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) қайта сақтандыруға (қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырған жағдайда) сақтандыру тәуекелдерін қабылдаған кезде бағалау тәртібіне қойылатын талаптарды;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) қайта сақтандыру (қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырған жағдайда) жөнінде шешімдер қабылдау бойынша құжаттар мен рәсімдердің өту тәртібін айқындауға тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын - директорлар кеңесі, ал Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының осы қағидаларын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу мүмкіндігі көзделетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қағидаларын сақтандырушының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Ерікті сақтандыру шарттарын тиісті келісім негізінде сақтандыру ұйымының әріптестері болып табылатын басқа ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып электрондық нысанда жасасқан жағдайда, сақтандыру ұйымы сақтандыру қағидаларын олардың интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде - директорлар кеңесі, ал Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының осы қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий, тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің осы Заңда белгіленген қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартады.
Осы тармақтың талаптары аудиторлық ұйым міндетті аудит жүргізген кезде тәуелсіз актуарийді тартқан жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Тәуелсіз актуарий мынадай талаптарға сай келуге:
1) тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыскері болмауға;
2) актуарлық қызметте кемінде үш жыл және тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметін жүзеге асыратын сақтандыру саласында кемінде екі жыл тәжірибесі болуға және актуарийлер бірлестігінің мүшесі болуға;
3) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда, актуарлық қызметке арналған уәкілетті органның лицензиясы болуға немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының мүшесі болуға тиіс.
7-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
8. Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
12-бап. Өмірді сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың ерекшелiктерi
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Исламдық сақтандыру ұйымын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып, өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып, сатып алу сомасы шегiнде қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.
2. Сақтандыру ұйымы аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы кезеңінде актуарийдiң қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен тұрақты сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн ұлғайтуға құқылы.
3. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру ұйымы сақтанушы инвестицияларға қатысқан, сондай-ақ сақтандырушының пайдасы жағдайында сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруды көздейтін осы Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген сақтандыру сыныптары шеңберінде сақтандыру түрлерін әзірлеуге құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымында бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде өзі дербес басқаруға не оларды сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беруге құқылы.
Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және меншікті қаражат бойынша және инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша бөлек қаржылық есептілік пен алғашқы статистикалық деректерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке ұсынады.
Сақтандырушының пайдасына сақтанушының қатысуына байланысты төлемдерді есепке жазу аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша жүргізіледі.
6. Жинақталған сомаларды есепке ала отырып, сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысуына байланысты төлемдерді жүзеге асыру:
1) сақтандыру төлемі құрамында сақтандыру жағдайы басталған;
2) сақтандыру төлемі құрамында жинақтаушы сақтандыру мерзімі аяқталған;
3) сатып алу сомасы құрамындағы сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда жүргізіледі.
Сақтанушының акционерлермен (жалғыз акционермен) және (немесе) сақтандыру ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен сақтандырушының пайдасына қатысу жағдайларын көздейтін сақтандыру шартын жасасуға жол берілмейді.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру жөніндегі қызмет
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын құру арқылы тәуекелдерді сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттіктерін өзіне қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талаптарымен жасалуы мүмкін.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бірлескен қызмет туралы шартта мынадай ақпарат:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы;
2) сақтандыру сыныптары (түрлері) және сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің нысанасы болып табылатын сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі;
3) ортақ сақтандырудың (бірлескен қайта сақтандырудың) жекелеген шарты бойынша міндеттемелердің ең жоғары мөлшерін, қабылданатын тәуекелдер бойынша пулға әрбір қатысушы жауапкершілігінің ең жоғары үлесін қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы мен оның қатысушыларының жиынтық міндеттемелерінің ең жоғары мөлшері;
4) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау талаптары, тәртібі;
5) шарттың қолданылу мерзімі;
6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
7) дауларды шешу тәртібі;
8) тараптардың қолтаңбалары қамтылуға тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымы) уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, оның жасалғаны туралы хабардар етеді.
3. Ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына қойылатын талаптарға сай келуге тиіс.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің шеңберінде жасалған ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында бірлескен қызмет туралы шарттың нөмірі мен жасалған күні, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті тұлғасының не сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокерінің қолтаңбасы қамтылуға тиіс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының әрбір қатысушысы сақтандыру резервтерін қабылданған міндеттемелердің көлеміне сәйкес қалыптастырады.
6. Лицензиясында сақтандырудың тиісті сыныбы көрсетілмеген сақтандыру ұйымының сақтандыру пулына қатысуына тыйым салынады.
7. Сақтандырудың тиісті саласы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта сақтандыру пулына қатысуына тыйым салынады.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы өз қатысушыларының пул қызметінің шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар басқа қатысушылардың пул қызметінің шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтандыру брокерінің арасында келісім болған кезде уәкілетті органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру брокерлері тартылуы мүмкін.
Бұл ретте сақтандыру брокеріне жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары жүктеледі.
2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу
1. Уәкілетті органның тиісті лицензиясы жоқ бірде-бір тұлғаның:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті өз атынан жүзеге асыруға, осы Заңның 11-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда, негізгі немесе қосымша қызмет түрі ретінде сақтандыру брокері, актуарий қызметтерін көрсетуге;
2) өзінің атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «сақтандыру», «қайта сақтандыру», «сақтандыру ұйымы», «қайта сақтандыру ұйымы», «сақтандыру брокері» деген сөздерді немесе оның өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыратынын не осы Заңның 11-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда сақтандыру брокері, актуарий ретінде әрекет ететінін білдіретін туынды сөздерді (сөз тіркестерін) кез келген тілде пайдалануға құқығы жоқ.
2. Өзара сақтандыру қоғамдарының қызметін қоспағанда, уәкілетті органның лицензиясынсыз сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Трансшекаралық сақтандыру және қайта сақтандыру
1. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға байланысты сақтандыру трансшекаралық сақтандыру болып табылады.
2. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн, осы Заңның 5-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәуекелдерді сақтандыру шарттарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметке жол берiлмейдi.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн, осы Заңның 5-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәуекелдерді сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлген уәкiлеттi органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымдары да және аталған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымымен жасалған тиiстi шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру брокерлерi де жүзеге асыра алады.
5. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 15-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 15-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруіне тыйым салынады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жеңілдікті жағдайлар беру мәні, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғамен жасамайтын мәмілені сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасауды білдіреді, атап айтқанда:
1) басқа сақтанушыларға қарағанда сақтандыру тарифін төмендетіп қолдану не сақтандыру төлемін жоғарылатып жүзеге асыру;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға сатып алынатын мүлікке және (немесе) көрсетілетін қызметтерге құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын мәміле немесе мәмілелер жиынтығы бойынша үшінші тұлғаларға осыған ұқсас сатып алынатын мүлік және (немесе) көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге қарағанда жоғары бағамен ақы төлеу;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға мүлікті осыған ұқсас мүлікті үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құны бойынша сату;
4) уәжді пайымдауды пайдалану жолымен бұрын уәкілетті орган жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызған мәмілелерді жасау.
Мәмілелерді жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп мыналар танылады:
1) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамы немесе басшы қызметкері, филиалының бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
2) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды қоспағанда) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін не лауазымды адамдары болып табылатын заңды тұлға;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалану жолымен жеке немесе заңды тұлғаны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жатқызуға құқылы. Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның қадағалап ден қоюдың тиісті шарасын алған күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы жеке немесе заңды тұлғаны онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп таниды.
Тәуелсіз директор, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де тұлғалар осы баптың мақсаттары үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды тану мақсаттары үшін:
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы түсініледі;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы түсініледі.