Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға бекiткен құжатта көзделген ғимараттар, сәулет объектiлерi, құрылыстар, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы;»;
мынадай мазмұндағы 24), 25) және 26) тармақшалармен толықтырылсын:
«24) электрондық сауда - ақпараттық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
25) электрондық саудадағы делдал - электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін тұлға;
26) электрондық саудаға қатысушылар - электрондық саудаға сатып алушы, сатушы және (немесе) делдал ретінде қатысушы жеке және заңды тұлғалар.»;
2) 3-баптың тақырыбындағы «принциптері» деген сөз «қағидаттары» деген сөзбен, 2-тармағының бірінші абзацындағы «принциптері» деген сөз «қағидаттары» деген сөзбен және оның 8) тармақшасындағы «қамтамасыз ету болып табылады.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін қолданудың біртұтастығы;
10) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеу, қабылдау және қолдану кезіндегі жариялылық;
11) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың негізділігі, объективтілігі мен ашықтығы болып табылады.»;
3) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның күшi:
1) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiмен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының бұл заңнамалық актiлерiмен реттелмейтiн бөлiгiнде осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру осы Заңның нормаларымен реттеледi;
2) қаржы ұйымдарының қызметіне байланысты, сондай-ақ қаржы құралдарымен операциялар жасауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.»;
4) 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауданы жүзеге асыруы кезінде тауарларды өткізу шарттарын айқындау;»;
5) 6-бап мынадай мазмұндағы 14-4) тармақшамен толықтырылсын:
«14-4) тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану туралы шешім қабылдайды;»;
6) 7-бапта:
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) әкелу немесе әкету кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн, сондай-ақ қажет болған кезде оларды есептеу тәртібін бекiтедi;»;
2-2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын әзірлейді және бекітеді;»;
11) тармақшадағы «экспортын және импортын» деген сөздер «экспортын және (немесе) импортын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 10-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Стационарлық сауда объектілері:
сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, сауда алаңы он мың шаршы метрден асатын сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 1-санатты;
сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, сауда алаңы екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 2-санатты;
сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 3-санатты;
сауда, қосалқы үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 4-санатты;
сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден аз сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 5-санатты сауда объектілері болып бөлінеді.
Стационарлық сауда объектілерінің түрлерін және оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6 және 2-7-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Стационарлық емес сауда объектілері мыналарға бөлінеді:
1) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
2) жылжымалы сөре - арнайы бөлінген орынға орналастырылатын сауда орнын білдіретін тасымалды уақытша құрылыс (конструкция);
3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;
4) шатыр (павильон) - бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жеңiл құрылатын құрылыс;
5) дүңгiршек - бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс.
Тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс.
2-2. Сауда базарлары өткізетін тауарларына байланысты:
1) әмбебап;
2) мамандандырылған болып бөлінеді.
10-тармақтың 8) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылады
2-3. Әмбебап сауда базары сауда орындары әртүрлі топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады:
астананың, республикалық маңызы бар қаланың аумағындағы сауда базары, автодүкендерді қоспағанда, ішінде стационарлық емес сауда объектілері орналасуы мүмкін бір және одан да көп стационарлық сауда объектілерінен тұрады;
облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің немесе ауылдың аумағындағы сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерінен тұрады.
10-тармақтың 8) тармақшасының жиырма төртінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2-4. Әмбебап сауда базары сауда орындары әртүрлі топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады:
астананың, республикалық маңызы бар қаланың және облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы сауда базары, автодүкендерді қоспағанда, ішінде стационарлық емес сауда объектілері орналасуы мүмкін бір және одан да көп стационарлық сауда объектілерінен тұрады;
аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың аумағындағы сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерінен тұрады.
2-5. Мамандандырылған сауда базары сауда базарының жалпы санынан олардың жетпіс және одан да көп пайызы бір топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады.
Мамандандырылған сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерін білдіреді.
2-6. Сауда базарлары:
1) сауда орындары орналастыру схемасына сәйкес жабдықталуға, әкімшілік-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және жалпы пайдаланатын орындармен жабдықталуға;
2) шолуға арналған қолжетiмдi орындармен жабдықталуға тиіс, онда:
сауда базарындағы сауда орындарын орналастыру схемасын қамтитын ақпарат;
авариялық немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау схемасы;
сауда орындарын жалға беру (пайдалану) тәртібі туралы және шарттары туралы ақпарат;
бос сауда орындарының болуы-болмауы туралы ақпарат;
сауда орындарын жалға беру (пайдалану) жөніндегі келіссөздерді жүргізуге уәкілетті тұлғаның байланыс (телефон нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы) деректері;
Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген ақпарат орналастырылады.
2-7. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумақтарын ұстауға, жабдықтарына және жарақтандырылуына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
9) 11-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көтерме сауда стационарлық сауда объектілерінде және сауда базарларында жүзеге асырылады.»;
2-тармақтағы «сауда объектiлерiнiң меншiк иелерi» деген сөздер «сауда қызметінiң субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 12-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Бөлшек сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген орыннан тыс жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
11) 14-1-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 14-2-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «Уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 16-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «әкелуге және (немесе) әкетуге» деген сөздер «әкелуге немесе әкетуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Әкелуіне және (немесе) әкетуіне» деген сөздер «Әкелуіне немесе әкетуіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу
Сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларына:
1) жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу;
2) жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеу;
3) жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық;
4) тауарларды экспорттау және (немесе) импорттау саласындағы лицензиялау;
5) жекелеген тауарлар түрлерін автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) жатады.»;
15) 18-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1), 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) алтын немесе күміс экспортын және (немесе) импортын реттеу;»;
«7-1) ішкі өңдеу өнеркәсібін отандық тауарлармен сан жағынан жеткілікті қамтамасыз ету үшін осындай тауарлардың экспортын шектеу;
7-2) тауарлардың жалпы немесе жергілікті жетіспеушілігі кезінде оларды сатып алу немесе бөлу;
7-3) Қазақстан Республикасындағы тауарларды өндіру және тұтыну құрылымындағы озыңқы өзгерістер үшін жағдай жасау;
7-4) Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасын қолдануға, зияткерлік меншік және өзге де құқықтық актілерді қорғауға қатысты халықаралық міндеттемелерге сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай енгізеді;»;
8) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Айтарлықтай маңызды тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлiк немесе өзге де тауарлардың iшкi нарықта өте көп жетiспеушiлiгiн болғызбау немесе азайту үшiн орталық мемлекеттiк органдар өз құзыреті шегінде уәкiлеттi органның келiсімі бойынша жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салу мен сан жағынан шектеулердi енгiзе алады.»;
5-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
16) 18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1-бап. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі
1. Рұқсаттар барлық өтiнiш берушiлерге шектеусiз берiледi.
2. Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға:
жазбаша өтініш;
бiр данада қағаз жүзiнде белгiленген үлгiдегi рұқсаттың жобасын және оның электрондық көшiрмесiн ұсынады.
3. Рұқсат өтініш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде берiледi.
4. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi рұқсат берiлген күнтiзбелiк жылмен шектеледi.
5. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
6. Берiлген рұқсатты басқа өтiнiш берушiлерге қайта ресiмдеуге болмайды.
7. Рұқсат жоғалған жағдайда өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган үш жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың телнұсқасын бередi.»;
17) мынадай мазмұндағы 18-3-баппен толықтырылсын:
«18-3 бап. Тыйым салулардың және шектеулердің ерекше түрлері
1. Сыртқы сауда қызметі қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес халықаралық санкцияларға қатысу үшін қажетті шаралармен, оның ішінде осы Заңның 18-бабының ережелерінен алшақ шаралармен шектелуі мүмкін.
2. Сыртқы қаржылық жағдайды қорғау және төлемдік теңгерімнің тепе-теңдігін қолдау мақсатында сыртқы сауда қызметін шектеу шаралары, оның ішінде осы Заңның 18-бабының ережелерінен алшақ шаралар енгізілуі мүмкін.»;
18) 19-бап алып тасталсын;
19) 20-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi орган экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берiлетiн тауарлардың тiзбесiн, сондай-ақ жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауға және (немесе) импорттауға айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушыларды тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстарының негізінде бекiтедi.»;
3-тармақ алып тасталсын;
20) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Жекелеген тауарлар түрлерiн автоматты түрде лицензиялау (қадағалау)
Жекелеген тауарлар түрлерiн автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады.»;
21) 27-баптың 3-тармағындағы «шатырларда» деген сөз «шатырларда (павильондарда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Электрондық сауда
1. Электрондық сауда уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.»;
23) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
«29-1-бап. Электрондық сауданы жүзеге асыру
1. Офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде:
1) офертаға шарттың маңызды талаптарын енгізуге немесе оларды айқындау тәртібін көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды енгізуге;
2) шартты жасасу тәртібі туралы ақпаратты ұсынуға;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен шот-фактураны жазып беруге, сондай-ақ «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелерін беруге міндетті.
2. Электрондық сауда мәмілелері бойынша ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Электрондық сауда делдалы ақпараттық ресурстардағы қамтылған ақпараттың тұтастығын және құпиялығын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Электрондық сауда делдалының:
1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарламаларда қамтылған ақпаратты жария етуге;
2) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды, электрондық хабарламаларды немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде олардағы қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге;
3) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды немесе электрондық хабарламаларды не оларды пайдалану тәртібін өзгертуге құқығы жоқ.
5. Сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде электрондық ақпараттық ресурстарды сақтауды, оның ішінде электрондық саудадағы делдал арқылы сақтауды ұйымдастырады.»;
10-тармақтың 24) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1-бап. Сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi - дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
1. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегi, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтiзбелiк ай шегiнде күнтiзбелiк үш күннен асатын мерзiмге жалға (пайдалануға) берген кезде жалға беру (пайдалану) жазбаша шартын жасауға міндетті. Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шартында:
1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде);
2) жалға алушы - дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы;
3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнi;
4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрi;
5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) және жасасқан күнi;
6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның кезеңі;
7) жалға беру төлемінің сомасы және (немесе) өтелетін шығыстар сомасы;
8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсаты;
9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жері;
10) жалға берушінің және жалға алушының қолы және мөрі (ол болған кезде);
11) шартқа сәйкес өзге де талаптар міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
2. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беруші дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жүргізуге және оны салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.»;
25) 32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберіндегі сатып алуды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдардың келісуі бойынша уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарларды;
4-2) аталған тауарларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдарының нысанды киім-кешегінің заттарына жататын тауарларды;».
11. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., №9-10, 46-құжат; №18, 84-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №10, 77-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4, 9-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) биржалық қамтамасыз ету - жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін тауар биржасының клирингтік орталығына биржалық саудаға қатысушылардың қайтарым негізінде енгізетін ақшалай қамтылымы;»;
3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«3) биржалық сауда - тауар биржасында биржалық сауда-саттықты электрондық нысанда жүргізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
4) биржалық сауда қағидалары - биржалық сауданың үлгi қағидалары негiзiнде әзiрленген, әрбiр тауар биржасы үшiн биржалық сауда жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн құжат;
11-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) биржалық сауда-саттық - биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;»;
11) тармақша алып тасталсын;
19-1) тармақшада:
11-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«электрондық биржалық сауда-саттықты» деген сөздер «биржалық сауда-саттықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мен клиринг» деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақтың 1) тармақшасының он екінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) тармақша алып тасталсын;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-6) тармақшамен толықтырылсын:
«3-6) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
11-тармақтың 3) тармақшасы 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 4-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2-бап. Биржалық тауарлар тізбесіне кірген тауарларды өткізу
Биржалық саудаға қатысушылар биржалық тауарлар тізбесіне кірген өзінің тоқсан сайынғы жалпы биржалық тауарлары айналымының кемінде отыз пайызын қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
4) 6-бапта:
11-тармақтың 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылады
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауар биржасының жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшерін құрайды.»;
11-тармақтың 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Тауар биржасының жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде үш жүз мың еселенген мөлшерін құрайды.»;
5) 10-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) биржалық сауда-саттықтарды осы Заңның 15-1-бабында белгіленген сауда режимінде жүргiзу тәртiбiн;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) биржалық сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен жүргізу тәртібін;»;
8) тармақшадағы «, сондай-ақ өткiзiлетiн сауда-саттықтар туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсына орналастыру» деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақтың 6) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 13-1-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 13-2-баппен толықтырылсын:
«13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері
1. Тауар биржасының:
1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес биржалық сауда-саттықты өзі өткізетін сауда режимдерін айқындауға;
2) биржалық сауда-саттықты фьючерстермен, опциондармен өткізуге;
3) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Тауар биржасы:
11-тармақтың 7) тармақшасының сегізінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды сақтауға;
2) өз интернет-ресурсын иеленуге;
3) коммерциялық құпияны жария етпеуге;
4) биржалық сауда-саттықтың нәтижелерін сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында орналастыруға;
5) уәкілетті органға есептіліктің күнделікті электрондық нысанын ұсынуға міндетті.»;
8) 15-1 және 17-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Биржалық сауда-саттықтарды жүргiзу режимдерi
1. Биржалық сауда-саттықтар, мерзімді келісімшарттармен биржалық сауда-саттықты қоспағанда, сауданың мынадай режимдерiнде:
1) классикалық сауда режимінде;
2) стандартты аукцион режимінде;
3) қосарланған қарсы аукцион режимінде жүргiзiледi.
2. Классикалық сауда режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:
1) биржалық сауданың қатысушылары туралы ақпаратты ашу;
2) биржалық саудаға қатысушылардың саны бойынша шектеулердің жоқтығы;
3) тауарды сатып алушы мен сатушы арасындағы келісім процесінде жасалатын биржалық мәміле бойынша биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру;
4) биржалық қамтылымды енгізу бойынша талаптардың жоқтығы ескеріле отырып жүргізіледі.
3. Стандартты аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:
1) жалпыға белгілі болып табылатын аукционның бастамашысы туралы ақпаратты қоспағанда, биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпаратты немесе оның құпиялығын ашу;