Сот заңды тұлғаға қатысты оны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.
Қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы осы Заңның осы бабы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында және 16-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардың негізінде есептік тіркеуден шығарылуға жатады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеуден шығару қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның филиал қызметін ерікті немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтатудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталған кезде, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегі болған не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен міндеттемелерді орындамаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары берешегі туралы көрсетілген мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттарымен қоса филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлғаның өтініші берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17-бап. Дауларды қарау
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден және филиалдарды (өкiлдiктердi) есептiк тiркеуден бас тартуға, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтаруға, сол сияқты заңды тұлғаның құрылтайшылары мен тіркеуші орган арасындағы өзге де дауларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
ҚР 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Мемлекеттік тiркеусiз заңды тұлға ретіндегі қызметке жол берiлмейдi. Мемлекеттік тiркеуден өтпей жасалған қызметтен алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады.
Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттік қайта тiркелуге әкеп соғатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтер бiр ай мерзiмде берілмегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туындайды.
Тiркеушi орган заңды тұлғаларды, филиалдарды (өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеуден (қайта тіркеуден), заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден заңсыз бас тартқан жағдайда, өтініш берушi өзi шеккен залалдардың орнын толтыруды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
Акционерлік қоғам акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге немесе ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн алуға құжаттарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, осы қоғам Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен таратылуға немесе қайта құрылуға тиiс.
19-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының