Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы № 440-II Заңы
(2019.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «аудиторлар мен», «аудитормен немесе», «аудиторды және», «аудитордың немесе», «аудитордың және», «аудиторды немесе», «жеке кәсіпкер ретінде аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлар және», «аудиторларды немесе», «аудиторларға және», «аудитор және», «аудитор немесе» деген сөздер алып тасталды (бұр. ред. қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру туралы заңдары
3-бап. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi
4-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi
4-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар
6-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай аудиторлық ұйымның қызметiн жүзеге асыруына жол бермеу
7-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк қадағалау және бақылау
7-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл
2-тарау. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
8-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, оны жасасу тәртiбi
8-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
9-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы
10-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
11-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
12-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы
13-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi
14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы
15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі
18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау
19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртiбi
19-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап құқығы
21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
5-тарау. Қорытынды ережелер
22-бап. Дауларды қараудың тәртiбi
23-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті cақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Осы Заң аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - аудиторлық ұйымның аудит жүргізу кезінде аудиттеу субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеуінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген міндеті;
2) аудиттеу субъектісі - аудиторлық ұйыммен аудит жүргізуге шарт жасасқан заңды тұлға;
3) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
4) сақтандыру жағдайы - басталуына орай аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
5) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
6) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
7) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;
8) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
9) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
10) сақтанушы - сақтандырушымен аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан аудиторлық ұйым;
11) франшиза - сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi
Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, аудиттi өткізу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады.
4-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi
1. Аудиторлық ұйымның аудиттi өткізу кезiнде мүлiктiк зиян келтiрiлген аудиттеу субъектiлерiнiң мүлiктiк мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мыналар аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жауапкершілігі сақтандырылған аудиторлық ұйымдардың қызметін жүзеге асыру;
тараптардың аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуi болып табылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды
4-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған қызметке жол берiлмейдi.
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар
1. Аудиторлық қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия алған аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Аудиторлық ұйымның кәсiби қызметтi жүзеге асыруға байланысты өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiне ерiктi сақтандыру шартын жасасуы оны аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттен босатпайды.
6-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай аудиторлық ұйымның қызметiн жүзеге асыруына жол бермеу
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Аудиторлық ұйым аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шартын жасаспай аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қызметтi аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыратын аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
7-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
2. Аудиторлық ұйымдардың осы Заңның аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттiлiгiне қатысты бөлiгіндегі талаптарды орындауына мемлекеттік бақылау және осы талапты бұзған аудиторлық ұйымдарға шаралар қолдану осы Заңға сәйкес тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік органға оның Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген құзыретi шегiнде жүктеледi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл
Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау үшін қажет және оның салдары туралы ақпарат қолында бар уәкілетті мемлекеттік орган, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
2-тарау. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
8-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, оны жасасу тәртібі
1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында аудиттi өткізу кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлуi мүмкiн аудиттеу субъектiсiнiң пайдасына жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында, сақтанушының аудиттi өткізу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген зиян салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша, моральдық шығынды, ала алмаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.
3. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасасу мiндеттi болып табылады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
5. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының немесе аудиттеу субъектiсiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен аудиттеу субъектiсiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) сақтанушының аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;
3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда сақтауды;
4) сақтанушыға (пайда алушыға):
мәліметтерді өзгерту, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын қайта ресімдеу;
аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу;
сақтандыру төлемін алу үшін қажет ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, осы сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтанушымен сақтандырушы ұсынған талаптарда жасалды деп есептеледі.
5. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы өзіне ұсынылған талаптарда осы қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдаланып аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
9-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы
1. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда ол сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал оны мерзiмiн ұзартып төлеген кезде - бiрiншi сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
2. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
Сақтандырушылық қорғаудың қолданылу кезеңi аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiмен сәйкес келедi.
3. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
10-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда;
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанда;
3) сақтандырушы сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы мөлшерiнде жүзеге асырғанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
11-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
2. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату оның талаптарын орындамаған сақтандырушының кiнәсiнен туындаса, соңғысы сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтаруға мiндеттi. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатудың өзге жағдайларында сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн сақтандырудың қолданылуы iшіндегі уақытқа барабар алуға құқығы бар.
12-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы
Аудиторлық ұйымдардың мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың талаптары, негiздерi және салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады.
13-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтанушы:
1) сақтандырушыдан аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және жағдайларда алуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге құқылы.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
2. Сақтанушы:
1) сақтандыру сыйлықақысын аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
2) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсынуға;
3) аудиттi өткізу нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап немесе талап-арыз келтiрiлгенi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап, шұғыл түрде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға;
4) басталуына орай сақтанушыда келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi пайда болған оқиғаның себептерi, барысы және салдары, сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерлерi туралы талдау жасауға мүмкiндiк беретiн, өзiнiң қолы жеткен барлық ақпаратты және құжаттаманы сақтандырушыға ұсынуға;
5) аудиттеу субъектiсiнiң зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуы үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк жасауға;
6) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту жөніндегі шараларды қолдануға;
7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтандырушы:
1) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты және аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi беруiн талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiне және сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтауға байланысты құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға;
3) аудиттеу субъектiлерiнiң сақтанушының аудиттi өткізуге байланысты өз мiндеттерiн орындауы нәтижесiнде келтiрген зиянын өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға;
4) осы Заңның 20-бабында көзделген жағдайларда келтiрiлген зиянға жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға;
5) осы Заңның 21-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
2. Сақтандырушы:
1) сақтанушыны аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
2) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушыға Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен сақтандыру сыйлықақысын толық немесе iшiнара қайтаруға;