383) екі немесе одан көп облыс аумағындағы карантиндік аймақтарда өсімдіктер карантиннің жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
384) мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды бақылайды;
385) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын сақтауын және тексерілетін субъектілердің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
386) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
387) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi жөніндегi мемлекеттiк iс-шараларды ұйымдастырады;
388) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;
389) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асырады;
390) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын анықталған бұзылушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
391) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын жергілікті атқарушы органдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
392) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
393) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты ұсынады;
394) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орманның өсiрілуіне тексерулер арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
395) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
396) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілдік және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
397) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін күзету, өсімін молайту және пайдалану және ерекше күзетілетін табиғи аумақтар саласындағы заңнамалары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
398) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, орман қатынастары, жануарлар дүниесін күзету, өсімін молайту және пайдалану, ерекше күзетілетін табиғи аумақтар, су ресурстарын басқару саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
399) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізеді;
400) жануарлар дүниесін күзету, өсімін молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
401) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше күзетілетін табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
402) бөгеттер иелерінің бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгілеген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
403) су қорғау аймақтарының, белдеулерiнің және оларды шаруашылықта пайдалану режимдернің жобалау құжаттамасының келіседі;
404) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат беруді келіседі;
405) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;
406) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі;
407) бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;
408) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, салалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және салалық жұмыскерлер бірлестіктерімен бірлесіп, кәсіби стандарттар әзірлеуге қатысады;
409) ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртiбiн келіседі;
410) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;
411) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;
412) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
413) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
қызметін ұйымдастыру
19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өкілеттіктері:
1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін
айқындайды;
3) ведомстволардың құзыретін және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
4) ведомстволар актілерінің әрекет етуін толық немесе ішінара жояды немесе тоқтата тұрады;
5) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан өкілдік етеді;
7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және бұрыштама қояды;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
23. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес
айқындайды.
24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мүлкі
25. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін
қайта ұйымдастыру және тарату
28. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1002 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.14.04. № 226 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.22.08. № 659 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және
оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Майбалық балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты (Қазгипроорманшар)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
19. ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20. ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Акционерлік қоғамдар
1. «Қазагрэкс» акционерлік қоғамы.
2. ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.
4. ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2015.22.08. № 659 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1002 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.25.04. № 306 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және
оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
9. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Есіл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
10. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
11. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жарқайың аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
12. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
13. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
14. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
15. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
16. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Еңбекшілдер аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
17. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
18. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бурабай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
19. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
20. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Степногорск қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
21. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
22. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
23. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
24. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
25. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
26. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
27. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
28. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
29. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
30. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
31. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
32. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
33. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
34. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
35. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
36. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
37. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
38. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
39. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
40. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
41. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Іле аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
42. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қапшағай қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
43. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
44. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
45. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
46. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көксу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
47. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
48. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
49. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сарқант аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
50. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Талғар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
51. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ескелді аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
52. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұйғыр аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
53. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
54. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Текелі қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
55. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
56. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
57. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
58. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.