2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сақтанушы қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне байланысты еңбекке жарамдылығын жоғалтқан немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүрген жағдайларда «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрін білдіреді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-4. Зейнетақы аннуитетін сақтандыру «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрін білдіреді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жазатайым оқиғадан сақтандыру, ауруға және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуына байланысты тәуекелдерді сақтандыруды қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым оқиға, кәсіби ауру салдарынан қайтыс болған, еңбекке жарамдылығын (жалпы немесе кәсіби) жоғалтқан (толық немесе ішінара) немесе денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда сақтандырылушының шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемақы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
Жазатайым жағдай дегеніміз - адамның ерік-жігеріне қарамастан басталған, сақтандырылушының организміне сырттан оның денсаулығына зиян келуіне, мертігуіне не өліміне әкеліп соққан механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсер етуі салдарынан кенеттен болған, қысқа мерзімді оқиға (жағдай).
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ауырған жағдайда сақтандыру сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты шығыстарын, оның ішінде ауруы және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуы салдарынан қайтыс болуына байланысты шығыстарды тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемақы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
5. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-6) тармақшаларында тізбеленген көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғалардың мүліктік мүдделеріне айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Ғарыш объектілерін сақтандыру ғарыш объектісін иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне оның бүлінуі немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
6. Жүктерді сақтандыру жүкті, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа да барлық түрлерін қоса алғанда, иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне тасымалдау әдісіне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
7. Мүлікті сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында тізбеленген мүлікті қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, залалды өтеуге міндетті тұлға көлік құралын пайдалануы салдарынан келтірген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1. Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру ғарыш объектісін пайдалануына байланысты залалды өтеуге міндетті тұлға келтірген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-2. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру арнайы рұқсат (лицензия, хабарлама) негізінде жүргізілетін және (немесе) арнаулы білімді, тәжірибені және (немесе) біліктілікті талап ететін кәсіби қызмет процесіндегі немесе нәтижесіндегі қате әрекеттер (әрекетсіздік) және (немесе) олқылықтар салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтіруге байланысты залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру түрін білдіреді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарымен өтелетін тәуекелдерді қоспағанда, барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан, залалды өтеуге міндетті сақтанушы келтірген залалдың орнын ішінара немесе толық толтыру мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру сақтанушының (қарыз алушы-заңды тұлғаның) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредитордың залалдары туындаған кезде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл мүлкін өткізгеннен кейін қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрін білдіреді.
12. Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
13. Басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 12)-15) тармақшаларында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтірілу кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
14. Сот шығыстарын сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
15. Осы баптың 11-13-тармақтарында аталған тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының өзінің ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы мүмкін.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды
16. Қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтер көрсетуі нәтижесіндегі шығындарды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды
17. Титулдық сақтандыру мүлікке меншік құқығын тоқтатқан жағдайда, сақтанушының мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8 -бап өзгертілді
8-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру
1. Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымының қызметi «өмiрдi сақтандыру» саласы бойынша лицензия немесе «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия негiзiнде сақтандырудың лицензияда көрсетiлген тиiстi сыныптары шегiнде жүзеге асырылады.
2. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметтi:
1) «өмiрдi сақтандыру» саласындағы қызметпен бiрiктiруге;
2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруға болмайды.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет:
1) осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарын қоспағанда, «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) туристі міндетті сақтандыруды қоспағанда, «өмірді сақтандыру» саласына жатпайтын міндетті сақтандыру түрлерімен біріктірілмейді.
4. Сақтандыру ұйымы, өзiнде сақтандырудың тиiстi сыныптары көрсетiлген және осы Заңда белгiленетiн сақтандыру сыныптарын бiрiктiру жөніндегі шектеулер ескерiлген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екi және одан көп сыныптарының белгiлерi мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрiн әзiрлеуге құқылы.
5. алып тасталды
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап жаңа редакцияда
9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет
1. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялауға жатады.
2. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асырады.
3. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензия болған кезде ғана сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясында көрсетілген барлық сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.
5. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы осы Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген сыныптарды біріктіруді ескере отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша оның лицензиясында көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің айрықша түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салаларында барлық сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
7. Цедент сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға берген кезде цедентте қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға (акцептке) тәуекелдерді қабылдағаны туралы, қайта сақтандыру талаптарының барлығы көрсетілген жазбаша нысандағы растамасының болуы міндетті.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға беруге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сот шешімімен қанағаттандырылған (қайта сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқан немесе оны толық көлемде жүзеге асырмаған жағдайда) қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы талабын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орындамау фактісінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органға қабылданған тәуекелдер, сыйлықақылар көлемі және жасалған қайта сақтандыру шартының елеулі талаптары туралы мәліметтерді ұсынбау, сол сияқты анық емес не толық емес мәліметтерді ұсыну фактісінің болуы негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға тікелей немесе:
1) сақтандыру брокерінің;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының;
4) «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы-сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы беруге құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға тікелей немесе:
1) сақтандыру брокерінің;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының;
4) «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы беруге құқылы.
9. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін сақтандыру брокерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының) делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру процесіне қатысқан жағдайда, сақтандыру брокері (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы) уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы тәуекелдерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-қайта сақтандыру ұйымдарына қайта сақтандыруға орналастыру шарттары туралы есепті Ұлттық Банкке ұсынады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан қайта сақтандыру шарттары туралы есепті Ұлттық Банкке ұсынады.
Сақтандыру тәуекелдерін «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы қайта сақтандыру ұйымына, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру уәкілетті орган мен «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық көрсетілетін қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеуді жүзеге асыратын заңды тұлға арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде жүзеге асырылады.
11. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Сақтандыру ұйымын құру, оның қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату бөлігіндегі осы Заңның нормалары қайта сақтандыруды қызметтің айрықша түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарын құру, олардың қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату талаптарына қолданылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті не «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылар не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері болып табылатын екі және одан көп сақтандыру брокері қатысқан кезде «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруіне тыйым салынады.
3-тарау. Сақтандыру рыногы
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Сақтандыру нарығының қатысушылары
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы;
2) сақтандыру брокерi;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы;
3) сақтандыру агентi;
4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
5) актуарий;
6) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) тәуелсіз актуарий;
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) бағалаушы;
8) андеррайтер;
9) аджастер;
10) сюрвейер;
11) сақтандыру омбудсманы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтану шыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды
11-2) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым;
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі;
13) актуарийлер бірлестігі;
14) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктері
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктеріне:
1) сақтандыру нарығында қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
2) ішкі құжаттарды әзірлеу;
3) сақтандыру нарығына қатысушыларға оқытуды өткізу;
4) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;
5) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
6) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу;
7) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері уәкілетті орган беретін, өз мүшелерінің кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі ақпаратты өз мүшелерінің назарына жеткізуге міндетті.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің ішкі құжаттары
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері мынадай ішкі құжаттарды:
1) сақтандыру нарығындағы қызмет стандарттарын;
2) кәсіби әдеп кодексін;
3) дауларды шешу тәртібін;
4) жарғыда көзделген өзге де құжаттарды қабылдайды.
Ішкі құжаттарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің жоғары басқару органы бекітеді және олардың мүшелерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-3-баппен толықтырылды
10-3-бап. Актуарийлер бірлестігі
1. Актуарийлер бірлестігі коммерциялық емес ұйым нысанында құрылады, оның қызметі осы Заңмен, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, актуарийлер бірлестігінің құрылтай құжаттарымен реттеледі.
2. Актуарийлер бірлестігіне мүшелікке қабылдау және мүшелікті тоқтату шарттары мен тәртібі актуарийлер бірлестігінің жарғысында белгіленеді.
Актуарийлер бірлестігі өз мүшелерінің тізбесін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
3. Актуарийлер бірлестігі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер, оның ішінде актуарлық бағалауды және мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтеріне сараптама жүргізу;
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдары шеңберінде жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша талдау жүргізу және өмір сүру көрсеткіштерін жаңартып отыру;
3) актуарийлерді оқытудың міндетті ең төмен бағдарламасы бойынша оқытуды және емтихандарды өткізу;
4) ішкі құжаттарды әзірлеу;
5) өз қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
6) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;
7) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасының және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
4. Актуарийлер бірлестігінің жұмыскерлері мен мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.