2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
12) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлығын, адалдығын растайтын фактiлердiң болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) - бір мезгілде бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін өздерінің арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жауапкершіліктерін бөле отырып қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты - сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шарт шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтанушы (цедент) арасында жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты;
14) өздiгiнен ұстап қалу - жауаптылық көлемiнiң бiр бөлiгi, соның шегiнде сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебiнен жауапты болады;
15) пруденциялық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлейтiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшiн мiндеттi нормативтер;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) сақтандыру агентi - сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бiр немесе бiрнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) сақтандыру брокері - сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын және (немесе) қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша өз атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
18) сақтандыру ережелерi - сақтандыру ұйымының белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) сақтандыру есебі - дерекқорда бар ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;»;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-2) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі - дерекқор) - сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда);
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 18-3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-3) тармақша жаңа редакцияда
18-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы - қатысушылары арасында немесе қатысушылары мен сақтандыру брокері арасында белгілі бір мерзімге жасалған бірлескен қызмет туралы шарт негізінде сақтандырудың жекелеген сыныбы, түрі немесе белгілі бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру қызметін бірлесіп жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірлестігі;
19) сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар - өз қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, актуарий;
21) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) сақтандыру портфелі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар, қайта сақтандырылушылар) алдында міндеттемелері болатын не міндеттемелері туындауының ықтималдығы бар, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, оның ішінде қолданылу мерзімдері өткен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық міндеттемелері;
23) сақтандыру резервтерi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулерi негiзiнде бағаланатын мiндеттемелерi;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) сақтандыру тәуекелі - сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығы;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 23-2) тармақша жаңа редакцияда
23-2) сақтандыру тобы - банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен (болған кезде) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.
Сақтандыру тобының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру холдингі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын еншілес ұйымдар мен ұйымдар кірмейді;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының, сақтандыру холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерiн) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен iрi қатысушысы, сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің бірлестігі - өз мүшелерінің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету және олардың кәсіби қызметін үйлестіру үшін қауымдастық (одақ) нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы -уәкiлеттi органның жазбаша келісімiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешiмдерге шартқа орай не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалатын тәртiппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкiндiгiне ие жеке немесе заңды тұлға (мұндай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) сақтандыру холдингi - уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес немесе одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешiмдердi шартқа орай не өзгеше түрде анықтау немесе бақылау жасау мүмкiндiгiне ие заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
27) сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды
28) сюрвейер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала тексеріп қарау мен бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері не ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қызмет көрсететін заңды тұлға;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29) тәуелсіз актуарий - осы Заңның талаптарына сай келетін және актуарийдің есеп-қисаптарына бағалау жүргізу үшін тартылатын жеке тұлға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29-1) үлестес тұлғалар – шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасалған мәмілеге орай әсер етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда). Ұлттық басқарушы холдинг ірі акционері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларына:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг;
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы көрсетілген ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар;
көрсетілген ұлттық басқарушы холдингтің және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) жүз пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жатпайды.
30) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара) Заңымен 3-бап өзгертілді
4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру - сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында айқындалғансақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға басталған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешенiн білдіреді.
ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі сақтандыру қызметi болып табылады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi исламдық сақтандыру қызметі болып табылады.
5-бап. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру
1. Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.
2. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыруы
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ғана жүзеге асыра алады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарымен және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен мынадай жағдайларда:
1) жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде уақытша болатын Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына осы тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана;
2) Қазақстан Республикасының резиденттеріне теңіз көлігі (каботаж қызметтерін ұсынатын кемелерді қоспағанда), коммерциялық авиация көрсететін қызметтерге, ғарыштық ұшуларды (спутниктерді қоса алғанда) іске қосуды және оның фрахтасы көрсететін қызметтерге және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге (тауарларды тасымалдау, тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының өздерін сақтандыру және осыдан туындайтын кез келген жауапкершілік) байланысты тәуекелдер, апаттық тәуекелдер, климаттық тәуекелдер, кибер тәуекелдер, терроризм тәуекелдері, азаматтық тәртіпсіздіктер және ереуілдер бөлігінде;
3) Қазақстан Республикасының резиденттеріне исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес тәуекелдерді сақтандыру бөлігінде;
4) Қазақстан Республикасының резиденттеріне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 15), 17) және 18) тармақшаларында көзделген, ерікті нысанда сақтандыру сыныптары шеңберінде өтелетін тәуекелдер бөлігінде сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес тәуекелдерді сақтандыруына сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болған кезде ғана жол беріледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қазақстан Республикасы банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруына тыйым салынады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарымен шарттар жасасқан жағдайларға қолданылмайды.
2-тарау. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi
1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi «өмiрдi сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Өмірді сақтандыру» саласы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды және ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру;
2) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру;
3) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру;
4) зейнетақы аннуитеттін сақтандыру.
3. «Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
2) ауырған жағдайдан сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) ғарыш объектілерін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру;
9) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
10) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-2) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) осы тармақтың 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру;
14) ипотеканы сақтандыру;
15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) осы тармақтың 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру;
16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;
17) сот шығыстарынан сақтандыру;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) титулдық сақтандыру.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады.
6. Мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актісімен айқындалатын міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылады.
Мiндеттi сақтандыру түрлерiнiң тізбесiн қараңыз
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Жүктелген сақтандыру міндетті сақтандыруды білдіреді, бұл ретте міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады
Жүктелген сақтандыру осы баптың 3-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы шегінде жүзеге асырылады және сақтандырудың жеке сыныбы болып табылмайды.
Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарды жүктелген сақтандыруға жататын қызмет түрін реттейтін уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
Тараптардың келісімі бойынша жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін ережелермен толықтырылуы мүмкін.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді ( бұр. ред. қара)
7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өмірді сақтандыру, осы баптың 2-3-тармағында көрсетілген сақтандыру түрін қоспағанда, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не сақтандыру шартында айқындалған жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аннуитеттік сақтандыру, осы баптың 2-4-тармағында көрсетілген сақтандыру түрін қоспағанда, шартта белгіленген мерзім ішінде пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде мерзімді сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2-1. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-2. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)