«10) тексерістер жүргізуге, заңдылықтың жай-күйін талдауға, күшіне енген актілерді бағалауға, жолданымдар мен прокурорлық қадағалау актілерін қарауға байланысты ақпарат пен материалдарға заңнамада белгіленген тәртіппен қол жеткізуге;»;
11) 45-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге заңда белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтай отырып, жүргізілетін тексеріс, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау және осы Заңның 21-бабына сәйкес қаралатын жолданымдар мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды прокурор белгілеген, бірақ үш жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде беруге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қажет болған жағдайларда адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптарды болғызбау мақсатында сұратылатын ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар дереу беріледі.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жүргізілетін тексеріс, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау немесе қаралатын жолданым мәселелері бойынша прокурордың осы баптың 2-тармағында көзделген талаптары органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті.
4. Сұратылатын ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдар прокуратура органдарына заңнамада белгіленген нысанда және тәртіппен беріледі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 2 шілде
№ 62-VII