3) материалдардың сақталуын және қоғамдық экологиялық сараптамаға ұсынылған мәліметтердің құпиялылығын, сондай-ақ зияткерлік меншіктің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
63-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісi тапсырыс берушісінің құқықтары мен міндеттері
1. Жоспарланып отырған басқару, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің жеке немесе заңды тұлғасы қоғамдық экологиялық сараптама объектісіне тапсырыс беруші болып табылады.
2. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісіне тапсырыс берушінің:
1) белгіленіп отырған қызмет бойынша құжаттамада қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтердің қорғалуына;
2) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат алуға және ақпаратқа қол жеткізуге;
3) қоғамдық экологиялық сараптама аясында өткізілетін қоғамдық тыңдауға және өзге де іс-шараларға қатысуға;
4) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, жергілікті атқарушы органдарға қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына өз түсіндірмелері мен түсініктемелерін беруге құқығы бар.
3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің тапсырыс берушісі:
1) қоғамдық экологиялық сараптамаға қажетті құжаттар мен материалдарды беруге;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысында баяндалған ұсынымдарға жазбаша жауап беруге міндетті.
64-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру
Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру:
1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыратын және жүргізетін қоғамдық бірлестіктердің өз қаражаттары;
2) ерікті қайырмалдықтар, өтеусіз негізде ұсынылған гранттар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге көздер есебінен жүзеге асырылады.
65-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тіркеу тәртібi
1. Қоғамдық экологиялық сараптама сараптаманы ұйымдастырушының оны жүргізу туралы өтініш тіркелген жағдайда жүзеге асырылады.
2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тіркеу туралы өтінішті оның ұйымдастырушысы аумағында сараптама объектісінің қызметі жоспарланып отырған жергілікті атқарушы органдарға береді.
3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтініште:
1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы, заңды мекенжайы;
2) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғыда көзделген қызметінің сипаты;
3) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясының құрамы туралы мәліметтер;
4) қоғамдық экологиялық сараптама объектісі туралы мәліметтер, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдері көрсетілуге тиіс.
4. Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны тіркеуге немесе тіркеуден бас тартуға міндетті. Көрсетілген мерзім ішінде қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтінішті тіркеуден бас тартылмаса, ол тіркелді деп есептеледі.
5. Егер:
1) бұрын осы объектіге қатысты екі рет қоғамдық экологиялық сараптама жүргізілсе;
2) қоғамдық экологиялық сараптама объектісі мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қамтитын болса;
3) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғысында осы қоғамдық бірлестіктің қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметі көзделмесе;
4) қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің белгіленіп отырған мемлекеттік экологиялық сараптамасы аяқталса, қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыру туралы өтінішті тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
6. Жергілікті атқарушы орган қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтінішті тіркеуден бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы мен ұйымдастырушысына бас тартудың себептерін дәлелді түрде негіздей отырып, жазбаша хабарлайды.
66-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы
1. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелері ұсынымдық сипатта болатын қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы түрінде ресімделеді.
2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысында:
1) экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы мен заңды мекенжайы;
2) тапсырыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы, қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің атауы мен орналасқан жері;
3) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініштің жергілікті атқарушы органда тіркелгені туралы мәліметтер;
4) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу мерзімдері;
5) қоғамдық экологиялық сараптамадан өткен құжаттаманың құрамы, қоғамдық экологиялық сараптама процесінде пайдаланылған басқа да құжаттардың тізбеленіп көрсетілуі;
6) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясы мүшелерінің құрамы;
7) сараптама нәтижелерінің баяндалуы;
8) қоғамдық экологиялық сараптаманың ұйымдастырушысы айқындаған, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу жөніндегі тапсырмалардың сипаты;
9) қоғамдық экологиялық сараптама процесінің, оның ішінде жұртшылықпен, тапсырыс берушімен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы;
10) қоғамдық экологиялық сараптаманың тұжырымдары қамтылуға тиіс.
3. Қоғамдық экологиялық сараптама тұжырымдарында:
1) қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды;
2) тапсырыс берушінің қоршаған ортаға әсерге жүргізген бағалауының толымдылығы, сапасы мен дұрыстығы жөніндегі сипаттама;
3) жұртшылықтың әртүрлі топтарының белгіленіп отырған қызметке көзқарасының сипаттамасы, жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертпелеріне жасалған шолу;
4) сарапшылардың қоғамдық экологиялық сараптама объектісін іске асыруға экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан жол беруге болатыны жөніндегі пікірі;
5) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, тапсырыс берушіге, сараптама объектісін іске асыруға байланысты шешімдер қабылдайтын мемлекеттік органдарға және заңды тұлғаларға берілетін ұсыныстар мен ұсынымдар қамтылуға тиіс.
4. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, сараптамалық комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қояды.
5. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы:
1) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуге берілген өтінішті тіркеген жергілікті атқарушы органға;
2) осы объектінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын органға;
3) жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісіне;
4) қоғамдық экологиялық сараптама объектісін іске қосуға байланысты шешімдер қабылдайтын органдарға;
5) бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.
67-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерін пайдалану
1. Жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісі қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын алған күннен бастап бір ай ішінде онда қамтылған тұжырымдар мен ұсынымдарды қарауға және өзінің түсіндірмелерін мемлекеттік экологиялық сараптама органына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға жіберуге міндетті.
2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қаралуға тиіс. Қарау нәтижелері қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберілуге тиіс.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы жергілікті атқарушы органдар, қаржы ұйымдары және белгіленіп отырған қызметтің тапсырыс берушісі шешімдер қабылдаған кезде де ескерілуі мүмкін.
Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелері ғимараттардың, құрылыстар мен кешендердің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылысына арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде де ескерілуі мүмкін.
8-тарау. Экологиялық рұқсаттар
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68-бап өзгертілді
68-бап. Экологиялық рұқсаттардың түрлерi
Қазақстан Республикасында табиғат пайдаланушыларға мынадай экологиялық рұқсаттар:
1) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;
2) кешенді экологиялық рұқсаттар беріледі.
Эмиссиялардың барлық стационарлық көздерінен қоршаған ортаға эмиссияларды экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыруға тыйым салынады.
Ластағыштар ретінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген заттар шығарындыларын қоспағанда, парниктiк газдар шығарындылары экологиялық рұқсаттың нысанасы болып табылмайды.
69-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жылжымалы көздерден туындайтын ластағыш заттардың шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға міндетті.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын табиғат пайдаланушылар шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмайды.
2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға оның өтініміне сәйкес осы Кодексте белгіленген тәртіппен беріледі.
3. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетілген шарттарды орындауға міндетті және оларды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Өз меншігінде өндірістік объектілері бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін:
1) бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбір объект бойынша да, олардың тұтас жиынтығы бойынша да өтінім бере алады;
2) әртүрлі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбір объектінің орналасқан жері бойынша өтінім беруге тиіс.
5. Егер қоршаған ортаға эмиссиялар ортақ табиғат пайдалану процесінде жүретін болса, бұл эмиссияларға рұқсат алу талап етілмейді.
70-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың мазмұны
1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат:
1) табиғат пайдаланушы және ол жүргізіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет туралы мәліметтерді;
2) рұқсаттың қолданылу мерзімін;
3) табиғат пайдалану шарттарын, оның ішінде олардың барлық көздері бойынша эмиссиялардың нормативтерін;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) рұқсаттың қолданылуы кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтитын, белгіленген үлгідегі құжаттар жиынтығы болып табылады.
5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-1. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
71-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу талап етілетін объектілердің санаттары
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін табиғат пайдаланушыларға рұқсат берілетін объектілер І, II, III және IV болып төрт санатқа бөлінеді.
2. І санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 1 және 2-сыныпты объектілері жатады.
II санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 3-сыныпты объектілері жатады.
III санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 4-сыныпты объектілері жатады.
IV санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 5-сыныпты объектілері жатады.
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Өндірістік объектілердің санитариялық сыныпталуына сәйкес сыныпталмайтын қызмет түрлері IV санатқа жатады.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты І санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан, ІІ санат объектілеріне - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, ІІІ санат объектілеріне - оңайлатылған схема бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, ІV санат объектілеріне облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан алады.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 72-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
72-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн ұсынылатын материалдар
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.
2. I, II және III санаттардағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:
1) рұқсат алуға өтiнiмдi;
2) эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын;
3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қамтиды.
3. Жаңадан енгізілетін IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:
1) рұқсат алуға өтінімді;
2) қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.
4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған өтiнiмнің нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
73-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа енгізілетін табиғат пайдалану шарттары
1. Табиғат пайдаланушының Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын қызмет түрлері үшін арнаулы экологиялық талаптар мен нормалар қабылданған болса, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа осы талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ететін табиғат пайдалану шарттары енгізілуі мүмкін.
2. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа табиғат пайдаланудың белгілі бір шарттарын енгізу туралы шешімді рұқсат берген органдар қабылдайды.
3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларда көзделмеген табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа енгізуге тыйым салынады.
4. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа табиғат пайдалану шарттарын енгізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы есепті рұқсат берген органға тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 74-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 74-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
74-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға өтiнiмдер беру, қарау және рұқсат беру мерзiмдерi
1. Өтiнiмдер беру:
1) I санаттағы объектілер үшін - қолданыстағы рұқсат мерзiмi аяқталғанға дейiн не жаңа объект пайдалануға берiлгенге дейiн екі айдан кешіктірілмей;
2) IІ санаттағы объектілер үшін - қолданыстағы рұқсат мерзiмi аяқталғанға дейiн не жаңа объект пайдалануға берiлгенге дейiн бір айдан кешіктірілмей;
3) ІIІ санаттағы объектілер үшін - қолданыстағы рұқсат мерзiмi аяқталғанға дейiн не жаңа объект пайдалануға берiлгенге дейiн он жұмыс күнінен кешіктірілмей;
4) ІV санаттағы объектілер үшін жаңа объект пайдалануға берiлгенге дейiн он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
2. Рұқсат беретін орган өтінім тіркелген күннен бастап І және
ІІ санаттардағы объектілер үшін - күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде, ІІІ санаттағы объектілер үшін күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде өтінімді оның толықтығы және осы Кодекстің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Белгіленген мерзім өткеннен кейін өтінім қарауға қабылданады не ұсынылған материалдардың жеткіліксіздігі салдарынан және (немесе) оның осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбайды.
Өтінім қабылданбаған кезде табиғат пайдаланушыға қабылданбау себептері уәжді түрде негізделіп, бас тарту жіберіледі.
3. Рұқсат беретін орган қабылданған өтінімдерді:
1) I санаттағы объектілер үшін - өтінім тіркелген күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде;
2) ІІ санаттағы объектілер үшін - өтінім тіркелген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде;
3) ІІI санаттағы объектілер үшін - өтінім тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;
4) IV санаттағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
4. Қарау қорытындылары бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беріледі.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 75-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшiн негiздер
1. Табиғат пайдаланушыға I, II және III санаттардағы объектiлерге мынадай шарттар сақталған кезде:
1) осы Кодекстiң 72-бабына сәйкес қажеттi құжаттар мен материалдар ұсынылған;
2) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келген және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз еткен кезде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiледі.
2. Егер табиғат пайдаланушы қажетті өтінімді және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін ұсынса, оған IV санаттағы объектіге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілуге тиіс.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 76-бап жаңа редакцияда
76-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың қолданылу мерзiмдерi
1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар қолданыстағы рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдаланудың қолданылатын технологиялары мен шарттары өзгергенге дейiнгі, бiрақ I, II және III санаттардағы объектілер үшін он жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
2. IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, қолданыстағы рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдаланудың қолданылатын технологиялары мен шарттары өзгерген жағдайларды қоспағанда, мерзімсіз негізде беріледі.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 77-бап өзгертілді; 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 77-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру
1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретiн органдар мынадай:
1) рұқсат алу үшiн ұсынылған материалдар толық емес және дәйексіз болған;
2) сұратылып отырған табиғат пайдалану шарттары осы Кодекстiң 73-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.
2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тартуға байланысты даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Егер табиғат пайдаланушыға рұқсат бірнеше өндірістік объектілерге берілген жағдайда, рұқсаттың қолданылуы бұзушылыққа жол берілген объект бойынша тоқтатыла тұрады.
4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берген орган оны жаңа рұқсат берiлген күннен бастап жояды.
5. Табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 78-бап жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
78-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу тәртібі
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу қоршаған ортаға жүктемені арттыруға әкеп соқтырмайтын, табиғат пайдаланушының атауын немесе ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерткен, ол қайта ұйымдастырылған жағдайларда бір ай мерзімде жүзеге асырылады.
2. Рұқсатты қайта ресімдеу мына құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) рұқсатты қайта ресімдеуге өтінім;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) салық төлеушінің куәлігі;
4) 2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
79-бап. Кешенді экологиялық рұқсат
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Кешенді экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушының ең озық қолжетімді технологияларды енгізу және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген эмиссиялардың техникалық үлес нормативтерін сақтау шартымен қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын біртұтас құжат болып табылады.
Кешенді экологиялық рұқсаттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Өнеркәсiптiң жекелеген процестерi мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi типтерiнiң тiзбесiн және оларды беру тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Кешенді экологиялық рұқсат осы Кодекстің 70-бабында көрсетілген ақпаратпен қатар мыналарды:
1) шикізат пен энергияны үнемді пайдалану шарттарын;
2) қалдықтарды басқару жүйесін;
3) қоршаған ортаға қауіп төндіретін жағдайларда объектіні пайдалану жөніндегі іс-әрекеттер мен шараларды;