5) қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, саябақтардың, скверлердiң, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамды бөлiктерiнiң атауы және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 19.12.95 ж. № 2691 Жарлығымен; 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара); 2020.12.12. № 383-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері
Аудандық маңызы бар қала әкімі аудандық өкілді және атқарушы органдарға аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізеді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі:
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкілді және атқарушы органдарға осы елдi мекендердi аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар санаттарына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгiзедi;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тиiстi елдi мекен халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкiлдi және атқарушы органдарға кенттердің, ауылдық округтердiң, ауылдардың шекараларын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді.
2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 3-бөлім 14-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi)
14-1-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді жергілікті атқарушы органдар ономастика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қорытындылары бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешіммен әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі ұсыныстарды тиісті ономастика комиссияларының қарауына енгізеді.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 14-2-баппен толықтырылды
14-2-бап. Елді мекендердің санаттарын өзгерту тәртібі
1. Қала мәртебесін өзгерту бес жыл ішінде осы Заңның 3-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
2. Ауыл, кент мәртебесін өзгерту үш жыл ішінде осы Заңның 3-бабының 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, үш жыл ішінде осы Заңның 2-бабының 2-тармағы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ауылдық округ таратылады, ал оның ауылдық елді мекендері жақын маңдағы ауылдық округтерге немесе өзге де елді мекендерге қосылады.
4. Елді мекеннің санатын өзгерту рәсімі осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4-бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ҚАРАУ
ҮШIН ҚАЖЕТТI ҚҰЖАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР
ҚР Президентінің 19.12.95 ж. № 2691 Жарлығымен 15-бап өзгертілді; 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен материалдардың тiзбегi
Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмi немесе облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың мәселенi өз мәнiсiнде шешетiн (бiрлескен) ұсынымы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң енгiзiлетiн ұсыныс жөніндегі тиiстi өтiнiшi және оның тиiмдi екендiгiнiң негiздемесi, өзгертiлетiн аумақтың көлемi, онда тұратын халықтың саны туралы мәлiметтер, негiзгi заңды тұлғалардың тiзбесi, олардың өндiрiстiк көрсеткiштерi, бұлардың әрқайсысында iстейтiн жұмысшылардың саны, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құрылымы мен штаттары туралы, қайта ұйымдастыруға байланысты олардың өзгеруi туралы мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн қажеттi барлық басқа мәлiметтерi бар ұсынымы;
3) жергiлiктi (облыстық, аудандық, қалалық) өкiлдi және атқарушы органдардың, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаралатын мәселе жөніндегі ұсыныстары;
4) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жаңа шекаралары, мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн маңызы бар өзге де жағырапиялық деректер көрсетiлген схемалық карта қажет. Картаға Үкіметінiң өкiлi, сондай-ақ аумақтық қабылдайтын және беретiн өкiлдi және атқарушы органдардың басшылары қол қояды, қойылған қолдар мөрмен қуәландырылады;
5) жүргiзiлетiн қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөніндегі ғылыми сараптаманың актiсi және экономикалық есеп-қисап қажет.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Аумақтар шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен материалдардың тiзбесi
Өңір шегінде әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу үшін мыналар қажет:
1) мәселенi өз мәнiсiнде шешетiн өкiлдi және атқарушы органның бiрлескен қаулысы;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жергілікті қоғамдастық жиынының шешілетін мәселенің мәніне қатысты хаттамалары;
3) енгiзiлетiн ұсыныс тиiмдiлiгiнiң негiздемесi, өзгертiлетiн аумақ, оның халқының саны туралы мәлiметтер, елдi мекендердiң өнеркәсiптiк және басқа да объектiлердiң тiзбесi, сондай-ақ мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн қажеттi барлық басқа мәлiметтерi бар түсiндiрме жазбаша хат;
4) елдi мекендердiң жаңа шекаралары және мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн маңызы бар өзге де жағырапиялық деректерi көрсетiлген схемалық карта. Картаға өзгертiлетiн аумақтың өкiлдi және атқарушы органдарының басшылары қол қояды;
5) жүргiзiлетiн қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөніндегі ғылыми сараптаманың актiсi және экономикалық есеп-қисап.
Осы Заңның 3-бабының 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін елді мекендер таратылған кезде ғылыми сараптама актісін ұсыну талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Президентi Н. НАЗАРБАЕВ | |