Тауар таңбасына құқықтың күшi тоқтатылғанда, лицензиялық шарттың қолданылуы тоқтатылады.
Тауар таңбасына құқықтың басқа тұлғаға ауысуы лицензиялық шартты тоқтатуға әкеп соқпайды.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Тауар белгісіне құқықты беру туралы шарт, лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты, тауар белгісінің кепіл шарты жазбаша нысанда жасалып, уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс. Тiркеу туралы жазбаша нысан мен талаптарды сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
Тауар белгісіне құқықты беру туралы шартты, лицензиялық шартты, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын, кепіл шартын тіркеу сараптама ұйымы жүргiзетін материалдар сараптамасының нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиялық шарттарды, тіркелген шарттарға қосымша келісімдерді тiркеудiң тәртiбiне лицензиялық шарттарды тiркеу туралы ережелер қолданылады.
Тауар белгісіне құқықты беру туралы шартты, лицензиялық шартты, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын, кепіл шартын тіркеу үшін сараптама ұйымына белгіленген нысандағы өтініш ұсынылады.
Өтінішке:
1) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данада төлнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.
Лицензиялық шарттар үшін материалдарды тіркеуге беру шартқа қол қойылған күннен бастап алты ай мерзімнен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
2) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;
3) мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжат;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Төлем өтініш берілген кезде немесе өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі. Бір ай мерзімде төлем туралы құжат ұсынылмаған кезде өтініш берілмеді деп танылады.
Лицензиялық шарттар бойынша ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, лицензиардың (қосалқы лицензиардың) басқару органдарының шарт жасасу және заңды тұлғаның атынан өтініш берген жағдайда шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.
Өзгеге беру шарттары бойынша ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.
Өтiнiш пен басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитерациясымен көрсетiлуге тиiс. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, өтінішке олардың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі.
Өтiнiш бiр тауар таңбасына құқықты беру туралы шартқа лицензиялық шартқа, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартына, кепіл шартына, қосымша келісімге қатысты болуға тиiс.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе уәкілетті органға шарт құжаттарын өз атынан беретін шетелдiк заңды тұлғалар шарттарды тiркеуге байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген оның азаматтары Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайларын көрсеткен жағдайда, шарттарды тiркеуге байланысты құқықтарды патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдерсіз жүзеге асырады.
Тараптарының бірі Сингапур шартына қатысушы шет мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы болып табылатын құқықтар беру туралы шарттарға сараптама және оларды тіркеу Сингапур шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Өтініш беруші құжаттар тізбесін тіркеу үшін ұсынғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарға алдын ала сараптама жүргізеді, оның барысында қажетті құжаттардың болуы және оларға қойылған талаптардың сақталуы тексеріледі, өтінішке қоса берілетін шарт материалдарында сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушіге төлем шоты беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген мерзімдер сараптама жасау ұйымына төлемнің түскен күнінен бастап есептеледі.
Тауар таңбасына құқықты беру туралы шарттың және лицензиялық шарттың қарауға қабылданған материалдары бойынша жиырма күн мерзімде мәні бойынша сараптама жүргізіледі, оның барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тауар таңбасына құқықты беру туралы шарттың және лицензиялық шарттың материалдарына зерделеу жүргізіледі.
5. Жоюға болатын, тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты және лицензиялық шартты тіркеуге кедергі жасайтын негіздер:
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) соған қатысты шарт жасалатын, бірақ оны қалпына келтіру мүмкіндігі бар тауар белгісін тіркеу қолданысының тоқтатылуы;
2) өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға лицензия беруге кедергi келтiретiн, бұрын жасалған шарттар бойынша қабылданған мiндеттемелердiң болуы;
3) шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және ратификацияланған халықаралық шарттарға қайшы келетiн ережелердiң болуы;
4) құжаттардың толық топтамасының ұсынылмауы, не ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай келмеуі.
6. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе осы баптың 5-тармағында көрсетілген, шартты тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда, сараптама жасау ұйымы өтініш берушіге ол жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы ұсынысы бар сауалды жібереді. Бұл жағдайда осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәні бойынша сараптама жүргізу мерзімдері жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды өткізген күннен бастап есептеледі.
7. Мынадай негіздер болған:
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) соған қатысты шарт жасалатын және оны қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ тауар белгісінің тіркеу қолданысы тоқтатылған;
2) осы баптың 6-тармағында көзделген барлық қажетті материалдар мен мәліметтер үш ай мерзімде ұсынылмаған;
3) тараптарда шарт жасасуға қажетті құқықтар болмаған;
4) лицензиялық шартта лицензиаттың қосалқы лицензиялық шартты тіркеу туралы өкілеттігі болмаған және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарт болмаған жағдайда, сараптама жасау ұйымы тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты немесе лицензиялық шартты тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарады.
Сараптама жасау ұйымы қорытынды шығарғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, осы қорытындыны уәкілетті органға жібереді.
8. Сараптама нәтижесi оң болған жағдайда сараптама жасау ұйымы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты немесе лицензиялық шартты тiркеуге кедергi келтiретiн негiздердiң жоқтығы туралы қорытындыны жiбередi.
Тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты немесе лицензиялық шартты тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiмдi уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Шартты тіркеу туралы шешім шығарылғаннан кейін уәкілетті орган:
1) шарттың титулдық парағында тіркеу күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, оның тіркелгені туралы мөртабан басады;
2) тіркелген шарттардың тізіліміне шарт туралы мәліметтерді енгізеді;
3) шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін тіркелген шарттың үш данасын қорытындымен бірге сараптама ұйымына жібереді.
Сараптама ұйымы тіркелген лицензиялық шарттар, тауар белгілеріне айрықша құқықтар беру туралы шарттар, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттары, кепіл шарттары бойынша тіркелген шарттың екі данасын өтініште хат-хабар алысу үшін көрсетілген мекенжай бойынша жібереді және тіркелген шарттар туралы мәліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркеу нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық деректерін, шарт нысанасын, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды.
Шарттың екі данасы тиісінше уәкілетті орган мен сараптама ұйымында сақталады және бақылау даналары болып табылады.
Кез келген тұлға тiркелген шарттар тiзiлiмiнен тiркелген шарттар туралы мәлiметке қатысты үзінді көшiрменi ашық жариялау үшін алуы мүмкін.
Үшiншi тұлғаны шарт мәтiнiмен таныстыруға, сондай-ақ одан үзінді көшiрме алуға шарт тараптарының жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты және лицензиялық шартты тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда, қаралып отырған шарт бойынша құжаттар тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекенжай бойынша қайтарылады.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Тауар белгісіне құқықты беру туралы шарт лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты кепіл шарты уәкілетті органда тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Заңды тұлғаны бөлу түрiнде қайта ұйымдастыру кезiнде тауар таңбасына құқықты беру
Заңды тұлға бөлiнген кезде тауар таңбасына құқық тауарлар өндiру немесе қызметтер көрсету қолына көшкен жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Тауар таңбасының тiркелуiне себеп болған тауарлар өндiрудiң немесе қызметтер көрсетудiң бiр бөлiгi жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың әрқайсысында сақталып қалған жағдайда, жаңа заңды тұлғалар, олардың келісімi болған жағдайда, тауар таңбасының тең иеленушісi болып табылады.
6-тарау. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылуын тоқтату
23-бап. Тауар таңбасын тiркеуге дау айту
1. Тауар таңбасын тiркеуге, егер ол осы Заңның 7-бабының 1-тармағының 1)-3) тармақшаларын қоспағанда, 6 және 7-баптарда белгiленген талаптарды бұза отырып жүзеге асырылса, бүкiл қолданылу мерзiмi бойы немесе егер ол осы Заңның 7-бабының 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында белгiленген талаптарды бұза отырып жүзеге асырылса, тауар таңбасы тiркелген күннен бастап бес жыл iшiнде дау айтылып, ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Кез келген мүдделi тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша тауар таңбасының тiркелуiне қарсы уәкiлеттi органға қарсылық бере алады.
Тауар таңбасының тiркелуiне қарсы қарсылықты ол түскен күннен бастап алты ай iшiнде апелляциялық кеңес қарауға тиiс. Қарсылық берушi тұлғаның, сондай-ақ тауар таңбасы иесiнiң даудың қаралуына қатысуға құқығы бар.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Тауар белгісінің тiркелуiн қолдануды тоқтату және оны жарамсыз деп тану
1. Тауар белгісінің тiркелуiн қолдану:
1) осы Заңның 15-бабында көзделген оның қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына байланысты;
2) тауар белгісі иесінің — жеке тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiнiң тоқтатылуына немесе оның қайтыс болуына, заңды тұлғаның таратылуына байланысты;
3) тауар белгісі иесiнiң одан бас тартуы туралы берген жазбаша арызы негiзiнде;
4) осы Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес тауар белгісі пайдаланылмаған жағдайда;
5) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша апелляциялық кеңестiң немесе соттың шешiмiмен, тауар белгісінің тiркелуi толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Сараптама жасау ұйымы Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмiне тауар белгісін тiркеудiң қолданылуы тоқтатылуына немесе оның, жарамсыз деп танылуына байланысты оның күшiн жою туралы жазба енгiзедi.
7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық қорғау және оларды тіркеу шарттары
25-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау
1. Қазақстан Республикасында тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау осы Заңда көзделген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай оларды тiркеу негiзiнде берiледi.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдаланудың айрықша құқығы ерекше қасиеттерi табиғи жағдайларды және (немесе) адами факторларды қоса алғанда, тек қана немесе негiзiнен географиялық ортаға байланысты тауарларды осы географиялық объектiде өндiретiн бiр немесе бiрнеше кәсіпкерлік субъектісіне берiлуi мүмкiн.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Шет мемлекеттегi географиялық көрсеткішті, егер осы көрсеткіштің атауы осындай атау ретiнде тауар шығарылған елде қорғалса, тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мемлекеттiк тiркеуге жол беріледі. Көрсетiлген тауар шығарылған жердiң атауын пайдаланудың айрықша құқығының иесi тауар шығарылған елде осындай атауды пайдалану құқығы қорғалатын тұлға ғана болуы мүмкiн.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Тауарлар шығарылған жердiң атауы ретiнде тiркелетiн белгiлер
1. Тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде елдiң, өңiрдiң, елдi мекеннiң, жердiң немесе басқа да географиялық объектiнiң қазiргi немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауы, сондай-ақ осындай атаудан шыққан белгi және олардың тауардың көрiнiстік атауымен тiркесi тiркелуi мүмкiн.
2. Географиялық объектiнiң атауын бiлдiргенiмен немесе қамтығанымен, бiрақ Қазақстан Республикасында тауардың өндiрiлген жерiмен байланысты емес оның белгiлi бiр түрiнiң белгiлерi ретiнде жалпы қолданысқа енгiзiлген белгiлер тауар шығарылған жердiң атауы болып танылмайды.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде тiркелмейтiн белгiлер
Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде:
1) тауар шығарылған жерге қатысты жаңылысуға әкеп соқтыратындай географиялық объектiлердiң атаулары болып табылатын;
2) тауар өндiрiлген нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауардың басқа аумақтан шығарылғаны жөнiнде қате түсiнiк беретiн белгiлер;
3) тауарлардың шығарылған жерiмен байланысты емес, географиялық объектiлердiң атауын қамтитын белгiлер тiркелмейдi.
2009.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
28-бап. Тауар шығарылған жердiң атауына және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге өтiнiм жасау
Тауар шығарылған жердiң атауына және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өтiнiм) сараптама жасау ұйымына берiледi.
29-бап. Өтiнімге қойылатын талаптар
1. Өтiнiм тауар шығарылған жердiң бiр атауына қатысты болуға тиіс.
2. Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, атауға сараптама жүргiзу және (немесе) атауға құқық беру туралы өтiнiштi;
2) мәлiмделген белгiнi;
3) тауардың түрiн;
4) тауардың айрықша қасиеттерінің сипаттамасын;
5) тауар өндiрiлген жердің нұсқамасын (географиялық объектiнiң шекарасы) қамтуға тиiс.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасса, аталған географиялық объектінің шекарасында өтінім беруші ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы және басқа да сипаттамалары негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен айқындалатын тауар өндіретіні туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы өтінімге қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бұрын тiркелген тауар шығарылған жердiң атауына айрықша құқық беруге арналған өтiнiмге уәкiлеттi органның осы географиялық объектiнiң шекарасында өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген ерекше қасиеттерге ие тауарды өндiретiнi туралы қорытындысы қоса берiледi.
Егер атауы тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мәлiмделетiн географиялық объект Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасса, өтiнiм берушiнiң мәлiмделген тауар шығарылған жердiң атауына құқығын растайтын құжат өтiнiмге қоса берiледi.
Өтiнiмге сараптама жасау ұйымының сараптама жүргiзу бойынша көрсететін қызметтерiне ақы төленгенiн растайтын құжат та қоса берiледi. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
Iс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, өтiнiмге сенiмхат қоса берiледi.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Өтiнiм мен оған қоса тiркелетiн құжаттар қазақ немесе орыс тiлінде тапсырылады. Етер құжаттар басқа тiлде тапсырылса, онда өтiнiм берушi өтінім берілген күннен бастап бір ай мерзімде олардың қазақ немесе орыс тiліндегі аудармасын тапсыруға тиiс.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Өтінімдерді жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
8-тарау. Тауар шығарылған жер атауына сараптама
30-бап. Сараптама жүргiзу тәртібі
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Өтiнiм берiлген күннен бастап алты ай iшiнде сараптама жасау ұйымы сараптама жүргiзедi, оның барысында оның осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сараптама барысында сараптама жасау ұйымы қосымша материалда сұратуға құқылы, олар өтiніш берушiге сұрау жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде тапсырылуға тиiс.
Қосымша материалдарды не осы мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi өтiнiм берушi белгiленген мерзiмде тапсырмаған жағдайда іс жүргiзу тоқтатылып, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
31-бап. Сараптама нәтижелерi бойынша шешiмдер
1. Сараптама нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган:
1) 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2) тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру туралы;
3) тауар шығарылған жер атауын тiркеуден және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы тиістi шешiм қабылдайды.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Өтiнiм берушi өзiне тiркеуден бас тарту туралы шешiм жiберілген күннен бастап үш ай мерзiмде сараптама шешiмiн қайта қарау туралы өтiнiш бiлдiрiп, дәлелдi қарсылық тапсыруға құқылы.
Қайта шығарылған сараптама шешiмiмен келiспеген жағдайда өтiнiм берушi осы Заңның 12-бабының 6-тармағында көзделген тәртiппен қарсылық бере алады.
32-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары
Тауар шығарылған жер атауына сараптама жүргiзiлген кезде өтiнiм берушiге осы Заңның 13-бабында көрсетiлген құқықтар берiледi.
9-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын тіркеу және беру
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу тәртібі
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сараптама ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне тауар шығарылған жердiң атауын, тiркелу нөмiрi мен күнiн, тауардың ерекше қасиеттерiнiң сипаттамасын, тұрғылықты жерлерiн (орналасқан жерлерiн), өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының барлық иелерi туралы мәлiметтердi және көрсетiлген мәлiметтердегi одан кейiнгi барлық өзгерістердi, сондай-ақ тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтердi енгiзедi.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесi тiркеу туралы мәлiметтерге қатысты өзгерістер жайында сараптама жасау ұйымына хабарлап отыруға мiндеттi. Өзгерістер туралы жазбаны сараптама ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне енгізедi.
3. Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмi жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сараптама жасау ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiнен көшiрме бередi.
34-бап. Тауар шығарылған жер атауын тiркеудiң және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімдері
1. Аталған географиялық объект аумағында өндiрiлетiн тауардың ерекше қасиеттерi сақталған жағдайда тауар шығарылған жер атауларын тiркеу мерзiмсiз қолданылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы сараптама жасау ұйымына өтінім берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
3. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне қатысты тауардың ерекше қасиеттерi сақталған жағдайда оның қолданылуының соңғы жылында берiлген иесiнiң өтiнiшi бойынша әр жолы он жыл ұзартылып отырады.
4. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш осы Заңның 29-бабына сәйкес құзыреттi органның қорытындысымен бiр мезгiлде тапсырылады. Тiркеудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне және куәлiкке енгiзiледi.
5. Осы баптың 3-тармағында белгiленген өтiнiм беру мерзiмi тiркеудiң қолданылу мерзiмi аяқталған соң алты айдың iшiнде берiлген иесiнiң арызы бойынша қалпына келтiрiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
35-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау
Тауар шығарылған жер атауын тiркеуге және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруге қатысты мәлiметтердi, сондай-ақ бұдан былайғы өзгерістердi Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiміне тiкелей жазылған соң сараптама жасау ұйымы бюллетеньде жариялайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
36-бап. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы
1. Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме тауар шығарылған жердің атауын тiркеу фактiсiн және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетiлген тауарға қатысты оны пайдалануға иесiнiң айрықша құқығын растайды.
2. Үзінді көшірменің нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
10-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану
37-бап. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану шарттары
1. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесiне оны пайдаланудың айрықша құқығы берiледi.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тiркелген тауар шығарылған жер атауымен бiрдей немесе араласып кету дәрежесiне дейiн ұқсас географиялық объектiнiң атауын тiркемей, оны бiртектес тауарларға қатысты пайдалануға жол берiлмейдi.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық объектiлердiң атаулары болып табылатын немесе соларды қамтитын тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын, егер бұл орайда тауар шығарылған нақты жер көрсетiлсе не аударма пайдаланылса немесе белгiде «түрiнде», «үлгiсiнде», «стилiнде» деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, осы жерден шығарылмаған осындай тауарларды белгiлеу үшін пайдалануға жол берiлмейдi.
4. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын иелiктен айыру, оны бiреуге беру туралы өзге де мәмiлелер және лицензиялық шарт негiзiнде тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруге жол берiлмейдi.