Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 шілдедегі № 700 Қаулысы
(2016.06.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 2016.06.05. № 282 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір қаулыларына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауiпсiздiктiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi № 1240 қаулысына:
2-тармақ алынып тасталсын;
2) «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiнде:
3-тармақтың бiрiншi абзацы «10» деген сандардан кейiн «10-1» деген сандармен толықтырылсын;
қосымшаға сәйкес 10-1-қосымшамен толықтырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 16 шілдедегі
№ 700 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесiне
10-1-қосымша
Жеке күзетшiлердi, жеке күзет ұйымында, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың
күзет бөлiмшесiнде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшесiнде күзетшi лауазымындағы
қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру жөнiндегі мамандандырылған оқу орталықтары
(арнайы оқыту курсы) үшiн белгiленген қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгілерi,
модельдерi, саны
P/c № | Қарудың атауы | Калибр | Қару бірлігінің саны |
1 | Винтовка | 5,6 мм | 5 |
2 | Тапанша | 5,6 мм | 5 |
3 | Тапанша | 9,0 мм | 10 |
4 | Тегiс ұңғылы мылтық | - | 5 |
Қосымша.
Оқ-дәрілердiң нормалары:
күзетшiлердi оқыту - оқушыға әрбiр қарудың түрiне 18 патрон;
жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөніндегі мамандарды оқытуға - оқушыға барлық курсқа 500 патрон;
қарудың атуын тексеруге - бiр ұңғыға 8 патрон есебiнен белгiленедi.