2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды
5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;
7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
7 тарау. Педагог қызметкердің мәртебесі
50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.
Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері (әскери, арнаулы оқу орындарының әскери немесе арнаулы атағы, сыныптық шені бар қызметкерлерін және әскери қызметшілерін қоспағанда) азаматтық қызметшілер болып табылады.
2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-бап. Педагог жұмыскердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.
Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа:
1) медициналық қарсы көрсетілімі бар;
2) психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.
2. Педагог жұмыскердің:
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
3) дара педагогтік қызметке;
4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;
13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.
3. Педагог жұмыскер:
1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға;
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 9) және 10) тармақшалармен толықтырылды
9) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымдарынан тыс жерде болған осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
10) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.
Міндеттерін бұзғаны және педагог жұмыскер атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін педагог жұмыскер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог жұмыскерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.
5. Педагог жұмыскерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады.
52-бап. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Жеке меншік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкілетті адам айқындайды.
2. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу ережесін еңбек саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Білім беретін мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың педагог қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне ауылдық жерде жұмыс істегені үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлерді, жазбаша жұмыстарды тексергені үшін, оқу кабинеттеріне меңгерушілік еткені үшін, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін, эксперимент режимінде жұмыс істегені үшін, ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы және басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы арттырылып отыратын коэффициентті ескере отырып айқындалады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне тиісті дипломы болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша:
философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде;
ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі:
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) 18 сағат:
1) тармақшаның 2 бөлімі 2008 ж. 1 қаңтарынан қолданысқа енді
орта білім беру ұйымдары және техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшiн;
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін;
1) тармақшаның бесінші бөлімі 2008 ж. 1 қаңтарынан қолданысқа енді
мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары үшін;
2) 24 сағат:
мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие берудің мектепалды топтары және білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін;
балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;
3) 30 сағат интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешілері үшін белгіленеді;
4) 25 сағат арнайы білім беру ұйымдары және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілері үшін белгіленеді.
Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасының шегінде белгіленеді және ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
1. Педагог қызметкерлер мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог жұмыскерлеріне:
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында педагогтік қызметті жүзеге асыратын педагог жұмыскерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;
2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
2008.24.12 № 111-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
2008.24.12 № 111-IV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар білім беру саласының педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.
3. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен:
1) тармақша 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енді
1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленушіге жұмсау бағытын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант;
3) тармақша 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енді
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) «Үздік педагог» атағын иеленушіге айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді.
8-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу
54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
55-бап. Білім беру сапасын басқару
1. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Білім беру сапасын басқару техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде, білім берудің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сыртқы бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сыртқы бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында көзделген жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында:
1) бастауыш мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;
2) негізгі мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;
3) жалпы орта мектепте - оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында - жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Оқу жетістіктеріне сыртқы бағалау жүргізілетін орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Білім беру қызметтерінің сапасына сырттай бағалау жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым:
1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдар үшін кешенді тест тапсырмаларын әзірлейді және енгізеді;
2) оқу процесінің сапасын бақылау технологияларын, білім беру ұйымдарында білім алушылар контингентін конкурстық жолмен қалыптастыру модельдерін әзірлейді және енгізеді;
3) білім беру сапасын өлшеуді тестілеудің теориясы мен әдіснамасы және оның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігі бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді.
56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары
1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) білім алушылардың даярлық деңгейіне;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары инклюзивті білім беру ескеріле отырып әзірленеді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 57-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау
1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі - лицензиат) білім беру қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша шифр, атауы, оқыту мерзімі көрсетіледі.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада кадрларды даярлау бағыттары бойынша сыныптауышқа сәйкес кадрларды даярлау бағытының коды және атауы көрсетіледі.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құрады.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы білім беру қызметін жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының қолданысы лицензиаттың (заңды мекенжайына сәйкес) тіркелген орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шектеледі.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1. Коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары лицензиялауға жататын білім беру қызметін осы коммерциялық емес ұйымға берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша негізінде жүзеге асыруға құқылы.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Лицензиардың білім беру қызметімен білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде лицензиат оқу-тәрбие процесінің жалғастырылуын және білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын тоқтата тұруға әкеп соқтырған бұзушылықтарды жоюды қамтамасыз етеді.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясының қосымшасы қайта ресімделуге жатады.
Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыру жүргізілгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген, білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын береді.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеу үшін лицензиат білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:
1) лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.
Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуден:
1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;
2) өтініш беруші білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бас тартады.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімделуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 57-1-баппен толықтырылды