Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 1369 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1369 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Қарағанды облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 214-7-жол алынып тасталсын.
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 222-9-жол алынып тасталсын.
4. «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 28, 339-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-жолмен толықтырылсын:
«
34 | «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Теміртау қаласы |
«.
5. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-12-жолмен толықтырылсын:
«77-12. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті».