2. Қарсылық беруге арналған мерзім өткізіп алынған кезде апелляциялық кеңес ұсынылған құжаттардың негізінде мерзімді өткізіп алу себептері дәлелді деп танылған жағдайда, оны қарауға қабылдай алады.
3. Қарсылықты қарау мерзімі өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.
4. Апелляциялық кеңес:
1) қарсылықты мәлімдеуші қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхат берген жағдайды қоспағанда, өзі келмеген;
2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы.
5. Апелляциялық кеңес мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;
2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;
3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы;
4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Апелляциялық кеңес қарсылықтың нысанасын немесе негізін өз бастамасы бойынша өзгертуге құқылы емес.
6. Апелляциялық кеңестiң барлық мүшелері қарсылықты қараған кезде тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
7. Қабылданған шешім шығарылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарсылықты мәлімдеушіге жіберіледі.
8. Апелляциялық кеңес қарсылықты мәлімдеушінің өтінішхаты бойынша қарсылықты қараусыз қалдыра алады. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді.
9. Қабылданған шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 32-3-баппен толықтырылды
32-3-бап. Апелляциялық кеңестiң шешiмiндегі қате жазуларды және айқын техникалық қателерді түзету
1. Шешім шығарған апелляциялық кеңес қарсылық бойынша шешім жарияланғаннан кейін оның күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы емес.
2. Апелляциялық кеңес шешімде жіберілген қате жазуларды немесе айқын техникалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе қарсылықты қарауға қатысатын тұлғалардың өтініші бойынша түзете алады.
Түзетулер енгізу туралы мәселе апелляциялық кеңестің отырысында шешіледі. Қарсылықты қарауға қатысатын тұлғаларға апелляциялық кеңес отырысының уақыты мен орны туралы хабар беріледі, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қарау үшін кедергі болып табылмайды.
3. Апелляциялық кеңестің шешіміне түзетулер енгізу апелляциялық кеңестің қосымша шешімімен ресімделеді.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 32-4-баппен толықтырылды
32-4-бап. Қарсылықты қараусыз қалдыру
1. Апелляциялық кеңес, егер:
1) қарсылық берген, апелляциялық кеңес отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабар берілген, қарсылықты өзі болмағанда қарау туралы мәлімдемеген тұлға апелляциялық кеңестің отырысына екінші рет шақырғанда келмесе;
2) қарсылық берген тұлғаның өзінің қарсылығын кері қайтарып алу туралы өтінішхаты болса, қарсылықты қараусыз қалдырады.
2. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасына түсіріледі.
33-бап. Дауларды сот тәртібімен қарау
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Мынадай даулар:
1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне авторлық туралы;
2) қорғау құжатының дұрыс берiлуi туралы;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) патентті жарамсыз деп тану туралы;
3) патент иеленушiнi анықтау туралы;
4) күштеп лицензия беру туралы;
5) патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптік меншiк объектiсiн пайдалануға айрықша құқығын және басқа да мүлiктiк құқықтарын бұзушылық туралы;
6) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға лицензиялық шарттардың жасалуы мен орындалуы туралы;
7) алдыңғы және соңынан пайдалану құқығы туралы;
8) жұмыс берушiнiң осы Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес авторға сыйақы төлеуi туралы;
9) осы Заңда көзделген өтемақыларды төлеу туралы;
10) құқық қорғауға байланысты қорғау құжатынан туындайтын басқа да даулар сот тәртібiмен қаралуға тиiс.
Даулар осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 7) және 10) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, тараптардың жазбаша келісімі бойынша медиация тәртібімен шешілуі немесе төреліктің қарауына берілуі мүмкін.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-1. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген уәкілетті органның шешімдеріне арыздар тиісті қарсылықтар апелляциялық кеңесте қаралғаннан кейін сотқа беріледі.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сот шешiмi негiзiнде сараптама жасау ұйымы қорғау құжаттарына қатысты өзгерістер туралы мәлiметтердiң жарияланымын жүргiзедi.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
34-бап. Авторлардың, өтiнiш берушiлердiң және патент иеленушiлердiң құқықтарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Авторлықты иемдену, қосалқы автор болуға мәжбүрлеу, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң мәнiн ол туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн автордың немесе өтiнiм берушiнiң келісімiнсiз жария ету, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн заңсыз пайдалану, шет елдерде өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патенттеу тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
8-тарау. Қорытынды ережелер
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 35-бап жаңа редакцияда
35-бап. Мемлекеттiк баж
Уәкiлеттi органның патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретінде тiркеу жөніндегі әрекеттерді жасағаны үшiн «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттiк сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде тiркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттiк сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу кандидат берілген патенттiк сенiм білдірілген өкіл куәлігімен расталатын аттестаттаудан өткен кезде жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнамасын білуіне тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
2. Патенттік сенiм білдірілген өкiлдерге кандидаттар аттестаттауына:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдар;
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адамдар;
3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
4) осы Заңға сәйкес патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тiзiлiмінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, оның ішінде уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;
3) осы Заңның 36-2-бабы 1-тармағының 2) және 6) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы үш ай ішінде тиісті шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін тоқтата тұруға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, оның қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта жалғастырылады.
4. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтiнiш берушiнің немесе патент иеленушiнің өкілі ретінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтініш беруші және (немесе) патент иеленуші дербес жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы уәкiлеттi органда және оның ұйымдарында өтiнiш берушi, патент иеленуші ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушi, патент иеленушi ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады.
5. Патенттiк сенiм білдірілген өкiл сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде құпиялы ақпаратқа немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияға қойылатын талаптарды сақтаған кезде құпиялы болып танылады.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды
36-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның), өзімен еңбек шартын жасасқан жұмыс берушінің немесе өзімен немесе өзінің жұмыс берушісімен азаматтық-құқықтық шарт жасасқан тұлғаның мүддесінде мынадай қызмет түрлерін:
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмасы бойынша өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алмасуды жүргізу, сараптама қорытындыларына қарсылықтарды дайындау және жолдау, сараптама ұйымы жанындағы сараптама кеңесінің отырыстарына қатысу;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) басқаға беру шарттарын, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және оларға қосымша келісімдерді жасауға, қарауға және кейіннен сараптамаға беруге жәрдемдесу қызметін жүзеге асыруға құқылы.
2. Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен куәландырылады.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер берумен және (немесе) қорғау құжаттарын алумен, сондай-ақ апелляциялық кеңеске қарсылықтар берумен байланысты істерді жүргізуге патенттік сенiм білдірілген өкіл сенімхаттың көшірмесін сараптама ұйымына және уәкілетті органға ұсынады.
Егер сенімхат шетел тілінде жасалса, онда міндетті түрде оның нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылуға тиіс.
4. Егер патенттiк сенiм білдірілген өкiл осы iс бойынша мүдделерi іс жүргізу туралы өтiнiш жасаған тұлғаның мүдделерiне қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ, егер iстi қарауға патенттiк сенiм білдірілген өкiлдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және (немесе) оның жақын туысы болып табылатын лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдамауға міндетті.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 36-2-баппен толықтырылды; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 36-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
36-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттiк сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл аттестаттау комиссиясының шешімімен:
1) өзінің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және күшін жою туралы тиісті мәліметтер патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.
3. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл, бұл туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәлік қайтарып алынады не оның күші жойылады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Уәкілетті орган патенттік сенiм білдірілген өкілдің әрекетіне жеке немесе заңды тұлғаның шағымы келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссияны құрады. Апелляциялық комиссия келіп түскен шағымды қараған кезеңде патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде белгі жасалады.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) уәкілетті органға патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын сотқа жіберуге ұсыным жасау;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
37-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн халықаралық тіркеу
Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн халықаралық тіркеу сараптама ұйымына өтiнiм беру жолымен жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қарау қағидаларын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес бекітедi.
38-бап. Шет елдік жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
1. Шетелдік жеке және заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға орай немесе өзара түсіністік принциптері негізінде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғауға жататын өзге де актілерде көзделген құқықтарды, егер осы Заңнан өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
Қазақстан Республикасының