3) көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын қаржыландыру мақсатында берілген қарыз қаражатын (бар болса) пайдалануына жол беріледі.
Осы Заңның талаптарына сəйкес енгізілген меншікті ақшасы болған жағдайда, уəкілетті компанияның үлескерлер ақшасын пайдалануына тыйым салынады.
Уəкілетті компания материалдардың құнын растау үшін уəкілетті компания мен құрылыс салушы бекіткен жəне авторлық жəне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын инжинирингтік компаниялар келіскен құнның өзгерістері туралы тиісті құжаттаманы Бірыңғай операторға ұсынады.»;
4-тармақ «көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
2) тармақша «көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ «көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта:
2) тармақша «көппəтерлі тұрғын үйді» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ «көппəтерлі тұрғын үйді» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенін» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтағы «пайдалануға қабылданғанға дейін» деген сөздер «немесе жеке тұрғын үйлер кешені пайдалануға қабылданғанға дейін, ал Бірыңғай оператордың кепілдігі алынған және одан әрі кепілдік беру жағдайы туындаған жағдайда - көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы аяқталған соң Бірыңғай оператордың шығындары толық өтелгенге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 21-бапта:
тақырыптағы «және аттестатталған сарапшылар» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақ «аттестатталған сарапшылар» деген сөздерден кейін «және ақшаның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын мамандар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инжинирингтік компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарамастан, жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ Бірыңғай операторға немесе екінші деңгейдегі банкке (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есепті уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес ақпараттық жүйелер арқылы ай сайын ұсынуға міндетті.»;
4-тармақтағы «мен аттестатталған сарапшылар» деген сөздер «, аттестатталған сарапшылар және ақшаның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын мамандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «мен аттестатталған сарапшылар» деген сөздер «, аттестатталған сарапшылар және ақшаның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын мамандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) үлескерлерді қоспағанда, соңғы үш жыл ішінде құрылыс салушымен, уәкілетті компаниямен, Бірыңғай оператормен және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың өзге де қатысушыларымен еңбек қатынастарында, қаржылық немесе өзге де тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.»;
20) 22-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы «жеке және заңды тұлғаларға» деген сөздер «жеке, заңды тұлғаларға және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаларға (жай серіктестік, консорциум)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша «көппәтерлі тұрғын үйлер» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 23-баптың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды немесе жеке тұрғын үйлерді, немесе салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешеніндегі олардың үлестерін сату туралы жарнаманы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың берілген күні мен нөмірін немесе кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірін көрсете отырып қана таратуға және (немесе) орналастыруға жол беріледі.»;
22) 24-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік «көппәтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің үшінші абзацы «көппәтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 25-баптың 2-тармағында:
2) тармақша:
«көппәтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппәтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) құрылыс салушыға, уәкілетті компанияға, мердігерге (бас мердігерге) құрылыс материалдарын сатып алудың ақпараттық жүйесінде құрылыс материалдарын (олар бар болса) сатып алуды, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешенін салу үшін қажетті тауарлар мен жабдықты, оның ішінде арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың сатып алуын жүзеге асыруына мүмкіндік береді;
5-2) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасы және оның қолданылу практикасы бойынша консультация беру үшін үлескерлерді қолдау орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»;
24) 26-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «көппәтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «көппәтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша «көппәтерлі тұрғын үй», «көппәтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке тұрғын үйлер кешені», «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша «көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша:
«Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес» деген сөздерден кейін «, осы Заңның 21-бабының 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
«, ал кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім берілген кезде уәкілетті компания құрылысын бастаған (жүргізіп жатқан) объект бойынша уәкілетті компания мен инжинирингтік компания арасында жасалған шартқа үшжақты келісім жасауға» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша «көппәтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
25) 29-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац «көппәтерлі тұрғын үйлер» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «көппәтерлі тұрғын үйлер» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
26) 30-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кепілдік беру туралы шарттың қолданысы ішінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының он және одан көп пайызға ұлғаюына байланысты жобалау құны қымбаттаған кезде, сондай-ақ мыналарға:
1) құрылыс жобасының сыртқы инженерлік желілерді орнату құнына қымбаттауына;
2) жобалау-сметалық құжаттамада көзделген құрылыс материалдары мен жұмыстардың жалпы қымбаттауына байланысты жобалау құны қымбаттаған кезде кепілдік жарнаның сомасы қайта қаралуға жатады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Кепілдік беру туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде Бірыңғай оператор есеп айырысу күні кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдіктің өтіп кетпеген қолданылу мерзіміне пропорционалды түрде есептелетін шамаға тең кепілдік жарнаның бір бөлігін уәкілетті компанияға қайтарады.
Бұл ретте кепілдік беру туралы шарт тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы барлық шарт бұзылғаннан кейін және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша енгізілген ақша үлескерлерге қайтарылғаннан кейін ғана бұзылуы мүмкін.»;
27) 31-бапта:
1-тармақта:
бірінші сөйлем:
«көппәтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«жүзеге асыру үшін» деген сөздерден кейін «Бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем «көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
28) 32-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) құрылыс салушының, уәкілетті компанияның мүлкі мен міндеттемелеріне қатысты заңды күшіне енген сот шешімдерінің болуы;»;
5) тармақша «көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) егер көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын жүзеге асыру кезінде құрылыс салушының, уәкілетті компанияның жобасы бойынша кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім берілген күнге дейін соңғы үш жылда Бірыңғай оператор кепілдік беру жағдайын жариялаған болса;
7) кепілдік беру туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдау Бірыңғай оператордың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, бір қарыз алушыға (қарыз алушылар тобына) ең жоғары тәуекел коэффициентін бұзуына алып келуі мүмкін болса;
8) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобасының бекітілген қала құрылысы жобаларына сәйкес келмеуі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтінімді қарау мерзімі құрылыс салушы мен уәкілетті компания кепілдік беру туралы шарт жасасу туралы жүгінген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қаралатын өтінім бойынша ескертулер болған кезде Бірыңғай оператор ескертулерді жою үшін кемінде он жұмыс күні мерзімін бере отырып, тиісті құжаттарды пысықтауға жіберуге құқылы. Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі құрылыс салушы және уәкілетті компания Бірыңғай оператордың ескертулерін іс жүзінде жойған, бірақ он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.»;
5-тармақтың екінші бөлігі «көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
29) 33-бапта:
тақырып «Көппәтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «Көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «Көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
30) 35-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан кейін тараптардың аяқталмаған құрылыс объектісі бар жер учаскесін қайта кепілге қоюға және (немесе) кепілден босатуға байланысты қандай да бір әрекеттер жасауына жол берілмейді.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқарушы туралы мәліметтер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде орталық депозитарий ашқан олардың меншік иесінің дербес шоты бойынша көрсетілуге жатады.
Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу жөніндегі операцияны Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік иесінің дербес шотына сенімгерлік басқару туралы жазба енгізу туралы Бірыңғай оператордың бұйрығы және уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шарты негізінде орталық депозитарий жүргізеді.»;
4-тармақтағы «кейінге қалдыру шартымен дауыс беретін акцияларды» деген сөздер «уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «кейінге қалдыру шартымен» деген сөздер «уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Кепілдік беру жағдайы басталған кезде және кепілдік беру туралы шарттың қолданысы аяқталғанға дейін:
уәкілетті компанияның мүлкіне ауыртпалық салуға және (немесе) оған өндіріп алуды қолдануға;
уәкілетті компанияның қызметі шеңберінде уәкілетті компанияның мүлкін немесе оның құнын үшінші тұлғаларға беруге;
уәкілетті компанияны мүлікпен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттеуге жол берілмейді.»;
31) 37-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «көппәтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «көппәтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшада:
бірінші сөйлем «көппәтерлі тұрғын үйді» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенін» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау мерзімін құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген мерзімнен бес айдан аспайтын мерзімге ауыстыруға жол беріледі;»;
3) тармақша «көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «көппәтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
32) 38-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац «оператор» деген сөзден кейін «кепілдік беру жағдайының басталуы туралы шешім қабылданғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «, оны уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Бірыңғай оператор таңдайды» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті компанияның меншікті қаражаты жеткіліксіз болған кезде Бірыңғай оператордың ішкі құжаттарына сәйкес уәкілетті компанияға ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен қаржыландыру беру арқылы Бірыңғай оператордың қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының аяқталуын қаржыландырады;»;
6) тармақшада:
«көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппәтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «Көппәтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
20-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 25-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдер қолма-қол ақшасыз тәртіппен, оның ішінде уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол ақша енгізу арқылы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарттың болуы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді ақша жөнелтуші банктің жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.»;
20-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 27-бапта:
10-тармақтың үшінші бөлігінде:
2-1) тармақша:
«тұрғын үй төлемдерін», «банктердегі банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздерден кейін тиісінше «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін», «өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі және екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақша осы тармақшаға сәйкес, жеке дербес шоттар (субпозициялар) ашу арқылы бөлек есепке алынуға жатады;»;
мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;»;
11-тармақтың екінші бөлігіндегі «тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздер «тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармағының 3) тармақшасының бірінші абзацы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 46-баптың 7-тармағының бірінші бөлігінде:
20-тармағының 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алуға ақы төлеуді жүзеге асыру кезінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарт болмаған жағдайда;»;
20-тармағының 3) тармақшасының төртінші абзацы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) тармақшадағы «тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны» деген сөздер «тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 4 және 5-тармақтарын, 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 9-тармағының 1) тармақшасын, 11 және 16-тармақтарын, 20-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасының бірінші және төртінші абзацтарын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 19-тармағының 4) тармақшасын, 20-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң жарияланған кезде жеке, заңды тұлғалардың және қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тарта отырып, көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыратын және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт жасаспаған тұлғалар жеке, заңды тұлғалардың және қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тарту құқығынсыз көрсетілген объектілердің құрылысын жалғастыруға құқылы. Бұл ретте осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылған жағдайда, құрылыс салушы және уәкілетті компания «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды сақтамай, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алуға құқылы.