15. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 7) тармақшасы «астық қабылдау кəсіпорындары» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушылар, қызметін Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асыратын уəкілетті компаниялар» деген сөздермен толықтырылсын.
16-тармақ 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16. «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
3) тармақша «тұрғын үй төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;»;
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:

3) 98-баптың бірінші бөлігінде:
18-1) тармақша «тұрғын үй төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-4) тармақшамен толықтырылсын:
«18-4) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшадан;».
17. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-қосымшаның 347-3-жолының 2-бағаны «қадағалауды» деген сөзден кейін «, оның ішінде автомобиль жолдарында» деген сөздермен толықтырылсын.
18. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 4) тармақшасы «; автомобиль жолдарында техникалық жəне авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар» деген сөздермен толықтырылсын.
19. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспедегі «жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппəтерлі тұрғын үйлердің» деген сөздер «үлескерлердің ақшасын тарту есебінен көппəтерлі тұрғын үйлердің немесе жеке тұрғын үйлер кешендерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке тұрғын үйлер кешені - құрылысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген, мансард пен астыңғы қабатты есепке алғанда биіктігі үш қабаттан аспайтын, жеке-дара (отбасымен) тұруға арналған, саны кемінде елу болатын жеке тұрған ғимараттар;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) кепілдік - Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдік беру жағдайы туындаған кезде көппəтерлі тұрғын үйдің жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтауды ұйымдастыру жəне үлескерлерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша көппəтерлі тұрғын үйдегі жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерін беру жөніндегі міндеттемесі;»;
2) тармақша «көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «көппəтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша «көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын;
«8-1) қарыз қаражаты - борыштық міндеттеме түрінде, оның ішінде ақылылық, мерзімділік жəне қайтарымдылық шарттарымен алынған қаражат;»;
14) тармақша «көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша «көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
17) тармақша:
«көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақша:

мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын:
«18-2) үлес - салынған көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрамына кіретін, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сəйкес үлескерге берілетін көппəтерлі тұрғын үйдегі пəтер немесе тұрғын емес үй-жай немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі жер учаскесі бар жеке тұрғын үй;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) үлескер - көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда), заңды тұлға немесе қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сəйкес жүзеге асыратын тұлға (жай серіктестік, консорциум);»;
20) тармақша алып тасталсын;
3) 3-бапта:
1-тармақта:
«көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппəтерлі тұрғын үйдегі пəтерлерді немесе тұрғын емес үй-жайларды» деген сөздер «көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сəйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы кезінде туындайтын қатынастарға да қолданылады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
«Көппəтерлі тұрғын үйлерді» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенін» деген сөздермен толықтырылсын;
«жеке жəне заңды тұлғалардың» деген сөздер «жеке, заңды тұлғалардың жəне (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сəйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 2) тармақшасындағы «инвестициялауға;» деген сөз «инвестициялауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) жəне 4) тармақшалары алып тасталсын;
19-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 5-бап мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын:
«11-3) «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау үшін екінші деңгейдегі банктерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;»;
5) 7-баптың 2-тармағында:
«Көппəтерлі тұрғын үйлердің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«жеке жəне заңды тұлғалардың» деген сөздер «жеке, заңды тұлғалардың жəне (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сəйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 8-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «құрылыс салушы» деген сөздер «көппəтерлі тұрғын үйдің құрылыс салушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
«он сегіз» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тоғыз» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
«үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «өзінің» деген сөз «шамасы жиынтық активтердің он пайызынан кем болмайтын, өзінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «қарыз» деген сөз «қарыз қаражатының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылыс салушысы мынадай талаптарға сəйкес келуге:
1) республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр жəне өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппəтерлі тұрғын үйлер жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тəжірибесінің болуы;
2) шамасы жиынтық активтердің он пайызынан кем болмайтын, өзінің аудиторлық қорытындымен расталған қаржылық есептілігіне сəйкес соңғы екі қаржы жылында қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын активтерінің болуы;
3) қарыз қаражатының жəне меншікті капиталының арақатынасы арқылы есептелген коэффициент шамасы жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын салудың оны пайдалануға қабылдағанға дейінгі бүкіл мерзімі ішінде жетіден аспауы міндетті.»;
2-тармақ «көппəтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «жер учаскесі» деген сөздер «жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «көппəтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «көппəтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«құрылыс салушы Бірыңғай операторға» деген сөздер «құрылыс салушы жəне уəкілетті компания ақпараттық жүйелер арқылы Бірыңғай операторға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уəкілетті компания» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Бірыңғай оператор Бірыңғай оператордың кепілдігін беру кезіндегі аяқталмаған құрылыс құны мен бағалау туралы есеппен расталған соңғы есепті күнге аяқталмаған құрылыс сомасы арасындағы айырмаға мөлшерлес кепілдік бойынша міндеттемелерді азайтуға жол береді.»;
7) 9-бапта:
1-тармақта:
«құрылыс салушының», «тиіс» деген сөздер тиісінше «көппəтерлі тұрғын үй құрылыс салушысының», «міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«он сегіз» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тоғыз» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
«үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тəсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұрғын үйлер кешені құрылыс салушысының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр жəне өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппəтерлі тұрғын үйлер жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тəжірибесінің болуы міндетті.»;
2-тармақ «көппəтерлі тұрғын үй», «Көппəтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «жер учаскесі» деген сөздер «жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «көппəтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
5 жəне 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Құрылыс салушы жəне уəкілетті компания осы бапта белгіленген талаптарға сəйкес келген кезде құрылыс салушы жəне (немесе) уəкілетті компания көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтау үшін жеткілікті сомаға құрылысты қаржыландыруға əзірлігі туралы екінші деңгейдегі банктің шешімін алу үшін екінші деңгейдегі банкке өтініш жасайды.
Екінші деңгейдегі банк пен уəкілетті компания арасында жасалған банктік қарыздың кредиттік шарты, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар, аяқталмаған құрылыс құнын шегергендегі көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген сомаға несие берешегінің болуы туралы анықтама көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын қаржыландыруға əзірлігі туралы екінші деңгейдегі банктің шешімін растау болып табылады.
Екінші деңгейдегі банк көппəтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін қаржыландыруға əзір болған жағдайда уəкілетті компаниямен жəне инжинирингтік компаниямен үшжақты шарт жасасады, онда инжинирингтік компанияның осы Заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілген уəкілетті компанияның банктік шоттары бойынша жүргізілетін операциялар туралы ақпарат алуына уəкілетті компанияның келісімі көзделеді.»;
«7. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алынғаннан кейін ғана осы Заңның 20-бабында белгіленген талаптар ескеріле отырып, уəкілетті компанияның банктік шотынан үлескерлердің ақшасын пайдалануға жол беріледі.
Екінші деңгейдегі банк үлескерлердің ақшасын жəне құрылыс салушының жəне (немесе) уəкілетті компанияның қарыз қаражатын банктік шоттардан бір мезгілде пайдалану туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
11-тармақ «көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 10-бапта:
1-тармақта:
«бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
«алпыс» деген сөз «отыз алты» деген сөздермен ауыстырылсын;
«отыз» деген сөз «он сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «жер учаскесі» деген сөздер «жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 11-бапта:
1-тармақта:
«жазбаша нысанда» деген сөздерден кейін «не электрондық цифрлық қолтаңбамен куəландыру арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың берілген күні мен нөмірі немесе кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.»;
10) 12-бапта:
1-тармақта:
«бірыңғай ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып,» деген сөздер «бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«есепке алуға» деген сөздер «міндетті түрде есепке алынуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «қағидаларына сəйкес» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 13-бапта:
1-тармақтағы «есепке алуға» деген сөздер «міндетті түрде есепке алынуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ:
«көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 14-бапта:
1-тармақ 3) тармақшасындағы «талап етуге құқылы.» деген сөздер «талап етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) құрылыс салушыдан техникалық зерттеп-қарау нəтижелері бойынша сатып алынатын жалпы алаңның нақты азаюы нəтижесінде ақша төлеуді талап етуге құқылы.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы:
«көппəтерлі тұрғын үйді» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенін» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 15-бапта:
2-тармақ «көппəтерлі тұрғын үйден» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінен» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ:
«көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппəтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «көппəтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «көппəтерлі тұрғын үйдегі», «Көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 16-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацында:
«көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «заңнамасында», «көзделген» деген сөздер тиісінше «заңдарында», «белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы «көппəтерлі тұрғын үйді» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Уəкілетті компанияның көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлес ақысын үлескерлердің қолма-қол ақшасымен алуына тыйым салынады.»;
15) 17-бапта:
тақырып «Көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ:
«көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппəтерлі тұрғын үйді» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенін» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ:
«көппəтерлі тұрғын үйді» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенін» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «көппəтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ:
«көппəтерлі тұрғын үй» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешені» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 18-бапта:
3-тармақтағы «осы Заңның 9-бабының 1 жəне 3-тармақтарында жəне 10-бабының 1 жəне 3-тармақтарында» деген сөздер «осы Заңның 9-бабының 1,1-1,3 жəне 5-тармақтарында немесе 10-бабының 1 жəне 3-тармақтарында (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тəсіліне қарай)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «осы Заңның 9-бабының 1 жəне 3-тармақтарында жəне 10-бабының 1 жəне 3-тармақтарында» деген сөздер «осы Заңның 9-бабының 1,1-1,3 жəне 5-тармақтарында немесе 10-бабының 1 жəне 3-тармақтарында (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тəсіліне қарай)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ «көппəтерлі тұрғын үйді» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенін» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 19-бапта:
1-тармақ «Көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
екінші бөлікте:
1) тармақшада:
«кепілдіктері» деген сөз «шартсыз жəне кері қайтарып алынбайтын кепілдігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жиырма бес» деген сөздер «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшада «он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мердігердің (бас мердігердің) пайдасына төленетін төлемдер мердігердің (бас мердігердің) пайдасына төленетін төлем мөлшеріне мердігерлік шарт құнының қатынасына пропорционалды аванс сомасының бір бөлігі шегеріле отырып төленуге жатады.»;
4-тармақ «көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ «көппəтерлі тұрғын үй», «көппəтерлі тұрғын үйді» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке тұрғын үйлер кешені», «немесе жеке тұрғын үйлер кешенін» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ:
«көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
«көппəтерлі тұрғын үйдің» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
бірінші сөйлемде:
«осы Заңның 9 жəне 10-баптарында көзделген көппəтерлі тұрғын үй» деген сөздер «көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көппəтерлі тұрғын үйді» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешенін» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Көппəтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау мерзімін құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген мерзімнен бес айдан аспайтын мерзімге ауыстыруға жол беріледі.»;
18) 20-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысына бағытталған ақшаның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында уəкілетті компания екінші деңгейдегі бір банкте ғана ұлттық валютамен біреуден аспайтын ағымдағы шот ашуға міндетті.
Уəкілетті компания ұлттық валютамен ағымдағы шот ашылған екінші деңгейдегі банкте:
шетел валютасымен біреуден аспайтын ағымдағы шотты;
ұлттық валютамен біреуден аспайтын жинақ шотын ашуға құқылы.
Уəкілетті компания осы баптың 6-тармағының талаптарын одан əрі сақтаған жағдайда, уəкілетті компанияның осы тармақта көрсетілген шоттары арасында ақша аударымдарын жүзеге асыруға жол беріледі.
Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде уəкілетті компания рейтингтік агенттіктердің бірі берген кредиттік рейтингі «B+»-тен төмен емес екінші деңгейдегі банкте шетел валютасымен ағымдағы шот ашуға міндетті. Бірнеше рейтингтік агенттіктің рейтингтері болған кезде ең азы қолданылады.»;
3-тармақ:
«көппəтерлі тұрғын үйдегі» деген сөздерден кейін «немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Құрылыс процесінде құны жобалау-сметалық құжаттамада белгіленгеннен жоғары құрылыс материалдарын сатып алу қажет болған жағдайда, уəкілетті компанияның жобалау-сметалық құжаттаманы түзетпей, қаражатты мынадай тəртіппен:
1) осы Заңның талаптарына сəйкес енгізілген меншікті ақшасын;
2) көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі, оның ішінде əрбір үлескерден түсетін түсімдер бөлінісіндегі үлестердің ақысын төлеуге алынған ақшаны;