15-бап. Теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны кесіп өту
1. Қазақстандық және шетелдік (суүсті және суасты) кемелер, әскери корабльдер, мұз үстімен жылжитын құралдар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны кесіп өтеді.
2. Шетелдік суасты кемелері (құралдары) аумақтық суларда (теңізде) Мемлекеттік шекараны су үстімен және туын көтеріп кесіп өтеді және жүзеді.
3. Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің порттарына кірмей, Мемлекеттік шекараны кесіп өте отырып, шекаралық өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында кеменің жүзуі Қазақстан Республикасы ратификациялаған, шектес мемлекетпен жасалған халықаралық шартпен реттеледі.
4. Қазақстандық және шетелдік (суүсті және суасты) кемелер, шетелдік әскери корабльдер, мұз үстімен жылжитын құралдар Мемлекеттік шекараны кесіп өткен және Қазақстан Республикасының порттарына (рейдтеріне) кіріп немесе кірмей, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда жүзген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының порттарынан (рейдінен) Мемлекеттік шекараға қарай жүзген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің талап етуі бойынша:
1) егер өз туы көтерілмеген болса, оны көрсетуге;
2) егер ол жүзу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға, сондай-ақ жасанды аралдың, қондырғының немесе құрылыстың айналасында белгіленген қауіпсіздік аймағына бағыт алса не жүзу режимін басқа да бұзушылыққа әкеп соғатын болса, бағытын өзгертуге;
3) аумақтық суларға (теңізге) немесе ішкі суларға кіру мақсаты, қозғалыс схемасынан ауытқу себептері туралы хабарлауға;
4) тексеру (кеме жайларын қарап тексеру) үшін тоқтауға және қарап тексеру тобын қабылдауға, кеме және навигация құжаттарын, экипаж мүшелері мен жолаушылардың құжаттарын, жүктерге немесе тауарларға құжаттарды ұсынуға;
5) бағытты өзгертіп, Қазақстан Республикасының портына немесе өзге де көрсетілген пунктке баруға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
Осы баптың 4-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелері шетелдік әскери корабльдер мен коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын шетелдік мемлекеттік кемелерге қолданылмайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген қазақстандық және шетелдік кемелерге:
1) өткізу пункттері ашылмаған Қазақстан Республикасының порттарына (рейдтеріне) кіруге;
2) қозғалыстың белгіленген схемаларынан ауытқуға, жүзу үшін тыйым салынған немесе жүзу үшін уақытша қауіпті ауданға, сондай-ақ жасанды аралдың, қондырғының немесе құрылыстың айналасында белгіленген қауіпсіздік аймағына, егер осындай аудан немесе аймақ туралы теңізде жүзушілерге хабарламаларда хабарланса, кіруге;
3) аялдауға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), кез келген жүзу құралдарын суға түсіруге немесе бортқа қабылдауға, кез келген ұшу аппаратын, оның ішінде пилотсыз ұшу аппаратын әуеге көтеруге, қондыруға немесе бортқа қабылдауға, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті уәкілетті органның рұқсатынсыз не осындай рұқсаттың шарттарын бұза отырып жүргізуге тыйым салынады.
6. Шетелдік әскери корабльдер және коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын басқа да шетелдік мемлекеттік кемелер болжамдалған кіру күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей дипломатиялық арналар арқылы сұрау салынатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің алдын ала рұқсаты бойынша аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға кіру үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өтеді.
16-бап. Кәсіпшілік жүргізуші қазақстандық кемелердің теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында
Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы
1. Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраң үстінде кәсіпшілікті шетелдік кемелерге кәсіпшілік өнімдерін ауыстырып тиемей жүзеге асыратын қазақстандық кемелер, сондай-ақ мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық және өзге де өнімдерді өткізу немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерін жеткізу болып табылатын кәсіпшілік қызметін жүргізген жағдайда, өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсаты негізінде шекаралық, кедендік бақылаудан және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпестен, Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өте алады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық кемелерге:
1) шет мемлекеттің аумақтық суларына (теңізге), ішкі суларына, шетелдік порттарға кіруге;
2) адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен туындаған немесе кеменің капитаны бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін дереу хабардар ететін басқа да төтенше жағдайларды қоспағанда, шетелдік кемелердегі, сондай-ақ өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелердегі адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге) тыйым салынады.
3. Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру тәртібін, осындай рұқсат қолданысының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық кемелерді бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылатын қазақстандық және шетелдік кемелердің
Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өту құқығы
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Континенттік қайраңда жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды орындау, континенттік қайраңның табиғи ресурстарын барлау және игеру, қалқымалы бұрғылау қондырғыларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, оның ішінде континенттік қайраңда стационарлық теңіз платформаларын құру, пайдалану және қолдану мақсатында, кейіннен Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына немесе айлақтық құрылыстарына келе отырып, Қазақстан Республикасының порттарынан, теңіз терминалдарынан немесе айлақтық құрылыстарынан континенттік қайраң үстіндегі су кеңістігіне шығатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын пайдаланатын қазақстандық және шетелдік кемелер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi рұқсатының негізінде шекаралық және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпей, Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өте алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, кемелердің келуімен немесе кетуімен байланысты кедендік операциялар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық және шетелдік кемелерге:
1) шет мемлекеттің аумақтық суларына (теңізіне), шет мемлекеттің ішкі суларына, шетелдік порттарға кіруге;
2) адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен немесе басқа да төтенше жағдайлардан туындаған, кеменің капитаны бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін дереу хабардар ететін кездерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде оларға қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық бақылаудан өтпеген адамдарды шетелдік және қазақстандық кемелерден түсіруге (оларға отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (оларға тиеуге) тыйым салынады.
3. Құрылықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсат беру тәртібін, мұндай рұқсатты қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
17-бап. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту
1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту орнынан өткізу пункттеріне дейін және кері қарай ұшатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өту кезінде әуе кемелері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті органның мынадай талаптарын орындауға:
1) егер ұшу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға апаратын болса, бағытты өзгертуге;
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіру мақсаттары немесе ұшу жоспарынан ауытқу себептері туралы хабарлауға;
3) көрсетілген жерге келіп қонуды жүзеге асыруға міндетті.
2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай бағытта ұшу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өту кезінде, дүлей зiлзаланы, апатты, аварияны, авариялық жағдайды және адамдардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да жағдайларды қоспағанда, әуе кемелеріне:
1) ұшу жоспарында көрсетілмеген, халықаралық болып табылмайтын әуежайларға немесе әуеайлақтарға, сондай-ақ әуежайлардан және әуеайлақтардан тыс жерлерге қонуға (ұшып көтерілуге);
2) белгіленген (ұсынылған) дәліздерден және ұшу маршруттарынан ауытқуға, аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған, ұшуға тыйым салынған аймақтар мен ұшу шектелген аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге;
3) адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге) тыйым салынады.
Осы тармақтың 3) тармақшасының күші осы баптың 4-тармағында көрсетілген Мемлекеттік шекараны кесіп өту жағдайларына қолданылмайды.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ерекше жағдайларда техникалық, мәжбүрлі түрде қонуларды және гуманитарлық рейстерді, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындауға байланысты халықаралық ұшуларды орындау кезінде әуе кемелерінің қонуы мен ұшып шығуы халықаралық болып табылмайтын әуежайлардан немесе әуеайлақтардан жүргізіледі. Көрсетілген ұшулар Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдар берген уақытша рұқсат болған кезде орындалады.
2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Құрылықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, көрсетілген жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпей, Мемлекеттік шекараны бөлінген әуе дәліздерінен тыс бірнеше мәрте кесіп өте алады. Адамдарды, кемелерді құтқару қажеттілігінен не басқа да төтенше жағдайлардан туындаған, қазақстандық әуе кемесінің командирі бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, сондай-ақ азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарды дереу хабардар ететін кездерді қоспағанда, көрсетілген қазақстандық әуе кемелеріне шет мемлекеттердің әуе кеңістігіне ұшып кіруге, Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде шекаралық бақылаудан өткен адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық бақылаудан өтпеген адамдарды отырғызуға (бортқа алуға), Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде оларға қатысты шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылған кемелерге (кемелерден), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылмаған кемелерге (кемелерден) кез келген жүктерді, тауарларды, валютаны, жануарларды тиеуге (түсіруге) тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының аумағы мен құрылықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар мен құрылыстар, қалқымалы бұрғылау қондырғылары, қалқымалы қонақүйлер арасындағы ұшуларды орындаған кезде әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағынан ұшып шығуы және Қазақстан Республикасының аумағына қонуы Қазақстан Республикасының әуеайлақтарынан, тікұшақ айлақтарынан және қону алаңдарынан, оның ішінде халықаралық ұшулар үшін ашылмағандарынан жүргізілуі мүмкін.
18-бап. Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өту
1. Мынадай төтенше жағдайларға:
1) дүлей зілзалаларға, апаттарға, аварияларға, авариялық жағдайға және адамдардың өміріне немесе денсаулығына, қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік әскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың, сондай-ақ әуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқа да жағдайларға;
2) қазақстандық немесе шетелдік бүлінген кемені, шетелдік әскери корабльді, мұз үстімен жылжитын құралдарды тіркеп сүйретуге;
3) құтқарылған адамдарды жеткізуге;
4) қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік әскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың экипаж мүшелеріне немесе жолаушыларына шұғыл медициналық көмек көрсетуге байланысты Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өту (белгіленген орындардан, теңіз немесе әуе дәліздерінен тыс) оны кесіп өту тәртібін бұзу болып табылмайды.
2. Қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік әскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың капитаны (кеме жүргізушісі), әуе кемесінің командирі Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өткен немесе Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай бағытта жүрудің осы Заңда айқындалған тәртібін мәжбүрлі түрде сақтамаған жағдайда:
1) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне дереу хабар беретін жақын жердегі қазақстандық теңіз немесе өзен портының, әуежайдың немесе әуеайлақтың әкімшілігін дереу хабардар етуге;
2) көмек көрсету немесе болған мән-жайларды анықтау үшін келген, уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасының шекаралық немесе әскери кораблі командирінің, теңіз, өзен кемесі капитанының немесе әуе кемесі командирінің нұсқауларына сәйкес әрекет етуге міндетті.
3. Өзге де адамдар және көлік құралдары Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өткен немесе Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай жүрудің осы Заңда айқындалған тәртібін мәжбүрлі түрде сақтамаған жағдайда:
1) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жақын жердегі бөлімі (бөлімшесі) басшылығына дереу хабардар етуге;
2) болған мән-жайларды анықтау үшін келген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өкілінің нұсқауларына сәйкес әрекет етуге міндетті.
19-бап. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу. Өткізу пункттері
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ашылған өткізу пункттерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда жүргізіледі.
2. Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ олардың жұмысын техникалық жарақтандыру және ұйымдастыру бойынша талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Өткізу пункттерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру үшін өз құзыреті шегінде жауап беретін бақылаушы органдардың бөлімшелері орналастырылады.
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды өткізген кезде Мемлекеттік шекара ретінде паспорттық бақылау сызығы қолданылады.
6. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды өткізу Қазақстан Республикасына кіру немесе Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттар болған, сондай-ақ осы адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер болмаған кезде жүзеге асырылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де бақылаушы органдардың көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету құқығына рұқсат беру белгілері болған кезде жүзеге асырылады.
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу шекаралық бақылау рәсімі біткеннен кейін және өткізу пункті, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орын шегінен адам, көлік құралы шыққан немесе жүктер мен тауарлар әкетілген кезде аяқталды деп есептеледі.
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген не кіруі шектелген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салу туралы шешім қабылданған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Мемлекеттік шекара арқылы өткізілуге жатпайды. Өткізу пунктіне немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келген және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу үшін негіздері жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өздері қайдан келсе, сол елге немесе өзі азаматы болып табылатын елге қайтарылады.
20-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі.
Оңайлатылған өткізу пункттері
1. Мемлекеттік шекара арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарында тікелей белгіленеді, оларда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес оңайлатылған өткізу пункттері жабдықталады.
2. Мемлекеттік шекара арқылы оңайлатылған өткізу пункттерінде жүктер мен тауарларды коммерциялық мақсаттарда өткізуге тыйым салынады.
21-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою үшін авариялық-құтқару құралымдарын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
22-бап. Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқылы кемелерді өткізу
Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көлік құралдарын өткізуді Қазақстан Республикасы тиісті аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдары әуежайлардың немесе әуеайлақтардың, теңіз немесе өзен порттарының әкімшілігімен бірлесіп, кейіннен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тиісті бөлімшесін хабардар ете отырып:
1) халықаралық болып табылмайтын әуежайлардан немесе әуеайлақтардан арнайы халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемелеріне;
2) халықаралық ұшуды орындайтын, белгіленбеген орындарда мәжбүрлі түрде қонуды жүзеге асырған қазақстандық және шетелдік әуе кемелеріне;
3) халықаралық тасымалдауды орындайтын қазақстандық кемелерге және мұз үстімен жылжитын құралдарға, айлақтарға, кемежайларға не қазақстандық жағаға жүзіп келген, Қазақстан Республикасының өткізу пункттері жоқ теңіз және өзен порттарына (рейдтеріне) мәжбүрлі түрде кіруді жүзеге асырған шетелдік (суүсті және суасты) кемелерге, шетелдік әскери корабльдерге, мұз үстімен жылжитын құралдарға қатысты жүзеге асырады.
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізу
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып:
1) техникалық сипаттамалары бойынша теңіз өткізу пункттеріне кіруді жүзеге асыра алмайтын, континенттік қайраңда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған кемелерге;
2) өздерінің салмақтық және (немесе) габариттік өлшемдері бойынша рұқсат етілген нормалардан асатын және автомобиль өткізу пункті арқылы жүріп өте алмайтын, жүгі бар немесе жүгі жоқ автокөлік құралдарына қатысты жүзеге асырады. Осы санаттағы көлік құралдарын өткізу тікелей өткізу пунктіне іргелес жатқан жергілікті жердің учаскесінде жүзеге асырылады;
3) өткізу пунктінің инфрақұрылымы белгіленген бақылау түрлерін жүргізу үшін қажетті уақытқа теміржол көлігі құралдарының аялдау мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін не өткізу пунктін ашу экономикалық жағынан орынсыз болған жағдайларда, теміржол көлігі құралдарына қатысты жүзеге асырады. Осы санаттағы көлік құралдарын өткізу қажетті инфрақұрылымы бар, өткізу пунктіне жақын станцияда не жүру жолында жүзеге асырылады;
4) Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен шекаралық ынтымақтастығының халықаралық орталықтары шегінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты жүзеге асырады.
23-бап. Өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық іс-әрекеті түрлерінің бірі өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау болып табылады.
2. Адамдарға, көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау:
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту ниеті бар адамдарға қатысты ақпаратты, оның ішінде көлік ұйымдарының ақпараттық дерекқорын пайдалана отырып алдын ала тексеруді;
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулері бар адамдарды анықтау мақсатында құжаттарды және адамдарды тексеруді, оның ішінде биометриялық дербес деректерді өңдеу арқылы тексеруді, сондай-ақ адамдарға сауалнама жүргізуді;
2) көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың Мемлекеттік шекара арқылы өткізілу заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында барлық бақылаушы органдардың рұқсат беру белгілерінің болуын тексеруді;
3) Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды табу және ұстау мақсатында көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарауды, қажет болған жағдайларда - арнайы (жан-жақты) тексеріп қарауды;