8. Түрлi алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық істерді бір іс жүргізуге біріктірген кезде тергеулікті прокурор айқындайды.
188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылық жасалған ауданда (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жүргiзiледi.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жедел және толық болуы мақсатында ол қылмыстық құқық бұзушылық анықталған орын бойынша, сондай-ақ күдіктi немесе куәлардың көпшiлiгi тұратын жерде жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Тергеу әрекеттерiн басқа ауданда (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жүргiзу қажет болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам оларды жеке өзi жүргiзуге не бұл әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тергеушісіне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасырын тергеу әрекеттерін немесе iздестiру іс-шараларын жүргiзудi сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнындағы немесе олар жүргiзілетін жердегi анықтау органына тапсыра алады. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді қоспағанда, тапсырма он тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалуға тиiс.
4. Тергеушінің, прокурордың тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларын орындаған кезде анықтау органының қызметкері тергеушінің өкілеттіктерін пайдаланады.
189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру анықтау, алдын ала тергеу нысанында және хаттамалық нысанда жүргізіледі.
2. Анықтау нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 191-бабының екінші - он екінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органы жүргізеді.
3. Алдын ала тергеу нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда, осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген қылмыстар бойынша, кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қылмыс жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болған анықтау істері бойынша жүзеге асырылады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау органының бастығы осы Кодекстің 526-бабында белгіленген мерзімдерде іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың толық және жан-жақты анықталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, бір тәулік ішінде прокурорды хабардар ете отырып, осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен анықтауды не алдын ала тергеуді тағайындауға міндетті.
5. Анықтау органының бастығы осы Кодекстің 192-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде істің мән-жайының жеткілікті және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда да алдын ала тергеу жүргізуді тағайындауға құқылы.
6. Қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 191-бабының он алтыншы - жиырма төртінші бөліктерінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді.
190-бап. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру
1. Хаттамалық нысандағы істерді қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
2. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс фактісі мен оны жасаған адам, оның өз кінәсін толық мойындағаны, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскені анықталса, бұл жөнінде күдіктіні хабардар ете отырып және оған бұл шешімнің құқықтық салдарын түсіндіре отырып, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап үш тәулік ішінде жасырын тергеу әрекеттері санкцияланған жағдайда қылмыстық іс олар аяқталғаннан кейін он бес тәулік ішінде, бірақ арыз, хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап екі айдан кешіктірілмей жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
4. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтайды және күдіктінің оны жасауға қатысқанын растайтын дәлелдемелерді жинайды.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тек нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылық іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін ресімдейтін тергеу әрекеттерін және өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
6. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру:
1) олардың ішінде біреуі болса да аса ауыр болып табылған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына қатысты;
2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарға қатысты;
3) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитетi бар адамдарға қатысты;
4) қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың біреуі болса да өз кінәсін мойындамаған жағдайда;
5) кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қолданылмайды.
7. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін айыптау актісімен бірге қылмыстық істі ала отырып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мына әрекеттердің бірін жүргізеді:
1) айыптау актісін бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;
3) жекелеген күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарады.
191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру
1. Осы баптың екінші - он екінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 110 (бірінші бөлігінде), 112, 113, 114 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117 (екiншi бөлiгiнде), 118 (екiншi бөлiгiнде), 119 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 126 (бiрiншi бөлiгiнде), 136, 137 (екiншi бөлiгiнде), 139, 142, 143 (бiрiншi бөлiгiнде), 153, 158 (екiншi бөлiгiнде), 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 191 (бiрiншi бөлiгiнде), 194 (бiрiншi бөлiгiнде), 200 (бiрiншi бөлiгiнде), 201 (бiрiншi бөлiгiнде), 202 (бiрiншi бөлiгiнде), 204 (екiншi бөлiгiнде), 207 (бiрiншi бөлiгiнде), 209 (бiрiншi бөлiгiнде), 210 (бiрiншi бөлiгiнде), 212 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (үшiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 274 (бiрiншi бөлiгiнде), 287 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 292, 293 (бiрiншi бөлiгiнде), 295 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 299-1, 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 308 (бiрiншi бөлiгiнде), 309 (бiрiншi бөлiгiнде), 310 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 313, 314 (бiрiншi бөлiгiнде), 315 (бiрiншi бөлiгiнде), 319 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 321 (екiншi бөлiгiнде), 322 (бесiншi бөлiгiнде), 341 (бiрiншi бөлiгiнде), 342 (екiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 345-1, 346 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 347, 348 (екiншi бөлiгiнде), 349 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (бiрiншi бөлiгiнде), 358 (екiншi бөлiгiнде), 359 (екiншi бөлiгiнде), 372, 379, 386 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 390 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде), 399 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 402 (бiрiншi бөлiгiнде), 407 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бiрiншi бөлiгiнде), 427, 428 (бiрiншi бөлiгiнде), 430, 431-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды iшкi iстер органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 348 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, анықтауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзе алады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214 (бiрiншi бөлiгiнде), 233, 245 (бiрiншi бөлiгiнде), 248 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 437 (екіншi бөлiгiнде), 439 (бірінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 441 (бірінші және екінші бөлiктерiнде), 442 (бірінші бөлігінде), 446 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші бөлігінде), 448 (екінші бөлігінде), 449 (екінші бөлігінде), 453 (бірінші бөлігінде), 459 (бірінші және екінші бөліктерінде), 461, 462 (бірінші бөлігінде), 463 (екінші бөлігінде), 466 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші - тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды әскери полиция органдары жүргiзедi.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 445-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші - тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген барлық өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 396-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды шекара қызметiнiң органдары жүргiзедi.
7. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде), 217 (бiрiншi бөлiгiнде), 286 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
9. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабында (бірiншi бөлiгінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе шекара қызметінің органдары жүргізеді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 11-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 11-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі немесе егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiкелей тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 11-1-бөлікпен толықтырылды
11-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Қазақстан Республикасының iшкi iстер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргiзедi.
12. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13. Осы бапта көрсетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтау құқық қылмыстық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам белгiлi болған кезде жүргiзiледi.
14. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алып тастаулар ескеріле отырып, осы Кодексте алдын ала тергеу үшiн белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi.
15. Осы баптың он алтыншы - жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдар істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 16-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бөлік өзгертілді
16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 115, 117 (бiрiншi бөлiгiнде), 118 (бiрiншi бөлiгiнде), 119 (бiрiншi бөлiгiнде), 137 (бiрiншi бөлiгiнде), 138, 140, 144, 145, 152 (бірінші бөлігінде, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін орындамаумен байланысты болса, үшінші бөлігінде), 154, 155 (бiрiншi бөлiгiнде), 156 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 158 (бiрiншi бөлiгiнде), 159, 183, 187, 204 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 206 (бiрiншi бөлiгiнде), 208 (бiрiншi бөлiгiнде), 211 (бiрiншi бөлiгiнде), 213 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 276 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (төртiншi бөлiгiнде), 289, 294, 296 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 316, 317 (бiрiншi бөлiгiнде), 320 (бiрiншi бөлiгiнде), 322 (бiрiншi бөлiгiнде), 325 (бiрiншi бөлiгiнде), 326 (бiрiншi бөлiгiнде), 328 (бiрiншi бөлiгiнде), 331 (екiншi бөлiгiнде), 334 (бiрiншi бөлiгiнде), 336, 340 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 342 (бiрiншi бөлiгiнде), 343 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (бiрiншi бөлiгiнде), 349 (бiрiншi бөлiгiнде), 351 (бiрiншi бөлiгiнде), 354 (бiрiншi бөлiгiнде), 356 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (екiншi бөлiгiнде), 358 (бiрiншi бөлiгiнде), 359 (бiрiншi бөлiгiнде), 376 (бiрiншi бөлiгiнде), 381, 383, 384, 389 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 391, 395, 397, 398 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 400, 403, 406, 407 (екінші бөлігінде), 410, 436-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 17-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 17-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 222, 225, 226 (бiрiншi бөлiгiнде), 227, 228 (бiрiншi бөлiгiнде), 229 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 234 (бiрiншi бөлiгiнде), 236 (бiрiншi бөлiгiнде), 239 (бiрiншi бөлiгiнде), 241, 242, 243 (екiншi бөлiгiнде), 246-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
18. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186 (бірінші бөлігінде), 458 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары жүргізеді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 19-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 195 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 196 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 197 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 198 (екiншi бөлiгiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары не экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 19-1-бөлікпен толықтырылды
19-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 363, 414 (төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары не сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 19-2-бөлікпен толықтырылды
19-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 419-бабында (бірiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 20-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (бірінші және бесінші бөлiктерiнде), 438 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 447 (бірінші бөлігінде), 448 (бірінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 460, 463 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма екінші - жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген iстер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әскери полиция органдары жүргізеді.
21. Осы баптың жиырмасыншы бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, олар бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылатын барлық өзге де қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
22. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бөлік өзгертілді
23. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 348 (бірінші бөлігінде), 353 (бірінші бөлігінде), 378, 382 (бірінші бөлігінде), 390 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органы не егер олар күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 24-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 24-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
24. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (үшiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық терiс қылық туралы iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі не егер ол күзету iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi.
192-бап. Сотқа дейiнгі тергеп-тексерудің мерзімі
1. Сотқа дейiнгі тергеп-тексеру қылмыстық істің күрделілігі, тергеу әрекеттерінің көлемі және істің мән-жайларын зерттеудің жеткіліктілігі ескеріле отырып, қисынды мерзімде, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінен аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің қисынды мерзімін айқындаған кезде қылмыстық істің құқықтық және нақты күрделілігі, сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысушылардың процестік құқықтарды іске асыруы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өз өкілеттіктерін сотқа дейінгі іс жүргізуді уақтылы жүзеге асыру мақсатында іске асыру тәсілі сияқты мән-жайлар ескеріледі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі арыз бен хабарды Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеген кезден бастап қылмыстық іс айыптау актісімен немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін сотқа беру туралы қаулымен прокурорға жіберілген күнге дейін не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылған күнге дейін есептеледі.
Анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімге қылмыстық процеске қатысушылардың осы Кодекстің 296-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық іс материалдарымен танысу уақыты, сондай-ақ күдіктінің, жәбірленушінің шағымы бойынша қылмыстық істің сотта және прокуратурада болған уақыты кірмейді.
4. Осы баптың екінші бөлігінде белгіленген сотқа дейiнгі тергеп-тексеру мерзімін тергеушінің, анықтау органы бастығының уәжді өтінішхаты бойынша:
істің күрделілігіне байланысты аудандық және оған теңестірілген прокурор - қисынды, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;
істің ерекше күрделілігіне байланысты немесе қылмыстық істің материалдарын қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шет мемлекетке жіберу туралы мәселені шешу кезінде - облыс прокуроры мен оған теңестірілген прокурор және олардың орынбасарлары қисынды, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
5. Сотқа дейiнгi тергеп-тексеру мерзiмiн одан әрi ұзартуға айрықша жағдайларда ғана жол берiледi және оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары қисынды, бірақ осы баптың бірінші бөлігінде белгіленгеннен аспайтын мерзімге жүзеге асыра алады.
6. Сотқа дейiнгi тергеп-тексерудiң мерзiмiн ұзарту туралы қаулыны тергеу бөлімінің, анықтаудың бастығы, прокурор ауданның, облыстың прокурорына және оларға теңестiрiлген прокурорларға сотқа дейiнгi тергеп-тексеру мерзiмi аяқталардан - бес тәулiктен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, оның орынбасарларына - он тәулiктен кешіктірмей ұсынуға мiндеттi.
7. Прокурор істі қосымша тергеп-тексеру үшін қайтарған кезде сотқа дейiнгi тергеп-тексеру прокурор белгілеген, бірақ іс қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адамға келіп түскен кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негіздерде және осы бапта көзделген тәртіппен жүргізіледі.
8. Күдікті, жәбірленуші тергеп-тексерудің негізсіз созылуына шағым жасауға және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адамның оның барысында істі тергеп-тексеруді толық көлемінде аяқтауына қажетті белгілі бір мерзімді белгілеу туралы өтінішхатты прокурорға мәлімдеуге немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
193-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы өкiлеттiктерi
1. Прокурор, сотқа дейiнгi тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып:
1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды тіркейді және оны қылмыстық қудалау органына береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
2) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және қылмыстық қудалаудың бір органынан келіп түскен, қолдағы материалдарды тергеулігі және соттылығы бойынша береді;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды және хабарларды қабылдау және тiркеу кезiнде заңдылықтың сақталуын тексереді;
4) оқиға орнын қарап-тексеруге қатысуға құқылы, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өз өкілеттіктері шеңберінде басқа да әрекеттерді жүзеге асырады;
5) қандай да бір тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар береді;