7 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызметін тоқтатқан жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген кезде орындалды деп есептеледі.»;
«10. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелмеген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болуы жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.»;
15) 43-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Таратудың салық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері мен салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Салық төлеушi салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды жасалған немесе хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.»;
13-тармақта:
бірінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болмаған кезде - осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;
3) салық берешегі болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда - салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі өтелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 12-тармағында белгіленген мерзімдерде өтелмеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.»;
16) 43-1-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралмандар болып табылатын дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
4-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
төртінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартады және уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырады.»;
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару күнінен;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органы осы бапқа сәйкес дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғаннан кейін талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша салық міндеттемелерін есептеуді жеке тұлға оларды төлеу жөнінде міндеттемелер туындаған күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.»;
17) 63-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстің 65-67-баптарының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.»;
3-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу мен аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;
2) кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу мен аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда — салық кезеңінің қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.
Осы Кодекстің 37-1-тарауының мақсаттарына орай тауарларды импорттаған тұлға осындай тауарлар есепке қабылданған салық кезеңі үшін табыс ететін салық есептілігі импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі кезекті декларация болып табылады;
3) қосымша есептілік - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
4) хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, сондай-ақ тіркеу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.»;
18) 69-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарып алынатын салық есептілігі бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген (азайтылған) сомаларына түзету жасауды жүзеге асырады.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің;»;
19) 70-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табыс етілу мерзімі міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс еткен кезде салық төлеуші (салық агенті) немесе осы Кодекстің 586 және 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомалары салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай бюджетке енгізілуге жатады.»;
5-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) - тексерілетін салық кезеңінің;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салық кезеңінің;»;
20) 72-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің өзге түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша - декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімін өзгертпейді.»;
21) 73-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық кезеңінің басынан бастап салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша салық есептілігін табыс етеді. Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі салықтық өтініш табыс етілгеннен кейін басталатын болса, онда осындай кезекті салық есептілігін табыс ету салықтық өтініш табыс етілетін күнге дейін жүргізіледі;»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болған;»;
22) 74-бапың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм өтініш берілген күні салық төлеушіде (салық агентінде) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.»;
23) 100-бап мынадай мазмұндағы 14-2-тармақпен толықтырылсын:
«14-2. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес:
1) есептік салық кезеңінде, есептік салық кезеңі және (немесе) есептік салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдері үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шегінде;
2) есептік салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде есептік салық кезеңі үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шегінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленген аударымдар бойынша салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.»;
24) 155-баптың 3-тармағында:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы есептемегені, ұстап қалмағаны, аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;»;
мынадай мазмұндағы 31-2) тармақшамен толықтырылсын:
«31-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;»;
25) 183-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағына сәйкес дара кәсiпкердiң салық салынатын кірісін айқындау кезiнде осы Кодекстiң 100-бабы 14-2-тармағының, 133-бабының 2-тармағы 2), 3), 3-1), 3-2), 6) және 7) тармақшаларының ережелерi қолданылмайды.»;
26) 192-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі;»;
27) 432-баптың 1-тармағының бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Патент құнына дара кәсіпкердің жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының төленуге жататын сомалары қосылады.»;
«Патент құнына қосылатын дара кәсіпкердің міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.»;
28) 446-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«446-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiн төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) мерзiмдерi»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) мынадай тәртіппен:»;
29) 447-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген сомалары көрсетіледі.»;
30) 556-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;»;
31) 581-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етуге міндетті.»;
3) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға арналған төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.»;
7) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын:»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа, барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;»;